Зертханалық жұмыс. Құрал-жабдықтар панелінің элементтерімен танысу

.3.1.1 Жұмыстың мақсаты:

- «MapInfo»бағдарламасының элементтерімен таныстыру;

- «MapInfo»бағдарламасының құрал-жабдықтар панелімен жұмыс істеу дағдыларын алу.

Алдын-ала дайындалу

MapInfo бағдарламасының техникалық сипаттамасын игеру.

3.1.3 Жұмыстың тапсырмасы

а) MapInfo бағдарламасының құрал-жабдықтар панелінің әр элементін зерттеу;

б) MapInfo –ның барлық файлдары мен кестелік процессор «MS Excel»-дің барлық файлдары сақталатын өз папкасын құру;

в) Қаланың электронды картасында аудандарға бөлуді орындау;

г) MapInfo бағдарламасының барлық құрылған файлдарын сақтау.

 

3.1.4 Зертханалық жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау.

Аспаптар панеліндегі әр элементтің мағынасы:.

Жаңа кесте - әдетте лабораториялық сабақтарда қолданылмайды.

Кестені ашу – бұрын сақталған файл немесе папканы табуға арналған

Кестені сақтау - әдетте лабораториялық сабақта қолданылмайды (сақтау жаңа әдіспен орындалады).

Жаңа тізім – аудан бойынша мәліметтер тізімін бейнелеуге арналған.

Жаңа карта - әдетте лабораториялық сабақтарда қолданылмайды.

Жаңа график - әдетте лабораториялық сабақтарда қолданылмайды.

Жаңа отчет - әдетте лабораториялық сабақтарда қолданылмайды.

Аудандастыру (районирование) – Алматы қаласының картасын аудандарға бөлуге қолданылады.

Анықтама -«MapInfo»бағдарламасы туралы анықтама алу үшін қажет.

Таңдау – картадағы әр блокты ерекшелейді.

Жақтауда (рамка) таңдау – жақтауда таңдау үшін жақтаудағы бірнеше блокты ерекшелеу арқылы қармайды..

Шеңберде таңдау – дөңгелекте таңдау үшін дөңгелек ішінде бірнеше блокты ерекшелей отырып қармайды.

Полигонда таңдау – полигонда таңдау үшін полигон ішінде бірнеше блокты ерекшелей отырып қармайды.

Облыста таңдау – қажетті аудан аймағын белгілеу үшін осы аудандағы аймақтарды ерекшелей отырып қамтиды.

Үлкейткіш лупа – картадағы қажетті немесе бүкіл картаны бүтіндей үлкейту үшін қажет.

Кішірейткіш лупа – картадағы қажетті аймақты немесе бүкіл картаны бүтіндей кішірейту үшін қажет.

Жылжыту – қажетті бағыт бойынша картаны бүтіндей жылжту.

«MapInfo» бағдарламасы туралы мәлімет.

Қолтаңба – картадағы аудан атын жазу үшін қажет.

Терезе көшірмесі – картаны «MapInfo»бағдарламасынан «WINDOWS» бағдарламасына ауыстыру үшін керек.

Қабаттармен басқару (управление слоями) – картадағы әрбір блокты жазу.

 

«MapInfo» бағдарламасына кіру үшін келесі амалдарды орындау қажет:

а) жұмыс үстелінде папка құру (өз папкаңызға атты аты-жөніңіз бойынша беріңіз);

б) өзіңіз құрған папкаға «Лабы Сапр» немесе «Лаб Раб» папкасын көшіріңіз (« Лабы Сапр» немесе «Лаб Раб» сіздің папкаңыздың ішінде) және оны «Мои документы»-ге жіберіңіз;

в) «MapInfo» бағдарламасын «Пуск» менюі арқылы немесе жұмыс үстеліндегі жарлықтың көмегімен ашыңыз.( 6.5 нұсқасы орыс тілінде, 5.5 нұсқасы ағылшын тілінде);

г) ашылған «MapInfo» бағдарламасының жоғарғы түймелік панеліндегі «Файл» түймесін басу;

д) «Открыть таблицу» қосалқы менюін ашу;

е) ашылған терезеде өз папкаңызды тауып, оны ашыңыз;

ж) «Кварталы» атты файлды ашыңыз.

 
 

2 Сурет «Кварталы Карта» терезесі

 

Ашылған «Кварталы Карта» терезесінде алты ауданға бөлінген Алматы қаласының картасы шығады (2 сурет).

Аудандастыру келесідей орындалады:

а) жоғарғы панельде «Окно» түймесін басамыз;

б) оның қосалқы менюінде «районирование» жолын табамыз;

в) оған басамыз – «новое районирование» терезесі ашылады (3 сурет);

г) «Новое районирование» терезесінің функцияларында таблицу-источник жолына - «кварталы», поле группировки жолына - «Name» енгіземіз, доступные поля жолында «Sum (BLOCK ID)» қатарын ерекшелейміз;

д) «добавить» ;

е) «Sum (AREA)» жолын ерекшелейміз;

ж) «добавить» түймесін басамыз;

з) «Sum (Кол ТА)»-ны ерекшелейміз ;

и) «добавить» түймесін басамыз.


 

 
 

3 сурет «Новое районирование» терезесі

Жасалған әрекеттерден кейін «Поля в Списке» менюінің терезесінде «Доступные поля»менюінің терезесінен қосылған жолдар пайда болады.

ОК-ді басамыз. «Районы Список» деп аталатын кесте терезесі пайда болады. (4 сурет). Тұл терезеде аудандар тізімі көрсетілген, «Штрих» деп аталатын бағана «Кварталы Карта» терезесіндегі қай аудан қай түске боялғанын көрсетеді (5 сурет), яғни берілген аудандар картада аудандастырылған. «Кварталы Карта» терезесінде аудандар әр түрлі түске боялады.

 
 

4 сурет «Районы Список»деп аталатын кестенің терезесі.

«MapInfo» бағдарламасының жоғарғы панелінде «Новый список» түймесін басып, «Кварталы Список» атты кесте терезесін аламыз (6 сурет). Бұл кестеде аудан бойынша мәліметтер берілген, яғни «BLOCK» - бұл қала бойынша нөмірлеу, «BLOCK ID» – бұл кварталда әрбір блокты нөмірлеу, «NAME» – әрбір ауданның аты, «AREA» – кварталдағы әрбір блоктың аумағы, «Кол ТА» – әрбір блоктағы телефон аппарттарының саны.

Барлық жасалған әрекеттерден кейін барлығын сақтау қажет. Ол келесідей орындалады:

а) «MapInfo» бағдарламасының жоғарғы панелінде «Файл» түймесін басамыз;

б) «Сохранить копию» қосақы менюін таңдаймыз да, оны басамыз. Сонда «Создать копию» терезесі ашылады (7 сурет).

 

 
 

5 сурет Аудандар картада әр түрлі түске боялады

6 сурет «Кварталы Список» деп аталатын кестенің терезесі.

 
 

7 сурет «Создать копию» атты терезе.

«Имя файла» терезесінде өз атыңызды беріңіз, содан кейін «Сохранить» пернесін басыңыз. Өз атыңызбен аталған файлды ашу үшін келесі түймелерді қолданамыз: «Файл», «Открыть таблицу», өз файлыңызды белгілеп, «Открыть» түймесін басыңыз.

 

Зертханалық жұмыс. Электронды картаның қабаттарымен жұмыс істегенде оның функционалдық мүмкіндіктері мен “Windows” бағдарламасымен мәліметтер алмасу мүмкіндіктерін игеру.

3.2.1 Жұмыстың мақсаты: Элетронды картаның элементтерімен жұмыс істегенде және “MS Windows”-пен, сатап айтқанда, “MS Office” бағдарламаларымен графикалық және кестелік мәліметтермен алмасқанда, «MapInfo» бағдарламасының функционалдық мүмкіндіктерін игеру.