Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры.

1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.
Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар.Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова, Кеңес Одағының Батыры.
Әлия Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды. Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында екі баласы ұлы Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге беруге мәжбүр болды. 1935 жылы нағашысы Әубәкір Әскери-көлік Академиясына оқуға түсіп, отбасымен Москваға көшті, ал соғыстың алдында Академиямен бірге Ленинградқа көшті. Ленинградта Смоленский ауданында Слуцкий көшесінде 2-ші үйде тұрды. 1943 жылдың шілдесінде Әлия Сотүстік – Батыс майданына 54-ші атқыштар бригадасына аттанды. Бұндада алдағы қатарға жетуіне кедергі болған оның жасы және бойы. 4-ші батальонның снайпері болды. Көп уақыт тосып, немістерді аңдып отырып, оларды атты1944 жылдың қаңтарында Псков облысы Насва теміржол станциясынан немістерді шығару мақсаты қойылды. Фашистер қатты қарсыласты, артиллерия от жаудырды. Әлияның ростасының командиры қаза болды. Жауынгерлер сасып қалды. Сонда Әлия атып тұрып: «Отан үшін алға!», деп айқай салды. Оның соңында бүкіл рота көтеріліп шабуылға шықты. Әлияның қолына минаның сынығы тиді, бірақ ол автоматын тастамай бір неміс офицерін атты. Офицер жауап беріп, Әлияні екінші рет жарақаттады. Соңғы рет Әлия атып, немісті өлтірді. Казачиха деревнясының батысында, Смердель деген кішкентай өзеннің биік жағасында достары Әлияні жерледі.
1944 жылдың 14-ші қаңтарында қазақ халқының ер қызы, Ленинградтың ер қызы Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова отаны үшін, елі үшін батырлықпен шәйіт болды. Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 4-ші маусымында көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


67. 1946-1960ж..ж. Қазақстандағы қоғамдық саяси өмір »

Соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси өмір.Соғыстан кейінгі алғашқы бесжылдықтың мақсаты қираған шаруашылықты қалпына келтіру болды. Соған байланысты қызыл армия қатарынан адамдарды босатты. Өйткені соғыс барысында 27 млн адам қайтыс болған еді және Қазақстанға соғыс барысында көшіріліп келген завод- фабрикалар қайтадан бейбіт өңірге көшірілді. Бұл білікті мамандардыңда кетуіне ықпал етті. Міне осындай жағдайлар қираған шаруашылықты қалпына келтіруді кешеуілдетті.Соған қарамастан халықтың қажырлы еңбегінің арқасында, үкіметтің көп қаржы бөліуіне байланысты ел экономикасы аяғынан тұра бастады. 1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық қүрылыстарының қорытындылары шығарылды. Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді. Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО- да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді.Соғыстан кейін саяси куғын-сүргін де күшейді. Жалған айыппен сан мыңдаған адам еш кінәсіз, жазықсыз қудаланды. «Дәрігерлер ісі», «Ленинград ісі» сияқты жалған айыптау топтамалары да көбейді. Фашистердің тұтқынына түскен Қызыл Армияның көптеген офицерлері мен жауынгерлерінің тағдыры қиын болды. Саяси куғын-сүргінге алдымен олар ілікті.Қазақстан соғыс жылдарында күшпен жер аударылған басқа ұлттың көптеген адамдарына пана болды. Соғыстан кейінгі уақытта мәдениет, еліміздің рухани жағдайы қатал сталиндік идеологияның қыспағында болды. Тоталитарлық режим бұл саланы өз дегенімен басқарып отырды.Республикадағы 50 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір.XX ғасырдың 20 жылдарында салтанат құрған қатаң әміршіл-әкімшіл жүйе 40-50 жылдары да жалғаса түсті. Осы кезеңдегі саяси жүйеге мынадай теріс құбылыстар тән болды:

- адамның бас бостандығының тапталуы;

- адам құқықтарының бұрмалануы;

- еңбек адамдарының өндіріс құралдарынан аластатылуы.

Коммунистік партия жетекші күш болып табылды, оның басшылығында өзге де басқару буындары қызмет атқарды: кеңес мемлекеті, кәсіподақтар, комсомол, кооперативтер және басқа да қоғамдық ұйымдар.

Республикада И.В.Сталиннің жеке басына табыну үстемдік құрды. Барлық қол жеткен табыстар оның басқаруы арқасында болып отыр деп бағаланды, ірі кемшіліктер туралы айтылмады. Мұның барлығы да Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр салдарларға әкелді. Саяси жарлықтарды пайдалана отырып, жалаң ұрандармен заңдылықтар бұзылды, билік асыра пайдаланылды. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзін-өзі дамытуға қабілетсіз екендігін көрсетті.Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары Сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық моделіне жатқызылды. Майдан мен тылда соғыстың бүкіл ауыртпалығына төтеп берген халық соғыс алдындағы жағдайдан өзгеше санада болды. Халық әлеуметтік бағдарламалардың қажет екендігін түсіне бастады.Алайда, қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына көшуге орнығып қалған әлеуметтік-саяси құрылым кедергі жасады. Сондай-ақ ауыр соғыста жеңіп шығудың өзі басшылықтың қолданып отырған жүйесі сенімді деген пікір тудырды1953 жылы наурызда әміршіл-әкімшіл жүйенің идеологы, КСРО басшысы И.В. Сталин қайтыс болды.1953 жылы шілдеде Сталиннің оң қолы, құғын-сүргінді ұйымдастырушы, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Л.П. Берия барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық, адам құқығын аяққа таптаған үстемдік дәуірі аяқталды. Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады. Н.С. Хрущев кезінде де соны пікір айтқандар құғындала бастады. 1959 жылы болған КОКП-ның ХХІ съезінде Н. Хрущев социализмнің толық жеңгені, енді коммунизмге аяқбасқаны туралы өз баяндамасында айтады. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды.Сонымен қатар 1954ж халықты астықпен қамтамасыз ету мақсатында «тың және тыңайған жерді игеру» шешімі қабылданды. Қазақстанның алты облысында жүргізілді. 60- жылдардағы қоғамдық-саяси өмір.60 жылдардан бастап мемлекет Кеңестерді дамыту ісіне басты көңіл бөлді.Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді Елде қалыптасқан жағдайы түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шығұл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министралер Советінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, ал Кеңес Өкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия, совет және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформа дәйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады. КОКП-ның XXII съезінде Кеңестердің беделін арттыру туралы мәселе қаралды. Осы кездегі қоғамның саяси жүйесінде елімізде еңбек ететін барлық жүйеден өкілдер құрамына кіретін КСРО Жоғарғы Кеңесінің рөлі артты.1963 жылы Жоғарғы Кеңес депутаттарының саны 473 болды. Депутаттардың 158-і әйел болды.Ал Қазақ КСР-нің барлық депутаттар Кеңесінің құрамына 98906 депутат сайланды. Бірақ Жоғарғы Кеңес партия нұсқауы негізінде жұмыс істеді.Кәсіподақ қызметі де бұл кезде жаңдана түсті. 1966 жыл кәсіподақ құрамында 4млн-ға жуық адам болды. 1961 жылы ауылдық жерлердегі мәдениет үйлері кәсіподақтың билігіне көшті. Социалистік жарыстар ұйымдастыру, еңбекшілердің кұқықтары мен әлеуметтік жағдайларын реттеу кәсіподақтың міндеті болды. Осындай кең көлемдегі істерді атқару құзырында болған кәсіподақ барлық жағынан партияға бағынышты жағдайда болды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының 1946-1960 жж. аралығындағы дамуы.1948 ж., 27-28 сәуірінде, Алматы қаласында Қазақ КСР Қызыл Крест қоғамының 1-ші съезі болды.Қызыл Крест қоғамы Қазақстан жеріне алғаш келген кезде Кеңестік Ресейдің Қызыл Крест қоғамының бөлімшесі (филиалы) болып ашылған. Содан 1936 ж. дейін Қазақ КСР болып құрылғанға дейін Ресей Қызыл Крест қоғамының филиалы ретінде қазақ жеріне қыруар көп жұмыстар істеді. Халықтың денсаулығын қорғайтын көптеген медициналық мекемелер ашылуына себепкер болды. Атап айтқанда медико-санитарлық постарды ұйымдастыруда, санитарлық дружиналарды ашуда, халыққа санитарлық ағартушылық жұмыстар жүргізуде, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын түсіндіруде ж.т.б. көптеген жұмыстар ұйымдастырған. 1958 ж. Қазақстан Республикасында денсаулық саласының дамуында медициналық мекемелердің құрылысын салуға 670 млн. ақша бөлу жоспарланған болатын. Осы 1958-1960 жж. уақыт аралығында қалаларда, аудан орталықтарында, совхоздарда, колхоздарда, малшы отарларын ауруханалық, диспансерлік, амбулаториялық, емханалық, бала-бақшалық, сауықтыру орындарының жаңа ғимараттары салынды және жалпы жөндеуден өткізілді.