ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ ƏДІСТЕРІ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Көп дәрілік заттардың латын атаулары - –um-ға аяқталаын n тектік түріндегі екінші жіктеудің зат есімдері: Ampicillinum. Бұл зат есімдер ілік септігінде –i-ге аяқталады: Ampicillini. Екпін бұл терминдерде соңғы буынның алдындағы буынға түседі және қазақ тіліне um жалғауынсыз аударылады - ампициллин..

2. n тектік түріндегі екінші жіктеудің зат есімдерінің біразы –ium жалғауына аяқталады. Олар –ий, -форм жалғауымен сай келеді: натрий – Natrium, хлороформ – Chloroformium. Мұндай зат есім ілік септігінде –ii-ға аяқталады: Chloroformii (бірінші і- түбірдің соңғы дауыстысы). Екпін соңынан санағанда үшінші буынға түседі.

3. -а -ға аяқталатын шет елдік препараттар I жіктеу бойынша жіктеледі: Levodopa, Methyldopa Қазақ тілінде -за-ға аяқталатын дәрілік заттар атаулары латын тіліне n тектік түрінде аударылады: глюкоза – Glucosum, лидаза – Lydasum (бірақ: Asperasa, Gelatosa өзгермей қалады).

4. Дәрілік заттардың тауарлық атаулары қандай түрде патенттелген болса, солай жазылуы керек. Бірақ рецепт жазғанда ілік септігіндегі –і жалғауы арқылы жазылады: Magurol – Maguroli, Taktivine – Taktivini.

5. Дәрілік заттарды жазғанда бірінші орында дәрілік зат формасы жазылады: solutĭo, unguentum, tinctūra...

6. Екінші орында ілік септігіндегі дәрі атауы бас әріппен жазылады: Solutĭo Lidocaīni – лидокаин ерітіндісі, Unguentum Tetracyclīni – тетрациклин

7. Фармацевтикалық термин құрамындағы сын есімдер терминнің соңында жазылады: Solutĭo Hexoestrōli oleōsa – майлы гексэстрол ерітіндісі (бірақ, мынадай дәрілік зат формаларынан кейін - membranulae – шілтер (плёнка), mixtura - микстура, suppositorium –балауыз, сын есімдер дәрілік зат формасының атынан кейін жазылады, мысалы: Suppositorium rectale “Anusolum”).

8. Тұнбалардың, тұндырмалардың, экстрактылардың, қайнатпалардың атауларында дәрілік зат формасы мен өсімдік атының ортасында ілік септігіндегі өсімдік бөлшектерінің атаулары жазылады (жапырақ, тамыр, шөп және с.с.) Infūsum foliōrum Digitālis – оймақгүл жапырақтарының тұнбасы.

9. Күрделі құрамдағы дәрілік заттардың компоненттерін тізбектеп жазып жатпау үшін оларға коммерциялық ат беріледі. Алдымен дәрілік зат формасы, соңынан тырнақшаның ішінде атау септігінде коммерциялық аты жазылады: Suppositorĭa «Anaesthesōlum» - балауыз «Анестезол». Көп кездесетін құрам (жиілік кесінділер) – белгілі бір мағынасы мен жазылуы бар фармацевтикалық терминнің құрылымдық компоненті. Фармацевтикалық терминдердің құрамындағы бұл құрамдар орфографиялық дұрыс жазуға және көп терминдерің мағынасын түсінуге себеп болады.

 

Фармацевтикалық терминология - фармацияда қолданылатын терминология (грек тілінен ”pharmacon“ – «дәрі»). Балау, алдын алу, емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттарды дайындауға, стандарттауға, зерттеуге, сақтауға, жіберуге арналған ғылым саласы. Көп ғасырлар бойы дәрілік заттар атауларында латын тілі қолданылады. Фарматевтикалық терминологияда қамтылған терминосистема фармацевтикалық терминология мен рецептураны игеру үшін грамматикалық бөлімдер мен дағдылар қажет. Сонымен қатар рецептурамен байланысты кейбір қосымша грамматикалық тақырыптарды білу керек. Фармацевтикалық терминология дәрі-дәрмектің жасалуы және колданылуы- медицина терминологиясының негізгі бір саласы болып есептелінеді. Фармацевтикалық деген сөз гректің “pharmacon” (дәрі) сөзінен шыққан. Ал фармакология дегеніміз - бұл дәрі-дәрмектердің ағзадағы әсерін тигізу жөніндегі ғылым. Фармация – бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған дәрі-дәрмектердің өндірісі мен қолданылуы.

Латын тілі – Бүгінгі таңда белгілі анатомиялық атаулар құрайды. Қазіргі Халықаралық анатомиялық атаулар (Nomina anatomica) 1955 жылы анатомдардың Халықаралық конгресінде қабылданды. Бүгінгі күнге дейін ол бір неше рет толықтырылып,әзгерістер еңгізілді. Алғашқы Советтік басылымның кіріспе сөзінде бұлхалықаралық деңгейде қабылданған ғылым тарихындағы латын тілінде бірінші анатомиялық терминдер екені атап көрсетілген. Бұл – латын тілі ғылымның әр түрлі саласының тілі екенінің айғағы. Латын тіліндегі анатомиялық атауларды дұрыс және сауатты қолдану үшін, латын тілі пәнін мұқият оқып, терминдерді дұрыс айта білуге үйрену, олардың грамматикалық формасы мен мағынасын жете түсініп, сөздіктің көмегімен және өз бетіментерминдерді латын тілінде жасай білуі керек. Ветеринариялық пәндерді оқыту барысында қолданылатын терминдерді меңгеру мақсатында латын тілі оқытылады. Осы себепті ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.