Халықаралық ,өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану.

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі міндетін атқарушының
2010 жылғы 23 сәуірдегі № 39
бұйрығымен бекітілген

Азақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережесі мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесі

Осы Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережесі мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес әзірленді.
Осы Ереже халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына қолданылмайды (бұдан әрі – халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары), оны өнімдерді өндіру, процестерді, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және эксперимент жұмыстары кезінде қолдану жоспарланады.
Осы Ереже Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес немесе Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (бұдан әрі - ТМД) елдерінің құрылысындағы техникалық нормалау және стандарттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия қабылдаған өңірлік стандарттарға таралмайды.

Жалпы ережелер

1. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ұқсас (баламалы) стандарттар - мазмұны мен ұсыну құрылымы (нысаны) бойынша ұқсас үйлестірілген стандарттар;
2) түрлендірілген стандарттар - сәйкестендіру және түсіндіру шарттары кезінде көріну нысаны бойынша техникалық ауытқулары және (немесе) айырмашылықтары болатын үйлестірілген стандарттар;
3) балама емес стандарттар - халықаралық стандарттың техникалық ережесінің аз бөлігі және (немесе) сәйкестендірілмеген техникалық ауытқулары бар, ұсыну нысаны бойынша айырмашылықтары болатын стандарттар;
4) халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының құрылымы – бөлімдерді, тармақтарды, тармақшаларды, кестелерді, графикалық материалдарды және қосымшаларды мазмұндау тәртібі;
5) талап - сақталуға тиісті өлшемдері болатын халықаралық стандарттардың және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының ережесі;
6) уәкілетті орган – техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Қазақстан Республикасы аумағында «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы, 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келетiн халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, шетел мемлекеттерiнiң ережелерi мен ұсынымдарын қолданылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.04.11 № 127(алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
3. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға жататын халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, шетел мемлекеттерiнiң ережелерi мен ұсынымдары Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы техникалық регламенттерде және олармен үйлестiрiлген стандарттарды белгiленген талаптарға қарама–қайшы болмауға, сондай-ақ сапа көрсеткiштерi бойынша мемлекеттiк стандарттардың көрсеткіштерінен төмен болмауы тиiс.
4. Халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштер, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі шетел мемлекеттерiнiң ережелерi мен ұсынымдары мемлекеттiк органдармен, олардың құзыретiне кіретін мәселелер бойынша келiсуге жатады.
5. Қазақстан Республикасы аумағында мыналар қолданыла алады:
1) мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар;
2) мемлекеттік техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері ретінде халықаралық және өңірлік техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері;
3) Қазақстан Республикасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда немесе нақты жеке немесе заңды тұлғаларға арналған есептік тіркеуде талаптарын енгізу арқылы халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар;
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары негізінде халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану үшін қажетті шарттар:
1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарға мүшелігі;
2) стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы екі жақты (көпжақты) келісім-шарттардың (келісімдердің) болуы қажетті шарттар болып табылады.
7. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасы мүшелігі болып табылмайтын халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын қолдану келісім-шарттарда және шарттарда көрсетілген стандарттарда сілтеме болған кезде жүзеге асырылады.
8. Шетел мемлекеттерінің ұйым стандарттарын қолдану көрсетілген стандарттарды қолдануға құқығы болатын олардың түпнұсқасын ұстаушы ұйымдарымен шарт (рұқсаттама) негізінде жүзеге асырылады.
9. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға қабылданған халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштер, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі шетел мемлекеттерiнiң ережелерi мен ұсынымдарын тiркеу нөмiрiн беру арқылы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнің тiзiлiмiне (бұдан әрi – Тiзiлiм) енгiзiледi.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.04.11 № 127(алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
10. Мемлекеттік стандарттар ретінде қабылданған және есептік тіркеуден өткен халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар туралы ақпарат, сондай-ақ хабарлама мәтіндері жыл сайынғы және ай сайынғы мемлекеттік стандарттардың ақпараттық көрсеткішінде жария етіледі (ҚР СТ АК).
Жария етілуге сондай-ақ хабарлама мәтіндері және есептік тіркеуден өткен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар туралы ақпарат жатады.
11. Мемлекеттік стандарттардың халықаралық және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына сәйкестік дәрежесі туралы ақпарат қалыптастырылатын электронды деректер қорына, мемлекеттік стандарттары бойынша каталогтар мен сілтемелерге кіреді.
12. Халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына бұрын енгізілген өзгертулер мен толықтырулар олардың ажыратылмайтын бөлігі ретінде ескеріледі және қолданылады.
13. Стандарттау жөніндегі халықаралық және шетелдік нормативтік құжаттардың есептік тіркеуден өтетіні туралы ресми ақпарат жарияланғаннан кейін, олардың қолданылуына мүдделі жеке және заңды тұлғалар өнімнің, процестің қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалау органдарымен келісуден өтудің қосымша процедурасынан өтпей құжат пайдаланушы қатарына кіргізіледі.
13-1. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын пайдаланушылар қатарына енгізу үшiн уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) шетел мемлекетiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжатының және пайдаланушылар қатарына енгізу рәсімінен өткен соң қайтарылатын оның мемлекеттiк және орыс тiлiндегi түпнұсқалық аудармасының көшiрмесi. Аударманы растауды шетел тілінің уәкiлеттi органы жүзеге асырады;
2) стандарттардың түпнұсқалары иесiмен жасалған келiсiм-шарттың, шетел мемлекетiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарының, түпнұсқа иесiнiң осы құжаттарға қабылданған барлық өзгерiстермен тұтынушыларды қамтамасыз етуi жөнiндегi мiндетi баяндалған техникалық шарттардың, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды үшiншi жаққа беруге құқығын растау немесе жоққа шығару көшiрмесi.
Уәкілетті орган халықаралық стандарттарды және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды пайдаланушылар қатарына енгізу үшін ұсынылған құжаттарды, оларды алған күннен бастап 10 жұмыс күні аралығында қарайды.
Уәкiлеттi орган пайдаланушылар қатарына енгізуден бас тарту туралы, бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде өтініш берушіні хабарландырады.
Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.04.11 № 127(алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.