Кесте. Қан плазмасының нәруыздары, ролі, диагностикалық маңызы

Нәруыздар, өкілдері Қалыпты жағдайдағы мөлшері Патологиядағы өзгерістер
Альбуминдер     35-45 г/л (55-60%)   Қан қоюланғанда жоғарылайды; бауыр, бүйрек ауруларында, күйікте, қан кеткеннен кейін төмендейді.
Глобулиндер 20-30 г/л  
Альфа1-глобулиндер 0-5% Жедел қабыну кезінде жоғарылайды.
Альфа-2глобулиндер 5-10% Жедел қабыну кезінде жоғарылайды.
Бета-глобулиндер 10-15% Созылмалы қабынулар кезінде жоғарылайды.
Гамма-глобулиндер   15-20%   Инфекциялық үрдістен кейін, созылмалы қабынулар кезінде жоғарылайды.
Фибриноген 3-5 г/л Жедел фаза нәруызы, сонымен бірге, тромбоздар кезінде жоғарылайды.

Кесте Белоктардың жеке фракцияларын анықтаудың функционалдық және диагностикалық маңызы

 

Фракциялар Функционалдық маңызы Диагностикалық маңызы
Альбуминдер 1) Ронк, 2) БМҚ, билирубинді, дәрілерді, гормондарды, иондарды тасымалдау. ↓ бауыр ауруларында (↓синтез), бүйрек ауруларында. (↑шығарылу)=>ісіну, улану құбылыстары
Альфа-глобулиндер Мыс пен липидтерді тасымалдау, протеазалардың Ing (ингибиторы). ↑жедел қабынуда
Бета-глобулиндер Темір мен липидтерді тасымалдау ↑қабыну созылмалыға ауысқанда
Гамма-глобулиндер Гуморальды иммунитет ↑ аутоиммунды үрдістерде, инфекцияда, созылмалы қабынуда. ↓ иммундық тапшылықта

 

Кесте Қан плазмасының ферменттері

секреторлық индикаторлық экскреторлық
бауырда синтезделіп, қанға түседі. белгілі жасушаларда синтезделеді және сол жасушада қызмет атқарады. бауырда синтезделіп, өтпен бөлініп шығады.
холинэстеразасы, қан ұюына қатысатын ферменттер. ЛДГ1, ЛДГ4, ЛДГ5, АЛТ, КФК сілтілі фосфатаза, лейцитинаминопептидаза.
айтарлықтай диагностикалық маңызы жоқ. диагностикалық маңызы зор, қанның плазмасында оның активтілігі артады патология кезінде ферменттердің өтпен бөлінуі бұзылады, қанның плазмасында оның активтілігі артады

 

Кесте. Ацидоздар мен алкалоздар

АЦИДОЗ АЛКАЛОЗ
Респираторлық Метаболиттік Респираторлық Метаболиттік
Қан айналымының жеткіліксіздігі, сыртқы тыныс алудың жеткіліксіздігі, О2 артық мөлшерде түсуі. Қанда СО2 жоғарылауы Қышқыл метаболиттердің (кетон денелерінің, лактаттың) артық түзілуі, қышқыл өнімдердің жеткіліксіз шығарылуы, негіздік өнімдерді жоғалту, қышқылдардың көп түсуі. Қанда [H+] жоғарылауы Гипервентиляция, гипокапния. Қанда СО2 төмендеуі Сілтілік өнімдерді артық енгізу, құсу (асқазан сөліндегі НСI жоғалту), ГКС секрециясының артуы немесе оларды енгізу. Қанда [ОH-] жоғарылауы

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007 жыл, 483-487 бет.

2. Николаев А.Я. «Биологическая химия», Москва, 2004 г., с. 488-502.

3. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 1998 г., с. 567-582.

Қосымша:

1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. «Основы частной биохимии», Алматы, 2004 г., с. 97-103.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 3 Бөлім. Биологиялық сұйықтықтар мен адам тіндерінің биохимиясы.-Алматы, 2009 ж., 7-29 бет.

3. Тапбергенов С.О., Тапбергенова Т.С. Медицинская и клиническая биохимия – Павлодар, 2004

Бақылау.

Шағын топта жұмыс жасау үшін арналған жағдайлық есептер:

1. Зерттелетін қан сарысуында қалдық азоттың мөлшері: 100 мМоль/л. Бұл жағдай қалай аталады? Қай кезде байқалады?

2. Науқастың қанында операцияның алдында қалдық азоттың мөлшері 50 мМоль/л болды, осы науқасқа операция жасауға бола ма? Неліктен?

3. Ауруда сіреспе байқалады. Қан сарысуын зерттегенде кальцийдің мөлшері 1,2 мМоль/л-ге тең екені дәлелденді. Бұл жағдай қалай аталады? Ол қандай жағдайда байқалады?

4. Науқастың қан сарысуында хлордың мөлшері 65 мМоль/л тең. Қандай патологиялық жағдай туралы ойлауға болады?

5. Науқаста әлсіздік, апатия, басы айналады, есінен айырылап қалады. Дене салмағы төмендеген, тахикардия, гипотензия, олигурия, терінің тургоры төмен болады. Бұл жағдайды қандай элементтің жеткіліксіз мөлшерде болуымен түсіндіруге болады?

 

Тест тапсырмалары:

1. Қан плазмасының проценттік құрамы:

1. 40-50%

2. 60-70%

3. 20-30%

4. 30-40%

5. 50-60%

2. Қанда кетон денелерінің көбеюі байқалады:

1. майларды көп қабылдағанда

2. бауыр ауруларында

3. гемолитикалық сарғыштануда

4. қантты диабетте немесе ұзақ ашыққанда

5. көмірсуларды көп қабылдағанда

3. Қан плазмасының органикалық құрамына кірмейді:

1. фосфаттар, хлоридтер, бикарбонаттар

2. альбуминдер, фибриноген, глюкоза

3. Нәруыздар, майлар, көмірсулар, олардың зат алмасу өнімдері

4. глюкоза, ХС, ПЖҚ, фибриноген, липопротеидтер

5. БМҚ, кетон денелері, нәруыздар, антиденелер.

4. Қалыпты жағдайда нәруыздар мөлшері құрайды:

1. жалпы нәруыз - 8-10 г/л, альбуминдер - 3- 5 г/л, глобулиндер - 5-6 г/л, фибриноген- 1-2 г/л

2. жалпы нәруыз -60-80 г/л, альбуминдер 35-45 г/л, глобулиндер- 20-30 г/л, фибриноген -3-5 г/л,нәруыздар-ферменттер

3. жалпы нәруыз - 1-2 г/л, альбуминдержәне глобулиндер 0,5-1,0 г/л-ден

4. жалпы нәруыз-65-80 г/л, альбуминдер - 35-40 г/л, глобулиндер 25-35 г/л, фибриноген -2-4 г/л, Нәруыздар-ферменттер, жедел фазаның Нәруыздары

5. жалпы нәруыз - 2-3 г/л, альбуминдер -1,5-2,0 г/л, глобулиндер- 0,5-1,0 г/л, Нәруыздар-ферменттер

5. Кинин жүйесінің Нәруыздары келесі қызметтер атқарады:

1. артериалды қысымды төмендетеді, бронхтарды кеңейтеді, мембрана өткізгіштігін төмендетеді

2. Қан тамырларын кеңейтеді, артериалды қысымды төмендетеді, бронхтарды тарылтады, мембрана өткізгіштігін жоғарлатады

3. Қан тамырларын тарылтады, артериалды қысымды жоғарлатады, бронхтарды кеңейтеді, мембрана өткізгіштігіне әсер етпейді

4. мембрана өткізгіштігін төмендетеді, бронхтарды тарылтады.

5. мембрана өткізгіштігін жоғарлатады, артериалды қысымды жоғарлатады, бронхтарды кеңейтеді.

6. Қанның қалдық азоты - бұл:

1. нәруыздар азоты

2. нәруыз-ферменттердің азоты

3. креатин мен и креатининнің азоты

4. нәруыздар алмасуының аралық өнімдері мен соңғы өнімдері

5. аспарагин мен глутаминнің азоты

7. Қан плазма нәруыздарының мөлшерінің өзгеруі аталады:

1. диспротеинемия

2. гипопротеинемия

3. гиперпротеинемия

4. полипротеинемия

5. парапротеинмия

8. Қан плазмасының нәруыздары қандай қызмет атқарады:

1. құрылымдық, қорғаныш, тасымалдау, тыныс алу

2. қанның онкотикалық қысымын қамтамасыз етеді, қан ұюына қатысады, тасымалдау рөл атқарады, қоректік, қорғаныш

3. тасымалдау,қорғаныш,гомеостатикалық, тіректік

4. құрылымдық, электротрансформациялық, тасымалдау, катализдік

5. гомеостатикалық, липолитикалық, қанның онкотикалық қысымын қамтамасыз етеді, жиырылғыш

9. Альбуминдер қан плазмасының глобулиндерінен немен ерекшеленеді:

1. альбуминдер оңзарядқа ие, молекулалық массасы глобулиндерге қарағанда жоғары, электрофорез кезінде глобулиндерден қалып қалады

2. альбуминдерде молекулалық массасы азырақ, үлкен"-" заряды болады , қандағы мөлшері глобулиндерге қарағанда жоғары, олар суда ериді

3. альбуминдер ферментативті қызмет атқарады, қан ұюына қатысады, тасымалдау және тыныс алу қызметін атқарады

4. альбуминдер (NH4)2SO4жартылай қаныққан ерітіндісімен тұздалады, үлкен теріс заряды болады, электрофорезде тезірек жылжиды

5. альбуминдер электрофорезде баяулау жылжиды, жоғары молекулалық массаға ие, қоректік және тасымалдау қызметін атқарады

10. Альфа-глобулиндер тасымалдайды:

1– күміс

2– темір

3- натрий

4– калий

5 – магний

11. Қан плазмасының бейорганикалық заттарына жатады:

1. кетон денелері, қалдық азот, кальций тұздары

2. ПЖҚ, лактат, NаСl, фосфаттар

3. Бикарбонаттық буфер

4. АТФ, АДФ, АМФ, фосфор қышқылы

5. Кальций, натрий, калий, магний катиондары, Сl, фосфор

12. Қанның бейорганикалық заттары келесі функцияларды атқарады:

1. осмостық қысымды қамтамасыз етеді

2. онкотикалық қысымды қамтамасыз етеді

3. глобулиндердің еруін қамтамасыз етеді

4. асқазан сөлінде тұз қышқылының түзілуіне

5. сұйек тінінің минерализациялану процесіне

13. Қан плазмасындағы бейорганикалық заттардың мөлшері:

1. 3,3-5,6 мМ/л

2. 0,1-0,5 %

3. 35-45 мМ/л

4. 1 % шамасында

5. 3-4 %

14. Қандағы кальций катионының рөлі:

1. БМҚ және майда еритін витаминдерді тасымалдау

2. Қанда рН көрсеткішін және осмостық қысымды бір қалыпта ұстау

3. капиллярлар қабырғасын тығыздау және қанның ұюына қатысу

4. қанның ұюына , гормондардың әсер ету механизміне қатысу, бұлшық еттің жиырылуын, нерв импульсының берілуін қамтамасыз етеді

5. Қан плазмасындағы ферменттердің активтілігін арттырады

15. Қан плазмасының хлоридтері қатысады:

1. Қанның ұюына және газдарды тасымалдауға

2. Онкотикалық қысымды реттеуге, глобулиндердің ерігіштігін арттыруға

3. Қанның рН көрсеткішін, осмостық қысымын реттеуге, тұз қышқылының түзілуіне

4. Нәруыздардың ісінуіне және БМҚ-мен липидтерді тасымалдауға

5. Қанның буферлік жүйесін түзуге, альбуминдердің ерігіштігін арттыруға

16. Организмдегі минерал заттардың маңызы:

1. қанның буферлік жүйелерінің түзілуіне қатысады

2. структуралық функция атқарады

3. гормондар мен коферменттер түзілуіне қатысады

4. газдарды тасымалдауға қатысады

5. энергия көзі болып табылады

17. Респираторлық ацидоздың пайда болу себебі қанда СО2 жиналуы келесі процесс нәтитжесінде болады:

1. тыныс алу орталықтың параличі кезінде

2. қан айналым жылдамдығы төмендегенде

3. ағзаға шамадан тыс СО2 түскенде

4. сыртқы тыныс алудың қызметтері бұзылғанда

5. оттек жетіспегенде

18. Метаболиттік ацидоздың пайда болу себебі қанда қышқыл өнімдерінің жиналуы келесі процесс нәтитжесінде болады:

1. тыныс алу орталықтың параличі кезінде

2. қан айналым жылдамдығы төмендегенде

3. ағзағада заттар алмасуы бұзылғанда

4. оттек жетіспегенде

5. іш өту кезінде ағза сілтілік ас-қорыту сөлдерінен айырлғанда

 

№ 16 сабақ