Тақырып бойынша глоссарий.

Орыс тіліндегі термин Ағылшын тіліндегі термин Қазақ тіліндегі термин
Сложные белки – это белки, состоящие из простого белка и простетической (небелковой, присоединенной) группы Conjugated proteins are proteins which consist of simple proteins and prosthetic group (non-protein moiety or attached group) Күрделі нәруыздар-бұл нәруыздар жай нәруыз бен простетикалық (белок емес, қосылған ) топтан тұрады.
Гликопротеины – это сложные белки, состоящие из простого белка и простетической группы, которой являются углеводы различного строения Glycoproteins are conjugated proteins consisting of simple proteins and carbohydrates of various structure Гликопротеиндер-бұл күрделі нәруыздар жай нәруыз бен простетикалық топтан тұрады. Олардың простетикалық тобы-әртүрлі құрылысы бар көмірсулар болып табылады.
Истинные гликопротеины – это гликопротеины, углеводы которых имеют нерегулярное строение, соотношение простого белка и простетической группы (примерно) – 80:20 True glycoproteins are glycoproteins which have a irregular structure of carbohydrate moiety with ration of simple proteins:carbohydrates approximately 80:20 Нағыз гликопротеиндер - бұл гликопротеиндердің простетикалық тобы жүйесіз көмірсулардан тұрады. Жай нәруыз бен простетикалық тобының ара қатынасы шамамен -80:20.
Протеогликаны – это гликопротеины, углеводы которых имеют регулярное (повторяющееся) строение), соотношение простого белка и простетической группы (примерно) – 5-10:90-95 Proteoglycans are glycoproteins with regular (repetitive) carbohydrates, ratio of simple proteins:carbohydrates is approximately 5-10:90-95 Протеогликандар- бұл гликопротеиндердің простетикалық тобы жүйелі (қайталанатын) көмірсулардан тұрады. Жай нәруыз бен простетикалық тобының ара қатынасы шамамен 5—10:90-95.
Хромопротеины – это сложные белки, простетической группой которых является окрашенная группа Chromoproteins are conjugated proteins with colored group as a prosthetic one Хромопротеиндер – бұл күрделі нәруыздардың боялған простетикалық тобы бар.
Дыхательные белки – это хромопротеины, которые выполняют дыхательную роль в организме (транспортируют кислород и углекислый газ) Respiratory proteins are chromoproteins which carry out a respiratory function in the body (i.e transport of oxygen and carbon dioxide) Тыныс алу нәруыздар-бұл хромопротеиндер ағзада тыныс алу қызмет атқарады (оттек пен көмір қышқыл газын тасымалдайды)
Дыхательные ферменты – это хромопротеины, которые участвуют в окислительно-восстановительных реакциях Respiratory enzymes are chromoproteins which catalyze the oxidative-reductive reactions in the body Тыныс алу ферменттер – бұл хромопротеиндер тотығу-тотықсыздану реакцияларға қатысады.
Нуклеопротеины – это сложные белки, которые состоят из простого белка (в основном гистоны) и нуклеиновых кислот (ДНК или РНК) Nucleoproteins are conjugated proteins which consist of simple proteins and nucleic acids (DNA or RNA) Нуклеопротеиндер - бұл күрделі нәруыздар жай нәруыз бен (негізінен гистондар) нуклеин қышқылдарынан (ДНҚ) немесе РНҚ) тұрады.
Гемоглобин – это хромопротеин, участвующий в транспорте газов и поддержании рН внутренней среды Hemoglobin is a chromoprotein which takes part in transport of gases and supporting of pH Гемоглобин - бұл хромопротеиндер, газдарды тасымалдауға және ішкі ортаның рН-н сақтауға қатысады.

 

№3 САБАҚ

1.Тақырыбы: Ферменттер.Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттер активтілігіне әсер ететін факторлар. Зертханалық сабақтар: крахмал декстринизациясы (№26 жұмыс), ферменттердің субстраттық арнайылығы (№30 жұмыс), фермент активтілігіне орта рН, ферменттердің активтілігіне эффекторлардың әсері (№32 жұмыс)

2.Мақсаты:

Ферменттер туралы білімдерін энзимотерапия мен энзимді диагностиканың негізгі ұстанымын түсінуге, пайдалана білуге үйрету.

 

3. Оқытудың міндеттері:

Осы сабақ соңында студент білуі керек:

1) Ферменттердің әсер ету механизмі менжалпы қасиеттерін,ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторларын білу.

2) Ферменттердің әсер ету механизмі мен жалпы қасиеттері,ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторлары туралы білімдерін биохимияның осы бөлімінің басқа тақырыптарын оқып білуге пайдалану

3) Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдайларды шешу

4) Тәжірибелік сабақтар орындау барысында операционды дағдыларын дамыту.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ферменттер, түсінік.

2. Ферменттердің жалпы қасиеттері.

3. Ферменттердің құрылысы. Жай (бір компонентті) және күрделі (екі компонентті) ферменттер. Ферментативті реакцияларындағы апофермент пен коферменттің ролі.

4. Ферменттің активті орталығының құрылысы, оның ролі.

5. Ферменттердіңәсер ету механизмі.

6. Ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторлар:

7. Ферменттердің әсер етуінің реттелуі. Активаторлар мен ингибиторлар. Арнайлығы бар және арнайлығы жоқ эффекторлар.

8. Бәсекелес және бәсекелес емес ингиберлеу. Мысал.

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

Ауызша сұрау, зертханалық жұмыстарды орындау, блиц-сұрау, жазбаша бақылау, тест, шағын топтарда жұмыс.

Жазбаша бақылау бағдарламалық сұрақтар бойынша

Ауызша сұрау тақырыптың сұрақтары бойынша

Шағын топтағы жұмыс – зертханалық жұмыстарды орындау: крахмалдың декстриндену схемасы (№26-жұмыста), ферменттердің субстраттық арнайылығын зерттеу (№27), фермент активтілігіне орта рН-ның әсерін зерттеу (№30), фермент активтілігіне эффекторлардың әсері (№32). Топ 4-ке бөлініп, әр топша бір жұмыстан орындап, қорытынды жасайды және кестелерді толтырады.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2.Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Нәруыздар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

3. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Нәруыздар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж.

Қосымша:

1. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

3. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Орыс тілінде:

1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

 

Бақылау

Блиц-сұрақтар:

1) Фермент дегеніміз не?

2) Ферменттің активті орталығы қандай бөліктерден тұрады?

3) Ферменттің активті орталығы дегеніміз не?

4) Ферменттің аллостерикалық орталығы дегеніміз не?

5) Ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы неге жауап береді?

6) Ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы неге жауап береді?

7) Кофермент дегеніміз не?

8) Апофермент дегеніміз не?

9) Холофермент дегеніміз не?

10) Профермент дегеніміз не?

Ауызша талдауға арналған сұрақтар:

1. Фермент дегеніміз не, ферменттің бейорганикалық катализаторлармен ұқсастықтары

2. Фермент пен бейорганикалық катализаторлардың арасындағы айырмашылықтар.

3. Ферменттердің құрылысының күрделілігі – бір компоненттіжәне екікомпонентті ферменттің активті орталығыныңқұрылысы.

4. Изоферменттер туралы түсінік, мысалдар.

5. Ферменттердің әсер ету қуаттылығы, өлшем бірлігі, мысалдар.

6. Ферменттің әсер ету арнайылығы, мультиферменттік комплексті пируватдегидрогеназды комплекстің мысалында түсіндіру.

7. Субстраттық арнайылықтың түрлері, түсінік, түрлері, мысалдар.

8. Фермент активтілігіне температураның әсері.

9. Фермент активтілігіне орта рН-ның әсері.

10. Фермент активтілігіне фермент пен субстрат концентрациясының әсері.

11. Бәсекелес ингибрлену, мысалдар.

12. Бәсекелес емес ингибрлену, мысалдар.

Тест:

1. Химиялық табиғаты жағынан ферменттер:

1. көмірсулар

2. ерекше қызметі бар Нәруыздар

3. ерекше қызметі жоқ Нәруыздар

4. бейорганикалық катализаторлар

5. аминқышқылдары

2. Бейорганикалық катализаторлармен салыстырғанда ферменттер:

1. активтену энергиясын бірден төмендетеді

2. реакцияның бағытын өзгертпейді

3. ферменттер жоғары арнайылылыққа ие

4. қайтымды реакцияның тепе-теңдікке жету уақытын тездетеді

5. реакция барысында жұмсалмайды

3. Профермент-бұл:

1. IV құрылымы бар ферменттер

2. аллостериялық орталығы жоқ ферменттер

3. бірнеше активті орталығы бар ферменттер

4. ферменттің активсіз түрі

5. ферменттердің молекулалық формасының бірі

4. Бір компонентті ферментінің активті орталығы қалыптасады:

1. амин қышқылдарының функционалды топтарынан

2. витаминдерден

3. нуклеин қышқылдарынан

4. әртүрлі металдардан

5. моносахаридтерден

5. Ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы қамтамасыз етеді:

1. субстратты тану және онымен байланысу

2. ферменттің реакция өнімдерімен әрекеттесуін

3. аллостерикалық орталығының түзілуін

4. ферменттің әсер ету арнайылығын

5. фермент-субстратты комплекс түзілуін

6. Ферменттің активті орталығының катализдік аймағы қамтамасыз етеді:

1. ферменттің әсер ету арнайылығын

2. катализдейтін реакцияның түрін

3. ферменттің реакция өнімдерімен әрекеттесуін

4. аллостериялық орталықтың түзілуін

5. фермент-субстрат комплексінің түзілуін

7. Абсолютты субстраттық арнайылығы деп аталады, егер фермент:

1) әр түрлі байланыстары бар субстраттардың тобына әсер етсе

2) тек бір субстратқа ғана әсер етсе

3) байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етсе

4) төртіншілік структурасы болса

5) изоферменттері жоқ болса

8. Салыстырмалы субстраттық арнайылығы деп аталады, егер фермент:

1) әр түрлі байланыстары бар субстраттардың тобына әсер етсе

2) тек бір ғана субстратқа әсер етсе

3) байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етсе

4) төртіншілік структурасы болса

5) изоферменттері жоқ болса

9. Оптималды температура дегеніміз не?

1. Осы температурада қайтымсыз инактивация байқалады

2. Осы температурада фермент ең жоғары белсенділік көрсетеді

3. Осы температурада фермент өте төмен белсенділік көрсетеді

4. Осы температурада қайтымды инактивация байқалады

5. Осы температурада фермент белсенді емес болады

10. Фермент келесі температурада қайтымсыз инактивацияға ұшырайды:

1. 0°С

2. -50°С

3. -40°С

4. 40°С

5. 100°С

11. Бәсекелес ингибирлену байқалады, егер субстрат пен ингибитор:

1) ферменттің аллостерикалық орталығымен ұқсас келсе

2) құрылыс жағынан бір-біріне ұқсас келсе және ингибитор ферменттің активті орталығымен байланысса

3) активті орталықпен ұқсас болмаса

4) ферменттің құрылысымен ұқсас болса

5) ферменттің аллостерикалық орталығымен ұқсас болмаса

12. Бәсекелес емес ингибирлену кезінде келесі комплекс түзіледі:

1) фермент-субстрат

2) фермент-ингибитор

3) субстрат-ингибитор

4) фермент-субстрат-ингибитор

5) фермент-реакция өнімі

13. Берілген қосылыстардың қайсысы СДГ-ның бәсекелес ингибиторы болып табылады?

1. СООН-СН2-СООН

2. СООН-СН2-СН2-СООН

3. СООН-СО-СН3

4. СООН-СН2-СН2ОН

5. СООН-СН2-СН3