Маңдай қуысының қабынуы

Оның бірінші шығу көзі әрқашанда мұрын қуысы аурулары немесе гематогендік жол болып табылады.

Жекеленген маңдай қуысының қабынуы сирек кездеседі: әр уақытта дерлік торлы клетка ауруымен бірге жүреді.

Симптомдары (белгілері). Ауру сезімі маңдай және маңдай қуысының төменгі қабырғасында болады. Жіті фронтитте аурумен қоса көзден жас ағып, жарықтан қорқады. Мұнда ауру оқтын-оқтын болып тұрады («маңдай шаншуы»), шамамен уақыт таңертеңгі 10—12 кезінде бірнеше сағат бойы қатты ауырып, күндізгі уақыт 3—4 кезінде саябырлайды. Бұл аурудың болуы қалыпты жағдайды өзгертуге байланысты бөлінетін іріңді заттың тоқтап қалуымен түсіндіріледі. Созылмалы фронтитте мұндай ауру айқын емес, сыздап ауырады немесе егер бөлінетін ірінді зат тоқтамаса мүлде болмайды.

Мұрыннан шығатын іріңді зат жіті де, созылмалы да қабынуда болады. Ол басты тік ұстап отырғанда көбірек (маңдай-мұрын каналының тесігі маңдай қуысы түбінде жатады), жатқанда — азырақ бөлінеді.

Жоғарғы жақ іседі, ол әсіресе балаларда жиі байқалады. Алдыңғы риноскопияда ортаңғы кеуілжір астында ірің көрінеді, егер мақтамен іріңді алып, тастаса, ол қайта шығады. Ортаңғы мұрын жолында, аурудың жіті түрінде, әр уақытта қабықтың ісіп, өзгергені көрінеді, созылмалы түрде, көбіне полиптер табылады.

Диафаноскоңияда — ауырған жақтың қарайғаны байқалады, бірақ бұл әдіспен алынған нәтижелер салыстырмалы түрде ғана болады.

Рентгенограммада да ауырған жақтың қарайғаны көрінеді, мұнда қуыстың көлемі, қосымша клеткалар, қуысаралық перделер туралы айтуға болады.

Егер маңдай қуысындағы құбылыс латентті (жабық эмпиема) өтсе, диагноз тек рентген көрінісі бойынша қойылады, өйткені басқа нақты белгілер болмайды.

Маңдай қуысының катетеризациясы каналға жету қиындығына байланысты — мұрын пердесінің қисаюы, созылмалы фронтит полиптері, маңдай-мұрын каналының тарылуы — әр уақытта іске аса бермейді. Бұл емнен жіті фронтитте немесе созылмалы түрдің асқынуында тартыну керек. Катетеризацияны жеңіл еезімсіздендіргеннен кейін жасайды, оның мақсаты маңдай-мұрын каналының шыршыты қабығының ісінуін азайту. Ұзын майысқақ каналының ортаңғы кеуілжірдің алдыңғы шетінің астымен енгізеді оның ұшы жоғары алға және сәл сыртқа бағытталуы керек. Канюляны ешқандай күш салмай енгізу керек, өйткені ол жалған жолға түсіп, торлы клетка тесігі арқылы бас сүйегі қуысына кетіп қалуы мүмкін. Канюляны енгізгеннен дейін қуысты пеницилин ерітіндісімен жууға болады.

Канюляны енгізу үлкен адамдарда әр уақытта мүмкін бола бермейді, ал балаларда одан да қиын, өйткені олар мазасыз. Дегенмен, шыдамгершіліктің, дағдының және тәжірибенің арқасында балаларға канюляны енгізуге болады.

Диагнозды жоғарыда айтылғандардың негізінде қояды.

Диагнозды ажыратуда аурудың қалай шыққанын тексеру керек — олар тек қана невралгиялық немесе маңдай қуысының қабынуына байланысты болуы мүмкін. Риноскопия-көрінісін негізге алу керек: фронтитте ірің болады, ал невралгияда болмайды. Одан басқа: 1) үшкіл нерв невралгиясында, ауру ұстамалы түрде, ал фронтитте ауыру біртіндеп өседі; 2) фронтитте маңдай қуысының алдыңғы және төменгі қабырғасын басқанда ауырады, невралгияда шығарғыш аймақ ауырады; 3) фронтитте маңдай қуысының қабырғасына басқанда ауру күшейеді, ал невралгияда — азаяды.

Болжамды тек қана ұқыптылықпен қоюға болады. Құбылыстың жайлы өтуімен және жазылуымен қатар, бұл ауруда асқынулар да кездеседі: маңдай сүйегінің остеомиелиті, ми ішінің немесе сыртының асқынулары.

Клиникасы. Балаларда қатты тұмаудан кейін, көңіл күйі нашарлап, температура көтерілгенде үстіңгі қабақ ісіп, көздері жартылай немесе түгел жұмылады, көздің ішкі жоғарғы бұрышы жазылып, көз алмасы біршама алға және сыртқа, кейде төмен қарай жылжиды. Жоғарғы жақтың маңдай өсіндісі, мұрын сүйектері саусақпен басқанда ауырады, бірақ ауру сезімі негізінен көздің ішкі бұрышында болады (периостит). Бұған жиі құсу мен диарея қосылады.

Ересек балаларда жоғарғы қабақ ісігі және көз алмасының орнынан жылжуы жиі байқалмайды, бірақ ауырудан басқа оларда ауырған жақтың иіс сезімі жоғалады. Ауру жеңіл өткенде бұл құбылыстардың бәрі біртіндеп азаяды, ауыр өткенде көздің ішкі бұрышында жыланкәз (свищ) пайда болады; осыдан кейін барлық жіті құбылыстар күрт төмендейді. Дегенмен бұл құбылыс жітілту және созылмалы түрге етуі де мүмкін.

Диагнозды риноскопия мен рентгенография негізінде қояды. Риноскопиялық зерттеулерде ортаңғы кеуілжірдің шырышты қабығының және барлық ортаңғы мұрын жолының ісігені, көп мөлшердегі бөлінетін іріңді зат, көбіне ортаңғы кеуілжір астының немесе жоғарғы мұрын жолында иіс сезу саңылауының іріңі анықталады. Иіс сезу саңылауындағы ірің — артқы торлы лабиринттін қабынуын көрсетеді.

Этмоидит ашық немесе жабық (латентті) болады. Ашық түрінде мұрыннан іріңді зат бөлінеді, жабығында жоқ. Жабық этмоидитте субъективті белгілер, яғни көздің ішкі бұрышының ауыруы, жоғарғы қабақ ісігі тән. Мұнда рентгенограмма маңызды орын алады: қандай этмоидитте болмасын қабынған жақ қараяды.

Жіті алдыңғы этмоидит жас балаларда көбіне жұмсақ өтеді. Ересек балаларда онша қолайлы өтпейді және көбіне созылмалы түрге өтеді. Созылмалы этмбидитте көбіне ортаңғы мұрын жолында полиптер анықталарды. Артқы этмоидитте ретробуль барлық асқынулар болуы мүмкін.