Азақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының 1946-1960 жж. аралығындағы дамуы.

1948 ж., 27-28 сәуірінде, Алматы қаласында Қазақ КСР Қызыл Крест қоғамының 1-ші съезі болды.Қызыл Крест қоғамы Қазақстан жеріне алғаш келген кезде Кеңестік Ресейдің Қызыл Крест қоғамының бөлімшесі (филиалы) болып ашылған. Содан 1936 ж. дейін Қазақ КСР болып құрылғанға дейін Ресей Қызыл Крест қоғамының филиалы ретінде қазақ жеріне қыруар көп жұмыстар істеді. Халықтың денсаулығын қорғайтын көптеген медициналық мекемелер ашылуына себепкер болды. Атап айтқанда медико-санитарлық постарды ұйымдастыруда, санитарлық дружиналарды ашуда, халыққа санитарлық ағартушылық жұмыстар жүргізуде, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын түсіндіруде ж.т.б. көптеген жұмыстар ұйымдастырған. 1958 ж. Қазақстан Республикасында денсаулық саласының дамуында медициналық мекемелердің құрылысын салуға 670 млн. ақша бөлу жоспарланған болатын. Осы 1958-1960 жж. уақыт аралығында қалаларда, аудан орталықтарында, совхоздарда, колхоздарда, малшы отарларын ауруханалық, диспансерлік, амбулаториялық, емханалық, бала-бақшалық, сауықтыру орындарының жаңа ғимараттары салынды және жалпы жөндеуден өткізілді.

 

70. «1970-1980ж.ж. Қазақстан »
Қоғамдық-саяси жүйе.
70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы теориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы Қазан теңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И. Брежнев мәлімдеді.1977 жылы 7 қазанда КСРО конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды.Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-нің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы конституциясы болды. Бұл конституцияда да демократияны шектеу, адам кұқығын елемеу т.с.с. қоғамға жат кұбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.1975 жылы ақын, қоғам қайраткері О. Сүлейменовтің «Азия» кітабы жарық көріп, оқырмандарға ұсынылды. Бұл кітапта орыстың әдеби жырындағы түркі сөздері туралы кең ғылыми деректер келтірілді.Келтірілген деректер шовинистерге ұнамады. Оларға бұл кітап орыс ұлтын кемсітушілік болып керінді. Сондықтан аталған шығарманың тиражын көбейтуге және оны сатуға тыйым салынды.1979 жылғы Целиноград оқиғасы.Дінмұхамед Қонаев Мәскеудің өктемдігіне қарсы тұрып, Н.Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға өтіп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайтарды. 60-жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы Жұмабек Тәшенов қайсарлығының арқасында теріскейдегі бес облыс Ресейге еніп кетуден аман қалды. Түрiкменстаннан Маңғыстауды, Өзбекстаннан елдің оңтүстiгін арашалап қалған кездер болды. Осы үшін ұлт қайраткерлері алдында мәңгілік қарыздармыз. Әйтсе де Тәуелсiз Қазақстан тарихында әлі де лайықты бағасын алмаған, жер тұтастығын сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосқан оқиғалардың бірі – 1979 жылдың маусымындағы Целиноград оқиғасы. Себебі Қазақстан жеріне Волга бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін, көптеген немістер қоныс аударған болатын. 1979жылы КОКП ОК-ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім шығарды. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия кұрылған КОКП ОК-ның хатшысы А. Коркин төрағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүлдесін аяққа таптаудың көрінісі болды. Оқиға барысы. 1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!», «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазуы бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. 1979 жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрылмайтынына жастарды сендірді.Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің (МҚК) бұл оқиға жайында ақпараттың таралмауына күш салғанымен, көп уақытқа дейін наразылық дүмпуі басылмады.1960-1970 жж денсаулық сақтау саласының дамуы. Елімізде өндіріс орындары көп және бірнеше түрлерге өсті. Атап айтқанда қара металлургия, химия өндірісі, электроэнергетика, машина жасау және метал өңдеу, көмір өндіру ж.б. түрлері жақсы даму алды. Өндіріс орындарының көбеюімен қатар ондағы жұмысшылар саны да көбейді, сонымен бірге оларға медициналық көмек көрсету мәселелері өсті және медициналық көмектің сапалы болуы талап етілді. Осыған сай дәрі-дәрмектермен, медициналық жиһаздармен және ондағы жұмыс істейтін дәрігерлер мен мейірбикелердің керектігі туындап, денсаулық сақтау министрлігінің алдына осы мәселелерді шешу міндеті жүктелді.Соның нәтижесінде 1970 ж. басында Республикамызда 47 медико-санитарлық бөлім болып, онда 5.000-нан астам төсек ұйымдастырылды.Дәрігерлік денсаулық сақтау пункттер саны 184, фельшерлік пункттер 1.122 жетті.Туберкулез ауруы әлеуметтік жағдайдың нашарлығынан пайда болатындығын есептейтін болсақ ауруға шалдыққан адамның жұмысқа жарымсыз болып қалуы арқылы отбасына да және мемлекетімізге де экономика жағынан зиян келтіреді. Сондықтан осы уақытта туберкулез ауруын бодырмау үшін халықтың өмір сүру деңгейін әлеуметтік жағынан жақсарту мемлекетіміздің алдында тұрған ең басты мәселенің бірі болды.Қазақ онкология және радиология ғылыми қоғамын алғаш ұйымдастыруды қолға алған Қазақ КСР ҒА академигі, профессор С.Б. Балмұхановтың осы саланың дамуына ерен еңбегін сіңірді.