Олдарды тері антисептигімен гигиеналық түрде өндеу

Арағанды қаласының медицина колледжі

Медицинский колледж города Караганды

Медбикелік іс негізі пәніне арналған кәсиби стандарттары

Г.

Жұқпалық қауіпсіздіқ

Жұқпалық қауіпсіздіқ

1. Әлеуметтік деңгейіндегі қолдың деконтаминациясы
Мақсаты:
пациенттермен айналадағы ортаның салдарынан пайда болған қоқыстарымен транзиторлық флораларды медициналық персоналдардың қолынан жою; пациентпен персоналды жұқпалық қауіпсіздігімен қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері:тамақ тарату алдында, пациентті тамақтандырғанда, дәретханадан кейін, егер қолдарын биологиялық сұйықтықармен ластанбаса пациенттің алдында және артындағы күтуіндегі жағдайда.
Жабдықтау:дозатордағы бір рет қолданатын сұйық сабын ; секундасы бар сағат, қағазды орамал.
Іс- әрекет алгоритмі:
1. Қолдағы әшекейлеріңізді алып тастап, қолдың бүтіндігін тексеріңіз.
2. Халаттың женің 2/3 шынтаққа дейін түріңіз.
3. Ағынды судың бұрандысын ашып температурасын реттеңіз (35°- 40°С).
4.Қолды ағынды судың астында шынтақтың 2/3 бөлігің 30 секунд аралығында саусақтарға, саусақ аралықтарына, қолының үсті және алақанына назар аударып сабынмен жуыныз.
5. Қолды ағынды судың астында саусақтарыңызды жоғары қаратып сабын кеткенше шұнғылшаға тигізбей шайыңыз. Қолдың саусақтары басқалардан гөрі таза болуы тиіс.

6.Бұрандыны жабыңыз.
7. Қолды қағазды орамалмен сүртіңіз.

2. Гигиеналық деңгейіндегі қолдың деконтаминациясы
Мақсаты:
медициналық персоналдардың қолынан транзиторлық флораларды жою; пациентпен персоналды жұқпалық қауіпсіздігімен қамтамасыз ету.
Көрсеткіші: инвазивті процедуралардың орындау алдында және артында; қолғапты кию алдында және артында; биологиялық сұйықтықтармен және микробтық жаңасу артында; иммунитеті төмен пациенттерге күтім жасағанда.
Жабдықтау: дозатордағы бір рет қолданатын сұйық сабын; секундасы бар сағат, қағазды орамал; тері антисептигі, жылы су, қалдықтарды жоюға арналған контейнер (ҚЖАК).
Іс- әрекет алгоритмі:
1. Қолдағы әшекейлеріңізді алып тастап, қолдың бүтіндігін тексеріңіз.
2. Халаттың женің 2/3 шынтаққа дейін түріңіз.
3. Ағынды судың бұрандасын қағазды дәкемен ашып температурасын реттеңіз (35°- 40°С). Осылай қолды бұрандағы микроорганизмдермен жаңасуын шектейміз.
4. Қолды сабынмен білектің 2/3 бөлігіне дейін жағып келесі ізділікпен жуыңыз:

- алақанмен алақан;

-оң жақ қолдың алақанымен сол қолдың сыртқы жағын және керісінші жуыңыз;

- алақанмен алақанды қосып, саусақ аралықтарын жуыңыз;

- үлкен саусақтарын айналдырып жуыңыз;

- алақандарының ортасын айналдыра және керісінше жуыңыз.

Әрбір әрекет 10 секундтің аралығында 5 рет орындалады.
5. Қолды ағынды жылы сумен сабын кеткенше жуыңыз.
6. Кранның бұрандысын сол қолдың шынтағымен жабыңыз.

7.Қолды қағазды орамалмен сүртіңіз.
Егер шынтақпен бұранды жабылмайтын болса онда қағазды орамалмен жабыңыз.
Ескерту:
- егер қолды гигиеналық жуу тәсілімен орындауға мүмкіндік болмаса, онда қолды антисептикпен өндеуге болады;
- құрғақ қолға 3-5 мл антисептикалық затты құйып, саусақтардың шеттеріне, тырнақтарына, саусақ аралықтарына назар аударып тері құрғағанша жағыңыз. Қолдарыңызды өндегеннен кейін сүртуге болмайды! (15 сек аралығында тері антисептигінің қолдану нұсқаулығына назар аударып орындаңыз);
- өндеу қағидасын сақтау «тазадан ластанғанға дейін» Жуылған қолыңызбен бөтен заттарды тисуге болмайды;
- пациентті тексергеннен және процедураны орындағаннан кейін қолды сабынмен екі рет жуу ( бірінші резенке қолғапты шешпей, содан кейін қолғапты шешіп).

олдарды тері антисептигімен гигиеналық түрде өндеу

Мақсаты: транзиторлық флораларды жою; пациентпен персоналды жұқпалық қауіпсіздігімен қамтамасыз ету.
Көрсеткіші:инъекцияның, катетеризацияның, отаның алдында, инвазивты процедуралардың алдында және артында, биологиялық сұйықтықтармен және микробтық жаңасу артында.
Қарсы көрсеткіші: қолдарында, денесінде іріңді түйіршіктердің пайда болуы, терінің жараларымен жарақаттары, тері аурулары.

Жабдықтау:қолды гигиеналық деңгейде өндейтін тері антисептигі бар дозатор.

Іс- әрекет алгоритмі:
1. Гигиеналық деңгейінде қолдың деконтаминациясын жүргізіңіз ( стандарт бойынша).
2. Қолды қағазды орамалмен сүртіңіз.
3. Алақанға 3-5 мл антисептикалық затты құйып 30 секунд аралығында келесі ізділікпен уқалап сүртіңіз:
- алақанмен алақан;

-оң жақ қолдың алақанымен сол қолдың сыртқы жағын және керісінші сүртіңіз;

- алақанмен алақанды қосып, саусақ аралықтарын сүртіңіз;

- үлкен саусақтарын айналдырып сүртіңіз;

- алақандарының ортасын айналдыра және керісінше сүртіңіз.

4. Қолдағы антисептигінің кебуін қадағалаңыз.

Ескерту: қолданар алдында антисептиктін әдістемелік нұсқауын оқыңыз.
Қолдың нәтижелі өндеуі дымқыл түрінде неғұрлым көп ұстауынан байланысты.

4. Залалсыздандырылған қолғапты кию
Мақсаты:

пациентпен персоналды жұқпалық қауіпсіздігімен қамтамасыз ету.
- пациенттермен және олардың биологиялық сұйықтықтарымен жаңасу кезіңде резенке қолғаптар кәсіби жұғу қауып қатерін төмендетеді:
- резенке қолғап персоналдың қолдарын транзиторлық жұқпалардан және олардың пациентке таралуы қауып қатерін төмендетеді;
- резенке қолғап, микробтар медициналық қызметкерлер қолының бөлігі тәрізді болғандықтан, пациентерге жұғу қауыбын төмендетеді.
Көрсеткіші: инвазивты процедуралардын алдында , әрбір биологиялық сүйықтықпен жаңасқанда, пациентпен медициналық қызметкерлердің терінің тұтастығы бұзылғанда, эндоскопиялық тексерістерде, манипуляцияларды орындағанда, клиникалық-диагностикалық, бактериологиялық лабораторияларында материалдармен жұмыс істегенде, инъекция жасағанда, пациенттерге күтім жасағанда.
Жабдықтау: ораудағы залалсыздандырылған қолғап, қолданылған заттарға арналған контейнер (ҚАК), тері антисептигі.
Іс-әрекет алгоритмі:
қолғабы бар орауды үстелге қойып ашыңыз;

қолғаптың қайырмасын сол жақ қолмен, саусақтарыңыз қолғаптың ішкі жағына тимейтіндей алыңыз;

- оң жақ қолыныздың саусақтарын тығыз тұтастырып қолғапқа енгізіңіз;

- оң жақ қолыныздың саусақтарын ажыратып қолғапты қайырмасына тиіспей саусақтарыңызға кигізіңіз;

- оң жақ қолдың 2, 3 және 4-ші саусақтарын сол жақ қолғаптың қайырмасына енгізіп тек солай оң жақ қолдың 1-ші саусағы сол жақ қолдың 1-ші саусағына бағыталуы тиіс.

- сол жақ қолғапты оң жақ қолдың 2, 3 және 4-ші саусақтарымен тік ұстаңыз;.

- сол жақ қолыныздың саусақтарын тығыз тұтастырып қолғапқа енгізіңіз;

- ең бірінші сол жақ қолғаптың қайырмасын түзетіп, қолға толық кигізесіз, содан кейін оң жақ қолдың қайырмасын түзетесіз.

Жағдайға қарай қолғаптарды аурухана халаттардың сыртқы жағына кигізу ыңғайлы.