Оршаған ортамен таныстыру. Баланың өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту

Бала, оның отбасы, үйі

Баланың өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау. Баланың туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету.

Балалардың отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді қарастыру, отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым- қатынастарын атау дағдыларын қалыптастыру.

Заттық әлем

Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білу біліктерін жетілдіру.

Білімдерін қалыптастыру:

- таныс емес заттардың қолданысы туралы;

- қоршаған ортадағы заттардың қолданысы, құрылысы, материалы арасындағы байланысы туралы;

- ұлттық киімді дайындау, әшекейлер туралы;

- жүк және жеңіл көлік түрлері туралы;

- жүктің сипаты және белгіленуі машинаның құрылысына тәуелділігі туралы;

- құрылыс мамандықтары және ересектердің еңбегі туралы;

- автомашинаның бөлшектерінің ерекшеліктері, құрылыстағы машиналардың қолданысы туралы білімдерін қалыптастыру.

Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Әртүрлі мамандықтағы адамдар туралы ұғымдарын кеңейту.

Балабақша қызметкерлері мен олардың еңбек әрекеттері жайлы білімдерін жетілдіру. Адамның тұратын үйі туралы білімдерін жетілдіру.

Балабақша, мектеп, ересектердің еңбектері туралы білімдерін жетілдіру.

Қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері , ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.

Біздің еліміздің қорғаны әскер туралы білімдерін қалыптастыру.

Қазақстан республикасының бас қаласы – Астана туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру.

Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу.

Мемлекеттік рәміздер туралы (Ту, Елтаңба, Әнұран) білімдерін қалыптастыру.Өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жолда жүру ережесі

Көлік түрлері, жол бөліктері,бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.

 

Күтілетін нәтижелер:

- өзі және өзінің жағдайы туралы әңгімелейді;

- отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым- қатынастарын атайды;

- жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атайды;

- таныс емес заттардың қолданысы туралы түсініктерді игерген;

- қоршаған ортадағы заттардың қолданысы, құрылысы, материалы арасындағы байланысты орнатады;

- ұлттық киімнің атрибуттарын және әшекейлерді ажыратады және атайды;

- көліктің түрлерін біледі;

- құрылыс мамандықтары және ересектердің еңбегі туралы түсініктерді игерген;

- адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете біледі;

- қалалардың атауларын, олардың көрікті жерлерін біледі;

- әскердің міндеті туралы түсініктерге ие;

- Қазақстан Республикасының астанасы туралы біледі;

- мемлекеттік мерекелерге қатысады;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет танытады;

- жол бөліктері, бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы біледі.

 

Экология негіздері

Өлі және тірі табиғат құбылыстары және заттары

Балалардың өлі табиғат объектілері - су, жер, ауа, күннің көзі туралы білімдерін бекіту.

Табиғат құбылыстары: жел, жаңбыр, тұман туралы түсініктерін кеңейту.

Табиғаттың маусымдық өзгерістері

Күзгі, қысқы табиғатты, олардың қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту.

Адамдардың күзгі, қысқы әрекеттеріне балалардың зейін аудару дағдыларын қалыптастыру.

Өсімдіктер әлемі

Көкөністер мен жемістерді ажыратып, атау дағдыларын жетілдіру.

Бөлме өсімдіктері, олардың ерекшеліктері туралы білімдерін жетілдіру. Бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау, өсімдіктердің өсіп-өнуі үшін қажетті жағдайлар туралы білімдерін қалыптастыру. Адамның табиғатқа деген қамқорлық қатынасының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.

Балалардың бөлме өсімдіктерін өсіріп,оларға күтім жасауға қызығушылықтарын және ынталарын тәрбиелеу. Оларға ұқыптылықпен және қамқорлықпен қарауға баулу.

Балабақша ауласындағы кейбір ағаштардың, бұталардың түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Ағаштардың бөліктерін тауып, атай білу дағдыларын бекіту.

Өсімдіктерге арналған белгілі жағдайлардың қажеттілігін түсіну дағдыларын қадыптастыру.

Жануарлар әлемі

Үй жануарлары және олардың төлдері; жабайы жануарлардың тіршілігі; табиғат бұрышын мекендеуші жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Тірі объектілерге күтім жасауға арналған құралдар және табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы білімдерін қалыптастыру.

Жабайы жануарлардың күз мезгіліндегі тіршілігі жайлы түсініктерін (сыртқы түрі, тіршілік ету ортасы, мекені, азығы, қысық дайындығы) кеңейту.

Үй және дала құстары туралы білімдерін кеңейту.

Қыстап қалатын және жыл құстары туралы білімдерін, оларды ажыратып, атай білулерін қалыптастыру.

Табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

-өлі табиғат объектілерін ажыратады және атайды;

-кейбір табиғат құбылыстарын, табиғаттағы және ауа райындағы маусымдық өзгерістерді ажыратады және атайды;

-4-5 ағаштардың түрлерін, бұталарды, шөптесін өсімдіктерді, гүлдерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, көкөністер мен жемістерді; үй және жабайы жануарларды атайды және ажыратады;

-өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым әдістерін біледі.

 

II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ