Тақырып бойынша глоссарий.

Қазақ тіліндегі терминдер Ағылшын тіліндегі терминдер Орыс тіліндегі терминдер
Үш карбон қышқылы –өзара байланысқан реакциялардың жиынтығы, ацетилКоА-ның тотығуына алып келеді The cycle of tricarboxylic acids is a sequence of reactions resulting in oxidation of acetylCoA Цикл трикарбоновых кислот – совокупность взаимосвязанных реакций, приводящих к окислению ацетилКоА
Биологиялық тотығу (БТ) – эндогенді судың түзілуіне және энергияның бөлінуіне әкелетін тотығу-тотықсыздану реакциялардың жиынтығы. Biologic oxidation (BO) is an oxidative-reductive process resulting in formation of endogenic water and energy Биологическое окисление (БО) – совокупность окислительно-восстановительных реакций, приводящих к образованию эндогенной воды и выделению энергии
Тотығудан фосфорлану (ТФ)-БТ-да бөлінген энергияны пайдаланып, АДФ пен бейорганикалық фосфаттан АТФ түзілу үрдісі. The oxidative phosphorylation (OP) is a process of formation of ATP from ADP and inorganic phosphate with participation of energy from BO Окислительное фосфорилирование (ОФ)– это процесс образования АТФ из АДФ и неоранического фосфата с использованием энергии БО
Тыныс алу комплекстері – БТ-ға қатысатын митохондрияның ішкі мембранасында орналасқан оксидоредуктазалардың комплекстері. Respiratory complexes are complexes of oxireductases of mitochondrions, participating in BO Дыхательные комплексы – это комплексы оксиредутаз митохондрий, участвующих в БО
БТ мен ТФ-дың ажыратқыштары-бұл факторлар, БТ мен ТФ-дың өзара байланысуын бұзады, нәтижесінде АТФ-тың түзілуінің төмендеуіне алып келеді. Disconnectors of BO and OP are substances causing disintegration of BO and OP and resulting in decrease of ATP formation Разобщители БО и ОФ – это факторы, вызывающие нарушение связи между БО и ОФ, действие которых приводит к снижению образования АТФ
Антиоксиданттар – бұл липидтердің пероксидтік тотығуын қарқындылығын төмендететін заттар Antioxidants are substances decreasing the intensity of lipoperoxidation Антиоксиданты – это вещества, снижающие интенсивность пероксидного окисления липидов
Оксигеназды тотығу түрі – бұл тотығу жолында тотығатын субстраттың құрамына оттектің бір немесе екі атомы еңгізіледі. Oxygenase type of oxidation is an oxidation by incorporation of one or two atoms of oxygen into subsrate Оксигеназный тип окисления – это окисление путем включения одного или двух атомов кислорода в окисляемый субстрат
Пероксидті тотығу – мембрана фосфолипидтерінің құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдарының бос радикалды тотығу үрдісі Lipoperoxidation is a free-radical process of oxidation of polyunsaturated fatty acids of membrane phospholipids Пероксидное окисление липидов – это свободно-радикальный процесс окисления полиненасыщенных жирных кислот фосфолипидов мембран
Пероксидазды тотығу – бұл пероксидаздың қатысуымен жүретін тотығу түрі Peroxidase oxidation is a type of oxidation with participation of peroxidases Пероксидазное окисление – это тип окисления с участием пероксидаз

 

№ 8 сабақ

1. Тақырыбы: Заттар алмасуына кіріспе.Метаболизм, оның негізгі сатылары.

Көмірсулар алмасуы.Қорытылуы, сіңірілуі. Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі. Бауырдың глюкостатикалық функциясы. Глюкозаның тотығу жолдары. Анаэробты гликолиз (реакциялар реті). Энергетикалық балансы. Кори циклі. Глюкозаның аэробты гликолитикалық жолмен тотығуы. Энергетикалық балансы. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері.

2. Мақсаты:Ағзадағы көмірсу алмасуының бұзылыстарында қанның және зәрдің биохимиялық сараптамасының нәтижесін, сәйкес ұсынысы бар нұсқауларды түсіндіріп беруге үйрету

3.Оқытудың міндеттері:

Осы сабақ соңында студент білуі керек:

1)Метаболизмнің негізгі сатыларының жалпы сипаттамасы, көмірсулардың рөлі, көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің молекулалық механизмі, бауырдың глюкостатикалық қызметі, анаэробты гликолиз, глюконеогенез және Кори циклін білу

2) Осы тақырыптан алған білімдерінреквизитінен кейінгі және биохимияның басқа тақырыптарын оқып білуге пайдалану

3)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдайларды шешу

4) Көмірсу алмасуының бұзылыстарында және өмір сүру мен тамақтанудың алдын алу шараларының ұсынысын негіздеу

5) Ағылшын және екінші тілде кәсіби коммуникацияға кіруге қабілеттеніп, тақырыптың негізгі терминдерінде пайдалану

 

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Метаболизм, оның негізгі сатылары.

2) Тағам көмірсулары, олардың жіктелуі және маңызы.

3) Көмірсулардың қорытылуы.

4) Моносахаридтердің сіңірілу механизмдері мен сіңірілу жылдамдығы

5) Көмірсу алмасуындағы бауырдың рөлі.

6) Гликогеногенез, түсінік, осы үрдістің биологиялық маңызы.

7) Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары, маңызы.

8) Бауырдың глюкостатикалық қызметі (ағылшын немесе орыс тілінде)

9) Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Глюкоза үшін бүйрек межесі.

10) Глюкозаның тотығу жолдары: анаэробты гликолиз (реакциялар реті). Энергетикалық баланс.

11) Глюкозаның аэробты гликолитикалық жолмен тотығуы. Энергетикалық балансы.

12) Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері.

5. Оқыту мен сабақ беру әдістері:

Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа екінші тілде талдау, шағын топта жұмыс, тест

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2.Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Нәруыздар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

3. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.

Қосымша:

4. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

5. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

6. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Орыс тілінде:

1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

3. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

 

Бақылау

Жаттығулар:

1. Амилаза қандай ас қорыту сөлдерінде кездеседі? Ол қандай реакцияны катализдейді?

2. Мальтаза,сахараза, лактаза ферменттері катализдейтін реакцияларды жазыңыз. Осы ферменттер қандай асқорыту сөлдерінде кездеседі?

3. Қанмен бауырға келетін қан құрамындағы моносахаридтердің сапалық және сандық құрамы тұрақты ма? Ол неге байланысты?

4. Бауырда өтетін гликоген фосфоролизі басқа ағзалар мен тіндердегі гликоген ыдырауына қарағанда немен ерекшеленеді?

5. Глюкоза неліктен гликоген түрінде қорға жиналады?

6. Сүйек тіні үшін глюкозаның маңызы қандай?

 

Жағдайлық есептер:

1. Қан құрамындағы глюкозаның мөлшері

1) 2,0 ммоль/л

2) 8,5 ммоль/л тең.

Осы жағдай қалай аталады? Аталған глюкозаның мөлшерінде бауырда қандай үрдіс - гликогеногенез немесе гликогенолиз - күшейеді?

2. Неге лактаза ферментінің активтілігі төмен болатын адамдарда сүт ішкенде іші өтетін болады, ал айран ішсе – өтпейді?

3. Науқас үйреншікті емес ауыр жұмыс жасағандықтан, бұлшық еттері ауырады. Неліктен? Ауырсыну сезімін жеңілдету үшін не істеу керек?

4. Шамадан тыс гликолиз кезінде бауырдағы глюконеогенез жылдамдығы қалай өзгереді?

Тест

1.Гликозидазалар ас қорыту жолдарының мына бөлімдерінде түзілмейді:

а) ащы ішекте

б) ауыз қуысында

в) ұйқы безінде

г) асқазанда

2. АТФ энергиясын пайдалана отырып (активті транспорт) сіңіріледі:

а) пентоза мен глюкоза

б) глюкоза мен галактоза

в) фруктоза мендезоксирибоза

г) фруктоза мен глюкоза

д) рибоза мен галактоза

3. Жай диффузия арқылы сіңіріледі:

а) глюкоза мен рибоза

б) галактоза мен пентоза

в) фруктоза мен глюкоза

г) пентоза мен фруктоза

д) дезоксирибозамен галактоза

4. Глюкозаның заттар алмасуының аралық өнімдерінен түзілу үрдісі былай аталады:

а) гликолиз

б) гликогенолиз

в) глюконеогенез

г) гидролиз

д) фосфоролиз

5. Гликогенолиз g-амилаза ферментінің қатысуымен басымырақ өтеді:

а) мида

б) ішек қабырғасында

в) май тіндерде

г) бүйректе

д) бауырда

6.Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері құрайды:

а) 0,5-1,0 мМ/л

б) 20-30 мМ/л

в) 3,4-6,0мМ/л

г) 45-55 мМ/л

д) 9-12 мМ/л

7.Бауырда глюкозо-6-фосфатаза бар, сондықтан бұл жерде осы үрдіс қарқынды жүреді:

а) гликогенолизбосглюкозаға дейін

б) гликогеногенез

в) гликолиз

г) глюконеогенез

д) гликоген гидролизі

8. Бауырдың глюкостатикалық функциясы дегеніміз:

а) БМҚ-дан глюкозаның тузілуі

б) Қанда аминқышқылдарының мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру

в) Қанда глюкозаның мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру

г) Нәруыздарды синтездеу

д) Гликопротеиндерді түзу

9.Шеткі қан тамырында қандай көмірсу кездеседі:

а) глюкоза

б) гликоген

в)фруктоза

г) крахмал

д) лактоза

10. Гликогенолиздің фосфоролиз жолы бауырда мына фермент арқылы жүзеге асады:

а) лактаза, сахараза

б) фосфорилаза, глюкозо-6-фосфатаза

в) мальтаза, амилаза

г) нуклеаза, сахараза

в) гликогенсинтетаза,липаза.

11.Төмендегі заттардың қайсысы анаэробты гликолиздің соңғы өнімі болып табылады?

1. янтар қышқылы

2. сүт қышқылы

3. пирожүзім қышқылы

4. май қышқылы

5. лимон қышқылы