ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» білім беру саласы. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

Мақсаты: эстетикалық талғамды тәрбиелеуді қамтамасыз ететін шығармашылық дағдыларды дамыту және қалыптастыру.

Міндеттері:

- сезімдік-эмоциялық қасиеттері мен эстетикалық талғамды,бейнелеу дағдылары мен музыкалықбілімдерін қалыптастыру;

- шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту;

- қарапайым заттар, құбылыстар, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуде біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, пішінді, түсті, заттардың орналасуын беруге үйрету;

- қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға үйрету;

- өз ойын айтуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға сураныстарын қанағаттандыру;

- өзінің жұмыстарын және басқа балалардың жұмыстарын бағалауды үйрету.

 

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

 

Сурет салу

Заттық сурет салу

Балалардың дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауды дамыту. Бояулармен, қарындаштармен, борлармен дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру.

Біліктерін қалыптастыру:

- әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету.

Дағдыларды қалыптастыру:

- көкөністер мен жемістерді, ыдыстар, ойыншықтар, жануарларды бейнелеу;

- дөңгелек пішінді заттарды салу;

- техникалық дағдылар мен біліктерді игеру.

Мазмұнды сурет салу

Эмоциялы-эстетикалық талғам дағдыларына баулу: қоршаған ортаның әсемдігіне, өнер туындыларына, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа халықтардың ойыншықтарына.

Қарапайым табиғат құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге машықтандыру.

Сәндік сурет салу

Дағдыларды қалыптастыру:

- қазақ халқының және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыру барысында эстетикалық қабылдауды дамыту.

- элементтердің пішінін, реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, жазықтықта оюларды орналастыру;

- қазақ оюларының кейбір элементтерін салу;

- элементтердің реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты сақтау.

Күтілетін нәтижелер:

- үлгі бойынша олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып, сурет салады;

- көкөністер-жемістердің, ыдыстардың, ойыншықтардың, жануарлардың пішіндерінің суреттерін салады;

- қазақ оюының бөліктері туралы ұғымдары бар;

- сурет салудың техникалық дағдыларына ие: қылқаламның ұшымен салу, жақпаларды ырғақты түрде, штрихтарды пішіні бойынша жағу, қылқаламмен жалпақ, жіңішке сызықтарды, қылқаламның басымен және артқы ұшымен нүктелерді жүргізу;

- жұмысының нәтижесіне қуанады, өзінің жұмыстарын және басқа балалардың жұмыстарын бағалай алады.

 

Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу

Ермексаздың, сазбалшықтың, қамырдың кесектерінен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру:

- түрлі тәсілдерді қолданып бейнелеу;

- түрлі пішіндегі таныс заттарды және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, үлгісі мен елестетуі бойынша көлемін;

- пропорцияларды сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып екі бөліктен тұратын заттарды;

- адам пішінін;

- заттарды толық пішіні алынғанға дейін немесе жайылған пішінінің жиектері иілгенге дейін сығымдау.

Мазмұнды мүсіндеу

Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.

Сәндік мүсіндеу

Балаларды тұрмыстық заттар мен бейнелі ойыншықтарды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.

Халықтық ойыншықтары туралы білімдерін кеңейту, халық шығармашылығының желісі бойынша бейнелер жасау. Балаларды халық шеберлерінің еңбектерімен таныстыру, халық бұйымдарының желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеуге үйрету.

Кескішті қолдануды таныстыру. Кескіштің көмегімен жасалған бұйымды безендіруге тырысуын ынталандыру. Ұқыпты мүсіндеу әдістерін бекіту.

 

Күтілетін нәтижелер:

- түрлі пішіндегі және көлемдегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып мүсіндейді;

- түрлі тәсілдерді қолданып, пропорцияларды сақтайды;

- адамның пішінін (дене бөліктерін: бас, кеуде, қолдары, аяқтары) мүсіндей алады;

- халық шығармашылығының желісі бойынша тұрмыстық заттар мен ойыншықтардың бейнелерін мүсіндеуге қызығушылық танытады;

- халық шеберлерінің еңбектері туралы түсініктерге ие;

- кескішті қолдана алады, кескішпен түрлі безендірулер жасай алады.

 

Жапсыру

Заттық жапсыру

Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызықпен алдымен қысқа содан соң ұзын жолақтарды қиюды үйрету.

Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақ пішін қиюға үйрету. Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету. Желімді, сүлгіні қолдануды үйрету.

Сюжет бойынша жапсыру

Барынша күрделі заттарды, жануарлар пішінін бейнелеу, заттарды қағаз бетінде орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру.

Дөңгелектерді және сопақша пішіндерді қию дағдыларын жетілдіру. Тар жолақтарды көлденеңінен қию, шаршыдағы бұрыштарды қиюды бекіту.

Сәндік жапсыру

Геометриялық пішіндерден ою-өрнектерді және жолақтағы өсімдік өрнектерін халықтық өнер түрлері бойынша бірізділігін ескере отырып құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.

Күтілетін нәтижелер:

- қайшыны дұрыс ұстайды және пайдаланады;

- қысқа және ұзын жолақтарды, дөңгелек пішіндерді қияды;

- жеке бөліктерді жапсырады;

- желімді, сүлгіні қолдана алады;

- жануарлардың пішінін бейнелей алады;

-көлемі бойынша заттар мен нысандардың арақатынасын ескеріп, композициялар жасай алады;

- жолаққа геометриялық пішіндер мен өсімдік өрнектерінен өрнектер жасай алады;

- қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін біледі.

 

Музыка

Музыка тыңдау

Дағдыларды қалыптастыру:

- әртүрлі сипаттағы, қарқындағы музыканы қабылдау, музыкаға деген өзіндік қатынасын, ол туралы пікірін айту.

- әуендерді немесе музыкалық шығармаларды орындау кезінде пьесаларды тану және атау;

- пьесалардың, әндердің жекелеген эпизодтарын көргендегі және музыкалық бейнелерінің арақатынасын тану және атау, тыңдауды иллюстрация көрсетумен қатар жүргізу;

- халықтық домбыра аспабының дауысын қабылдау.

Ән айту

Дағдыларды қалыптастыру:

- әртүрлі сипаттағы әндерді қабылдау, әуенді дұрыс, нақты интонациялау, сөздерді дәл айту дағдыларын қалыптастыру;

- дауыс пен есту қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды қысқа әндер айту арқылы дағдыны жетілдіру, дауыстап және төмен дауыспен ән салу, қол қозғалысымен көрсету;

- ән сипатын ұғыну, әннің көңіл күйін бере білу;

- хормен, күш түсірмей, сөздер мен дыбыстарды таза және анық, музыкалық сүйемелдеуден кейін ән айту дағдыларын қалыптастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар

Дағдыларды қалыптастыру:

- би қимылдары, ойындық музыкалық қимылдарды орындау дағдыларын қалыптастыру;

- марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатын-жеңіл, ырғақты жүгірумен беру;

- жүрелеп отыруды ырғақты орындаумен, қимылды музыкамен сәйкестендіру, музыканың екінші бөлігінде қимылды өзгерту;

- музыканың ырғағын дәл бере отырып, қимылды ырғақпен екі аяқпен еркін және жеңіл секіру.

Билер:

Музыканың көңілді би сипатын қабылдауға үйрету; музыканың кіріспесін ажырату, содан кейін қимылды бастау; музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру; би қимылдарын, билерді, ойындарды есте сақтау.

Ойындар мен хороводтар:

Әннің мәтініне сәйкес ойын қимылдарымен сүйемелдей отырып, әнді көңілді және емін-еркін әндету; хороводты шеңбер бойымен жүргізу, музыкалық фразаларға сәйкес қимылдарды өзгерту; шапшаңдық пен икемділік таныту, пьесаның соңын белгілеу; халық ойындарының көңілді сипатын беру; дыбыстарды жоғарылығы бойынша ажырату; үлкен шеңберге және шашырап тұру.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау

Дағдыларды қалыптастыру:

- фортепиано сүйемелдеуіндегі балалар музыкалық аспаптарында ересектердің орындауындағы би әуенін тыңдау;

- әуеннің сипатын тану: әннің қайырмасын орындау кезінде күрделі емес ырғақтық бейнені орындап, сылдырмақтармен ойнау, музыканың тактісімен алақандарды соғу;

- түрлі жанрдағы музыканы қабылдау және анықтау.

Күтілетін нәтижелер:

- әуен немесе музыканың кіріспесі бойынша таныс әндерді таниды;

- олардың мазмұндары туралы айта алады;

- дыбысты жоғарылығы бойынша ажыратады, сөздерді созыңқы және анық айтады;

- жоғары және төмен қолының қимылымен көрсетіп, әуенді және қайырмасын айтады, кіріспеден соң бастайды;

- сап түзеп жүреді, жүрелеп отырып жүреді, шапшаң қарқынмен екі аяқпен жеңіл және еркін секіреді,музыканың ырғағын дәл береді;

- би сипатындағы музыканы эмоционалды түрде қабылдайды, қоршаған ортаның әсемдігін аңғарады;

- би, музыкалық -ырғақтық қимылдарды орындайды;

- хороводта үлкен шеңберге тұра алады;

- музыкалық ойыншықтар мен аспаптарды таниды.

 

ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

 

Сурет салу

Заттық сурет салу

Заттардың үлгі бойынша олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып сурет салуға үйрету.

Көлемі бойынша олардың арақатынасын ескеріп, заттар мен жануарлардың пішінін бейнелей білуді бекіту.

Сурет салудың техникалық дағдыларын жетілдіру. Суретте ашық және солғын түстерді пайдалану.

Мазмұнды сурет салу

Заттарды қағаз бетіне тұтастай орналастыра отырып, мазмұнды композиция салу, дағдыларын дамыту. Ағаштар мен жануарларды олардың ерекшеліктерін ескере отырып, салуға үйрету.

Сәндік сурет салу

Дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-өрнекті құрастыру, ұлттық ою-өрнектерді, қазақы ою-өрнектердің элементтерін пайдалану дағдыларын жетілдіру.

Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.

 

Күтілетін нәтижелер:

- сурет салу техникасын игерген;

- заттардың үлгі бойынша олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып салады;

- көлемі бойынша олардың арақатынасын ескеріп, заттар мен жануарлардың пішінін бейнелейді;

- суретте ашық және солғын түстерді пайдаланады;

- мазмұнды композицияның бейнесін салу дағдыларына ие;

- ерекшеліктерін ескере отырып, ағаштар мен жануарларды салады;

- дөңгелек және сопақша пішіндегі өрнектерді құрастырады;

- 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ауыстыруды ескеріп, қазақ оюларының элементтерін қолдана алады;

-қарапайым ұлттық өрнектерді құрастыру кезінде ашық түстерді қолданады;

-қоршаған ортаның әсемдігін эмоционалды қабылдайды.

 

Мүсіндеу

Мүсіндеу техникасын жетілдіру

Заттық мүсіндеу

Дағдыларды қалыптастыру:

- жануарлардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану;

- бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.

Мазмұнды мүсіндеу

Дағдыларды қалыптастыру:

- ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына мазмұндық композициялар құру;

- ұжымдық жұмыстарды орындау, міндеттемелерді өзара бөлісу;

- мүсіндеудің таныс тәсілдерін пайдалана отырып, сазбалшықтан, қамырдан, ермексаздан мусіндеу.

Сәндік мүсіндеу

Тұрмыстық заттарды мүсіндеуге қызығушылықты тәрбиелеу. Халық шеберлерінің еңбегі туралы білімін кеңейту, саздан жасалған халықтық бұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын бекіту. Жартылай пішінді алу үшін сазбалшықтың тұтас кесегінен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

- мүсіндеуде кескішті қолдануды игерген;

- жануарлардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдаланады;

- пропорцияны ескеріп, бірнеше бөліктерден тұратын элементтерді біріктіреді;

- ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына мазмұндық композициялар құрастырады;

- ұжымдық жұмысқа қатысады;

- тұрмыстық заттарды бейнелеуге қызығушылық танытады;

- халық шеберлерінің еңбектері туралы ұғымдарға ие;

- халықтық бұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын игерген, жартылай пішінді алу үшін сазбалшықты басу тәсілдеріне ие;

- қоршаған әлемнің әсемдігін эмоционалды қабылдайды.

 

Жапсыру

Жапсыру мазмұнын күрделі ете және әртүрлі бейнелерді жасау үшін мүмкіндіктерді кеңейте отырып оған қызығушылықты тәрбиелеу.

Заттық жапсыру

Дағдыларды бекіту:

- барынша күрделі заттар мен жануарлардың пішіндерін жапсыру дағдысын;

- қағаз бетінде бейнелерді құрастыру, одан кейін оларды желімдеу;

- қайшымен жұмыс;

- шаршы мен төртбұрышты екі бөлікке қию, жіңішке жолақтарды көлденеңінен қию.

Желіммен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.

Мазмұнды жапсыру

Дағдыларды қалыптастыру :

- ұжымдық мазмұнды композицияны құрастыру;

- заттарды қағаз бетіне тұтастай орналастыру;

- дөңгелектер мен сопақтарды қию;

- ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу.

Сәндік жапсыру

Дағдыларды қалыптастыру:

- ересектердің көмегімен қағаз бетінде дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-өрнекті құрастыру;

- элементтер реттілігін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып ұлттық ою-өрнекті пайдаланып, ұлттық ыдыстарды безендіру.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерімен таныстыру. Панно даярлау, сәндік композицияларды өз ойынша орындау дағдыларын қалыптастыру.

 

Күтілетін нәтижелер:

- қайшыны дұрыс ұстайды және оны пайдалана алады;

- бірнеше бөліктерден тұратын заттарды орналастырады және желімдейді;

- қазақ оюларының бөліктерінен, өсімдік және геометриялық пішіндерден өрнектер жасайды, оларды кезектестіріп ретімен желімдейді;

- ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады;

- арасындағы арақашықтықты сақтап, пішінін ескере отырып, ұлттық ою-өрнекті пайдаланып, ұлттық ыдыстарды безендіреді;

- панно даярлау туралы ұғымдарға ие, сәндік композицияларды өз ойынша орындайды;

- қоршаған ортаның әсемдігін эмоциямен қабылдайды;

- бейнелеу өнерінің түрлері: көркем сурет, мүсіндеу, халық өнері туралы түсініктерге ие.

Музыка

Музыка тыңдау

Музыкалық мәнерлеу құралдарын ажырату, музыкалық шығармаларды соңына дейін тыңдау, оларды тану, шығарманың бөлімдерін ажырата білу, музыканың сипатын анықтау, өз әсері туралы әңгімелеу.

Сипаты мен мазмұны жағынан алуан түрлі екі шығарманы эмоциялық тұрғыдан қабылдай және салыстыра білу.

Тыңдауды қимыл көрсету арқылы сүйемелдей отырып, музыкалық бейне мен қимыл тәжірибесінің арақатынасын анықтау.

Ән айту

Жеке және хормен ән айту дағдыларын, соза дыбыстауды, таза интонациялауды, бір қарқында ән айтуды дыбыстаудың бірдей күшімен ән айтуды жетілдіру. Әртүрлі сипаттағы әндерді орындау, дауыспен секіріс үлгісіндегі және төмендеуші әуен қарқынын бере білу.

Күш салмай ән айту, сөздер мен дыбыстарды таза және анық айту, музыкалық шығармадан кейін ән айту фразалар арасындағы тыныс алу, әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу, соңын мұқият әндетіп айту.

Музыкалық-ырғақты қозғалыстар

Би қозғалыстарын, ойындық музыкалық әрекеттерді орындауға тәрбиелеу.

Музыкалық бейне мен қозғалыс тәжірибесін сәйкестендіружаттығулары; қозғалыс бағытын өзгертіп адымдау, аяқты жоғары көтеріп жүгіру; әндердің қозғалыстық, көңілді сипатын қабылдау; мазмұны бойынша таныс әндерді сахналауға баулу.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау

Әртүрлі балалар музыкалық аспаптарын пайдаланып, таныс әндерді орындау.

Билер

Музыканың биге тән сипатын қабылдау; жеңіл қозғалу, ырғақты, қозғалу; жұппен би қимылдарын орындау; бидеойындық музыкалық қимылдарды қолдану.

Би қозғалыстарының, ойындар мен хороводтардың атауларын білу. Музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау; шеңбер бойымен хоровод жүргізу; қозғалысты өзгерту, шапшаңдық пен ептілік таныту. Музыканың көңілді, ойнақы сипатын ажырата білу, қол орамалды баяу бұлғау, әуен сүйемелдеуімен жұбымен жүру, көңілді билеу.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнай білу, әртүрлі музыкалық және шулы аспаптарда ересектің ойнағанын тыңдау.

Музыкалық аспаптарда қарапайым ырғақты суретті өздігінен орындау; шулы оркестрге қатысу; балалар музыкалық аспаптарын тану және атау.

Күтілетін нәтижелер:

- музыкаға эмоционалды түрде үн қатады, таныс шығармаларды таниды, ұнататындарын белгілейді;

- музыкалық шығармаларды мұқият тыңдай алады;

- әуені бойынша әндерді таниды, олардың мазмұны туралы баяндайды;

- әннің мәтініндегі дыбыстардың жоғарылығын ажыратады;

- әнді созып, сөздерін анық айтады, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды;

- әнді бірге бастап, бірге аяқтайды;

- музыканың сипатына сәйкес қимылдарды музыкалық шығарманың түріне сәйкес өздігінен ауыстыра отырып орындайды;

- таныс емес музыкамен оның негізгі көңіл-күйін бере отырып, қимылдайды;

- би қимылдарын, заттармен қимылдарды дәл және сүйіспеншілікпен орындайды;

- әндерді, билерді сахналайды;

- соқпалы аспаптарда ырғақты бейнелерді таза қайта жаңғыртады.

ЛЕУМЕТ» білім беру саласы

«Әлеумет» білім беру саласының базалық мазмұны

- қоршаған ортамен таныстыру;

- экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: жалпы адамзаттық құндылықтармен және ережелер негізінде жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

- ересектердің еңбегі, оның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы, жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде құрдастармен және ересектермен өзара қарым-қатынастары туралы білімдерін кеңейту;

- отансүйгіштік сезімдерін, әлемдік қауымдастыққа қатысты сезімдерін тәрбиелеу;

- өзінің еңбегіне, басқа адамдардың еңбегі мен оның нәтижелеріне құндылықты қатынасқа тәрбиелеу;

- құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

 

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ