Олданылған қолғаптарды шешу

Іс-әрекет алгоритмі:

1.оң жақ қолының саусақтарымен сол жақ қолғапқа сыртқы жағынан қайырма жасаңыз;

2. сол жақ қолының саусақтарымен оң жақ қолғапқа сыртқы жағынан қайырма жасаңыз;

3. сол қолыныздан теріс айналдыра қайырмасынан ұстап қолғапты шешіңіз;

4. сол жақ қолыныздағы шешілген қолғапты оң қолынызға ұстаныз;

5. сол қолынызбен қолғапты алып оң қолдын ішкі қайырмасынан қолғапты шешіп алыңыз;

6. оң қолыныздан теріс айналдыра қолғапты шешіңіз;

7. екі қолғапты (сол қолдың қолғабы оң қолдың қолғабында болады) контейнерге тастаңыз.

6. Дезинфекциялық ертінділермен жұмыс істеу ерекшіліктері
(ҚР № 127 бұйрығы 24 ақпан 2015 жылы бекітілген)

Медбикелер ішкі ауруханалық жұқпалардың алдын алуына бағытталған дезинфекциялық шараларға ерекше көңіл аударуы керек. Жұқпалы емес ауруханалардағы дезинфекциялық шараларының ерекше қолдануы бөлімшенің пішініне байланысты. Дезинфекциялық ертінділері Қазақстандағы рұқсат берілген бүйрығы бойынша нұсқама мерзіміне қарай қолданылады.

Дезинфекциялық шараларын жүргізу нәтижесі келесі жағдайлардан байланысты:
1) қатаң түрде дезинфекциялық заттардың айқын (регламентированных) концентрацияларын қолдану;
2) дезинфекциялық заттармен өндеу объектілердің арасындағы қатынасты қамтамасыз ету үшін дезинфекциялық сұйықтық пен газдық заттардың шығыстары жеткілікті болуы тиіс;
3) дезинфекциялық заттардың әсерін айқын уақытта қамтамасыз ету (экспозиция).

Күнделікті және қорытыңды зарарсыздандыру нәтижесін бақылау үшін, әр түрлі объектілерден жұғын алынады (есіктің топсалары, тұтқалары, палатадағы құралдар , және т. б.) келешекте бактериялық зерттеу жүргізіледі.
Медициналық персонал таңдап алған дезинфекциялық заттардың методикалық нұсқауын зерттеу және оның антимикробтық спектіріне назар аудару (болған микроорганизмдердің өлуіне әсері), улы параметрлары (пациенттің көзінше қолдануға болады ма, қандай қауіпсіздік ережелерін қолдану керектігі т.б.), жуғыш қасиетті және дезинфекциялық заттардың ерекшіліктері.
Дезинфекциялық ерітінділерді арнайы желдету аспабы бар бөлмеде, немесе желдету шкафта дайындайды. Персонал арнайы киіммен жұмыс істеу тиіс: халат, калпак, марліленген таңу, резенке қолғап, керекті жағдайда респиратор мен қорғаныш көзілдірік.
Дезинфекциялық ерітінділерді ағынды сумен арнайы ыдыста араластырылады. Керекті жұмыс ертіндісін дайындау үшін ұнтақты өлшейтін қасықпен алып өлшейді. Сулық немесе спирттық дезинфекциялық заттарды дайындау үшін, арнайы өлшегіш стақан, пипетканы немесе шприцті қолданады. Кейбірде дезинфекциялық заттарды өлшегіші бар флаконда шығарады.
Керекті концентрацияны дайындау үшін сумен дезинфекциялық заттың қатынасын сақтау керек. Бірінші жұмыс ертіндісін дайындау үшін ыдысқа керекті суды дайындап, оған дезинфекциялық затты қосып араластырады, содан кейін ерігенше қақпағымен жауып қояды.

Таблеткалармен бір реттік ораудағы дез заттарды жұмыс ертіндісін дайындау ыңғайлы. 18 жасқа дейін, аллергиялық ауруы бар, жүктілік кезінде дезинфекциялық заттармен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

Барлық жұмыстарды резеңке қолғаппен істейді. Жұмыстың аяғында бөлмелерді желдетіп, дезинфекциялық заттарды арнайы жеке бөлмеге сақтайды.

Барлық дезинфекциялық заттарда, ертінділерде аттары, куонцентрациясы дозасы шыққан және қолдану мерзімі бар, заттамбалары болуы тиіс.
Дезинфекциялық заттармен абайсыз уланған кезіндегі алғашқы көмек көрсету.

Дем жолдарында тітіркену белгілері пайда болғанда:
- дезинфекциялық заттармен жұмыс істеуін тоқтату;
- тез арада зардап шегушіні бөлмеден алып шығу;
- ауызды және жұтқыншақты сумен шаю;
- жылы сұйықтықты беру ( гидрокарбонат натрий қосылған сүт немесе минералды «Боржоми» суы).
дезинфекциялық заттар терігі түскенде:
Тез арада зақымданған жерді сумен жуып, жұмсартатын май жағу.
дезинфекциялық заттар көзге түскенде:
Көп мөлшерде ағынды таза сумен көзді 10-15 минут жуу, содан кейін 1-2 тамшы 30% сульфацил натрий ертіндісін көзге тамызу. Окулистке жіберу.
дезинфекциялық заттар асқазанға түскенде:
10-20 үгітілген активтелген көмірді таблеткаларды көп мөлшерде ішкізу. Керекті жағдайда дәрігерге жіберу. Құсықты шақыруға болмайды!