Аралық бақылау сұрақтары

1. Нәруыздардың атқаратын функциялары. Мысал келтіру.

2. Нәруыздардың жалпы қасиеттерін атап шығу.

3. Нәруыз молекуласындағы байланыс түрлері, мысал келтіру.

4. Нәруыздардың ыдырауының ортақ өнімдері. Нәруыздардың гидролиз түрлері. Алмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдары. Құнды және құнсыз нәруыздар.

5. Нәруыздарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

6. Нәруыздардың амфотерлік қасиеті. Бейтарап, қышқылдық, негіздік нәруыздар. Олардың құрамына қандай амин қышқылдары кіреді? Бұл нәруыздардың изоэлектрлік нүктесі (ИЭН).

7. Нәруыздардың коллоидты қасиеттері. Нәруыздың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.

8. Нәруыздарды тұнбаға түсу реакциялары Осы реакциялардың медицинадағы маңызы. Нәруыздардың тұздалуы. Тұздалу механизмі.

9. Нәруыз молекуласының құрылымдары (структуралары).оларды тұрақтандыратын байланыстар.

10. Денатурация дегеніміз не? Денатурациялаушы агенттер (2 мысал келтіру). Ренатурация дегеніміз не?.

11. Гемоглобин, құрылымы, ролі.

12. Миоглобин, құрылымы ролі.

13. Нағыз гликопротеиндердің құрылысы туралы түсінік, негізгі өкілдері.

14. Протеогликандар, құрылысы туралы түсінік, негізгі өкілдері, ролі.

15. Гиалурон қышқылының құрылысы мен ролі.

16. Хондроитинсульфаттың құрылысы мен ролі.

17. Гепариннің құрылысы мен ролі.

18. Нуклеопротеиндер, түрлері. Нуклеопротеиндердің гидролиз схемасы.

19. ДНҚ-ның құрылымдары, ролі

20. РНҚ-ның түрлері, ДНҚ-дан айырмашылықтары.

21. Ферменттердің жалпы қасиеттері (атап шығу).

22. Изоферменттер (мысалдар), диагностикалық маңызы.

23. Ферменттердің субстраттық арнайылығының түрлері ( мысалдар).

24. Фермент активтілігіне температураның әсері. Қайтымды және қайтымсыз инактивация.

25. Фермент активтілігіне орта рН-ның, фермент пен субстрат концентрациясының әсері.

26. Бәсекелес ингибрлену, мысалдар.

27. Бәсекелес емес ингибрлену, мысалдар.

28. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы.

29. Гликозидазалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлінде кездеседі, катализдік әсері.

30. Эстеразалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлінде кездеседі, катализдік әсері.

31. Пептидгидролазалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлінде кездеседі, катализдік әсері.

32. Аминтрансферазалар, құрылысы катализдік әсері, диагностикалық маңызы.

33. Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары. Мультиферменттік комплекстің құрамы, әрбір ферменттің каталитикалық әсері, коферменттер (В1, пантотен қышқылы, РР витаминдері)

34. Амин қышқылдарының декабоксилазалары. В6 витаминінің құрылысы және коферменттік функциясы. Катализдейтін реакциялары, биогенді аминдер туралы түсінік.

35. Пиридин ферменттері, құрылысы, катализдік әсері (бір реакция теңдеуін жазу).

36. Флавин ферменттері, құрылысы, құрылысы, катализдік әсері (бір реакция теңдеуін жазу).

37. Убихинон, химиялық табиғаты, катализдік әсері.

38. Цх В, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.

39. Цх С, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.

40. Цх А, өкілдері, гемнің құрылысы тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.

№7 Сабақ

1. Тақырыбы: Энергия алмасуы.Катаболизмнің арнайы жолдары, үшкарбон қышқылдарының циклі (ҮҚЦ реакцияларының реті). Биологиялық тотығу және осы үрдіске қатысатын ферменттер. Тыныс алу комплексі. Тотығудан фосфорлану.

2. Мақсаты:

Энергия алмасуының сатыларына кіретін және ағзадағы әмбебап энергия көзі – АТФ түзілетін үдерістерді оқып-білу.

 

3. Оқыту міндеттері:

Осы сабақ соңында студент білуі керек:

 

1) Энергия алмасуының негізгі сатыларының жалпы сипаттамасын білу; тотығу түрлері мен антиоксиданттар

3)Энергия алмасуының негізгі сатылары, тотығу түрлері мен антиоксиданттар туралы білімдерін реквизитінен кейінгі және биохимияның басқа тақырыптарын оқып білуге пайдалану

3)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдайларды шешу

4) Ағылшын және екінші тілде кәсіби коммуникацияға кіруге қабілеттеніп, тақырыптың негізгі терминдерінде пайдалану

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Энергия алмасуы, түсінік.

2. Энергия алмасуының сатылары.

3. 1сатысы- көмірсулардың, липидтердің, Нәруыздардың арнайы катаболизм жолдары арқылы активті сірке қышқылына дейін ыдырау.

4. Үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ), мәні, маңызы, реакциялардың сатылары (ағылшын немесе орыс тілінде)

5. Биологиялық тотығу (БТ), түсінік, маңызы. БТ сатылары, сутегі мен электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер.

6.Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні, маңызы, Р/О коэффициенті.

7. БТ мен ТФ қабысу нүктелері.

8. Тыныс алуды бақылау.

9. ТФ мен БТ ажырауы

 

5.Білім берудің және оқытудың әдістері:

Ауызша сұрау, жеке сұрақтарды мен глосарийді ағылшын және екінші тілде талқылауды енгізу,тест, жазбаша жұмыс.

6. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2.Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Нәруыздар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

3.Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Нәруыздар, ферменттер, витаминдер.– Алматы, 2009 ж. – 46-88 б

4.Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

Қосымша:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

Орыс тілінде:

1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

 

Бақылау

Тест

1. Энергия алмасуының сатылары (ретпен орналастырыңыз):

1. ҮКЦ

2. БТ

3. ТФ

4. Заттардың арнайы жолдар арқылы АСҚ-на дейін ыдырауы

Дұрыс жауабын табыңыз

1. а, б, в, г

2. б, в, г, а

3. в, г, а, б

4. г, а, б, в

5. в, а, г, б

2. Лимон қышқылының циклі жүреді:

1. жасуша цитозолі

2. рибосомада.

3.ядро жасушасы

4.митохондрияда

5.Гольджи аппараты.

3.ҮКЦ-не түседі:

1.лактат

2.ПЖҚ

3..гидроксимай қышқыл

4.ацетилКоА

5.глюкоза

4.ҮКЦ – «метаболиттік ошақ» - онда:

1. АСҚ® 2СО2 + 3НАДН2 + ФПН2 + АТФ

2. АСҚ® СО2 + НАДН2 + 3ФПН2 + АТФ

3. АСҚ® 2СО2 + 2НАДН2 + 2ФПН2 + АТФ

4. АСҚ® 2СО2 + 3НАДН2 + ФПН2 +12АТФ

5.АСҚ®CО2 + 4НАДН2 + ФПН2 +