Зертханалық жұмыс. Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал

Сыдықов Б.Д.

 

ИНФОРМАТИКА

Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал

 

АЛМАТЫ, 2013

Зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы:Негізгі түсініктер: деректер және ақпарат.Ақпаратты өңдеу әдістері мен түрлері.

Жұмыстың мақсаты:

1. Ақпарат ұғымының жан-жақтылығын талдау;

2. Ақпараттың қасиеттерін зерттеу;

3. Ақпаратты өлшеу әдістерімен танысу.

 

Жұмыстың мазмұны:

ЭЕМ-де ақпараттың негізгі түрлері: символдық текстік және графиктік ақпараттар.

Символдық ақпарат символдардың, белгілердің көмегімен беріледі. Мысалы: сандық, әріптік немесе жай таңбалар, түстер. Мұндай өрнектеу ақпарат туралы толық мәлімет бермейді, олар тек қарапайым сигналдар арқылы басқарылады. Мысалы, оған бағдаршам түстері арқылы жол ережесін реттеуді, тек бір ғана таңбаның, не әріптің көмегімен “рұқсат етілген” немесе “рұқсат етілмеген” деген түсінік беретін әртүрлі шартты белгілерді жатқызуға болады.

Текстік ақпарат деп ақпаратты әріптер, сандар, математикалық таңдалар тізбегі арқылы бейнелеуді айтады. Олар тізбек түрлеріне қарай әртүрлі мәліметтер береді. Бұған кітаптар, оқулықтар, формулалар мысал бола алады.

Графиктік ақпарат - мәліметтерді көлемді де, күрделі өрнектеудің түрі. Оған мысал ретінде сурет, сызба графиктік, диаграмма тәрізді бейнелеу жолдары арқылы берілетін мәліметтерді жатқызуға болады.

Ақпараттың массасы, геометриялық өлшемі болмайды. Дегенмен ақпаратты беретін, қабылдайтын, сақтайтын объектілер болады. Жалпы жинауға, сақтауға, тасымалдауға болатын мәліметтер тобы ақпарат болып табылады.

Ақпараттың санын, сапасын өлшеуге болады. Бұл алынған мәліметтерді салыстыру және бағалау үшін өте қажет.

Ақпаратты өңдеу үшін оны салыстыруға болатындай етіп, белгілі бір жүйеге айналдыра білу керек. Символдық, текстік, графиктік жолмен өрнектелген ақпаратты бір-ақ өлшеммен салыстыруға болады. Бұл - ақпаратты өрнектеудің екілік санау жүйесі. Ол үшін екілік санау жүйесіндегі сандар, яғни екілік сандар түсінігін білуіміз қажет. Кез-келегн санды шектелген таңбалар санымен өрнектеуге болады.

Ақпарат көздері 2-ге бөлінеді: үздіксіз және дискретті (үзілісті).

Үздікті ақпарат көзі ақырлы уақыт аралығында ақырлы мөлшерлі ақпартты қамтитын ақырлы мөлшерлі дискретті хабарлар жасайды.

Дискретті хабарлар жекелеген элементтердің (белгілердің) жинақты жинағынан тұрады. Элементтер жинағы ақпарат көзінің алфавиті деп аталады. Бұған алфавит көмегімен немесе сандар тізбектерімен жазылған мәтіндер мысал бола алады.

Үздіксіз хабар үздіксіз ақпарат көзінен тұрады және физикалық шамалармен (кернеу, тоқ т.с.с) көрсетіледі.

Дискретті хабар ақпараттың ақырғы санын қамтитындықтан оны өлшеуге болады.

Ақпарат шамасының 3 түрі бар:

- құрылымдық өлшем;

- статистикалық өлшем;

- семантикалық өлшем.

Ақпарат теориясында бит – екі әртүрлі мағынадағы деректерді айыру үшін ақпарат саны. Ал есептеу техникасында бит деп машина ішінде берілетін деректер мен командаларда қолданылатын “0” немесе “1” белгілерін сақтау үшін керек , жадының ең кіші бөлігін айтамыз.

Бит – өлшеудің ең кіші бірлігі. Практика жүзінде одан үлкен бірліктер қолданылады ол - байт. Бір байтта 8 бит бар. Кеңінен қолданылатын байттан де үлкен ақпарат бірлігінің түрлері:

- 1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт.

- 1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт.

- 1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт.

- 1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт.

- 1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт.

 

1-тапсырма.Ақпарат түрлеріне мысал келтіріңіздер.

  Ақпарат түрі Мысалдар
Генетикалық ақпарат  
Синоптикалық ақпарат  
Экономикалық ақпарат  
Техникалық ақпарат  
Ғылыми ақпарат  
Тарихи ақпарат  
Жалған ақпарат  
Толық ақпарат  
Графикалық ақпарат  
Музыкалық ақпарат  
Видео ақпарат  
Саяси ақпарат  
Әлеуметтік ақпарат  
Сандық ақпарат  
Құпия ақпарат  
Тактильді ақпарат  

 

2-тапсырма.Мына схеманы толықтырыңыздар.

 
 

 


3-тапсырма.Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Адам қандай сезім мүшелерімен ақпарат алады?

2. Адам көру мүшесі арқылы зат туралы қандай ақпарат алады?

3. Тактильді ақпарат деген не?

4. Ақпарат қандай түрде беріледі?

 

4-тапсырма.Мына сөз жұмбақты шешіңіз.

 

 

 


Сұрақтары (жоғарыдан төмен қарай):

1. Белгілі бір тілдің кез келген сөздерін құрай алатын символдарының жиыны.

2. Ақпартты есту мүшесі?

3. Бұл әмбебаб автоматтандырылған электронды құрылғы (көпфункционалы), ақпаратты беру мен өңдеу және жинақтау үшін керек.

4. I = log2N бұл ақпаратты өлшеу формуласын кім ұсынған?

5. Ақпарат көздері 2-ге бөлінеді: 1. Үздіксіз, екіншісін атаңыз?

6. 1024 Гбайт = 240 байт бұл?

7. ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән?

 

Өзіндік жұмыстар:

1. «Ақпараттық технология» тақырыбына баяндама жазыңыз

2. «Ақпарат» ұғымына байланысты сөз жұмбақ құрыңыз.

3. «Ақпараттық жүйе» тақырыбына баяндама жазыңыз.

4. «Компьютер - ақпаратты өңдеу құралы» тақырыбына баяндама жазыңыз.

5. «Ақпараттың құрылымдық өлшемі» тақырыбына баяндама жазыңыз.

6. «Ақпараттың статистикалық өлшемі» тақырыбына баяндама жазыңыз.

7. «Ақпараттың семантикалық өлшемі» тақырыбына баяндама жазыңыз.

8. «Ақпарат» тақырыбына 25 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын құрыңыз.

9. «Ақпарат көзі» тақырыбына баяндама жазыңыз.

10. «Ақпараттың берілу тәсілдері» тақырыбына баяндама жазыңыз.

11. «Ақпарат қауіпсіздігі» тақырыбына баяндама жазыңыз.

12. «Құқықтану саласында ақпаратты өңдеу» тақырыбына баяндама жазыңыз.

13. «Экономика саласында ақпаратты өңдеу» тақырыбына баяндама жазыңыз.

14. «Электрондық ақпарат» тақырыбына баяндама жазыңыз.

15. «Денсаулық саласында ақпаратты өңдеу» тақырыбына баяндама жазыңыз.

16. «Білімді ақпараттандыру» тақырыбына баяндама жазыңыз.

17. «Ақапаратты қорғау» тақырыбына баяндама жазыңыз.

18. «Ақпаратты түрлендіру» тақырыбына баяндама жазыңыз.

19. «Сандық ақпарат» тақырыбына баяндама жазыңыз.

20. «Ақпарат нарығы» тақырыбына баяндама жазыңыз.