Вирустан қорғау, ұстау және емдеу.

1.BIOS Setup программасының көмегімен жүйелік дискінің жүктеу секторына қорғаныс орнатуға болады.

2. ADinf32 ревизорының көмегімен компьютердегі күдікті өзгерістер туралы мәлімет ала аламыз. Бірінші жүктелуінде кестеде оперативті жадының көлемі, басты жүктеу секторының, жүктеу секторының бейнесі, қате беріп тұрған кластерлердің тізімі, каталогтардың бұтақ тәрізді құрылымы, файлдардың ұзындығы мен олардың бақылау қосындысы туралы мәлімет сақталады. Ревизорды іске қосу үшін:

1. ADinf32 ревизорын іске қосыңыз.

2. Терезеде тексерілетін дискіні таңдап, Старт батырмасын шертіңіз.

3. Таңдалған дискілерге кестелер құрылады.

1-сурет. ADinf32 ревизорының терезесі.

Вирус компьютерді зақымдағанда, ол ендірілетін объектілерді (файл немесе жүктеу секторы) өзгертеді. ADinf32 ревизорын жүктеу вируспен зақымдалғандығын куәландыратын өзгерістерді табу мүмкіндігін береді.

Тексеру нәтижелерін көру үшін:

1.Терезеде тексерілетін дискілерді таңдап, Старт батырмасын шертіңіз.

2. Кестеде сақталған мәліметтермен қазіргі уақыттағы мәліметтер салыстырылады.

3. Нәтиже батырмасын шертіңіз және алынған мәліметтерге талдау жасаңыз.

2-сурет. ADinf32 ревизорының Тексеру нәтижелерін көру терезесі.

 

Adinf ревизор кестесінде өзгерістер анықталған жағдайда және/ немесе компьютерде жұмыс істеу барысында қателерге ұрынса, онда компьютерді вирустан емдеу үшін антивирустық полифагты қолдану керек, мысалы, ntiViral Toolkit Pro.

3-сурет. AntiViral Toolkit Pro терезесі.

1. AntiViral Toolkit Pro полифаг-сканерді іске қосыңыз.

2. Облыс бөлімінен тексеруге қажет дискіні таңдаңыз.

3.Объектілер бөлігінде тексерілетін объектілердің типін (оперативті жады, жүктеу секторы, әртүрлі типтегі файлдар) таңдаңыз.

4-сурет. Объектілер (тексерілетін объектілерді таңдау) терезесі.

4. Әрекеттер бөлігінде вирус табылғандағы әрекеттерді (Тек есеп, Емдеуге сұраныс, Сұраныссыз емдеу, Сұраныссыз жою) таңдаңыз.

5.Пуск батырмасын шерту арқылы тексеруді бастаңыз.

6. Вирус табылған жағдайда емдеуге сұраныс пайда болады.

7. Тексеру аяқталғаннан кейін қосымшаның оң жақ төменгі шетінде табылған вирустар мен емделген файлдар туралы мәлімет пайда болады.

5-сурет. Статистика (табылған вирустар мен емделген файлдар туралы мәліметер) терезесі.

Қорытынды

Жұмысты орындай барысында біз ақпараты қорғаудың сан алуан түрін біле алдық. Сонымен қатар, вирустардың түрлерін талқыладық. Мәселен, оның түрлерін танып білдік. Олар, Мекендеу ортасы бойынша, мүмкіндіктері бойынша, зақымдау әдісі бойынша.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Компьютерлік ақпаратты қорғаудың құралдары мен тәсілдері: Әдістемелік нұсқау. – Ақтау қ. КМТжИУ,2010, 46 бет.

2. Ғаламтор желісінен алынған ақпарат