Негізгі қимыл түрлері

Бұрын үйретілген жаттығуларды қайталау, қимыл дағдыларын бекіту және жаттықтыру.

Жүру: Белгі бойынша бір қатармен бір-бірлеп, екінші жаққа бұрылу арқылы жүру; тізені жоғары көтере отырып секіргішпен аттау арқылы; доп арқылы бір жанымен; кегльдер арасында шашырай; 40 см қашықтықта қойылған жіптерден оң және сол аяқты алмастыра отырып аттау арқылы жүру.

Жүгіру: Заттарды аттап өтіп бір-бірден бір қатарда; тізені жоғары көтере отырып; бағытсыз ирелеңдеп, 2 мин дейін заттардың арасымен үздіксіз жүгіру; жылдамдыққа; кегльдер арасымен шашырай; жүрумен алмастыра отырып 100–120 м қашықтыққа; белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (ұзындығы 20 м) жүгіру; қырлы бөренелерден аттау арқылы орташа қарқынмен бір-бірлеп бір қатарда жүгіру; үш қатарға қайта сап түзеу арқылы (жолай кегльді алу); жылдамдатусыз бірнеше рет жүгірумен алмастыру арқылы жылдамдыққа; сап түзеу арқылы жылдамдыққа; ирелеңдеп жүгіру; қиылысқан жерлермен баяу жүгіру.

Секіру: Ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ыршып- ыршып, бір аяқтан екінші аяққа алға айналдыра отырып және қос аяқтап ыршып секіруді алмастырып алға, артқа секіру; бір орында және 6–8 м қашықтыққа алға қарай жылжу арқылы секіру; арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос аяқтап; екпінмен биіктікке; екпінмен ұзындыққа; бір орыннан ұзындыққа; қос аяқтап, аяқтың оң бүйірімен (3 рет), одан соң 180 градусқа бұрылып сол бүйірімен секіруді жалғастыру.

Лақтыру, қағып алу, домалату: 4 м арақашықтықтан қапшықты тік нысанаға иықтан асырып, оң және сол қолмен лақтыру; допты бір қолмен еденнен ыршытып, қос қолмен қағып алу, бір қолымен жоғары лақтырып, бір қолымен қағып алу.

Еңбектеу және өрмелеу. Құрсауларды айналдырып, олардың ішінен өту; орындықтан еңбектеп өтуді жүрумен алмастыру.

3–4 доғаның астынан еңбектеп өту; гимнастикалық қабырғаның басына дейін сатыдан аттамай бір және бірнеше тәсілмен өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төменге түсу; арқаға қапшық қойып төрт тағандап еңбектеу; қырынан қойылған сатының тақтайшалары арасынан еңбектеп өту.

Тепе-теңдік: арқан, арқан бойымен басына қапшықты қойып, бір жақ жанымен қырындап адымдап жүру; гимнастикалық орындық үстімен арақашықтығы баладан екі қадам қашықтықта қойылған толтырылған доптардан аттап жүру; бір-бірінің қолдарынан ұстап жұптасып айналу; көтеріңкі заттың үстімен жүру; көлденең және көлбеу бөрене бойымен жүру және жүгіру; «Қарлығаш» жаттығуын орындау.

Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Сап түзеу және сапқа қайта тұрудың бұрын игерілген әдістерін қайталау және жетілдіру. Жүру барысында жұптасып және қайтадан бір қатарға тұру; педагогтің тапсырмаларын орындай отырып, жүру және жүгіру кезінде сапта тұрып бір қатардан үш қатар құру; қимыл процесінде жұптасу және қайтадан бір қатарға тұру; саптағы бір қатардан үш, төрт қатарға қайта сап түзеп тұру.

Музыкалық-ырғақты жаттығулар. Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Түзу бағытта шоқырақтап жүру. Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу. Жұптасып үйлесумен және айырылу арқылы сапқа қайта тұру. Басты екі жаққа еңкейту, «серіппелі» отырып-тұру арқылы қосалқы қадам басу, қолдың қимылдары бірге жасалады.

Жалпы дамытушы жаттығулар

Қолға арналған жаттығулар. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басынан асыра қайта қою. Қолды алда шапалақтау және арқа артына қою. Қолдың білектерін айналдыру. Қолдың саусақтарын жазып, жұму.

Кеудеге арналған жаттығулар. Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа бұрылып затты алу. Шалқасынан жерде жатып, аяқты жоғары көтеру, велосипед тепкендей аяқты қимылдату. Тізерлеп отырған қалыптан оң және сол аяққа кезекпен салмақ түсіре отыру. Етпетінен жатып аяқты бүгу, қайта жазу (алдымен бір аяғын, содан соң екі аяғын бірге). Шалқасынан жату, етпетіне ауысу. Етпетімен жатып қолды жан-жаққа созу, иығын бүгу және аздап жоғары көтеру.

Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың басын таяққа, арқанға тірей отырып, өкшемен бір жағымен қырындап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6–8 см) табанның ортасын тірей отырып, бір қырындап жылжу. Табанды бүгу, түзулеу, айналдыру.

Дене күшін арттыратын жаттығулар. 6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).

Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар. Екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (7–10 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (7–10 рет).

Арқаға арналған жаттығулар: топтасып отырған күйі алға, артқа «әткеншек» жасап домалау (7–10 рет), 5 метрге дейін қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу.

Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау. Шанамен төмен сырғанау кезінде тежеу. Бір- бірін сырғанату. Шанамен төбешікке көтерілу.

Сырғанау. Сырғанау кезінде тапсырмалар орындау.

Шаңғымен жүру. Тікелей, шырша адымдармен төбешікке шығу. Еңкейіп төмен түсу. Шаңғыны өздігімен алу, орнына қою, кию, шешу, қолтығының астында алып жүру.

Велосипед және самокат тебу. Оң және сол аяқпен итеріліп, самокат тебу.

Жүзу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасынан екі аяқтап күшпен алға ұмтылу жаттығуын жасау. Шалқасынан және кеудесімен сырғанау, суға дем шығару. Баланың өзіне ыңғайлы кез- келген тәсілмен жүзу.

Судағы аэробика. Бұрылыстар, секірулер жасай отырып судағы қимылдар, ернеуде тұрып, басқа да жалпы дамытушы жаттығуларды жасау.

Спорттық ойын элементтері

Қалашықтар. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып, таяқты бір қырындап лақтыру.

3–4 пішінді білу. Қалашықты (2–3 м) және (5–6 м) аралықтан таяқ лақтырып құлату.

Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты лақтыру. Ойынды командамен үйрену.

Бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып қағып лақтыру. Тәрбиешімен жұптасып ойнау.

Футбол. Жұптасып тұрып, допты аяқпен бір-біріне домалату, аяқпен қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу.

Хоккей. Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне сырғанату.

Дербес қимыл белсенділігі

Балалардың қимылды ойындарды дербес ұйымдастыруына жағдай жасау, игерген қимыл дағдыларын серуенде жетілдіру. Серуен өткізілетін орынды дұрыс жабдықтау.

Қыс мезгілінде мұзды жолдармен сырғанауға, шаңғымен жүруге, хоккей ойындарына, шанамен сырғанауға, көктем, жаз мезгілдерінде велосипед тебуге, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарына жағдай жасау.

Айына 1 рет сауық-кеш, денешынықтыру мерекелері жылына - 2рет, қыста және жазда ұйымдастырылады.

Шынықтыру және сауықтыру жұмысы

Балаларды ауа райына байланысты киіндіріп, күнделікті жеткілікті шамада таза ауада болуды ұйымдастыру.

Балаларда қарапайым су процедураларын жүргізудің дербес дағдыларын бекіту.Жергілікті процедуралардың температурасын біртіндеп төмендету.

Қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну.Балалардың денсаулықтарын ескере отырып, шынықтыру шараларына біртіндеп үйрету.

Ертеңгілік гимнастиканы (10-12 минут) орындауға қызығушылықтарын ояту, дене бітімін және аяқ өкшелерінің нығаюын қалыптастыру.

 

Күтілетін нәтижелер:

- қозғалыс дағдыларын және негізгі қимылдарды орындау техникасын меңгерген;

- дұрыс дене бітімін қалыптастыруға ықпал ететін таңертеңгі гимнастикалық жаттығулар кешенін орындайды;

- балалар тобымен қозғалыс ойындарын ұйымдастыру дағдыларын меңгерген;

- төбеден түскен кезде тежейді;

- шаңғымен «шырша» адымында жүре алады, төбеге көтеріледі және одан түседі, самокат тебеді, еркін жүзеді;

- спорттық ойындардың элементтерін, спортық жаттығулардың дағдыларын меңгерген;

- дербес әрекетте спорттық құрал-саймандарды қолдана алады;

- шынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін біледі;

- шараларды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін саналы орындайды;

таңертеңгі гимнастиканы орындауға қызығушылық танытады;

- дене бітімін дұрыс қалыптастыру мен аяқ табанын нығайтуға арналған жаттығуларды орындау дағдыларын меңгерген;

- негізгі қимылдарды орындауда шығармашылық танытады.