ЖИГСО әдісі бойынша қолданылатын есептер

Шағын топ

Бойжеткен дерматологқа келесі шағымдармен келді: күннің көзінде көп болғаннан кейін терінің ашық аймақтарының қызаруы, ісінуі, қышуы пайда болды. Дәрігер анықтады: науқас созылмалы бронхиттың асқынуы кезінде бисептол деген дәріні (сульфаниламид бар препарат) қабылдаған. Науқастың қанында 5-аминолевулинат пен порфобилиноген анықталды, зәр қызыл түсті. Бұл науқаста пайда болған фотодерматоздың себебін түсіндіріңіз және қандай ауруға ол шалдыққан. Ол үшін:

А) науқастың қанында табылған заттар метаболиттік жолдың аралық өнімдері болып табылады, сол метаболиттік жолдың бірінші екі реакциясын жазыңы;

Б) Қайсы ферменттердің синтезін сульфаниламидтер индуцирлейді ?

В) ауру белгілерінің пайда болу молекулярлық механизмдерін түсіндіріңіз.

 

Шағын топ

Науқас аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне келесі шағымдармен түсті: әлсіздік, дененің қызуы-38,5 градус С және сарғыштану байқалады. Қандағы тікелей мен тікелей емес билирубиннің мөлшері жоғарлаған. Зәрде тікелей билирубин бар, зәрдегі уробилин мен нәжістегі стеркобилиннің мөлшері төмендеген. Науқаста сарғыштанудың қандай түрі байқалады?

Жауап үшін келесі тапсырмаларды орындаңыз:

А) тікелей емес билирубиннің түзілу кестесін көрсетіңіз;

Б) тікелей емес билирубиннің конъюгация реакциясының кестесін жазыңыз;

В)тікелей және тікелей емес билирубиннің қасиеттерін атап беріңіз, коньюгирленбеген билирубиннің улы болу себебін түсіндіріңіз;

Г) бауырдың аурулары кезінде қандағы қандай органотроптық ферменттердің активтілігін анықтайды?

 

Шағын топ

Үш науқаста сарғыштану ауруы байқалады, олардың қанындағы тікелей мен тікелей емес билирубиннің мөлшерлері келесе кестеде көрсетілген:

Ауру Тікелей билирубин Тікелей емес билирубин
Норма
Патология 1
Патология 2
Патология 3

Осы науқастарда сарғыштанудың қандай түрі болады?

А) гемолитикалық сарғыштану

Б) бауырлық сарғыштану

В)механикалық сарғыштану

 

Р.S. Әдістің ережелері, глоссарий, жазбаша бақылаудың билеттері оқытушылар үшін таратылатын материалда берілген.

Тест түріндегі тапсырмалар:

1.Гемоглобин ыдыраған кездегi босап шыққан темiрмен байланысатын қан плазмасының белогы

1) альбумин

2) бета-глобулин

3) фибриноген

4) гамма-глобулин

5) гистон

2. Тікелей билирубиннің қандай қасиеті пигментті өт тастарының түзілуіне жол бермейді. ең дұрыс жауапты таңдаңыз

1) тұз ерітінділерде еру

2) суда еру

3) майда еру

4) қышқылдарды еру

5) органикалық еріткіштерде еру

3. Гемоглобиннiң ыдырауы жүретін жасушалар

1) зәр шығару жүйесінің жасушалары

2) жүйке жүйесінің жасушалары

3) макрофагты – моноцитарлы жүйе

4) тыныс алу жүйесінің жасушалары

5) ас қорыту жүйесінің жасушалары

4. Гемоглобиннiң гемiндегi бiрiншi және екiншi пиррол сақиналарының арасындағы метин көпiршесi тотығып, үзiлуi нәтижесiнде түзілетін зат

1) биливердин

2) вердоглобин

3) билирубин

4) уробилиноген

5) стеркобилиноген

5. Тікелей емес билирубиннің залалсыздануына қатысатын фермент

1) сульфотрансфераза

2) УДФ-глюкуронилтрансфераза

3) ацилтрансфераза

4) АТФ-транслоказа

5) ГДФ-глюкуронилтрансфераза

6.Бауырда тiкелей емес билирубиндi конъюгация реакциясы арқылы залалсыздандыруға қандай қышқыл қатысады?

1) күкірт қышқылы

2) глюкурон қышқылы

3) фосфор қышқылы

4) пирожүзім қышқылы

5) глютамин қышқылы

7. Тiкелей билирубиннiң түзiлуiне қандай орган қатысады?

1) ми

2) гипофиз

3) бауыр

4) жүрек

5) бүйрек

8. Қан сарысуындағы билирубиннiң қалыпты мөлшерi

1) 8-20 мкмоль/л

2) 0,5-1,2 мг/100 мл

3) 8 -20 мг/100 мл

4) 0,5-1,2 мкмоль/л

5) 0,5-1,2 ммоль/л

9. зЗәрде бос билирубиннің болмауын қамтамасыз ететін оның қасиеті

1) билирубиннің усыздығы

2) суда еритін қасиеті

3) бүйректен өте алмауы

4) билирубиннің улы болуы

5) Эрлих реакциясы тікелей емес

10.Ересек адамға қан құйған кезде сарғыштану пайда болды. қандағы бауыр сынамалары қалыпты. зәрдің және нәжістің түсi өзгермеген. науқаста сарғыштанудың қай түрi болуы мүмкiн

1) бауырлық

2) обтурациялық

3) механикалық

4) гемолитикалық

5) физиологиялық

11. Механикалық сарғыштанудың пайда болу механизмі

1) эритроциттердің шамадан тыс гемолизге ұшырауы

2) өттің бөлінуінің бұзылуы

3) бауырдың вируспен зақымдануы

4) бауырдың инфекциялық ауруы кезінде

5) сәйкес келмейтiн қан құю

12. Гемолитикалық сарғыштанудың пайда болу себебi

1) өт жүру жолдарының бiтелуi

2) сәйкес келмейтiн қан құю

3) панкреастыңқатерлi iсiгi

4) бауырдың вирустық ауыруы

5) бауырдың бактериялық ауыруы

13.Науқастың жалпы билирубинi 100 мкмоль/л, нәжiсi түссiзденген, зәрiнiң түсi қоңыр. аланилтрансаминазаның белсендiлiгi жоғарылаған. сарғыштанудың түрiн анықтаңыз

1) механикалық

2) гемолитикалық

3) паренхималық

4) физиологиялық

5) обтурациялық

14. Науқастың жалпы билирубинi 60 мкмоль/л,нәжiсiнiң түсi қоңыр,зәрiнiңтүсi өзгермеген. Сарғыштанудың қай түрi болуы мүмкiн

1) механикалық

2) гемолитикалық

3) паренхималық

4) физиологиялық

5) обтурациялық