Тапсырма: мысал ретінде үйдің фасадын салу (схематикалық түрде), сипттын беру.

Бақылау сұрақтары:

1 Жабын дегеніміз не?

2 Жабын мен жамылғы айырмашылығы неде?

3 Т/б конструкцияларында жабын жоспарында нелер көрсетеді?

4 ТБК дегеніміз не?

5 Жабын және жамылғы жоспарында нелерді көрсетеді?

 

Практикалы сабақ (1 сағат)

Тақырып:Азаматтық ғимараттың жабындары және едендері. Олардың конструктивтік шешімдері.

Мақсаты: Шатыр түрлерімен танысып, шатырдан суды ағызуды қалай орындауды білу. Қазіргі кездегі шатырдың конструктивті шешімдерімен танысу.

 

Шатыр жоспары ішкі суағары бар ғимараттар жоспардағы ғимарат пішіні күрделілігіне қарамастан міндетті түрде.

Сыртқы суағарлары бар ғимараттарда шатыр жоспары жоспардағы ғимараттың күрделі конфигурациясы кезінде, сонымен қатар шатырда құрылыс, желдеткіш құрылғылар және т.б. құрылғылар болған жағдайда беріледі.

Шатыр жоспарында көрсетіледі:

- координатты өстер арақашықтығы, деформациялық тігістердегі өстері, жоспардағы түсу орындарында және биіктік түсуінде, суағар воронкаларда;

- түрлі конструкциялы және шатыр материалды бөліктердегі өлшемдер;

- парапетті плиталар, шатырдың металл қоршау элементтерінде және өрт баспалдарқтары маркалары;

- шатырдың бұрыш еңкеюі және бағыты көрсетілген сұлбалық профилі.

Едендерді жабындылар (перекрытие) немесе грунт бойынша салынады. Еденнің үстінгі қабаты эксплуатационды әрекеттерге тап болады, оларды таза едендеп айтады (немесе жамылғылар/покрытие).

Енендің материалың арнайы дайындалған беткейге салынады. Дайындалан қабаттын және таза еденнің арасында тағы бір қабат болуы мүмкін - екі араны қосытын қабат.

Стяжка (тұтастырғыш) – беткейлердің тегістеу жұмыстары, және керек кезде еністі беруге болады. Ол үшін бетон, цементті-құмды ерітінді, асфальт, гипсобетонды және тағы басқа мтериалдарды қолданады.

Дымқыл бөлмелерде едендер суға төзімді және су өткізбейтің, ал өтқа қауіпті бөлмелерде –жанбайтын болу керек.

Паркетті едендерүлкенемес тікбұрышты тақтайшалардан жасалады. Оларды бетонды немесе ағашты негізі бойынша салады.

Гипсті цементті панелдерден жасылнған едендер.

а —көп құысты панелдер бойынша, б —тұтас жалпақ плиталар бойынша, в —ағашты каркастын панелдің конструкциясы, г — қабырғаға немесе перегородкаға тақаған панелдер, 1 — еденнің жабылуы. 2 — гипсті цементті бетонды панель, 3 — дыбысизоляционды прокладка, 4 — көпқұысты настил, 5 — тұтас жалпақ плита, 6 - байландырғыш каркас, 7 — жұмыс арматура, 8 — бөлуші арматура, 9 - раскостер, 10 — монтажды ілгектер, 11 — толь.

Қосымша:

Баспалдақтар марштар және алаңдардан тұрады. Марш олардың косоурын (баспалдақ астында орналасқан) ұстап тұратын баспалдақтан немесе тетив (баспалдақтың жанына бекітілген) конструкциялардан тұрады.

Баспалдақ алаңы қабатты (қабат деңгейінде) және қабат аралық (аралық) болады.

Қауіпсіздік және жүру ыңғайлылығы үшін баспалдақ марштарын және алаңдарын 0,9 м қоршаумен жабдықтайды.

Баспалдақтағы тік шетін басқыш асты дейді, ал көлденең – басқыш арасы деп атайды. Баспалдақ маршының барлық басқыштары фризерлік деп аталатын жоғарғы және төменгіден басқа барлығы бірдей пішінді болу қажет.

Тағайындалуы бойынша баспалдақтарды негізгі немесе басты, тұрақты қолдануға және эвакуациялауға қызмет ететін деп, қосымша – қабат аралық және апаттық (сыртқы эвакуациялау баспалдақтары, өрт) қолдануға арналған қызметтік деп бөледі.

Марш саны бойынша бір қабат биіктігі шегінде баспалдақтарды бір, екі, үш және төртмаршты деп бөледі. Ғимарат қатарында баспалдақпен аздаған адамдар ғана қолданған жағдайда ( мысалы екі деңгейлі пәтерлерде) винттік баспалдақтарды қолданады.

Баспалдақ марш бұрышын ҚНжЕ бойынша (тағайындалуы және ғимарат қабаттылығына байланысты) негізгі баспалдақ үшін 1:2—1:1,75, ал қосымша – 1 : 1,25 етиіп қабылдайды. Марштағы басқыш саны 18 көп емес, 3 кем емес етіп тағайындалады. Алаң және марш арасындағы өту биіктігі2 м кем болмау қажет. Баспалдақ марш енін берілген уақытта адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз етуді ескере отырып тағайындайды. Сонымен қатар екі қабатты үйде негізгі баспалдақтар маршының кішірек ені 900мм болу қажет, ал қабат саны 3және одан көп болатын үйлерде – 1050 мм. Марш арасында өрт шлангтарын өткізу үшін 100м (жоспарда) саңылау қамтамасыз етілуі тиіс.

Алаң ені марш енінен кем болмау қажет (бірдей өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ету шарты бойынша), сонымен қоса негізгі баспалдақ алаңы 1200 мм кем емес.

 

Екі маршты баспалдақ: 1-цокольдік марш;2-қабат алаңдары; 3-қоршау; 4-баспалдақ маршы; 5-қабатаралық алаң; 6-кіру көзі; 7-кіру алаңы.

Мысал.Тұрғын үйдің екі маршты баспалдақ өлшемін анықтау, егер оның қабат биіктігі 3,3 м, марш ені 1,05 м, баспалдақ еңкеюі 1:2 болса.

Басқыш өлшемін қабылдаймыз 150 х 300 мм.

Баспалдақ тор ені

В = 2l + 100 = 2 • 1050 + 100 = 2200 мм.

Бір марш биіктігі

Н/2 = 3300/2 = 1650 мм.

Бір марштағы басқыш асты саны

п= 1650/150= 11.

Бір маршта басқыш арасы басқыш астына бір санға кем болады, себебі жоғарғы басқыш арасы баспалдақ алаңында жатқандықтан:

п-1 = 11-1 = 10.

Орналастыру деп аталатын марштың көлденең проекция ұзындығы тең болады

а = 300(n- 1) = 300 • 10 = 3000 мм.

Аралық алаң енін қабылдаймыз с1 = 1300 мм, қабатьық с2 = 1300 мм, сонда аламыз, баспалдақ торының толық ұзындығы құрайды

А = а + с1 + с2 = 3000 + 1300 + 1300 = 5600 мм.

 

Баспалдақты бөлу сұлбасы: а – қимада; б - жоспарда

10.2 суретте келесі түрде орындалатын баспалдақтың графикалық тұрғызуы берілген. Қабат биіктігін қабаттағы басқыш асты санына тең етіп бөліктерге бөледі және алынған нүкте арқылы көлденең түзу жүргізеді. Содан кейін көлденең проекцияны (марш орналасуы) біреуінсіз басқыш арасы санына бөледі және алынға нүктелер арқылы тік сызық жүргізеді. Алынған тор бойынша баспалдақ профилін сызады.

Бақылау сұрақтары:

1 Шатыр дегеніміз не?

2 Шатыр жоспары деген не?

3 Баспалдақ маршы деп нені атайды?

4 Басқыш арасы деген не?

5 Баспалдақ торлары негізгі қандай конструкциялардан тұрады?

 

Практикалы сабақ (2 сағат)

Тақырып:Қоршау конструкцияларына жылутехникалық есептеулер.

Мақсаты: Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есептеуді, қоршау конструкцияларының ылғалдық кезеңін есептеуді үйрену.

 

1. Қолданылатын материалдар түріне байланысты қабырғалар тас (жасанды және табиғи тастардан), ағаш, топырақты және синтетикалық материалдардан болуы мүмкін.

Жұмыс сипатына байланысты қабырғалар көтергіш, өздігінен көтергіш болады. Көтергіш қабырғалар қоршау ретінде ғана болмайтын; сонымен қатар оларға жабын немесе жамылғы конструкциялары тіреледі. Конструктивті сұлба кезінде өздігінен көтеруші қабырғалармен тік жүктемені жабыннан тірек немесе ұстындар қабылдайды. Бұл жағдайда каркас конструкцияларына (балка және ұстындар) беретін көлденең жел жүктемелерді қабылдайды. Мұндай қабырғалар тек жоғары орналасқан қабырғалардан жүктемелерді қабылдайды. Каркас ғимараттарға сипатты тек қоршаушы функцияларды атқаратын көтерілмелі қабырғаларды қолдану.

Конструкциялары және тас қабырғаларды тұрғызу әдісі бойынша төрт топқа бөледі: ұсақданалы элементтер (ұсақ тастар); ірі тастардан (блоктар); монолитті және ірі панельді.

 

2. Қоршаушы құралымдардың (қабырғалар ) жылутехникалық есептеуін ҚНжЕсiнiң II-3-79** «Құрылыстық жылу техникасы» әдiстемесi бойынша жүргізеді. Ғимараттың сыртқы және iшкi әрлеуiн құрылыс материалдарын дербес таңдау жолымен толық сипаттайды.

Жылу техникалық есептеуге мысал

Бастапқы деректер:

Құрылыс ауданы - Курск.

Ылғалдылық аймағы –қалыпты

Есептiк қысқы температура, өте суық бес күндiктiктiң температурасына тең: t н = -26 оС.

Iшкi ауаның есептiк температурасы: t в = 18 оС.

Ауаның салыстырмалы ылғалдығы: 60%.

Бөлмелердiң ылғалдық режимі - қалыпты.

Қалыпты ылғалдылық аймағындағы пайдалануды деңгейі: Б

Iшкi қабырғалар үшiн aв = 8,7 Вт/м2·˚С

Қысқы жағдайлардағы сыртқы қабырға үшін жылу беру коэффициенті aн = 23 Вт/м2·˚С

Сыртқы қоршаушы құрылымдардың сыртқы беті жағдайына байланысты сыртқы ауаға қатынасы коэффициент: П = 1.

Iшкi ауаның температурасы мен қоршаушы құрылымдардың iшкi беті температурасының аралығында нормативтiк температуралық құламасы Δtн = 6 оС.

Қабырға қабаттардан тұрады:

1. Цементтік-құмды сылақ:

r = 1800 кг/м3; l = 0,93; S =11,091.

2. Біртұтас силикат кірпіш:

r = 1800 кг/м3; l = 0,81; S = 10,92

 

 

3. Цементтік-құмды сылақ:

r = 1800 кг/м3 l = 0,93 S =11,091.

d1
d2
d3
Формула бойынша жылу беруге тиiстi кедергiнi

анықтаймыз:

 

Кірпіштен қаланған қабат қалыңдығын анықтаймыз

Кірпіштен қаланған қабат қалыңдығын d=0,64 мтең етіп қабылдаймыз

Формула бойынша тексереміз:

Д = R1S1 + R2S2 + … + RnSn , где Rn = dn/ln

; ;

Д = 0,0161×11,091 +0,79×10,92 +0,0215×11,091 = 9,04

Шатты қанағаттандырады Д>7.

Осыдан қабырға қалыңдығы болады:

d = d1+d2+d3 = 0,015+0,64+0,02 = 0,675 м

Кiрпiшті қалау қалыңдығын бiржолата 640 мм тең етіп қабылдаймыз.

3 Қоршау конструкцияларының ылғалдық кезеңін

Ылғалданған материалдардың жылу өткізгіштігі жоғары, ал конструкциялардың жылу беру кедергісі төмен болғандықтан қоршау конструкцияларының ылғалдық кезеңі жылуқоршау қабілетіне әсер етеді. Ылғалданған материалға конструкциялардың шыдамдылығы байланысты. Ылғалданған конструкция аяздан,коррозиядан және т.б. тез қирайды. 1 м3 ауада болатын ылғал мөлшері граммен абсолютті ылғалдылық деп аталады.

Ауаның ылғалмен қанығу дәрежесінен оның қатынасты ылғалдылығы φ анықталады.

Қатынасты ылғалдығы – φ – су буының парционды қысымы – е ауалық ортада парционды қысымның максималды шекті мәнінде қарастырылатын, осы орта температурасына сәйкес келетін, % көрсетілген:

Е

φ =___100%

Е

φ – есептеу үшін жылуберу кедергісін, қабырғаның қоршаушы конструкцияларын анықтайды - Ro, содан кейін қабырғаның ішкі бет температурасын - τв табады:

tв - tн

τв = tв – ______ Rв

Ro

мұнда Rв = 0,133 грд. м2 ч/ккал (0,1/4 Со/ Вт)

Ro және τв анықтағаннан кейін және ҚНжЕ кестесінен е - τв және Е - tв жазып, ақырғы рет – φ анықтайды.

Бөлменің ылғалдық режимі болуы мүмкін:

· құрғақ φ< 50%;

· қалыпты φ= 50÷60%;

· ылғал φ= 61÷75%;

· сулы φ>75%;

Бақылау сұрақтары:

1. Қабырға ғимараттың қандай конструктивті элементі?

2. Қабырғаларға қандай талаптар қойылады?

3. Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есепте қалай жүргізіледі?

4. Қоршау конструкцияларының ылғалдық кезеңі деген не?

5. Қоршау конструкцияларының ылғалдық режимін есептеуді қалай жүргіземіз?

 

Практикалы сабақ (2 сағат)

Тақырып:Есіктер және оларды орналастыру. Түрлері және оларға қойылатын талаптар.

Мақсаты: Есік түрлерімен және оларға қойылатын талаптарды оқып, олармен танысу.

Бір бірінен өткізу үшін бөлмелерге және ғимаратқа кіру үшін есіктер қызмет етеді. Олардың орналасуы, саны және өлшемдерін бөлмелердегі адам санын, ғимарат түрін және басқада факторларды ескере отырып анықтайды. Есіктер қабырғаның есік проемдарына бекітілген жәшіктерден немесе есік жәшігіне ілінетін қоршаудан және матадан тұрады.

Мата санына байланысты есіктер бір және екеулі және бір жарымдық (екі маталы ені бірдей емес) болуы мүмкін. Жағдай бойынша ғимарат есіктері ішкі, сыртқы және шкафты болуы мүмкін. Бір жақты есіктерді негізінен 600, 700, 800, 900 және 1100 мм, екіжақты есіктерді 1200, 1400 және 1800мм қабылдайды. Есік биіктігі 2000 және 3000мм. Эвакуациалық болып табылмайтын (жертөле, шкафты және т.б.) қызметкерлерге және басқа арнайы бөлмелерге арналған есіктер биіктігі 1200 және 1800 мм болуы мүмкін. Есік қораптары ені мата қалыңдығына сәйкес келуі тиіс 15 мм тереңдікті ширектерден тұрады.

 

 

Есік конструкциялар: а-тас қабырға ойықтарындағы қорап, б-сол сияқты, қоршау ойықтарында, в- қалқанды есік матасы, г-сол сияқты, филенкалы, д-рамкалы

қалқанды мата бөлшектері, е-сол сияқты, рамкасыз; ж,з-тақтайлы филенка; и-тақтайлы орналасу ерекшелігімен; к-балқытылған; л-бұсталық буатты; м-сол сияқты, планкалы; 1-маңдайша; 2- тумбочка; 3-столярлық плита; 4-беттік фанера; 5-рамка; 6-маңдайша; 7-қорап; 8- желімдегі нагель; 9-филенка; 10-орналасу; 11- өаспақ; 12-буат; 13-планка.

Кей жағдайда есік үстіне фрамугалар орнатады (екінші жарықтану үшін). Мұндай жағдайда есік қорабынна қосымша көлденең орташа орнатады. Ішкі есіктер үшін төменгі брус байламдарын жасамайды. Есік қораптары тас қабырға ойықтарына арнайы орнатылған ағаш тығынды ойықтар конструкцияларына шегемен немесе таутандармен бекітіледі. Қорап антисептиктермен тазартылған және төлмен қапталған болу қажет. Қоршауларда қорап пен конструкция арасындағы саңылауды маңдайшамен жабады.

Конструктивті шешім бойынша есік маталары қалқан немес филенкалы болуы мүмкін. Қалқанды есік маталары брустармен байланған рамкадан, бір текті немес торлы қалқаннан (каркас) және екі жағынан фанермен қапталған, ағашталшықты плиталар немесе пластикадан тұрады. Филенкалы есік маталары мата периметрі бойынша орналасқан байламдардан, орташадан (элемент аралығы) және филенка деп аталатын аралары толтырылған. Филенканы тақтадан, фанерадан, ағашталшықты плиталардан, пластикадан дайындайды. Сыртқы қабырғалар минералды мақтамен немесе басқада жылуизоляциялық матеиалдармен жылыланған болы керек.

Уақытша ғимараттарда буаттық және планкалы ұсталық есіктерді орнатады.

Негізгі есік құралы болып металл ілгектер, есік тұтқасы, ойылған құлыптар және жапқыштар табылады.

Өндірістік ғимараттарда қалың құрыштырылған шыныдан (10...15 мм) жасалған есіктерді қолдану байламсыз тиімді, бірақ эвакуациялау талаптарына міндетті түрде сәйкес келу қажет. Айналы есіктерді қолдануға тыйым салынады. Шыны есіктерді болтпен бекітілген арнайы тесікке өтетін табан тіреулерде орнатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Есіктің негізгі түрлері. Қабырғаларға есіктерді орнату ерекшелігі.

2. Қалқанды және филенкалы есік конструкциялары.

3. Негізгі есік құралын сипаттау.

4. Есік қораптары ені ненін қалыңдығына сәйкес келуі тиіс?

 

Практикалы сабақ (2 сағат)

Тақырып:Терезелер түрлері және оларға қойылатын талаптар. Бөлменің жарықтануын есептеу.

Мақсаты: Терезе конструкцияларыментанысып,бөлменің жарықтануын есептеуді үйрену.

 

Жарықтану табиғи, жасанды және біріктірілген болады.

Табиғи жарықтану – күн көзі. Жасанды жарықтану көзі – электрлік лампалардан түсетін жарық.

Тәжірибеде бөлменің табиғи жарықтану сипаты ретінде қатынасты мәнді – табиғи жарықтану коэффициенті (т.ж.к.) қолданады, %:

Е=(Евн)100,

мұнда Ев – бөлме ішіндегі бет жарықтануы;

Ен – сыртқы ашық бет жарықтануы.

Табиғи жарықтандыруды қажетті дәрежемен қамтамасыздандыру үшін шарт сақталады

е≥ентр

мұнда ентр – жарықтану климатына тәуелді табиғи жарықтанудың қалыпты қажетті коэффициенті және т.б.

ентр = е · м · с

мұнда е – т.ж.к. мәні, % (ҚНжЕ);

м – ғимарат орналасқан районға байланысты жарықтану климат коэффициенті, кесте.

С – кесте бойынша анықталған климаттың күнді коэффициенті.