Зәр қабылдағышты беру

Мақсаты: Пациенттің зәр мен нәжісінің өтуін қамтамасыз ету.

Көрсеткіштері: Қатаң төсек және төсек режиміндегі пациенттердің ішек және қуық жолдарын босату үшін қолданылады.

Жабдықтау: залалсыздандырылған: зәр қабылдағыш, дәке, клеенка, жөргек, резеңке қолғап, перде, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс, ҚАК.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке жұмыс барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз

2.Төсекті пердемен қоршаңыз.

3.Көрпені алып тастап, науқастың тізесін бүгіп арасын ашуын сұрау. Егер оның жағдайы ауыр болса оған көмектесу.

4.Пациенттің астыңа клеенка, оның үстіне жөргек салыңыз.

5.Гигиеналық деңгейде қолды жуып, өңдеу, резеңке қолғапты киіңіз.

6.Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алып, аяқ арасына қойыңыз.

7.Сол қолыңызға дәкені алып жыныс мүшесін орау.

8. Жыныс мүшесін зәр қабылдағышқа кіргізіңіз, мәрліленген дәкені алып тастаңыз.

9. Пациентті көрпемен жауып, жалғыз қалдырыңыз.

10. Зәр қабылдағышты, жөргекті, клеенканы алып тастау. Науқасты жабыңыз, пердені алып тастаңыз.

11. Зәр қабылдағышты дез.ертіндісі бар ыдысқа салу, дәкені, қолғапты ҚАК– ге тастаңыз.

12. Қолды жуып құрғатыңыз.

 

56.Судно мен зәр жинағышты толығымен дезинфекциялық

Ертіндіге салу.

Мақсаты: Инфекциялық қауіпсіздікті сақтау, санитарлық эпидимиологиялық режимі.

Жабдықтау: арнайы киім, зәр жинағыш, қолданылған судно, дезинфекциялық заттар, қаппағы бар дезинфекциялық зат және оның маркировкасы ,сабын, қолға арналған тері антисептигі.

Міндетті: Судно, зәр жинағыш дезинфекцияланғаннан кейін қолданылады.

Іс- әрекет алгоритмі:

1) Арнайы киім кию ( халат,суға төзімді фартук, маска)

2) Қолды гигиеналық дәрежеде жуу,қолғап кию.

3) Аузы қатты бекітіліп жабылатын ,және маркировкасы бар дезифекциялық ыдыс дайындау; Ол дұрыс маркировкалағанын ,атын, концентрациялық ертіндісін , қолдану мақсатын тексереміз.

4) Дезинфекциялық ертіндіні ыдысқа , белгілі бір концентрацияда құю.

5) Бирка ыдысына атын, дайындалған концентрациялық ертіндіні ,күнін, дайындалған уақыты , пациенттің аты жөнін ( істеген жұмыстын, сапасын , және бұйрық бойынша нақты тексеруді қамтамасыз етеді).

6) Дайындаған суднаны , зәр жинағышты ыстық сумен шаю, оны унитазға төгу.

7) Суднаны , зәр жинағышты дезинфекциялық ертіндіге салу, 5-10 см ыдыстан жоғары болып тұру қажет

8) Алжапқышты, қолғапты шешіп, ыдысты дезинфекциялық ертіндіге салу.

9) Ертіндегі затты берілген бағыт бойынша ұстап тұру керек.

10) Таза қолғап, фартук кию.

11) Суднаны жуып, зәр жинағышты ағынды ыстық суға салу

12) Арнай маркирленғен сөреге кептіріп, оны құрғақ жерде сақтау.

13) Арнайы киім шешу,қолды жуып, кептіру.

Ескерту: Ауыр халдегі науқастардын суднасы төсектін астында болады.

Көзге күтім

Мақсаты: Таңға жақын науқастын көз айналасын тазалау, көзге арналған дәрі тамызу

Көрсеткіші: Ауыр халдегі науқас , көздегі ақ жұғынды.

Жабдықтау: Залалсыздандырылған мәрлі тампондар, лоток, пинцет, ундинка, көз стакандары, фурациллин ертіндісі 1:2000 , вазелин майы , мензурка, физиологиялық ертіндісі бар ыдыс, ҚАК, пипетка.

Іс- әрекет алгоритмі:

1) Пациентке түсіндіріп, келісімін алу.

2) Науқасты қарау, баға беру.

3) Науқасты Фаулер жағдайына жатқызу.

4) Қолды гигиеналық дәрежеде жуып, қолғапты кию.

5) Мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майы, 2 ші ыдысқа фурациллин ертіндісін салу.

6) Мензурка қабырғасына жәй тигізіп , мәрліленген тампонды пинцет арқылы вазелин майына матыру.

7) Тампонды оң жақ қолға алып, бір қабығын сыртынан ішіне дейін сүртеміз – ол көздін іріңді қабыршығын жұмсаратады.

8) Қабақты дәл солай құрғақ тампонмен сүртеміз- ол қабыршықты алып тастайды.

9) Тампонды фурациллин ертіндісіне малып, жоғарғыдай қабақты сүртеміз.

10) Іріңді қабыршық кеткенге дейін , тампонмен сүртуде 4-5 рет қайталау.

11) Көзде іріңді ақ жұғынды болған жағдайда: коньюктивалдық қуысты физиологиялық ертіндісімен сүрту, сол жақ екінші саусақпен қабақты ашып, оң қолмен пипетка арқылы құрғақ тампонмен сүрту.

12) Келесі көзді жоғарғыдай орындау.

13) Қолғапты шешу.

14) Қолданған тампонды , қолғапты КБУ ға тастау, пинцет, мензурка , пипетканы дезинфекциялық ертіндіге салу.

15) Қолды жуып, құрғату.

Ескерту: Инфекцияның алдын-алу мақсатында көзді өндеуге арналған тампондарды 1 рет қолданылғаннан кейін 2 ші рет қолдануға болмайды.

58. Мұрын қуысының күтімі

Мақсаты:,пациенттің жеке басының тазалығын қадағалау, мұрын арқылы тыныс алудың бұзылыстарының алдын алуы, дәрілік заттарды тамызу

Көрсеткіші:пациенттің ауыр жағдайы,құрғақ қабыршақтар мен шырышты сұйықтық болған жағдайда.

Жабдықтау: Залалсыздандырылған: мақталы турундалар, мензурка, пинцет, вазелин немесе өсімдік майы, лоток,қолғаптар; дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс,қалдықтарға арналған ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Қолды гигиеналық деңгейде жуып,қолғап киіңіз.

3.Пациентті Фаулер жағдайына келтіріп,басын сәл артқа шалқайтыңыз.

4.Сол қолдың 4 саусағымен пациенттің маңдайына қойыңыз,ал үлкен саусақпен мұрын ұшын көтеріңіз.Мұрын қуысында шырышты сұйықтық пен құрғақ қабыршақтардың бар-жоғына көз жеткізіңіз.

5.Шырышты сұйықтықты мұрын қуысынан алу үшін,айнамалы қозғалыстармен мақталы турундаларды мұрын қуысына енгізіңіз.

6.Мұрын қуысындағы қабыршақтарды жібіту үшін,мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.

7.Пинцетпен турундаларды вазелин майына салып,мензурканың шетіне абайлап сығыңыз.

8. Оң қолға турундаларды алып,айнамалы қозғалыстармен мұрын қуысына 2-3 минутқа қалдырыңыз.

9.Құрғақ қабыршақтармен бірге мұрын қуысынан турундаларды айнамалы қозғалыстармен алып шығыңыз.

10. Екінші мұрын қуысын дәл солай өңдеңіз.

11.Қолғапты шешіңіз.

12.Қолғап пен турундаларды қалдықтарға арналған ыдысқа,ал мензурка мен пинцетті дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13.Қолды жуып,құрғатыңыз.

Лақ күтімі

Мақсаты:пациенттің жеке басының тазалығын қадағалау, аурудың алдын-алуы,құлықтың жиналуының әсерінен есту қабілетінің төмендеген жағдайда, дәрілік заттарды тамызу.

Көрсеткіші:пациенттің ауыр жағдайы,құлақ қуысындағы құлықтың жиналуы.

Қарама-қарсы көрсеткіштері:сыртқы есту жолдарымен қатар құлақ қалқанының қабынулары.

Жабдықтау: залалсыздандырылған: лоток, пипетка, пинцет, мензурка, мақталы турундадар, дәкелер, қолғаптар, 3 % -дық сутектің асқын тотығы, сабынды ертінді, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс, қалдықтарға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз..

2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып,қолғап киіңіз.

3. Сабынды ертіндіні дайындаңыз.

4. Пациенттің басын өнделетін құлаққа қарама-қарсы жаққа қисайтып,лоток қойыңыз.

5. Дәкені жылы сабынды ерітіндіге салып, құлақ қалқанын сүртіп,құрғақ дәкемен құрғатыңыз.

6. Алдын-ала сулы моншада (Т0 – 360 – 370С) жылытылған 3 %-дық сутектің асқын тотығын залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз.

7. Оң қолға пинцетпен мақталы турунданы алып, 3 %-дық сутектің асқын тотығына малып алыңыз,сол қолмен құлақтың қалқанын артқа және жоғары тартыңыз.Мақталы турундаларды айнамалы қозғалыспен құлақ қуысына 1 см тереңдікте 2-3 минутқа салып қойыңыз,

8. Құрғақ турундаларды айнамалы қозғалыстармен құлақ қуысына 1 см тереңдікте 2-3 минутқа салып қойыңыз.

9. Құлықпен бірге құлақ қуысынан айнамалы қозғалыстармен турундаларды алып шығыңыз.

10. Екінші құлақ қуысын дәл солай өңдеңіз.

11. Қолғапты шешіңіз.

12. Қолғап,дәкелерді, турундаларды қалдықтарға арналған контейнерге, ал мензурка мен пинцетті дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13.Қолды жуып,құрғатыңыз.

Ескерту: Құлақ қуысын өңдеу барысында мақтаны қатты затқа орауға болмайды.Құлақ қуысының жарақаттарына алып келуі мүмкін.

60. Ауыр жағдайдағы пациенттің ауыз қуысының күтімі

Мақсаты:пациенттің жеке басының тазалығын қадағалау,ауыз қуысының қабынулары мен стоматиттің алдын-алу.

Көрсеткіші:пациенттің ауыр жағдайы,әлсізденген, дене қызуы көтерілген,төсектік режимдегі пациенттер

Жабдықтау: залалсыздандырылған: - 2 лоток, 2 пинцет, тіл ұстағыш, ауыз кеңейткіш, мәрлілі дәкелер, тампондар, 2 шпатель, алмұрт тәрізді баллон немесе Жанэ шприці, мензурка; вазелин, антисептикалық ертіндісі бар флакон, орамал, бір стакан су, өңдеуге арналған лоток, қолғаптар, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс, қалдықтарға арналған контейнер .

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз..

2.Пациенттің аузын,қызыл иегін,тілін жақсылап қараңыз.

3.Мензуркаға антисептикалық ертіндіне құйыңыз.

4. Пациентті Фаулер жағдайына келтіріңіз.

5.Басын бір қырына бұрып,мойны мен кеудесіне орамал жауып,иегінің астына лоток қойыңыз.

6. Қолды гигиеналық деңгейде жуып,қолғап киіңіз.

7. Пациенттен тістерін қосуын сұраңыз.Егер тіс протезі болса,онда шешіп алыңыз.

8.Пациенттің ұртын шпателмен итеріңіз және антисептикке малынған мәрлілі тампонды пинцетпен алып,тістің сыртқы жағынан бастап,қызыл иектен төмен қарай мәрлілі тампонды ауыстыра отырып,сүртіңіз.

9.Оң жақтанда тура солай өңдеңіз.

10.Дәл сондай бірізділікпен мәрлілі тампондарды ауыстыра отырып,ішкі жағынан сол жақтағы тісті,қызыл иекті,одан кейін оң жақтағыны өңдеңіз.

11. Залалсыздандырылған мәрлілі дәкемен тілді сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап тілді ауыз қуысынан шығарыңыз.Шпательге мәрлілі дәкені орап,тілдің түбірінен ұшына қарай сүртіңіз .

12.Мәрлілі дәкені антисептикалық ерітіндіге малып алып, ауыр жағдайдағы пациенттің тілін түбірінен ұшына қарай сүртіңіз.

13.Пинцетті,шпательді,тілұстағышты өңдеуге арналған ыдысқа салыңыз.

14.Пациентке аузын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысын алмұрт тәрізді баллонмен немесе Жанэ шприцімен шайыңыз.Ауыздың бұрышын шпателмен тартып,қалыпты қысыммен бірінші сол жақ ұрт аймағын,кейіннен оң жақ ұрт аймағын шайыңыз.

15. Құрғақ дәкемен ауыз айналасын сүртіп,стерильді дәкесі бар шпателмен ерніне вазелин майын жағыңыз.

16.Құрал-жабдықтарды дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа,мәрлілі дәкелерді,тампондарды,қолғапты қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолды жуып,құрғатыңыз

Ескерту:

-Тыныс жолдарына сұйықтық түспеу үшін,ауыр жағдайдағы пациенттің аузын шаюға болмайды;

-ауыр жағдайдағы пациенттердің ауыз қуысын мен тістерін күніне антисептикалық ертіндіге малынған тампонмен 2 рет сүрту керек;

-егер еріндері жарылса,ауыз кеңейткіш қолданылмайды.