Технологиялық үрдістің мазмұны

 

Эхинацея экстракты қосылған суппозиторийлер өндірісі келесі технологиялық сатылардан тұрады: көмекші жұмыстар, препаратты алу, қаттау, таңбалау және орамдау.

КЖ 1. Көмекші жұмыстар.

КЖ 1.1 Бөлмені, қондырғылардыдайындау

КЖ 1.2 Персоналды дайындау

КЖ 1.3Шикізатты дайындау. Техникалық таразыда (1) жалбыз шикізаттарын, тазартылған суды, бентонит сазын өлшеп, шикізатты елейміз.

ТП1. Шикізатты ұсақтау, оның классификациясы, қондырғыға салу

ТП.1 І катергориядағы шикізаттарды салу

ТП 1.2 ІІ катергориядағы шикізаттарды салу

ТП1.3 ІІІ катергориядағы шикізаттарды салу

ТП 2. Жалбыз майын айдау

ТП2.1 Су буымен айдау Айдауды периодтық әсердегі конструкциясы үш қабатты саңылаулар диаметрі мен орналасу реті бойынша ерекшеленетін кассеталар салынған жалған түбі бар кубтан, конденсатордан, қабылдағыштан, тұндырғыштан және фильтрлеуге арналған қондырғыдан тұратын айдағыш аппаратта жүргіздік.

Бұрыш жалбыздың категориялар бойынша жіктеліп дайындалған шикізаттары саңылауларының диаметрі мен орналасу тәртібі бойынша ерекшеленетін кассеталар және фильтрлеуші бөз салынған жалған түбі бар кубқа ретімен салынды, қажет болған жағдайда шикізатты сумен ылғалдадық. Кубтың қақпағы түсіріліп, бұрандалар көмегімен корпуспен біріктіріп жабылды. Винтель арқылы бу көйлегіне су буы жіберілді, ал екінші винтель көмегімен қолданылған бу және конденсат конденсирленген түтікше арқылы канализацияға шығарылды. Қажетті мөлшерге дейін қыздырылған өткір бу винтель және барбетер арқылы кубқа жіберілді, ол өз кезегінде кубта біркелкі таралып, өзімен бірге эфир майларын алып шығады. Эфир конденсатының буы қабылдағышқа келіп түседі. Салқындатылған су төменгі винтель, ал қолданыстан кейінгі су жоғарғы винтель арқылы шығарылды.

ТП 2.2 Конденсирлеу және салқындату. Жұмыс аяқталған соң винтильдер бұралып ашылды және куб салқындатуға қалдырылды, сұйықтықты қақпағын ашып краннан ағызып, тазартқыш механизм көмегімен куб босатылды. Флорентин қабылдағыш ретінде суды ағызуға арналған түтіктермен жабдықталған мөлдір шыныдан жасалған қабылдағыш алынды. Шыны қабылдағыштан конденсатты визуальды бақылауға болады. Түзілген буда эфир майларымен бірге ерігіш компоненттер де қабылдағышқа түседі. Бу ағынды сумен салқындатылды, сұйық су қоспасы мен эфир майлары қабылдағышта қабаттарға бөлінді.

ТП 2.3 Эфир майларын бөліп алу.Қабылдағыш құрлысы майдың тығыздығына байланысты жабдықталған. Май судан жеңіл болғандықтан судың үстіне жиналды, ал су жанындағы түтікше арқылы бөлінеді де флорентинге жиналды.

ТП 2.4 ФильтрлеуҚабылдағышқа жиналған эфир майлары технологиялық үрдістегі маңызды сатылардың бірі фильтрлеуге жіберілді. Жалбыз майын фильтрлеу үшін фильтр элементтері әртүрлі фильтрлеуші материалдардан жасалған мембрандық және терең фильтрлер қолданылды.

ТП 3 Дистиллді суды тазалау

ТП 3.1Бентонит сазымен өңдеуДистиллятқа бентонит сазын салып, 24 сағатқа қалдырамыз. Одан соң жарты сағаттай шайқап, су мен бентонитті айырып алдық.

ТП 3.2 Бентониттен эфир майларын бөліп алу. Жалбыз майының компоненттері сіңдірілген бентонит сазын субуымен қайта айдауға жібереміз.

Стандарттау АНҚ сәйкес жүргізіледі

ҚОМ 1 Дәрілік құралды орамдау және маркілеу

ҚОМ 1.1 Қаттау. Эфир майлары құйылған баллондарды флакондарорналастырылған айналмалы дискілі қондырғы,а орналастырамыз. Одан арнай дозатор көмегімен эфир майлары флакондарға құйылады. Флакондар конвейер бойымен жылжып шағады, қызметкерлер көмегімен қақпақтары жабылып, дайын өнімді қабылдау үстеліне келіп түседі.

ҚОМ 1.2 Маркирлеу.Этикеткада көрсетіледі: өндіруші ел атауы, өндіруші кәсіпорын атауы, оның тауарлық белгісі, мекен жайы, препарататауы латын, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әсер етуші заттар мөлшері проценттік үлесте, препарат мөлшері граммда, құрамы, сақтау шарттары, тіркеу номері, серияномері, жарамдылық мерзімі, босату шарты, ескертпе жазбалар «балалардан сатаңыз», «жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды».

ҚОМ 1.3 Орамдау. Орамдалған эфир майлары картон қораптарға қолдану нұсқаулықтарымен бірге салынып, этикеткасында серияномеріжәне жарамдылық мерзімі қойылады.