Тақырыбы: Тіс тінінің биохимиясы.

2. Мақсаты:

Студенттерде тіс тінінің химиялық құрамы және тіс тініндегі заттар алмасуының ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

1) Тістің әр түрлі тіндерінің (эмаль, дентин, ұлпа, цемент) химиялық құрамындағы және олардың қоректену ерекшеліктерін білу.

2) Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу

3) Тіс тінінің ауруларының алдын алу үшін өмір салты мен тамақтану бойынша ұсыныстарды негіздеу.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тіс эмалінің химиялық құрамы мен қоректену ерекшеліктері.

2. Тіс дентинінің химиялық құрамы мен қоректену ерекшеліктері.

3. Тіс ұлпасының химиялық құрамы мен қоректену ерекшеліктері.

4. Тіс цементінің химиялық құрамы мен қоректену ерекшеліктері.

5. Оқыту және сабақ беру әдістері:

Ауызша талдау, жазбаша бақылау, тесттік тапсырмаларды шешу, шағын топтарда жұмыс.

ЖИГСО әдісі бойынша шағын топтарда жұмыс жасағанда топ 3-4 адамнан үш топшаға (шағын топшаларға) бөлінеді, әр топшаның әр студентіне тақырыптың сұрақтары беріледі. Әр студентке бір сұрақты дайындау үшін 2-3 минут уақыт беріледі, кейін топшаның ішінде тапсырмаларды талдау үшін тағы уақыт беріледі (5 минут). Содан соң оқытушы негізгі сұрақтар бойынша әр топшадан студентті шақырып, оған сұрақ қояды, бірақ оған алдын ала берген сұрақ емес, сол топшадағы басқа студентке қойылған сұрақты қояды. Яғни, топшаішілік дисскусия уақытында әр студент, педагог ролін атқара отырып, шағын топшалардың басқа мүшелеріне өзінің сұрағын түсіндіреді. Егер уақыт қалса, тесттік тапсырмалар қарастырылады.

 

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Вавилова Т.П. «Биохимия тканей и жидкостей полости рта», М., «ГЭОТАР-Медиа», 2012 г.

2.Боровский Е.В., Леонтьев В.К. «Биология полости рта», М., «Медицинская книга», 2001 г.

3.Жакыпбекова С.С. «Стоматология факультетінің студенттеріне арналған биохимиядан жеке дәрістер» Алматы, 2003ж.

 

Қосымша:

1.Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы. – Алматы, 2009 ж.

Бақылау

ЖИГСО әдісі бойынша шағын топтарда жұмыс жасауға арналған есептер

ЕСЕП

Тағам рационында көкөністер мен жеміс-жидектер жоқ пациентте шаршағыштық, жұқпалы аураларға ұшырау, қызыл иегінің қанауы байқалады

1) Осы аталған белгілер тән ауруды атаңыз.

2) Берілген жағдайға қажетті витаминді атаңыз.

3) Бұл витаминнің биологиялық ролі қандай?

4) Берілген авитаминозда неліктен аталған симптомдар байқалады?

5) Осы витамин қатысатын реакция теңдеуіне мысал келтіріңіз.

ЕСЕП

Төрт айлық сәбиде мешел ауруының белгілері айқын байқалған. Ас қорыту бұзылыстары байқалмайды. Сәйкес ем және күн көзінде болу аталған белгілердің азаюына әкелді.

  1. Бұл қай витаминнің жетіспеушілігімен байланысты болуы мүмкін?

2. Бұл витаминнің биологиялық ролі қандай?

  1. Бұл витамин қандай тағамдарда жеткілікті мөлшерде кездеседі?
  2. Адам организмінде осы витаминнің түзілуі мүмкін бе?
  3. Осы витаминнің гипервитаминозының симптомдары қандай?

ЕСЕП

Науқас стоматологқа қызыл иегінің қанауына, тістерінің босауына, демінен жағымсыз иіс шығуына шағымданып келді. Пациентті тексеру кезінде оның терісі мен кілегейлі қабаттарында қан құйылулар байқалған. Қан анализінде гемоглобин, эритроцит мөлшерінің төмендеуі және асқазан сөлі секрециясының төмендеуі байқалды.

  1. Аталған симптомдар қай ауруларда байқалады?
  2. Азық-түлік өнімдерінде қандай қосылыстың жетіспеуі осы жағдайды тудырады?
  3. Осы заттың қандай 2 формасы белгілі және олар қандай реакцияларға қатысады?
  4. Аталған қосылыстар дәнекер тініндегі қандай биохимиялық үдерістерге қатысады?
  5. Берілген ауруды емдеу үшін қандай тағамдық өнімдер қолданады?

ЕСЕП

Стоматологтың қабылдауында жүкті әйел, ол өзі және болашақ нәрестеде кариестің профилактикасы үшін ұсыныстар алуға келген.

  1. Жүкті әйелдің ас мәзірінде қандай минералды элементтер болуы керек және осы қосылыстардан қандай кристалдар түзіледі?
  2. Оның ас мәзірінде қандай белоктар жеткілікті мөлшерде болуы керек?
  3. Тістің қалыптасуы кезінде ағзаға түскен белоктар қалай жұмсалады?
  4. Тағамда қандай липидтер болады?
  5. Тағам құрамындағы қандай заттардың мөлшерін шектеу керек?

Тест тапсырмалары:

1.Тіс эмалінің негізгі апатиттері (3)

1)Са10(РО4)6F2
2)Са10(РО4)6(ОН)2
3)Са9Sr(РО4)6(ОН)2
4)Са10(РО4)5(СО3)(ОН)2
5)Са9Mg(РО4)6(ОН)2

2. Тіс эмалінің арнайы белоктары(2)

1)коллагендер
2)альбуминдер
3)энамелиндер
4)глобулиндер
5) амелогениндер

3.Тіс дентинінің органикалық заттары (4)

1) коллагендер 2) альбуминдер 3) протеогликандар
4) амелогениндер 5) фосфопротеиндер 6) фосфосиалопротеиндер

4.Тіс цементінің химиялық құрамы (3)

1) 10-15% су
2) 68-70% су
3) 68-70% органикалық заттар
4) 68-70% бейорганикалық заттар
5) 17-20% органикалық заттар
6) 10-15% органикалық заттар

5.Цинга кезінде байқалады (3)

1) полиневриттер
2) тістердің тұсіп қалуы
3)қызыл иегтердің қанауы
4)көптік кариес
5)пернициозды анемия
6)бассүйектерінің ерте сүйектенуі

№18 сабақ

1. Тақырыбы: Аралық бақылау №3:

Гормондар. Қан және сілекей биохимиясы.Тіс тінінің биохимиясы.

2. Мақсаты:

Өтілген тақырыптар: гормондар, қан биохимиясы, тіс тінінің және сілекей биохимиясы туралы студенттердің алған білімдерінің меңгерілуін бағалау.

3. Оқыту міндеттері:

Студенттер осы сабақтан кейін білуі тиіс:

Өтілген тақырыптар: гормондар, қан биохимиясы, тіс тінінің және сілекей биохимиясы бойынша алған бағаларын.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: