Cіздерді 2012 жылдың 27 желтоқсанында, сағат 1800 – де «Жұлдыз» мейрамханасында күтеміз.

Құрметтен, кафедра ұжымы

 

Арнайы символдары қою. Пернетақтада жоқ арнаулы символды мәтінге қою үшін Қою=>Символдар (Вставка=>Символ) батырмасына басамыз (4.12-сурет).

 

4.12-сурет. Символдар қою

 

Символ сұқбат терезесі пайда болады. Символдар бетіндегі ашылған Шрифт тізімінен керек символдар шрифтін таңдаймыз (4.13-сурет).

 

4.13-сурет. Арнайы символдар терезесі

 

3- тапсырма.Мәтінге арнайы белгілерді қойыңыз.

˜ Жұлдызнама ™

^ Тоқты(21 наурыз – 20 сәуір)

_ Торпақ(21 сәуір – 20 мамыр)

` Егіздер(21 мамыр – 21 маусым)

a Шаян(22 маусым –22 шілде)

b Арыстан(23 шілде – 23 тамыз)

c Бикеш(24 тамыз – 23 қыркүйек)

d Таразы(24 қыркүйек – 23 қазан)

e Сарышаян(24 қазан – 22 қараша)

f Мерген(23 қараша – 21желтоқсан)

g Тауешкі(22 желтоқсан – 20 қаңтар)

h Суқұйғыш(21 қаңтар – 20 ақпан)

i Балық(21 ақпан – 20 наурыз)

Зертханалық жұмыс

 

Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторында тізімдермен, бағаналармен жұмыс

Жұмыстың мақсаты:Microsoft Word мәтіндік редакторында тізімдермен, бағаналармен жұмыс істеуді үйрену.

 

Жұмыстың мазмұны:

Мәтінді бағаналарға бөлу. Мәтінді екі және онан көп баған түрінде ұсынуға болады, ол үшін мәтінді ерешелеп, Разметка страницы=>Бағаналар (Разметка страницы=>Колонки) батырмасына басамыз (5.1-сурет).

 

5.1-сурет. Мәтінді бірнеше бағаналарға бөлу

Мәтінге тізімдер қою. Абзацтарды санмен немесе символдармен нөмірлеу үшін тізімдерді пайдаланамыз. Ол үшін Басты=>Маркерлер, Нөмірлер, Көп деңгейлі тізімдер (Главная=>Маркеры, Маркеры, Нурмерация, Многоуреневый список) батырмалардың керегіне басамыз (5.2-сурет).

 

5.2-сурет. Мәтінге маркер қою

 

Суретті қою. Графикалық мүмкіндіктерді қолдану.Суретті құжатқа қою үшін: Қою=>Сурет (Вставка=>Рисунок) батырмасына басып, содан кейін графикалық файлды тауып қоямыз (5.3-сурет).

 

5.3-сурет. Графикалық файл қою

 

Егер суретті Clipart кітапханасынан алғымыз келсе, онда Қою=>Клип (Вставка=>Клип) батырмасына басамыз. Терезенің оң жақ бөлігінде пайда болған Клип сұқбат терезедегі Клипті реттеу (Упорядичить клипы) таңдаймыз. Экранда Жинақтар тізімі (Список коллекции) аймағында объект таңдауы қажет Суреттер жинағы (Коллекция картинок) терезесі шығады, ал оң жағында суретті тізім мәзірінен таңдаңыз (5.4-сурет).

 

5.4-сурет. Коллекция картинок терезесі

Суретті пішімдеу.Суретті пішімдеу үшін оны ерекшелеп, төмендегі тәсілдердің бірін орындаңыз:

1. Пішім (Формат) терезесі лентасын ашып керек пішімдеуді таңдаймыз (5.5-сурет).

2. Суреттің үстінен тышқанның оң батырмасына басып, жанама мәзірінен Суретті пішімдеу (Формат рисунка) командасын таңдаймыз (5.6-сурет).

5.5-сурет. Суретті пішімдеу құралдары бар Пішім лентасы

5.6-сурет. Суретті пішімдеу сұқбат терезесі

4-тапсырма.Мәтінді теріп, бағаналарға бөліңіз, тізімдер қойыңыз.

 

Абай Құнанбаев

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

 


Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.