Кесте Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физикалық-химиялық қасиеттері, патологияда өзгеруі

Қасиеті Қалыпты жағдай Патологияда өзгеруі Асқазан сөлінің қасиеттерінің патологияда өзгеру себептері

 

Таблица №2 Ферменты, участвующие в переваривании белков

Фер-мент Класы Тобы Топшасы Кездестін орны Түзілу формасы Активаторы Катализдік әсері
               

Шағын топтармен жұмыс: зертханалық жұмыстарды орындау.

Шағын топтармен жұмыс жасау: «Практикум» бойынша зертханалық жұмысты орындау. Студенттерді 3-4 топқа бөлініп, әр топ 20б, 83, 85, 87зертханалық жұмыстарды орындайды.

1. «Асқазан сөлінің қышқылдығын бір сынамада анықтау» (85-жұмыс). Студенттер жұмыс принципін, орындалу барысын, асқазан сөлі қышқылдығының түрлерін есептеуді, қалыпты көрсеткіштерді жазып алады. Берілген асқазан сөлінің үш үлгісінің (стаканның) қайсысында қалыпты, қайсысында жоғары, не төмен қышқылдылық болғанын анықтап, қорытынды жасайды.

Зертханалық жұмыс (85-жұмыс) бойынша тапсырмалар: қышқылдығы жоғары, қышқылдығы төмен және қалыпты асқазан сөлі құйылған, арнайы нөмірленген шыны ыдыстарды алып, асқазан сөлінің қышқылдығын анықтайды. Студенттер зертханалық жұмысты орындамас бұрын асқазан сөлін анықтау әдістерін талдап, асқазан сөлінің қалыпты мөлшері, қышқылдығы, қышқылдық түрлері, өлшем бірлігі туралы ақпараттанып, берілген асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктерін талдау қажет. Құрамдас бөліктерге жүргізілетін сапалық реакцияларды білу.

Практикалық жұмыс барысында оқытушы жұмыстың орындалуын, дұрыс титрлеу жүргізуді қадағалап, үйге берілген тапсырманы жаттығулар мен жағдайлық есептердің шешімінің дұрыстығын тексеру қажет. Асқазан сөлінің қышқылдығы, қышқылдықтың өлшем бірліктері, түрлері, асқазан сөлінің қышқылдықтарын есептеуді талқылау. Берілген есепте қышқылдыдылықты анықтап, студент құрамында қандай патологиялық заттар болуы мүмкін білуі тиіс және осы асқазан сөлімен қандай сапалық реакцияларды жасау қажет. Асқазан сөлінің қышқылдығын анықтайтын бұл әдіс ірі мегаполистерде іс жүзінде жүргізілмейтінін, тек ақпараттандырылатын әдіс екенін студенттерге түсіндіру қажет.

2. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктеріне сапалық реакциялар жасайды (20 (б), 83, 87-жұмыстар). Жұмыстардың нәтижелерін №3 кестеге жазады:

 

№3 кесте Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері

Патологиялық құрамдас бөлік   Пайда болу себептері Жалпы қышқылдықтың қандай қалыпты жағдайдан ауытқуының қайсы түрінде байқалады Сапалық реакцияның аты Реакция нәтижесі
         

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2.Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Нәруыздар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

3. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.

Қосымша:

1. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

3. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Орыс тілінде:

1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

3. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

Бақылау

 

Тесттер:

1.Ересек адамдарда 1 кг салмаққа есептегенде нәруыздың тәуліктік көрсеткіші (нормасы):

1) 0,3-0,4 г.;

2) 5,0-6,0 г.;

3) 0,7-0,8 г.;

4) 9,0-10,0 г.;

5) 11,0-12,0 г.

2.Нәруыздардың тағаммен қажетті мөлшерде түспеуінен мынадай аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады:

1) бауырдың май басуы;

2) фенилкетонурия;

3) квашиоркор;

4) маразм;

5) алкаптонурия.

Дұрыс 2 жауапты таңда.

3. Оң азоттық баланс:

1) нәруыздың құрамында тағаммен түсетін азоттың мөлшері ағзадан шығатын азоттың мөлшерінен аз

2) нәруыздың құрамында тағаммен түсетін азоттың мөлшері ағзадан шығатын азоттың мөлшерінен көп

3) нәруыздың құрамында тағаммен түсетін азоттың мөлшері ағзадан шығатын азоттың мөлшеріне тең

4) тағаммен түсетін нәруыздың мөлшерінен жасушада нәруыздың синтезделуі жоғары болады

5) тағаммен түсетін нәруыздың мөлшерінен жасушада нәруыздың синтезделуі төмен болады

4. Оң азоттық баланс дамиды:

1) әйелдің аяғы ауыр кезінде

2) балалық кезде

3) қартайған кезде

4) қабынуда

5) аштықта

Дұрыс 2 жауапты таңда.

5.Теріс азоттық баланс дамиды:

1) әйелдің аяғы ауыр кезінде

2) балалық кезде

3) қартайған кезде

4) ашыққанда

5)онкологиялық ауруда ісік клеткаларының ыдырау сатысында.

Дұрыс 3 жауапты таңда.

6. Қан плазмасында нәруыздардың қор ретінде жиналуы ....... қажет:

1) Улы заттарды залалсыздандыру үшін;

2)алмастырылмайтын амин қышқылдарының қорын толықтыру үшін;

3) гормональды тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін;

4) қан сары суындағы пигменттердің түзілуіне;

5) жедел қан кетуде қандағы онкотикалық қысымды қалпына келтіру үшін.

7. Ағзадағы Нәруыздар алмасуының ерекшеліктері:

1) Нәруыздар ағзада қорға жиналмайды

2) ағзада синтезделмейді

3) құнды Нәруыздардың синтезі үшін тағаммен алмастырылмайтын амин қышқылдары түсуі қажет

4) тіршілікке қажет қызметтерді атқарады

5) Нәруыздар үнемі жаңарып отыруы үшін ылғи тағаммен түсіп тұруы қажет.

Дұрыс 4 жауапты таңда.

8. Асқазанда Нәруыздардың қорытылуына қатысатын ферменттер:

1) тұз қышқылы

2) пепсиноген

3) пепсин

4) сүт қышқылы

5) Каслфакторы

Дұрыс 2 жауапты таңда.

9. Протеазаның әсерінен қорғайтын секреторлы клеткалардың механизмдері:

1) Гетерополисахаридтері бар шырышты заттардың түзілуіне;

2) тек асқазанның немесе ішектің қуысындағы ферменттердің активтелуін;

3) асқазанда эпителиальды клеткалардың НСО`3^-иондарын секрециялануы;

4) зақымдалған эпителий клеткаларының жылдам регенерациялануы;

5) ферменттердің активті формаларының синтезделуі

Дұрыс 4 жауапты таңда.

10. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлініңі құрамында бар:

1) тұз қышқылы

2) химозин

3) пепсин

4) гастриксин

5) трипсиноген

Дұрыс 4 жауапты таңда.