Зертханалық жұмыс 1 страница

 

Жұмыстың тақырыбы:Антивирустық бағдарлама. Архивтеу және архивтен шығару.

 

Жұмыстың мақсаты:Дербес компьютерді вирусқа тексеру әдісін үйрену. Бумаларды архивтеу және архивтен шығару әдісін үйрену.

Жұмыстың мазмұны:

 

1. Антивирустық бағдарлама.

Компьютерлік вирус-арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдында қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі.

Қазіргі кездегі вирустар екі топка бөлінеді:

- Резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;

- Резиденттік емес вирустар.

Вирустар мынадай файлдарға жұғуы мүмкін:

1. Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін кеңейтілулері (заты) .com және .exe болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері әсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасайды. Ең қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егерде олар AUTOEXEC.BAT және CONFIG.SYS арқылы іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп отырады.

2. Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар «жүктегіш» (загрузочная) немесе Boot -вирустар деп аталады. Мұндай вирутар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі – компьютерге салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады. Әдетте мұндай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің жүктеуіш жазбасы өте шағын көлемнен тұрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналасы алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңына немесе мәліметтер кластерлеріне жазылып қалады.

3. Құрылғылар драйверлері, яғни CONFIG.SYS файлының шеткері құрылғылар көрсетілетін Devise деген сөз тұрған жолында жазылған файлдар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйвердщі бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болатындықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған. DOS жүйелік файлдарына (MS DOS.SYS және IO.SYS) да вирус жұқтырылуы теория жүзінде мүмкін болғанымен, олардың таарлуы іс жүзінде өте сирек кездеседі. Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана «жұғады». Көбінесе бірден орындалатын файлдарға «жұғатын» вирустар жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймағын зақымдайтын вирустар екінші орында деп айтуға болады. Шеткері құрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, әдетте олар бірден орындалатын файлдарға да зиянын тигізеді.

4. Файлдық жүйені өзгертетін вирустар. Соңғы кезде вирустың жаңа түрлері – дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша DIR-вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мәтінін дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің соңғы кластеріне) жасырын жазып қояды да, Оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (FAT) файлдың соңы ретінде белгілейді. Барлық .COM және .EXE типті файлдар үшін – каталогтағы файлдың алғашқы мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дұрыс көрсеткіш – таңбаланған (кодталған) түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол тұрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін DOS программаларына жабысады. Бірақ жалпы көрініс каталог дұрыс жұмыс атқарған сияқты болып сырт көзге мұның әсері білінбей тұрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып небәрі 512 не1024 байт қана болып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қосылғанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осылай «ауырған» дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар қажет (мысалы, Aidstest программасының соңғы нұсқалары).

5. «Көрінбейтін» және өздігінен өрбитін вирустар. Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы-қилы тәсілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың екі түрін – «көрінбейтін» және өздігінен өрбитін вирустарды қарастырайық.

«Көрінбейтін» вирустар. Көптеген резиденттік вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесінің вирус жұққан файладрды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерлерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.

Өздігінен өрбитін вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі – өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырыплып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын шарттаңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілін де, таңбаланған алғашқы бөлігін де аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор-программалар жұмысы қиындайды.

2. Архиваторлар. Архиваторлар-дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.

ARJ программасын орындай алатын бірнеше функциялар бар. ARJ программасы функциясын көрсету команда кодын және оның режимін енгізу жолымен жүзеге асырылады. Команда коды бір әріптен тұрады, ол бірден программа атынан кейін көрсетіледі.Мысалы А (add)–архивке файл енгізу, Т (test)–архивті мәтін арқылы тексеру, Е (exctract)-файлды архивтен шығарып бастапқы қалыпқа келтіру, Д (delete)–архивтегі файлды жою.

Архивтік файл дегеніміз–қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы.

Тапсырма 1: Компьютердегі дискілерді вирусқа тексеру керек. Ол үшін антивирустық бағдарламаны ашамыз, мысалы ESET NOD 32 Antivirius бағдарламасын(Сурет 1):

Сурет 1 – Антивирустық бағдарламаны ашу.

 

Дербес компьютердің тексерілетін бөлімін «Сканирование ПК» бөлімін ашу арқылы дискілерді таңдау қажет:

Сурет 2 – Дискілерді таңдау.

 

 

Тексерілетін дискілер таңдалғаннан кейін «Сканировать» батырмасын басу қажет:

 

Сурет 3 – Дискілерді тексеру.

Компьютердің дискілері тексеріліп болғаннан кейін келесі терезеде ашылады:

Сурет 4 – Дискілерге төнген қауіп.

 

Анивирусқа тексеру барысында бірнеше қауіп төндіретін файлдарды тапса, ол файлдарды емдеу керек, болмаса жою қажет.

Тапсырма 2. Информатика бумасын архивтеңіз. Архивтелмеген бума мен архивтелген бума өлшемін салыстырыңыз.

Біріншіден архивтелмеген бума көлемін тексеріп аламыз, ол үшін архивтелетін буманың атына барып, тінтуірдің оң жақ батырмасын басып, Свойства бөлімін таңдап аламыз:

 

Сурет 5 – Бума көлемі.

 

Архивтелетін бумаға барып, тінтуірдің оң жақ батырмасын басу қажет. Ашылған тізімнен «Добваить в архив» бөлімін таңдау қажет:

Сурет 6 – Буманы архивтеу

 

Архив аты және көрсеткіштері туралы сұхбат терезесі ашылады. Бұл терезеде буманы сығу әдісі, архив форматы, архивация көрсеткіштері туралы мәліметтерді енгізуге болады.

 

Сурет 7 – Архив аты және көрсеткіштері.

 

Ашылған сұхбат терезеде мәліметтерді таңдағаннан кейін ОК батырмасын басу қажет:

Сурет 8 – Архивация үрдісі

 

Архивация үрдісі аяқталғаннан кейін архивтелген бума пайда болады.

Сурет 9 – Архивтелген бума көлемі

 

Архивацияға дейін: 100МБ.

Архивтелген файл: 38,5МБ.

 

Архивтелген буманы қалпына келтіру үшін осы буманың атына барып, тінтуірдің оң жақ батырмасын басу қажет:

Сурет 10 – Архивтелген буманы қалпына келтіру.

 

 

Өз бетінше орындайтын тапсырмалар:

 

1. «Желілік антивирустық бағдарламалар» туралы презентация жасау қажет.

2. «Жергілікті желіге қосылған компьютерлердің антивирустық базасын жаңарту» туралы презентация жасау қажет.

3.

Тест

 


Информатика нені оқытады?

А) қозғалыстың механикалық және физикалық формаларын.

В)& ақпараттарды өңдеудің және жинақтаудың заңдылықтары мен әдістерін.

С) ақпаратты сақтау мен өңдеуге арналған әмбебап құрылғыларды.

D) ақпараттарды өңдеу әдістерін.

Е) ойын программаларын қолдану ережелерін.

*****

Информатика қандай ғылым?

А) ақпараттардың техникалық жинағыштарда орналасуы туралы.

Б) компьютерді оқу үрдісіне қолдануды зерттейтін.

С)& ақпарат, оның қасиеттері, бейнелеу тәсілдері, жинақтау әдістері, өңдеу,

сақтау және тасымалдау әдістері жайлы.

D) телекоммуникациялық технологиялар туралы.

Е) ақпарат тарату туралы.

*****

Компьютер дегеніміз …

А) ақпарат сақтауға арналған құрылғы.

В) машинаның жадына есептеулер мен бастапқы деректерді енгізу

құрылғысы.

С) & ақпаратты сақтау мен өңдеуге арналған әмбебап құрылғы.

D) компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы.

Е) Интернет жүйесіне қосылуға арналған құрылғы.

*****

Компьютерде деректерді өңдеу ненің көмегімен жасалады?

А) дисплейдің.

В) плоттердің.

С) принтердің.

D)& микропроцессордың.

Е) сканердің.

*****

Деректерді енгізудің негізгі құрылғылары:

А) модем, монитор және процессор.

B) монитор, процессор және плоттер.

C) процессор, принтер және модем

D) принтер, модем және монитор.

Е)&пернетақта, тышқан және сканер.

*****

ЭЕМ-нің негізгі блоктары:

А) қоректену блогы, күшейткіш, процессор, түзеткіш.

В) түзеткіш, жад, процессор, енгізу құрылғысы.

С) принтер, тышқан, пернетақта, сканер.

D)& енгізу құрылғысы, шығару құрылғысы, процессор, сақтаушы құрылғы.

Е) монитор, пернетақта, тышқан, принтер.

*****

Бит дегеніміз – … .

А) екілік санның сегіз разрядта сақталған ақпарат мөлшері.

В) 8 Кбайт.

С) 1 Кбайт = 1024 байт.

D) жеке символды сақтайтын ақпарат мөлшері.

Е)& екілік санның бір разрядты ақпарат мөлшері.

*****

Ақпаратты өлшеу бірлігі:

А) Character (символ).

B)& Вit (бит).

C) кг.

C) Hz(герц).

Е) File (файл).

*****

Байт дегеніміз – … .

А) бір разрядты екілік сан түріндегі ақпарат мөлшері.

В) екі разрядты екілік сан.

C)& 8 бит.

D) 16 бит.

Е) 4 бит.

*****

Байт деген не?

А) ақпарат мөлшерінің максималды өлшем бірлігі.

В) 1 немесе 0 арқылы бейнеленетін ақпарат мөлшерінің бірлігі.

С) жедел сақтау құрылғысында әріптің кодын өзгерту құралы.

D) төрт он алтылық цифрдің комбинациясы.

Е)& сегіз биттен тұратын тізбек.

*****

1 байтты неше бит құрайды?

А) 32

В) 4

С) 255

D) 16

Е)& 8

*****

4 байтта неше бит бар?

А) 64

В) 10

С) 8

D)& 32

Е) 255

*****

2 байтта неше бит бар?

А) 255

В) 32

С) 8

D) 64

E)& 16

*****

1 килобайт қанша ақпаратты құрайды?

А) 1 бит.

В) 8 бит.

C) 24 бит.

D) 1000 байт.

Е)& 1024 байт.

*****

Бір килобайт неге тең?

А) 1 битке.

В) 8 битке.

C)& 1024 байтқа.

D) 1024 килобайтқа.

Е) 1024 гигабайтқа.

*****

Бір мегабайт қанша ақпаратты құрайды?.

А) 1 бит.

В) 8 бит.

С) 1024 байт.

D)& 1024 килобайт.

Е) 1024 гигабайт.

*****

1 мегабайт неге тең?

А) 1000 килобайтқа.

В) 210 байтқа.

С) 8 битке.

D) 8 байтқа.

Е)& 210 килобайтқа.

*****

Бір гигабайтты не құрайды?

А) 1 бит.

В) 8 бит.

C) 1024 байт.

D)& 1024 мегабайт.

Е) 1024 килобайт.

*****

Енгізілген мәліметтерді компьютердің жекелеген блоктары келесі ретті тізбек бойынша санап, ережелерді орындауға кіріседі:

A)& басқару құрылғысы, жад, сыртқы құрылғы.

В) басқару құрылғысы, сыртқы құрылғы, жад.

С) сыртқы құрылғы, басқару құрылғысы, жад.

D)жад, сыртқы құрылғы, басқару құрылғысы.

Е) сыртқы құрылғы, жад, басқару құрылғысы.

*****

Компьютерді дұрыс қосу реті:

а) жүйелік блок.

б) монитор.

в) принтер.

А) а, б, в.

В) в, б, а.

C)& б, в, а.

D) а, б.

Е) а, в, б.

*****

Компьютерді дұрыс сөндіру реті:

а) жүйелік блок.

б) монитор.

в) принтер.

А) а, б, в.

В) в, б, а.

С) б, в, а.

D) а, б.

E)& а, в, б.

*****

Дж. Фон Нейман кім ретінде танылды?

А) алғашқы электрондық есептеуіш машинасын жасаушы.

B)& сандық есептеуіш машинасын құрудың негізгі қағидаларын ойлап

табушы.

С) Ада программалау тілін жасаушы.

D) алғашқы электрондық лампаларды ойлап табушы.

Е) алғашқы электрондық программаларды жасаушы.

*****

Компьютер құрылғыларының минималды қажетті жиынтығы:

А) принтер, жүйелік блок, пернетақта.

B)& жүйелік блок, монитор, пернетақта.

C) жүйелік блок, диск оқығыш, тышқан.

D) процессор, тышқан, монитор

E) принтер, қатты диск (винчестер), монитор, тышқан.

*****

Жүйелік блокта не орналасқан.

A)& процессор, жедел жад, ұзақ уақыт сақтауға арналған (сыртқы) жад

құрылғысы, платалар мен порттар.

В) модем, сканер, тышқан.

С) принтер, плоттер, пернетақта.

D) плоттер, сканер, модем.

E) монитор, тышқан, пернетақта.

*****

Дербес компьютердің “миы” болып табылатын:

А) монитор.

В) жад.

C)& микропроцессор.

D) пернетақта.

E) тышқан.

*****

Микропроцессор қайда орналасқан.

А)& жүйелік блокта.

В) мониторда.

С) ДК-нің жадында.

D) пернетақтада.

Е) принтерде.

*****

Компьютердің жұмысын басқаратын және есептеулерді орындайтын құрылғы қалай аталады?

А) жедел жад.

В) диск оқығыш.

С)& микропроцессор.

D) графика тұрғызушы.

Е) процессордың ішкі жады.

*****

Барлық (математикалық және логикалық) есептеулер жүргізілетін негізгі микросхема қалай аталады?

А) монитор.

В) қатты диск.

С) тышқан.

D)& процессор.

Е) пернетақта.

*****

Жүйелік блок құрамына не кірмейді?

А) жүйелік (аналық) тақта.

В) жад.

С)& принтер.

D) микропроцессор.

Е) қоректену блогы.

*****

Жедел сақтау жады (ОЗУ) келесідей мөлшерлі болуы мүмкін:

а) 32 МБ. б) 64 МБ. в) 128 МБ. г) 256 МБ. д) 512 МБ.

А) а, б, в.

В) а, б.

С) а, б, г.

D) г.

Е)& а, б, в, г, д.

*****

Hardware дегеніміз не?

А) арнайы жад.

В)& Дербес компьютердің (ДК) аппараттық құрамы.

С) жалпы жад.

D) ДК программалары.

Е) операциялық жүйе.

*****

RОМ дегеніміз не?

А)& арнайы жад.

В) Дербес компьютердің (ДК) аппараттық құрамы.

С) жалпы жад.

D) ДК программалары.

Е) операциялық жүйе.

*****

RАМ дегеніміз не?

А) арнайы жад.

В) Дербес компьютердің (ДК) аппараттық құрамы.

С)& жедел жад.

D) ДК программалары.

Е) операциялық жүйе.

*****

Software дегеніміз не?

А) арнайы жад.

В) Дербес компьютердің (ДК) аппараттық құрамы.

С) жалпы жад.

D)& ДК программалары.

Е) ДК жүйесінің“ миы.

*****

Микропроцессор дегеніміз не?

А) арнайы жад.

В) Дербес компьютердің (ДК) аппараттық құрамы.

С)& ДК жүйесінің“ миы.

D) ДК программалары.

Е) жалпы жад.

*****

Микропроцессор дегеніміз …

А) компьютердің барлық қосымша құрылғылары жалғанатын жүйелік блогы.

В)& барлық есептеулер мен ақпаратты өңдеуді орындайтын электрондық

схема.

С) барлық ақпараттар жазылып сақталатын құрылғы.

D) компьютердің жұмыс барысында іске қосылатын жад.

Е) компьютерге ақпараттты енгізуді жеңілдететін құрылғы.

*****

Компьютердің жұмысын басқаратын және есептеулерді орындайтын бөлігі:

А) Граф түзуші.

В) Диск оқығыш.

С) Жедел жад.

D)& Орталық элементі микропроцессор болып табылатын жүйелік (аналық)

тақта.

Е) Ішкі жад.

*****

Компьютерде мәліметтерді өңдеуді жүзеге асыратын не?

А) принтер.

В) дисплей.

С)& микропроцессор.

D) плоттер.

Е) сканер.

*****

Қатты диск дегеніміз…

A)& жүйелік блокқа орналастырылған сиымдылығы үлкен диск.

В) дискетаға арналған ЕНГІЗУ/ШЫҒАРУ құрылғысы.

С) ЕНГІЗУ/ШЫҒАРУ.

D) сиымдылығы үлкен иілгіш диск.

Е) ZIР-диск.

*****

Өзгертуге болмайтын және компьютерде орындалатын программалар тек оқи алатын деректері микросхемасын жасаған уақытта енгізілген жадты қалай атаймыз?

А) жедел сақтау құрылғысы.

В)& тұрақты сақтау құрылғысы.

С) сыртқы сақтау құрылғысы.

D) қатты диск.

Е) иілгіш диск.

*****

Деректерді жоғары жылдамдықта жаза алатын және оқи алатын (ең тез әрекетті) ақпаратты сақтауға арналған құрылғы…

А) тұрақты сақтау құрылғысы.

В) сыртқы сақтау құрылғысы.

С)& жедел сақтау құрылғысы.

D) қатты дискі.

Е) иілгіш дискі.

*****

Жедел жадқа лайық қасиеттер:

а) көлемі шектеулі;

б) компьютерді өшіргенде тазарады;

в) деректерді қысқа мерзімге сақтау үшін қолданылады;

г) деректерді ұзақ мерзімге сақтау үшін қолданылады;

А) а, б

В) б, в

С) а, б, г

D)& а, б, в

Е) б, в, г

*****

Тұрақты сақтау құрылғысына жат қасиеттер:

а) компьютерді ажыратқанда тазарады;

б) деректерді қысқа мерзімге сақтау үшін қолданылады;

в) деректерді ұзақ мерзімге сақтау үшін қолданылады;

А) а

В) б

С) а, в

D)& а, б

Е) а, б, в

*****

RЕSЕТ пернесінің қызметі:

А) компьютерді іске қосу.

В)& операциялық жүйені қайта жүктеу.

С) компьютерді сөндіру.

D) программаны жою.

Е) программаны немесе файлды жазу.

*****

Уақыт бірлігінде процессор орындайтын амалдардың орындалу жылдамдығы тактілік жиілік деп аталады. Тактілік жиіліктің өлшемі:

А) ампер.

В) вольт.

С)& Мгц.

D) кг.

Е) м.

*****

Процессор өз ішінде амалдарды жылдам орындағанымен сыртқы құрылғылармен баяу әрекеттеседі. Алмасу жұмыстарын жылдамдату үшін не қолданылады?

А) математикалық қосымша процессор.

В)& кэш-жад.

С) ROM.

D) RAM.

Е) СD-RОМ.

*****

Процессордың өнімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер:

A)& разрядтығы, жұмыстық тактілі жиілік, кэштік жадтың мөлшері.

B) жалпы жадтың мөлшері, монитордың бейнелеу қабілеттілігі, модемнің

деректерді тасымалдау жылдамдығы.

С) принтердің өнімділігі, жедел жадтың мөлшері.

D) монитордың бейнелеу қабілеттілігі, бейнежад мөлшері.

Е) бейнекарта түрі, дыбыстық карта түрі.

*****

Операциялық жүйелер графикалық және графикалық емес болып екіге бөлінеді. Графикалық емес операциялық жүйелерде компьютерді басқару не арқылы жүзеге асады.

А) арнайы программалар класын енгізу.

В)& пернетақта арқылы командалар жатық жолына арнайы командалар енгізу.

С) List командасын енгізу.

D) шектеулі пернелер көмегімен командалар енгізу.

Е) тышқан.

*****

Санау жүйесінің негізі деген не?.

А) төрт битке сиятын максималды сан.

В) сандарды жазуға қолданылатын әріптер саны.

С)& сандарды жазуға қолданылатын цифрлар мөлшері (саны).

D) санау жүйесінде қолданылатын символдар саны.

Е) санау жүйесіндегі сандарды түзу ережелері.

*****

ЭЕМ-ның алғашқы буынының элементтік негізі болып табылатын:

A)& электрондық лампалар.

В) микросхемалар.

С) интегралдық схемалар.

D) транзисторлар.

Е) үлкен интегралдық схемалар.

*****

ЭЕМ-ның алғашқы буынының элементтік негізі не еді?

А) чиптер.

В) транзисторлар.

С) интегралдық схемалар.

D) логикалық элементтер.

E)& электрондық лампалар.

*****

ЭЕМ-ның екінші буынының элементтік негізі:

А) электрондық лампалар.

В) микросхемалар.

С) интегралдық схемалар.

D)& жартылай өткізгіш элементтер.

Е) үлкен интегралдық схемалар.

*****

ЭЕМ-ның үшінші буынының элементтік негізі:

А) электрондық лампалар.

В) микросхемалар.

С)& интегралдық схемалар.

D) жартылай өткізгіш элементтер.

Е) үлкен интегралдық схемалар.

*****

ЭЕМ-нің төртінші буынының элементтік негізі:

А) электрондық лампалар.

В) микросхемалар.

С) интегралдық схемалар.

D) жартылай өткізгіш элементтер.

Е)& үлкен интегралдық схемалар.