Азақстан түбегейлі бетбұрыстар кезінде

1980 жылдардың ортасына қарай Коммунистік ұлыдержавашыл аппараттың кеңес қоғамын дағдарыстан алып шығуға қабілетсіз екендігі белгілі болды. 1985 жылы наурызда КОКП-ның басшылығына М.С.Горбачев бастаған жаңашыл топ келді. 1985 жылдың сәуір пленумында әлеуметтік-экономикалық дамудың жеделдету бағыты қабылданды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП-ның ХХYII съезі жаңа саясат жүргізудің негіздерін айқындап берді. Қысқа мерзім ішінде экономикада тежеуші факторларды жою, ҒТП-ны жеделдету, адамдардың тұрмыс деңгейін көтеру, саяси даму саласында демократиялық ұстанымдарды енгізу, сайлау жүйесін өзгерту, халықтың саяси белсенділігін арттыру, партия мүшелерінің моральдық келбеті мәселелері де айтылды.

Қайта құру мен қоғамды демократияландыру үдерісіндегі қадам 1987 жылы жасалды. М.Горбачев кеңес қоғамы дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасады. Сталинизмнің жан түршігерлік қылмысты әрекеттері жайында ашық айтылды. Алайда КОКП басшылығы қайта құруды баянды ете алмады, көптеген жолсыздықтар мен заңсыздықтарға жол берді. 1986 жылдың желтоқсанына дейінгі бір жыл сегіз ай ішінде республикада қоғамдық-саяси даму бағыттарын қозғаған реформалар болған жоқ. Бұл жағдай Қазақстандағы басшылықты ескі тәсілмен – бір күнде ауыстыра салу әрекетіне итермеледі.40 жылдан астам Қазақстан үкіметінің, республика партия ұйымының басшылығында болған дарынды қайраткер Д.А.Қонаев (1912-1993ж.ж.) КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшелігіне дейін көтерілді. Д.Қонаев тұсындағы қол жеткен жетістіктер: табиғи байлықтарды игеру кең ауқымда жүргізілді, ауыр өнеркəсіп өсу үстінде болды, ұлт зиялы қауымы жаңа сапалық деңгейге көтерілді.

1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V пленумында ұйымдастыру мəселесі қаралды. КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаевтың орнына Г.В.Колбин тағайындалды (1986-1989).

Г.В.Колбин Грузияда республикалық партия ұйымының екінші хатшысы, Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған. Орталық баспасөз “ұлтаралық қатынастар мəселелерін жақсы білетін маман” деп жазып жатты.

Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір арасындағы күрделі қайшылық нəтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына əкеп тіреді. Қоғамдық-әлеуметтік, мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер, ұлт мәселесінің шиеленісуі жастарды ашық қимылға еріксіз алып келді. Басшылықтың ауыстырылуы жаппай наразылықтың шығуына түрткі болды.

1986 жылғы 17 желтоқсанда Алматыда Брежнев атындағы алаңда жаппай толқу басталды. Жиналғандар орталықтың кадр саясатын жүргізудегі өктемдігіне наразылық білдірді. Лениндік ұлт саясатының дұрыс жүргізілуін, республиканың егемендігін сыйлауды, жергілікті халық арасынан саяси қайраткерлердің шығуына кедергі келтірмеуді, ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз етуді талап етті.

72. 1997 жылы қазан – Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан –2030» жолдауы жарияланды.

Бұл жолдоуда Қазақстанның жеті басым түсі мен сегіз артықшылықтарымен бірге Қазақстанның мүмкіндіктерімен дамуына кері ықпал ететін факторларда аталып көрсетілген. Жеті басымдылық олар:

1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту

3. Қазақстан Республикасы халықтарының әл – ауқатын арттыру

4. Энергетика ресурстарын жете пайдалану

5. Инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту

6. Кәсіпқой демократиялық мемлекет құру

Қазақстанның артықшылықтарына тоқталар болсақ. Олар: Қазақстанның егемендігі

қаланды, орасан зор ауыл шаруашылық жерлері, халықтың кең пейілділігі мен төзімшілдігі т.б. Қазақстанның керемет мүмкіндігі ол төрт жолдың торабында орналасуы екендігін атап өтті. Ал дамуына кері ықпал ететін мына жағдайлар деп атады. Олар: Заңдардың тұрлаусыздығы, халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі, жұмыссыздық т.б атадыҚазақстандықтар 2030-да.33 жыл өткеннен кейінгі қазақстандықтар бейнесі:

Жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты азаматтар.

Бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары.

Жоғары ақы төленетін, жақсы оқытып үйретілген, Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүддесінен биік ұстайтына сенімді азаматтар.

 

74.Алматы медициналық колледжi

Бұл оқу орны Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң №141 бұйрығының негiзiнде 1981 жылдың 12-наурызында құрылған. Училище ең алғаш фельдшерлiк, акушерлiк, мейiрбике iсi бөлiмдерi бойынша күндiзгi және кешкi оқыту түрiнде бiлiм бердi. 1987, 1989 жылдары Алматы қалалық медицина училищесi Кеңестер Одағындағы 720 медициналық училище, 80 жоғары оқу орны және 20 дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттары арасында бiлiм сапасы жағынан екiншi, үшiншi орындарды иемдендi.Алматы қалалық медицина училищесiнiң тұңғыш директоры әрi алғашқы ұйымдастырушысы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қызметкерi, Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi Қалқаман Аяпұлы.1992 жылы Алматы медициналық училищесi Қалқаман Аяпұлының ықпалымен республика бойынша алғаш болып колледж мәртебесiне ие болды. Колледж iргетасын қалаған 30 жыл iшiнде 4 мыңнан астам мамандар даярлап шықты. 2006–2008 жылдары колледжге медицина ғылымдарының кандидаты Сұлтан Тұрарұлы Сейдуманов басшылық жасады. Бұл кезеңде колледжде оқыту жүйесi жетiлдiрiлдi. Күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, колледж ғимараты тарихи ескерткiштер қатарында мемлекеттiк қорғауға алынды.Ал 2008 жылдан берi колледждi жас та болса бас бола бiлген, медицина ғылымдарының докторы Дамир Дәулетбаев басқарып келедi. Бүгiнде Алматы медицина колледжi – «Мейiрбике iсi», «Емдеу iсi» және «Акушерлiк iс» мамандықтары бойынша күндiзгi және кешкi бөлiмдер бойынша дәрiс бередi.Колледжде болашақ мамандарға 66 оқытушы дәрiс берсе , оның 2-еуi ғылым докторы, 22-сi жоғары санатты, ал 9-ы бiрiншi санатты оқытушылар. Оқу орнында, сондай-ақ, 8 цикл бойынша әдiстемелiк комиссия жұмыс iстейдi. Әлемдiк Интернет жүйесiне қосылған, Оқу-ақпараттық орталығы, электронды оқу залымен қамтамасыз етiлген кiтапханасы бар.Бiлiм беру iсiнде мейiрбике iсiнiң жаңа технологияларына айрықша мән бередi.Алматы медициналық колледжi орналасқан ғимарат он тоғызыншы ғасырдың 1887 жылғы сәулет-құрылыс өнерiнiң жәдiгерi болып табылады. Ғимарат сәулетшi кiшi Павел Васильевич Гурденiң жобасымен салынған.