Пәнді оқытудың мақсаты

Студенттерде негізгі метаболиттік үрдістердің молекулалық механизмдері мен олардың реттелуі, адам мүшелері мен тіндеріндегі метаболитттік үрдістердің өту ерекшеліктері, биохимиялық көрсеткіштерді диагностика және емдеу тиімділігін бақылау үшін қолдана білу туралы біртұтас ұғым қалыптастыру.

4.2.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

- дәрігерлерді даярлаудағы биологиялық химияның ролі туралы ұғым қалыптастыру;

- тірі ағзалардағы нәруызтардың, көмірсулардың, липидтердің және басқа биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық құрылысы, қасиеттері және биологиялық функциялары туралы түсінік беру;

- энергияны трансформациялаудың, заттар алмасуының және метаболиттік үрдістердің реттелуінің биохимиялық заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру;

- ағзаның маңызды мүшелері мен тіндерінің молекулалық деңгейлері мен ондағы метаболизм ерекшеліктері туралы ұғым қалыптастыру;

- ауруды диагностикалауға және метаболизм бұзылыстарын түзетуге арналған қазіргі кездегі биохимиялық әдістер туралы ұғым қалыптастыру;

- биохимиялық зертханада жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерінің сұрақтары бойынша құқықтық құзырлылықты қалыптастыру;

- шағын топтармен жұмыс кезінде және мемлекеттік,орыс,ағылшын тілдерінде кәсіби қарым- қатынас жасауда коммуникативтік құзырлылықты қалыптастыру;

- зертханалық жұмыстарды жасау барысында операционалдық дағдыны қалыптастыру.

4.2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиіс:

- биоорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдерінің: көмірсулардың, липидтердің, жай және күрделі нәруызтардың, витаминдердің, т.б. құрылысын, қызметтерін және қасиеттерін;

- қоректік заттардың негізгі топтарының (нәруызтардың, липидтердің және көмірсулардың), витаминдердің, минералды заттардың және судың метаболизміндегі ролін;

- метаболиттік үрдістердің негізгі реакцияларының жүруінің молекулалық механизмдері мен олардың реттелуін;

- энергияның трансформациялануы, энергия алмасуының бұзылу механизмдерін;

- маңызды мүшелер мен тіндердің, соның ішінде сүйек, тіс тіндерінің қызметіндегі молекулалық механизм ерекшеліктерін;

- зат алмасу үрдістері мен физиологиялық функциялардың реттелу механизмдерін және олардың бұзылуының мүмкін болатын салдарларын;

- сүйек және тіс тіндерінің химиялық құрамы мен метаболизм ерекшеліктері, реттелуі туралы;

- қалыпты жағдайдағы және патологиялық кездегі адам ағзасының биологиялық сұйықтықтарының (қан, зәр, сілекей) негізгі биохимиялық константаларын.

Операционалды дағдыларды игеру:

Студент жасай алуы тиіс:

- негізгі биохимиялық зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялауды;

- метаболизм карталарын, арнайы анықтамалық материалдарды қолдануды;

- биологиялық белсенді заттардың, сүйек тіні мен тіс тінінің түзілуінде маңызды макроэлементтер мен эссенциалды микроэлементтер тапшылығы кезіндегі биохимиялық үрдістердің және олардың реттелуінің бұзылу ерекшеліктерін болжай алуды;

- ферменттердің структуралары мен мөлшерінің бұзылуы кезіндегі метаболизм бұзылыстарын болжай алуды.

- адамның биологиялық сұйықтықтарындағы көмірсулар, липидтер және азотты алмасудың интермедиаттарын, сүйек тінінің ыдырау мен қалыптасуының маркерлерін анықтаудың экспресс әдістерін;

- адамның биологиялық сұйықтықтарындағы ферменттердің активтілігін анықтау әдістерін жүргізу.

құқықтық құзырлылық : студент зертханалық құралдар және биологиялық материалдармен; химиялық реактивтер және зертханалық ыдыстармен жұмыс жасау ережелерін сақтай білу;

коммуникативтік құзырлылық: студент берілген жағдайдағы оқу-ғылыми жағдаяттарды талдаудашағын топтармен жұмыс жасай білуі тиіс; алдын ала болатын жеке мәселелерді және барлық топтың көз қарасын дәлелдеу; А2-В1 және одан жоғары деңгейде үш тілдік кәсіби терминдерді пайдаланып берілген сұрақтарға өз ойларын айта білу;жұмыстардың нәтижесін топпен және басқа студенттермен және оқытушыларменкейбір жағдайлардағытамақтану және өмір салтын түзету, зертханалық көрсеткіштердің (биохимиялық сараптаманың) және биохимиялық механизмдерінің интерпретациясын талқылауда пікірталас жүргізіп, баяндау;

өздігінен білімін жетілдіру: студент өз бетінше қажетті ғылыми әдебиеттерді тауып және WEB-сайттарды пайдалана білу; кейбір жағдайлардағы қажетті биохимиялық көрсеткіштерді анықтау, материалды глоссарий, сөзжұмбақ, презентация түрінде дайындау; оқу мәтіндерін кванттау және олармен жұмыс жасау; оқу-ғылыми жағдаяттарды заманауи әдебиеттерді және WEB-сайттарды пайдаланып қорытынды жасау;негізгі патология түрлерінің биохимиялық механизмдерінің негізіндегі білімді пайдаланып тамақтану және өмір салтынаұсыныс жасау;биохимияның ауқымды тақырыптарынан визуалды құралдарды дайындау.