Бап. Алдын ала ұлттық стандарттар

1. Алдын ала ұлттық стандарттар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.
2. Алдын ала ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.
3. Алдын ала ұлттық стандарттарда белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық және өңірлік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.
4. Алдын ала ұлттық стандарттар ұлттық және өңірлік стандарттарды қайталамауға тиіс.
5. Алдын ала ұлттық стандарттар сәйкестікті растау мақсаттары үшін қабылданады.
45. Техникалық регламенттердің мазмұны

Елімізде міндетті талаптар көптеген құжаттар түрінде белгіленіп келді (мысалы, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б.). Техникалық реттеудің мұндай жүйесі халықаралық практикаға сәйкес емес. Халықаралық тәжірибеде стандарттар ерікті құжат түрінде қарастырылады да, негізгі талаптар «техникалық регламент» деп аталатын бір құжатта шоғырланады. Стандарттар техникалық регламенттерде, оларға сілтемелер жасалғанда ғана міндетті түрде орындалуға тиісті, өйткені олар өнімнің, қызмет көрсетудің техникалық регламенттерде белгіленген нормалары мен талаптарына сәйкестігін дәлелдеу негізі ретінде қарастырылады.Техникалық регламенттің мысалы ретінде Еуропа Одағының заңнамаларын келтіруге болады. Еуропа Одағында стандарттар ерікті түрде болғанымен, қолданыстағы техникалық реттеу жүйесі олардың орындалмауына жол бермейді және Бұл жағдай өнімдер мен қызмет көрсетудің басым үлесін қамтиды. Мысалы, Еуропа Одағында техникалық реттеумен өнімнің 75 % -ы қамтылған.Өнімнің қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті Үкімет дайындаушылардың өздеріне жүктейді, яғни оларға үлкен сенім білдіреді. Еркін нарық жағдайында оның ережелері өте қатаң. Егер дайындаушы тұтынушының сенімін анықтамаса, онда ол нарыққа қайтып оралмауы мүмкін. Осы себепті дайындаушылар техникалық регламенттердің және оларға үйлестірілген стандарттардың талаптарын бұлтарыссыз орындайды.Техникалық реттеудің халықаралық жүйесінің құрамына техникалық нормаларды тағайындау, оларды бағалау және растау кіреді. Осындай техникалық ережелерге үйлестірудің қарапайым сызбасы дүние жүзінің көптеген елдерінде қолданылады.Техникалық реттеу объектілері - өнім, көрсетілетін қызмет, үдерістер (процестер). Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.Техникалық реттеудің басты элементтері:

· өнімге және өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау.

· өнімге, өнімнің өмірлікцикліне қатысты процестерге, қызмет көрсетуге ерікті негіздегі талаптарды белгілеу және қолдану.

· сәйкестікті бағалау шеңберінде құқықтық реттеу.

Бірінші элемент метрология ережелеріне техникалық регламенттерді қабылдау және қолдану арқылы, екінші элемент стандарттау арқылы, ал үшінші элемент сәйкестікті бағалау арқылы жүзеге асырылады. 1.Техникалық регламенттер туралы түсініктеме.Техникалық реттеудің басты мақсаты - техникалық регламенттерді қабылдау.Техникалық регламент - өнімдерге және олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт. Техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттары:

· адам өмірі мен денсаулығын, жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктерін, мемлекеттік және муниципалдың мүліктерді қорғау;

· қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау;

· өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

· саудадағы техникалық кедергілерді жою;

· отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

· табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу.

Техникалық регламенттердің мазмұнына қойылатын талаптарға мыналар кіруі керек:

· техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын өнімдердің, осы өнімдердің процестерінің толық қамтылған тізбесі;

· техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін өнімнің, процестердің сипаттамаларына қойылатын талаптар;

· техникалық реттеу объектілерін бірдейлендіру ережелері (өнім сапасының оның маңызды белгілерімен бірдейлігін анықтау);

· зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптар.

Техникалық регламенттердің екі түрі бар:

· жалпы техникалық регламенттер;

· арнайы техникалық регламенттер.

Жалпы техникалық регламенттердің талаптары кез қелген өнім түрі мен өмірлік цикл процестеріне міндетті түрде қолданылуы және сақталуы керек. Жалпы техникалық регламенттер мына мәселелер бойынша қабылданады:

· үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және оларға іргелес аумақтарды қауіпсіз пайдалану жөнінде;

· өрт қауіпсіздігіне байланысты;

· биологиялық қауіпсіздікке байланысты;

· электромагниттік үлесімділікке байланысты;

· ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қатысты ;

· өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздікке қатысты;

· экологиялық қауіпсіздікке байланысты;

· химиялық қауіпсіздікке байланысты;

· электр қауіпсіздігіне қатысты;

· ақпарат қауіпсіздігіне байланысты;

· уыттылық қауіпсіздігіне қатысты ;

· өлшемдердің бірлігі бойынша;

· тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты ;

· балалар тағамының қауіпсіздігіне қатысты;

· механикалық қауіпсіздікке қатысты.

Арнайы техникалық регламенттердің талаптары әрбір өнім түрінің технологиялық және басқа да ерекшеліктерін, олардың өмірлік циклінің ерекшеліктерін ескереді. Арнайы техникалық регламенттер зиян келтіру деңгейі жалпы техникалық регламенттерінде көрсетілген зиян деңгейінен ауырлау кейбір жекелеген өнім түрлеріне және өмірлік цикл процестеріне ғана белгіленеді.

Техникалық регламенттердің құрылымы.Техникалық регламенттерге мына мәселелерді қамтитын құрылымдың элементтерді енгізу ұсынылады:

· техникалық реттеу объектілерін;

· терминдерді;

· нарықта орналастырудың жалпы жағдайын;

· қауіпсіздік талаптарын;

· ерікті ауысып отыру мәселелерін;

· сәйкестікті растауды;

· сәйкестікті бағалауды;

· стандарттар тізбегін басқару;

· нарықта бақылау мен қадағалау;

· техникалық регламенттерді іске асыру жөніндегі жауапты органды белгілеу;

· өтпелі кезең.[