Арапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Сан. «Көп», «біреу», «бір-бірден», «бір де біреуі жоқ» ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дағдыларды қалыптастыру:

- біртектес заттардан топтар құрастыру және олардан біреуін бөліп көрсету;

- топ бөлмесіндегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау;

- заттарды салыстыру;

- заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен беттестіру және қосу;

- заттарды бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру.

Көлем. Көлемі бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру.

Дағдыларды қалыптастыру:

- ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;

- биіктігі мен қалыңдығы бойынша- екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;

Геометриялық пішіндер. Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету: шеңбер, шаршы, үшбұрыш; түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуге үйрету.

Дағдыларды қалыптастыру:

- геометриялық пішіндерді тану және атау;

- пішін түрлерін зерттеу.

Кеңістікте бағдарлау. Өз дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету.

Дағдыларды қалыптастыру:

- өзіне тікелей жақындықтағы кеңістік бағыттарды анықтау, сол жақтан оң жаққа қарай заттарды орналастыру.

- өз денесінің бөліктерін (басы, аяғы, қолдары) бағдарлау және атау.

Уақытты бағдарлау.

Дағдыларды қалыптастыру:

- тәулік бөліктерін тану және атау – таңертең, күндіз, кеш, түн.

Күтілетін нәтижелер:

- бір затты топтан бөледі және топтарға біріктіре алады;

- біртекті заттарды құрастырады және бөліп алады;

- заттарды қатарға реті, көлемі бойынша оң қолымен солдан оңға қарай қояды;

- екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы мен ені, биіктігі бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы салыстырады;

- геометриялық пішіндерді таниды және атайды: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш;

- кеңістікті өзіне қатысты бағдарлай алады.

- тәулік бөліктерін – таңертең, күндіз, кеш, түнді таниды және атайды.

 

Растыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру

Дағдыларды қалыптастыру:

- әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру;

- бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін пайдалану;

- ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан құрастыру;

- көп түсті құрылым құрастыру;

- үлгі бойынша құрастыру;

- қағазды бүктеу, жырту, шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып, қағаз беттерін көлемді пішіндерге түрлендіру.

Күтілетін нәтижелер:

- әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыра біледі;

- түрлі-түсті құрылыстар құрастыра алады;

- құрылыс бөліктерін ажыратады және атайды;

- өз құрылысын қуыршақтың, ойыншықтардың өлшемдерімен салыстырады;

- ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан мазмұнды-ойындық міндеттерді пайдалана отырып құрастыра алады;

- қағаздан бүктеу, жырту, шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып, қағаз беттерін түрлендіре біледі.

 

Жаратылыстану

Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімді қалыптастыру. Табиғат құбылыстарына қызығушылықты, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Дағдыларды қалыптастыру:

- ауа-райының жағдайын анықтау;

- табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау.

Өсімдіктер әлемі

Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру; бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония және т.б.) олардың айырмашылықтары туралы білімді қалыптастыру

Жануарлар әлемі

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.

Жабайы аңдар мен Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін аңдар туралы ұғымдарды қалыптастыру; табиғат бұрышының тіршілік иелерін бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Табиғат бұрышының тіршілік иелері мен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқарға, қарға, кептер) және жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Құм мен судың қасиеттерімен таныстыру.

Күтілетін нәтижелер:

- табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарайды;

- ауа-райының жағдайын анықтайды, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқайды;

- туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы ұғымдарға ие;

- гүлдейтін шөптесін өсімдіктерді (шырайгүл, барқытгүл) таниды және атайды;

- кейбір көкөністер мен жемістерін дәмінен ажыратады және атайды;

- бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрі мен олардың айырмашылықтарын таниды;

- Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін аңдар мен олардың төлдерін өздеріне тән белгілері бойынша ажыратады және атайды;

- құстардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерге назар аударады;

- табиғат бұрышының тіршілік иелеріне, қыстап қалатын құстарға қамқорлық танытады, құстардың жемсауыты туралы ұғымға ие;

- су мен құмның қасиеттері туралы ұғымға ие.

 

ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ