Fe Cu Ni Zn Pв Sn Au Ag Pt Al Mg Ti W Мо 5 страница

Сурет 27 - Қозғалмалы резиналы қаптамалы шлюз

 

Винтті бөлгіштер (сепараторлар) конструкциясы жағынан ерекшеліктері бар. Бұларда пульпа ағатын науа түзу пішінді емес, тік бағытта орналасқан спираль пішінді.

Пульпа спиральді науаның жоғарғы басына түседі де төмен қарай ағады. Түйіршіктерге үш күш әсер етеді: салмақ күші, судың ағызу күші және ортадан тепкіш күш. Соңғы күш пульпаның айналмалы траекториямен қозғалу нәтижесінен туады. Сол күштің қосымша әсерінен тығыздығы әртүрлі минерал түйіршіктерінің бөліну дәрежесі шлюздегіден жоғары.

Ең ауыр түйіршіктер дөңгелектенген нау түбінің ортасы мен және астыңғы қабатта жылжиды. Ал жеңіл түйіршіктер үстіңгі қабатта және ортадан тепкіш күш әсерімен науаның сыртқы бүйір қабырғасына тебіле жылжып ағады. Осы сыртқы үстіңгі қабаттағы түйіршіктер (жеңіл фракция) сумен ағын науаның төмеңгі шетінен төгіледі. Астыңғы қабаттағы затты үздіксіз бөліп алу үшін, нау түбінде бір-бірінен белгілі қашықтықта (спираль бойында екі-үш жерден) тесіктер жасалған. Олар түтікшелермен спиралді жолдың ортасына тік орналасқан құбырға жалғастырылған, тесіктерге түскен зат сол құбыр бойымен құлан оның төменгі шетінен шығады.

Жоғарғы тесіктер бір құбырмен, төмеңгі тесіктер екінші құбырмен жалғастырылса сапасы әртүрлі өнімдер алынады.

Винтті бөлгіштердің спиралі 3-5 орамнан тұрады. Орамдардың ара қашықтығы 500-1000 мм, ал диаметрі 2000 мм-ге жетеді. Аппараттың биіктігі орам санына қарай 6-7 м-ге жетеді. Пульпамен қабысатын нау түбі қапталады (Футеровка). Аппараттың конструкциясы қарапайым, энергия жұмсалмайды, тік қойылғандықтан өте аз жер алады, және минералдардың бөліну дәрежесі шлюздер мен салыстырғанда жоғары.

Бұларда байытылатын түйіршіктердің ірілігі 15 мм-ге жетуі мүмкін. Бірақ ірілігі артқан сайын минералдардың бөліну дәрежесі төмендейді. Көбінесе 3 мм-ге дейіңгі ірілікті кен байытылады.

Аппараттың өнімділігі оның диаметріне байланысты. Диаметрі артқан сайын өнімділігі өседі. Ең үлкен диаметрілі аппараттардың өнімділігі кен қасиеттіне сәйкес сағатына 30-70 тоннаға жетеді.

Винтті бөлгіштер көптеген кен түрлерін байытуда кеңінен қолданылып келеді. Айта кететін жағдай – бұларда да бірден жоғары сапалы концентрат алынбайды. Соған байланысты көп жағдайда олар не кесуі алдын ала байыту, не қалдықтан бағалы заттарды қосымша бөліп алу мақсатымен қолданылады.

Ауыр ортада байыту

Ауыр ортада байыту процесі әртүрлі тығыздықты минералдар (не кен) кесектерінің екі аралық тығыздықты ортада бірінің батып, екіншісінің қалуына негізделген. Осы принциппен тек тығыздықтарында айырмашылық бір кен кесектерін бөлуге болады. Ол үшін тығыздығы екі аралықта орта болуы керек.

Кендерде өте көп кездесетін ең жеңіл минералдардың бірі-кварц. Оның тығыздығы 2650 кг/м3. Басқа минералдардың тығыздығы одан жоғары. Сондықтан ауыр ортада байыту үшін ол ортаның тығыздығы кварц тығыздығынан жоғары бөлуы керек.

Ауыр орта ретінде тығыздығы жоғары кейбір органикалық сұйық заттар, неорганикалық тұздардың су ерітінділері және суспензиялар қолданылады. Суспензия деп сумен қатты зат түйіршіктерінің араласын атайды.

Органикалық ауыр сұйықтар (тетрабромэтан сияқты 2910 кг/м3) улы болады. Сондықтан олар қолданылмайды. Су ерітінділері лабораторияда ғана.

Байыту фабрикаларында кеңінен қолданылып келе жатқан ауыр орта – суспензалар. Қатты заттың су ішіндегі үлесін өзгерте отырып суспензияның тығыздығын үлкен шек аралықта реттеуге болады. Мысалы кварц құмын сумен араластыру нәтижесінде тығыздығы 1400-1600 кг/м3 суспензия жасалса онда көмірді (1200-1400 кг/м3) байытуға болады.

Егер кен байытылса суспензиясын тығыздығы 2700 кг/м3 кем болмауы керек. Осы мақсатпен қолданылатын минералдар: кварц құмы (2650 кг/м3), магнетит (5000 кг/м3), галепит (7500 кг/м3), ферросилиций (6400-7000 кг/м3).

Байыту процесінің тиімді және өнімді жүруі суспензияның қасиеттеріне байланысты. Олар – тығыздық тұтқырлық, тұрақтылық . Әдетте түйірлік ірілігі 0,1-0,15 мм-ден аспайды ал қатты заттың көлемді үлес мөлшері 30%-тен артық болмауы керек. Түйіршіктер бүкіл суспензия көлемінде біркелкі жайылып тұру үшін белгілі бір әдіспен ол үнемі қозғалысқа келтіріліп отырады.

Ірі және орта ұсақталған кендер тек гравитациялық күш әсер ету принципімен жұмыс істейтін аппараттарда байытылады. Оларға жататындар: конусты, данғаралы (барабанды) және донғалақ бөлгіштер. Ұсақ ұнтақталған кендерді гидроциклондарда байытады.

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. (44-66), 2 нег. (42-56), 2 қос. (46-54)

Бақылау сұрақтары:

1. Гравитация дегеніміз не?

2. Суспензия дегеніміз не?

3. Шлих дегеніміз не?

4. Шлюздердің қанша түрлері болады?

5. Отсадкалау машиналар неше түрлі болады?

8 дәріс тақырыбы. Байытудың қосалқы операциялары

Кенді шаю (жуу)

Шаю процесі көбінде темір және марғанец кендерін, сондай-ақ шашыранды (алтын, қалайы, вольфрам) және тағы басқа түсті металлдардың кен түрлерін байыту алдында қолданылады. Бұл процесс кезінде кен сумен араластырылып, кен кесектері шайылып, балшықты лайдан, топырақтан және де әртүрлі қоқсықтан бөлініп шығарылады. Кенді шаю үшін көптеген арнаулы аппараттар қолданылады.

1 – конус тәрізді елек; 2 – данғарада кенді көтеру және тасымалдау үшін арналған күрекшелер;

3 - шламды құйып алуға арналған тор; 4 – жуылған өнімді түсіру қондырғысы.

Сурет 28 - Скруббер (жуу қондырғы).

Сурет 29 - Енкіш жуғыш

Байыту өнімдерін сусыздандыру

Пайдалы қазбалардың көбісі сулы ортада байытылады. Пайдаланылған су алынған өнімдермен бірге шығады. Металлургиялық өңдеу алдында көп центраттың құрамындағы судың проценттік үлесі белгілі мөлшерден, 2-15%-тен, аспауы керек.

Су концентраттарда келесі түрлерде кездеседі:

а)Гравитациялық не бос су. Ол затпен байланыспай, түйіршіктердің арасында бос болады.

б)капиллерлі су. Қатты жарықшақтарында капилляр қысым мен ұсталады. Зат неғұрлым кезекті болса, солғұрлым бұл су үлесі жоғары болады.

в)Адсорбцияланған су. Қатты зат бетімен су молекулалары физикалық күштер әсерімен байланысқа түсіп су қабатын түзеді.

г)Кристалданған не химиялық су. Су молекулалары зат атомдарымен химиялық байланысқа түсіп кристалдық тор құрамына кіреді. Бұл су түрін бөлу үшін затты жоғары температурада қыздыру қажет (>300 0С).

Судың бөлінуіне өте жоғары әсер ететін фактор зат ірілігі. Заттың ірілігіне қарай қолданылатын сусыздандыру процестерінің түрлері: Дреннаж, центрифугалау, қойылдыру, сүзу және құрғату. Көп жағдайда сусыздандыру бірнеше процестерден тұрады. Мысалы кесекті заттарға дреннаж ғана қолданылса, флотациялық концентраттарға кезектесе қойылдыру, сүзу және құрғату процестері қолданылады.

Дреннаж

Дреннаж әдісінде су қатты зат түйіршіктерінің арасында өз салмағымен ағын бөлінеді. Процесс сусыздандыру бункерлерінде, екшеуіштерде, шөмішті элеваторларда, спиральды классификаторларда және центрифугаларда жүргізіледі.

Шөгу процесіне заттың ірілігі қатты әсер етеді. Ірі түйіршіктердің шөгу жылдамдығы жоғары. Ұнтақтық артқан сайын (әсіресе 0,02 мм-де төмендесе) шөгу жылдамдығы азаяды.

Сүзу

Сүзу деп қатты заттан судың ұзақ саңылаулы (тесікті) қалқадан өткізу арқылы бөлуді атайды. Бөлінген су фальтрат деп, қалқа бетінде қалған зат кен деп аталады.

Судың қалқадан төуін жылдамдату үшін қалқаның екі жағынан қысым айырмашылығы тудырылады. Бірінші әдіс қалқаның бір жағында ауа қысымы төмендетіледі, екінші жағында атмосфералық қысым сақталады. 2-ші әдіс қалқаның бір жағынан атмосфералық қысымнан артық қысым тудырылады.

Қалқа ретінде әртүрлі табиғи маталар, синтетикалық маталар не металл торлары қолданылады.

Сүзуге қолданылатын аппараттарды сүзгіштер (фильтр) деп атайды. Барабанды (даңғаралы), дискалы және сирек ваккум-сүзгіштер қолданылады. Артық қысыммен істейтін сүзгіштер пресс-сүзгіштер деп аталады.

Құрғату

Құрғату процесінде сусыздандыру жылу энергиясымен суды бұрап айналдыру арқылы жүргізіледі.

Қойылдыру және сүзу процестерімен салыстырғанда құрғату қымбат болады. Сондықтан ол сүзуден кейін заттың ылғалдылығы қажетті мөлшерге жетпегенде ғана қолданылады. Құрғатуға тек қана концентраттар түседі. Отын ретінде табиғи газ, мазут не көмір … қолданылады. Байыту фабрикаларында даңғаралы не құбырлы құрғатқыштар қолданылады.

Центрифугалау

Бұл әдісте су ортада тепкіш күш әсері мен бөлінеді. Бұл аппараттар негізінде ұсақ класты көмір концентраттарын сусыздандыруға қолданылады. Олар сүзуші және шөктіруші центрифугаларға бөлінеді.

Сүзуші центрифугалардың бірнеше түрі бар. Вибрациялық (дірілдеуік) роторлы, тік және горизонталь роторлы. Оларда орташа 0,5-1,0 мм ірілікті зат сусыздандырылады.

Қойылдыру

Ірілігі 0,5 мм-де аспайтын ұнтақты зат (флотациялық концентраттар) судан қойылдыру процесімен бөлінеді. Бұл процесс суда қатты зат түйіршіктері өз салмағымен шөгуіне негізделген. Қолданылатын аппаратар қойылдырғыштар деп аталады (стуститель). Олар диаметрлері 2,5-150 м аралығында металдан не бетоннан құйылған 4 түрінде жасалады.

Пульпа санның ортасына трубамен түсіріледі. Оның төменгі шеті санның жоғарғы ернеуінен төмен орналасады.

Шөгу процесінде бірнеше зоналар пайда болады. Шөгінді көлбеу жасалған сан түбінің ортасындағы тесіктен шығады. Ол үшін тығыз шөгінді қабат санның түбін қыра айналып қозғалатын арнаулы қондырғымен (сыдырғыш) орталық тесікке жеткізіледі.

Сыдырғыш рамаға бекітілген, ал рама айналмалы қозғалысты электр қозғалтқыштан алады. Электр қозғалтқыш санның ортасына орнатылса қойылдырғыш орталық қозғалтқышты деп аталады. Үлкен диаметрлі қойылдырғыштарда санның жоғарғы ернеуі үстіне шеңбер бойымен … орнатылған. Электр қозғалтқыш соның бойымен жүретін қаретқаға орнатылған. Рама осы қаретқаға бекітілген. Бұл қойылдырғыш шетті қозғалысты деп аталады.

Пайдалы қазбаларды кесектеу

Байыту нәтижесінде көбінесе концентраттар ұнтақ түрінде алынады. Ұнтақтар металлургиялық өңдеу үшін тиімсіз болады. Сондықтан оларды белгілі бір ірілікке дейін арнаулы әдістермен кесектейді.

Кесектеудің үш түрлі әдістері қолданылады: агломерация, іріктеу (окускование), брикеттеу. Олардың әр-қайсысы белгілі бір заттар (үрдістер) үшін қолданылады.

Агломерация

1 - машина каркасы; 2 - паллеталар; 3 – вакуум камералар; 4 – шихтаны тиеу; 5 – төсенішті тиеу; 6 – жағу қондырғы (горн); 7 – машина жетегі. Сурет 30 – Таспалы типті күйдіру машинасы

Агломерация әдісі ірілігі 6-8 мм ден аз ұнтақ фракцияларды кесектендіру үшін қолданылады. Ұсақ түйіршіктерді бірігіп кесектелуі, заттарды қыздыру арқылы пісіргенде жүретін термохимиялық процестің нәтижесінде жүзеге асырылады.

Шихта құрамына негізгі зат (кен, концентрат), отын (кокстың майда түйіршіктері-коксик) және флюс (ұсақ ізбес және ізбес тастары) кіреді. Кейде флюссызда жүргізіледі. Агломерациялау алдында шихта арнаулы қондырғыларда араластырылады.

Негізгі процесс агломерациялау машиналарда жүргізіледі. Олардың өндірісте ең көп тараған түрі таспалы агломашина. Ол үздіксіз жүретін колосник торы орнатылған пісіру арабаларынан тұрады (паллетта). Тордың ұзын бойына биіктігі аз қабырғалар орнатылған. Паллеталар бір-бірімен шарнирлі қосылған. Олар екі даңғараны орала ақырын айналып тұрады. Бункер материалы өткенде тор үстіне қалындығы 250-300 мм біркелкі шихта қабаты салынады.

Шихтаның беткі қабаты газ не сұйық отынмен көрік арқылы тұтатылады да шихтаның құрамындағы қатты отын жанып температура 1200-1400 0С-ға дейін көтеріледі. Жану процесі тиімді жүру үшін шихта қабаты арқылы ауа өткізіледі (1 м2-ге 80-100 м2/сағ). Ауа шихта қабаты арқылы тор астында желдеткішпен вакуум тудыру нәтижесінде жоғарыдан төмен қарай бағытта сорылады. Жану қалыңдығы 20-40 мм қабатта ғана жүреді. Жану қабаты біртіндеп төмен түскен сайын шихта қабатының жоғары жағы қатайып, пісірілген агломерат массасы пайда болады.

Агломерация орташа 10-15 минутке созылады. Агломерация кезінде шихта жартылай балқып кесектеледі. Сонымен қатар S, As, Sв сияқты элементтер тотығып, белгілі мөлшерде газ болып ұшады.Пайда болған агломерат екшеуштен өткізіледі. Ірілігі 5-6 мм-деп кіші фракциялар агломерацияға қайтарылады.

Агломашинаның ең үлкенінің ауданы 600 м2-ге жетеді. Меншікті өнімділігі (1,3-1,5 т/м2).

Іріктеу (Окускование)

Бұл әдіспен көбінесе өте ұнтақ (0,06-0,1) ірілік класс үлесі 80-90 % ылғалды кендермен конденсаттар кесектеледі. Кесектелу ылғалды затты илей араластырғанда түйіршіктердің бір-біріне жабысып іріленуіне негізделген.

Жабысу күшін ұлғайту үшін кейде аз мөлшерде қосымша (әсіресе ...) араластырылады. Бұл әдіспен іріленген зат окатыш деп аталады.

Шихта алдын ала әртүрлі қондырғыда (шиекті, роторлы не даңғаралы) араластырылады. Іріленудің негізгі бір шарты шихтаның ылғалдылығы. (Мысалы темір концентараттары үшін 10-20%).

Ірілеу процессінде тарелкалы не даңғаралы ірілегіштер қолданылады. Тарелкалы ірілегіш арнаулы қондырғыға көлбеу қондырылған түбі тегі жазық белгілі бір жылдамдықпен айналып тұратын тарелка тәрізді. Шихта түбіне жабыспау үшін оның ішіне үздіксіз жұмыс істейтін қырғыш орнатылған. Түйіршіктер бір-біріне жабысып диаметрлері 10-20 мм шар пішінді окатыш құрайды. Содан кейін екшеуіштен өткізіліп ірі класс күйдіруге жіберіледі.

Ірілігіштің ø5,5; 7,0 м;

Көлбеу бұрышы 45-550; 45-600;

Өнімділігі 30-40, 30-90 т/с.

Күйдіруді конвейерлі пісіргіштерде, немесе тор-құбырлы пеш агрегаттарда, немесе шахталы пештерде жүргізеді.

Даңғаралы ірілегіштер.

Ішкі (ø м) 2,8; 3,2; 4,2;

Өнімділігі (т/с) 40; 450; 1100 т;

Ұзындығы (м) 11, 12,5

Көлбеу бұрышы 3-60; 1-40; 2,50;

Толтыру дәрежесі % <15; <13; 8-11;

Айналу жиілігі айн/мин. 8-12; 4-8; 4-8.

 

а – данғарада кесектердің пайда болуы; б –айналмалы чашада кесектекрдің пайда болуы.

Сурет 31 - Кендерді іріктеу

Брикеттеу

Бұл әдіс ұнтақ концентраттарды қысыммен біріктіруге негізделген. Соның нәтижесінде дұрыс пішінді біркелкі кесектер алынады.

Брикеттеу төмен қысымды процесстерде жүргізілсе жабыстырғыш заттар қолданылады, жоғары қысымды процестерде олар қолданылмауы мүмкін.

Кендерді брикеттеуде вальцты процестер қолданылады. Олар біріне бірі қарсы айналатын екі вальцтен (даңғара тәрізді) тұрады. Сол беттерде пішіндері әртүрлі шұнқырлар жасалған.

Шаңнан тазарту және шаңды ұстау

Шаңнан тазарту қажеттілігі әртүрлі себептерге байланысты. Шаң қандай мақсатпен тазартылса, ол ауа мен бірге атмосфераға шығып, оны ластамау керек. Сондықтан бөлініп алынған шаң әрдайым ұсталуы қажет. Шаң қандай құрамды болмасын, адам организіміне өте зиянды. Мысалы байыту фабрикаларында ең көп шаң ұсақтау және ұнтақтау процестерінде, тасымалдау конвейерлерден басқа аппараттарға түскен жерлерде шығады.

Шаң ұстағыштар

Шаң ұстау көп жағдайда бірнеше аппараттарды қолдану арқылы жүргізіледі. Әр аппараттарда ірілігіне қарай шаңның әртүрлі ірілікті фракцияларды ұсталады.

Жұмыс принциптеріне қарай механикалық және электірлік шаң ұстағыштарға бөлінеді. Механикалық шаң ұстағыштарда гравитациялық, ортада тепкіш күш және сүзу қолданылады.

Ірілігі 0,1 мм-ден артық түйіршіктер ірі шаңға жатады. Олар шөгілдіргіш камераларда және циклондарда ұсталады. 0,01-0,1 мм ірілікті шаң сулы ұстағыштарда, бірнеше сатылы циклондарда, не сүзу арқылы ғана ұсталады. Шаң ірілігі 0,01 мм-ден аз болса тоқ ұсақ саңлаулы матадан жасалған сүзгіштен электрлі сүзгішпен не сулы ортадан өткізіп ұстауға болады. Ірілік 0,00001 мм-деп төмен болса тек электрлі сүзгіш не сулы ұстағыштар ғана қолданылады. Көп жағдайда шаңды ауа алдымен шөгілдіргіш камерадан, одан кейін циклондардан, ақырында не маталы сүзгіштен, не электрлі сүзгіштен, кейде сулы ортадан өткізіледі.

Шөгілдіргіш камералар. Оларда ең ірі түйіршіктер шөгеді. Оның көлденең қиық ауданы шаңды ауаны түсіретін құбыр диаметрінен көп үлкен. Соның нәтижесінде ауаның қозғалу жылдамдығы күрт төмендейді. Түйіршік салмақ күшімен камера түбіне шөгеді, ал ұнтақ шаңды ауа келесі аппаратқа түседі.

Циклондар

Ø0,3-3 м

Кіші диаметрлі циклондарда шөгу дәрежесі 92-95 %.

Үлкендерде 60-70%.

Сүзгіштер.

Сүзгіш ретінде әртүрлі майда (үсақ) саңлаулы заттар қолданылады (мата түрлері, пласмасса, керамика сияқты).

Жиі қолданылатын маталы сүзгіштер. Оның ішінде жеңді сүзгіштер. Үзындығы 2,2-9 м, диаметрі 150-500 мм. Маталы сүзгіштер жоғары t-ралы газдарды тазалауға қолданылмайды.

Электрлі сүзгіштер. Оларда шаңды ауа иондалады. Иондардың адсорбциялану нәтижесінде түйіршік беттерінде электр заряды пайда болады. Олар қарам-қарсы зарядталған электрод бетіне тартылып, артынан сілкіндіру арқылы түсіріліп жиналады. Ауаны тазарту оны әркелкі электр өрісті екі электрод жүйелерінің арасынан өткізу арқылы жүргізіледі. Сүзгіштер электрод түріне қарай түтікті және пластинкалы болып екіге бөлінеді.

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. (58-69), 4 нег. (39-56), 1 қос. (35-45)

Бақылау сұрақтары:

1. Агломерация дегеніміз не?

2. Іріктеу дегеніміз не?

3. Сүзу дегеніміз не?

4. Сүзгіштердің қанша түрлері болады?

5. Іріктеу машиналар неше түрлі болады?

 

9 Дәріс тақырыбы Металлургия үрдістерін жүргізуге керекті материалдар. Отын. Отқа төзімді материалдар

Флюстер

Флюстер-шихта құрамындағы бос жыныс, отын күлі мен зиянды қоспаларды шлакқа айналдыру мақсатымен шихтаға қосылатын заттар. Кейде флюс шихтаға белгілі құрамы мен қасиеті бар шлак алу үшін қосылады. Әдетте темір кендердің құрамында бос жыныс түрінде S1O2 кездесетіндіктен, флюс ретінде СаСО3 қолданылады. Шихтаға қосылатын флюстің мөлшері кендегі бос жыныстың, кокс күлінің, кен тазалығының, алынатын өнімнің түріне қарай есептеліп шығарылады.

Шикізаттар мен қосалқы материалдар

Минералдарды тотықтар, сульфидтер, силикаттар және амоносиликаттар деп айырады. Таза минералдар мен металдар сирек кездеседі. Құнды элементтер бар минералдарды байытар көнцентрат пен қалдықтар алынады. Көнцентраттарды ары қарай өңдеуге жібереді.

Отын

Кеннен металл қорыту, тазарту процестері жоғары температурада жүретіндіктен металлургиялық агрегаттарда табиғи және жасанды отындардың қатты, сұйық және газ күйіндегі түрлерін жағуға тура келеді.

Металлургия шағылатын отынның жылу шығарғыштығы мен беріктігі жоғары, құны арзан және зиянды қоспалар мөлшері аз болуын талап етеді. Отын органикалық заттардың құрамына енетін сияқты т.б. элементтерден тұрады.

Қатты отын. Қатты отынның табиғи түріне ағаш, торф, тас көмір, атрацит және май тас (сленец) жатады.

Ағаш, құрамында күкірт сияқты зиянды қоспа жон, күлділігі аз болғандықтан, бағалы металлургиялық отындар түріне жатады, бірақ оны отын ретінде пайдалану тиімсіз болғандықтан, қазіргі кезде отынның бұл түрі сирек кездеседі. Ағаш отын металлургиялық пештерде тамызық ретінде, генератор газын алу үшін, кейде металдың ерекше бағалы түрлерін қорыту үшін пайдаланылады. Жылу шығарғыштық қабілеті .

Көмір.Көмірдің құрамы оның географиялық орнына байланысты өзгеріп отырады. Оның орташа құрамында күл болады. Жылу шығарғыштың қабілеті Көмірдің барлық түрлерінің ішінде металлургия үшін ең құндысы - көкстелетін көмір. Өйткені металлургияда көмір кокс түрінде пайдаланылады. Көмірді 1000-1200 температурада кокстеу пештерінде құрғақ айдау арқылы кокс алынады. Осындай температурада көмір құрамындағы әртүрлі ұшқыш заттар бөлініш шығады. Ұшқыш заттарды ұстап, тазалайды да кокс газын алады. Күкірт газдарын әдетте күкірт қышқылын алуға пайдаланады.

Сұйық отын.Мұнайды құрғақ айдау арқылы одан бензин, керосин, газойль, лигроин тағы да басқа заттар алынғаннан кейінгі қалдық мазут деп аталады. Құрамында 1%-тен кем күкірт бар мазут скрап процесімен жұмыс істейтін мартен пештерінде отын ретінде қолданылады. Мазуттың құрамы 84-87% С; 10-12% Н2, 0,5-1,5% S, 0,5-1%(N2+O2), ылғалдылығы 0-10%, жылу шығарғыштық қабілеті