Келтірілген екі дерек бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ

Мазмұны

 

Алғы сөз

 

 

Алғы сөз

 

Құрметті студенттер! Ұсынылып отырған Қазақстан тарихы оқу - әдістемелік нұсқауы сіздердің өздік жұмыстарыңызға арналған. Бүгінгі таңда студенттердің өздік жұмына көп көңіл бөлініп отыр.

Аталмыш оқу әдістемелік нұсқауы ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтыған. Қазақстан тарихын оқытудың нәтижесі тек құрғақ тарихи дәлел, жаттанды түсінік ұғымдар арқылы білімдерін жетілдірумен шектелмейді, сонымен қатар студенттерді практикалық ойлауға, теориялық сұрақтарды өздігімен орындауға жетелейтін нақты қойылған міндеттердің жемісі болуы қажет.

Осы орайда дәрістен алған теориялық білімдеріңізді машықтыруға арналған тапсырмалар түрлерін ұсынып отырмыз.

 

 

1. Блок. Ерте замандағы Қазақстан.

 

Тақырыб №1 Қазақстан территориясындағы тас дәуірі.

 

1-тапсырма. Сызбаны аяқтаңыз

Көне тас дәуірінде-гі Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдар-дың Отаны
 

2-тапсырма. Көне тас дәуірінің үш кезеңінен табылған тастан жасалған құрал – жабдықтарға зер салып қарасақ, алғашқы адамдардың өміріндегі жаңалықтарды байқаймыз. Тастан жасалған құралдар сан – сапасы, түрі (қырғыш, пышақ, соққы, қашау, тескіш т.б) жағынан дамып отырған. Бұдан байқалатыны: ____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

3-тапсырма. Қоныстардан, молалардан табылған бұйымдар адам баласының өмірінде жаңа тас дәуірінің кезінде үлкен өзгерістердің болғандығын байқатады:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Қоғамдық құрылыстың көрінісі ____________________________________________________________

 

______________________________________________________

 

1 -тапсырма

Сызбаны толтырыңыз

Территория Жетысу Арал теңізі Мургаб теңізі Орталық Қазақстан Ссолтүстік Қазақстан Шығыс Қазақстан Өңтүстік Қазақстан Батыс Қазақстан
Сак тайпалары                
Қогам құрұлымы  
Шаруашылық    
Мәдиниет    
Деректер    
Сыртқы саясаты  

 

 

2-тапсырма. Тұтыну бұйымдардың ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті қыш ыдыстары кездеседі. Олар формасы жағынан алуан түрлі. Тамақ ішуге керекті түрлі аяқ – табақ, тосағандар болса, азық – түлік сақтайтын, су таситын, айран, сүт сақтайтын түрлері де бар. Тұрақты мекен – жайлардан, қорымдардан алынған ыдыстар жасалу жағынан да, түрі жағынан да бір – біріне ұқсас. Үйсін шеберлері қыштан ыдыс жасаудың екі түрлі тәсілін білген:

 

Біріншісі, ____________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________

 

Екіншісі, ____________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

3-тапсырма.Б.з.б. ІІ ғасырда Жетісуды Орта Азиядан келген үйсіндер мекендеді. Қазақстан жеріндегі үйсін қорғандары үш топқа бөлінеді:

Қорғандардың үш тобы

 


 

 

 


4-тапсырма. Ғұн тайпаларының Шығыстан Батысқа қарай жылжуы б.з.б.І ғ. басталып, б.з. ІV ғ. дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұн тайпаларында ғана болған жоқ, басқа да ірі тайпалармен жаңа құрыла бастаған халықтардың жылжуына да әсерін тигізген. Бұл тарих сахнасында «халықтардың ұлы қоныс аудару» кезі деп белгілі. Қоныс аударудың екі бағытын көрсетіңіз:

1-бағыт ___________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-бағыт ___________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

ІІІ Бөлім

Азақстан орта ғасырда

І тарау

Орта ғасырлық мемлекеттер. Көне түркі дәуірі

 

12-тапсырма. Түркі қағанаты мен Түркеш қағанатының саяси жағдайы. Сәйкестікті табыңыз.

 

Жылдар Тарихи оқиғалар
751ж. Бумын қаған титулына ие болды
551ж. Түрік қағанатының Батыс және Шығыс қағанаттарына бөлінуі
704-756 жж. Түріктердің эфталиттермен соғысы.
567 ж. Қарлұқ қағанатының өмір сүруі
582-603 ж. Түркеш қағанатының өмір сүруі
563-567 жж. Талас шайқасы
756-940 Маниахтың Константинопольдегі келіссөздері

 

13-тапсырма.Үзіндідегі түркі халқының табынатын қасиетті күштері, негізін салушылары жөніндегі көзқарасыңыз. Шығыс философиясындағы аспанмен байланыс. «Тәңірлік».

Күлтегін батыр туралы (732 ж. жазылған)

«.... жоғарда Көк Тәңірі, төменде қара жер жарылғанда екі арасында кісі оғылы жарылған екен. Кісі оғылымы үстінен (билік жүргізуге) менің арғы бабаларым Бумын қаған, Естеми қаған (таққа) отырған екен. (Таққа) отырып, түркі халқының мемлекетін ұстап, үкім – билігін жүргізуге берген екен, (оны) көркейте берген екен...»

 

Ғ.Айдаров//Орхон ескерткіштерінің

текісі. Алматы, 1990 ж. 56 б.

 

14-тапсырма.Келесі терминдердің мағынасын ашыңыз және нақты мысалдармен түсіндіріңіз.

-Көк тәңірі

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­-Иқта

-Қаған

-Тотем

-Жабғу

-Он оқ будун

-Мұсылмандық Ренессанс

-Елтебер

 

 

Тапсырма.

Ұлы Жібек Жолының табылуы__________________________ есімімен байланысты,

пайда болу және қызметінің тоқталу уақыты______________________

16-тапсырма.Сызбаны таратыңыз.

 

  Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары

17-тапсырма. Наймандар мен кереиттер ұлыстары

 

1. Наймандар ұлысы

Әлеуметтік-саяси

дамуы, территориясы,

этникалық құрамы.

2. Кереиттер ұлысы

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

18-тапсырма.Білгеніңізді ортаға салыңыз.

 

Жазба деректер ІХ ғ. қарлұқ қоғамының экономикалық жағынан дамығандығын көрсетеді. Әсіресе, Жетісу және Оңтүстік Қазақстан жерінде қарлұқ тайпаларының Тараз, Талхир, Испиджап, Отырар сияқты белгілі қалаларда және олардың аймағында отырықшылана түсуі олардың жер шаруашылығымен айналысып, қолөнер кәсібінің өркендей түскендігі белгілі болған.

Қарлұқ қағанатының алып жатқан жерінің өзі ертеден белгілі атақты Жібек Жолының бойы. Атақты сауда бойының орталықтары болған Алматы, Талғар, Құлан, Суяб, Испиджаб қалалары қағандықтың экономикасының дамуына тікелей әсерін тигізген. Бұл кезде Талас өзенінің бойында және Іле аңғарында қалалық өмір дамып, онда қарлұқ тайпаларының отырықшы елге айналғандығын естен шығармау керек. Сұрақ: Қарлұқ қағанатының экономикалық дамуының алғы шарттары қандай болды?

________________________________________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________

Блиц сұрақтар:

Батыс Түрік қағанатының билік еткен уақыты -

Қарлұқтардың тайпа көсемі -

Оғыздардың территориясы -

Қимақтардың ыдырау себебі -

Қарахандардың саяси құрлысы -

Мұсылмандық Ренессанс өкілдері -

 

19-тапсырма.Қазақстандағы ислам дінің таралу жолдары:

1.

2.

 

20-тапсырма. Мұсылмандықтың шарты Ахмед Яссауи еңбектерінде қалай түсіндіріледі? Ахмет Яссауидің дінге деген көзқарасын білдіретін шығармаларын ата.

Сопы ойлау оңай ма?»

«... Шариғатта он мақам бұл түр:

Бірінші, иман келтірмек. Алла тағаланың бірлігіне және

Барлығына және сиаптына және затына.

Екінші, намаз оқымақ.

Үшінші, ораза тұтпақ.

Төртінші, зекет бермек.

Бесінші, қажыға тәуап қылмақ.

Алтыншы, жылы сөйлемек.

Жетінші ғылым үйренбек.

Сегізінші, қазіреті Расул сали Аллаһи тағала Әллхи уассаламның сүндеттерін орынға келтірмек.

Оныншы, нәһи – мәңкүр қылмақ (білмегендерге үйретпек)».

 

«Қарқалы» журналы №3. 1914 ж. Ауд. С.Итенов.

Қожа Ахмет Яссауи // Хикметтер. Алматы, 1995.

 

Ахмет Яссауи қандай төрт нәрсеге көңіл бөледі?

 

Шариғат ___________________________________________________________

Тарихат ___________________________________________________________

Хақиқат ___________________________________________________________

Мағрифат ___________________________________________________________

 

 

21-тапсырма.Қарахандардың мемлекеттік құрылысын сызыңыз.

 

 

 

22 тапсырма.Кестені толтырыңыз.

 

№   Мемлекеттер Этникалық құрамы Саяси құрамы Сыртқы саясаты
  Түрік қағанаты      
  Батыс Түрік қағанаты      
Түркеш қағанаты      
         
         
         
         
         
         

ІІ тарау

Алтын орда дәуірі (ХІІІ – ХV ғ.орт.)

23-тапсырма.Алтын Орда алғашында «Жошы ұлысы» кейін «Бату, Береке ұлыстары» деп аталады. Шыңғысхан балаларына бөліп берген ұлыстардың территориясын көрсетіңіз.

 

Жошы ұлысы Шағатай Үгедей
       

 

24-тапсырма.Алтын Орда мемлекетінің саяси құрылысы.

 

 

 

Әскери өкілдер

Топ өкілдері

 

 

Мемлекет басында кімдер тұрды. Сызба ретінде көрсетіңіз.

 

25-тапсырма.«Жаза - жасақ» Шыңғысхан заңы.

І. Шыңғысхан бұдан әрі айтады: менің өсиетімді тыңдауға жылдың басы мен аяғында келген түмен, мың, жүз басы бектері еліне қайтарда әскерін басқаруға рұқсат, ал енді өз жұрттарында отырып, біздің алдымызға келмегендер үлкен суға түскен тас, қалың қамысқа түсіп жоғалып кетекен оқ сияқты. Ондай адамдар бола алмайды.

ІІ. Әркім, өзінің от басын дұрыс бастаса, өз иелігін де анық жолмен жетелейді; 10 адамды жақсылап басқарған, орналастырған әркімге 1000 немесе түменді сеніп тапсыруға болады.

ІІІ. Әркім өзінің ішін таза ұстаса, өз иелігінен ұрыны тия алады.

ІV. Шөлге шыдамсыз, ашқарақ адамға әскер басқаруға болмайды; жолға есеппен шығатын, әскерін аштық пен шөлден, төрт аяқтысын арықтаудан сақтайтын басшы дұрыс.

V. Егер де біздің рудан біреу «Жазаны» бір рет бұзса, оған ақыл айту керек, егер тағы қайталаса ұрысқан жөн, үшінші рет бұзса, Балджун – Құлжыр сияқты алыс жерге жіберу керек; ол жерден түзеліп келеді. Егер жөнделмесе кісен салып, отырғыз. Оған жөнделсе жақсы, ал жөнделмесе ру болып ақылдасқан жөн.

 

Я.И.Гурленд.//Степное законодательство

с древнейших времен по ХVІІ столетие.

Казань. 1904, 67 – 68 б.

 

Ереженің рөлі қандай болған? Шыңғысхан әскеріндегі тәртіп күші немен ерекшеленді? Шыңғысхан мемлекетінің қалыптасуына әскердің қандай орны болды?

 

26-тапсырма.Татарлардың үй – жайлары туралы.

«Олардың еш жерде тұрақты туыстары жоқ, болашақта қайдан табатынын білмейді. Олар Дунайдан бастап күннің шығысына дейінгі алапқа жайылған Скифианы өзара бөліп алған; әр бек өзінің қол астындағы елдің санына қарай өз жайылымдарының шекарасын, сонымен қатар, өз малдарын қыста, жазда, күз және көктемде қайда барғанын біледі....». Өздерінің ұйықтайтын үйлерін талдан тоқылған дөңгелекті арбаның үстіне қояды; жоғары қарай талдар шаңырақ болып, одан әрі пештің тұрбасындай көтеріліп тұрады; олар осындай үйді кең жасайтыны сондай, кейде ені 30 футқа жетеді. Бірде күйменің екі доңғалағының арасын өлшеп едім: 20 фут болды, ал үстіндегі үй екі жағынан 5 футтан шығып тұрады. Осындай күймені 22 өгіз тартатыны мәлім. Күйменің кіндігі (осі) корабльдің маягындай, айдаушы үйдің алдында күйменің үстінде тұрады.

....бір бай мұңғыл немесе татар осындай күймемен сандықтардың 100, 200-іне ие болады. Батудың 26 әйелі бар; бай мұғылдың ауылы үлкен қаладан кем емес, тек онда еркектер аз. Әлсіз деген әйел 20-30 күймен бір – біріне іркестіріп басқара береді. Өткелден бір – бірлеп өткізеді... Жерлері тегіс.

 

1.Фут – 304.8 мм

2.Татар – Алтын Орданың негізгі халқы, түрік қыпшақты.

 

Гильом де Рубрук. //Путешествие в восточные страны. А, 1993.

79 – 82 б.

 

Келтірілген дерекке тарихи сипаттама беріңіз.

27-тапсырма.Алтын Орданың хандары.

 

Жылдары Хан Ішкі саясаты Сыртқы саясаты
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

 

Алтын Орданың ыдырауына әсер етуші факторларды көрсетіңіз.

 

28-тапсырма.Алтын Ордаға жиі жорық жасаған Ақсақ Темір туралы не білесіз?

29-тапсырма. Ноғай ордасының тарихы.

 

Этникалық құрамы
Ноғай Ордасының құрылуы
1. Қай мемлекеттің ыдырауына байланысты
Негізін салушы
Орталығы

30-тапсырма.Ноғай ордасының қоғамдық құрылысы.

Ұлыс билеушісі
Жоғарғы сатыда кімдер тұрады?
Төменгі сатыда кімдер тұрады?  

31-тапсырма.ХІІІ – ХІҮ ғғ. сауда қатынасын көрсетіңіз.

1. ________________________________

Сауда қатынасының дамуын қандай белгілер дәлелдейді    

2. ________________________________

3. ________________________________

4. ________________________________

5. ________________________________

6. ________________________________

 

 

32-тапсырма. Кестені толтырыңыз.

 

Мемлекет атауы Территориясы, астанасы Өмір сүру уақыты Этникалық құрамы Саясаты
Ақ Орда        
Моғолстан        
Сібір хандығы        
Әбілқайыр хандығы        

 

33-тапсырма.Ақ Орданың саяси тарихы үш кезеңге бөлінеді:

 

І кезең   ІІ кезең ІІІ кезең
     

 

 

34-тапсырма.Сызбаны толтырыңыз.

 

Моғолстан және Әмір Темір

Моғолстан ХІV ортасы – ХVІғ. басы Шағатай ұлысы ыдыраған соң құрылған. Моғолстанның саяси тарихы?

 

Моғолстан мемлекетінің одақтастары  

 

 

Моғолстан және ойраттар  

 

 

Моғолстанның ішкі саяси құрылысы  

 

 

35-тапсырма.Алтын Орданың ыдырауынан кейін пайда болған мемлекеттер:

 

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

36-тапсырма.Кестені толтырыңыз.

 

1428-1468 ж. - ?
«Көшпелі өзбек мемлекеті» - Әбілхқайыр мемелекетінің тарихындағы оқиғалар?
1446 ж.-?
1457 ж. - ?

 


37-тапсырма. «92 баулы өзбек» (қыпшақ) этникалық құрамы.

 

Тоқсан баулы айтайын тор өзбекті,

Заманында мал біткен зор өзбекті.

Пайғамбардың батасы тиген дейді,

Соның үшін байыған сол өзбекті.

Өзбексіз ел барма тамам елде,

Өзбектің өскені осы елде.

«Тоқсан баулы» өзбек айрылыпты,

Табанының моласы деген жерде.

 

Нұржан Науашбаев //Манзумат Қазақия. Қазан. 1907ж. 5б.

 

«Көшпелі өзбек» - аталған елдің құрамына енген негізгі этникалық компоненттері: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңырат т.б. рулар. Олардың бір-бірінен айырмасы аз, тұрмыс қалпында ерекше айырмашылықтар болмаған. «Тоқсан екі баулының ішінде түріктің басты-басты рулары бар. Көшушілердің жалпы саны 300 мыңдай», - деп болжайды Т. Сұлтанов.

 

Т. Сұлтанов //Кочевые племена

Приаралья в ХV-ХVІІ вв. М., 82. 210 б.

 

Келтірілген екі дерек бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Тоқсан баулы өзбек» немесе «Көшпелі өзбек» құрамы және қай ұлыстың құрамында болды.

2. «Таңбалы тас» - «Көшпелі өзбек мемлекетінің» өзбек – қазақ болып қоштасқан жер деп неге аталды? Қазақстанның қай территориясында орналасқан? «Таңбалы тастың» этносаяси тарихқа қатынасы қандай?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ІІІ тарау

Қазақ хандығы (ХV ғ. – ХVІІІ ғ. ортасы)

38-тапсырма. Алаша хан туралы аңыздардағы этно- саяси тарихқа байланысты деректер.

Алапес баланың өмірге келуіне байланысты:

Қ. Халид шежіресінде бұл әңгіме: «бір ханның ұлы алапес деген түстен ақтаңдақ болғаны үшін қасына жүз кісі қосып, қаладан шығарып жіберген» - деп басталады.

 

Құрбанғали Халид // Тауарих Хамса.

А., 1992 ж. 56-57 б.

 

Хан болуы:

М.Ж.Көпеев шежіресінде: Алапес бала: «Тобылғыдан жақ қылып, жүзгеннен оқ қылып, көзіне көрінгенді қорек қылып, ішіп-жеп құралайды көзінен өткізген мерген болыпты» - дей келе, дәл он екі жасында аң аулап жүрген Майқы бидің баласы Үйсінге жолығады. Ол әкесіне келіп айтады. Майқы би оны сәтті күні туған бала екенсің, жеріне жетпей жүр екенсің деп үйіне келіп, елді жинап, ала бие сойдырып батасын береді. Мына баланы жебе қылып бастарына шаншыңдар шылып қылып беттеріңе ұстаңдар, ту қылып төбелеріңе көтеріңдер. Қаратаудан әрман асыңдар, Шу мен Сарысуды көктей өтіңдер. Ұлытау, Кішітау деген таулар бар............. күндердің күнінде осы бала хан болады. ...Енді біз ел болғанымызды, жұрт болғанымызды көзіне түсірейік деп, баяғы алал баланы алашаға салып, Ұлытаудың басына алашымен көтеріліп шығып, хан көтереді- деп жазады.

Оған Алаша хан деп ат қояды. «Алаш алаш болғанда, үйіміз ағаш, ұранымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік» - деп айтылған сөз содан қалады.

М.Ж.Көпеев. //Қазақ шежіресі

А., 1993 ж. 60 б.

 

Алаш хан туралы, аңыздар неге ұзақ сақталады, неге қазақ өзін алаш еліміз деп айтады? Алаш хан күнбезі туралы не білесіз? Оның салыну уақыты?

Алаш хан мырзаның археологиялық зерттеулер негізінде табылған таңбалар, соның ішінде төре тұқымының таңбасымен бірге, арғын тайпасының да таңбасы кездесуі нені дәлелдейді?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

39-тапсырма.Қасым хан туралы жазба деректер.

Ортағасырлық тарихшылар Қасымның өз заманында ақылмен ел билеуде аса беделді болғаны жөнінде көп жазады. Мәселен, «Қазір бүкіл Дешті – Қыпшақ билігі Қасым ханға көшкен» - деп Махмұд пен Уәли Қасым ханның көрегендігі, саясаткерлігін көрсетсе, «Жошы ханнан кейін атақ пен даңқты Қасым хан иеленді» - дей келе М.Х.Дулати, тіпті оның халқының саны «миллионнан асқанын» дерек етеді.

Материалы по истории казахских ханств ХV – ХVІІ вв. А., 1969, 222-320 б.

 

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының территориялық жағынан кеңеюі. Мауераннахр билеушілерімен күрес. Моғолстанмен саяси қатынасын түсіндіріңіз ____________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

40-тапсырма.«Қасым ханның қасқа жолы».

Өзінің мазмұны жағынан бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери демократия арасына барып тірелді. ХV ғ. соңы-ХVІ ғ. басында Бұқардың ишан-қазылары қазақ өлкесінде діни үгіт таратып, ежелгі жарғы заңын қалдырыңдар, ол көкке табынатын дінсіздіктің ісі, оның орнына шариғат қағидасына ауысыңдар. Айт бергенде көк соқсын деп құранды бастарына көтеріңдер деп үгіттейді.

Қасым хан шариғатты бүтіндей қалдырып, халықтың тілегіне жаңа әрі ерте заманнан оларға түсінікті ежелгі «жарғы» заңын жаңадан күшейтеді

Бұл заңға кірген ережелерді толтырыңыз.

 

1. Мүлік заңы-_______________________________________________________

2. Қылмыс заңы- _______________________________________________________

3. Әскери заң- _______________________________________________________

4. Елшілік жоралары- _______________________________________________________

5. Жұртшылық заңы- _______________________________________________________

 

41-тапсырма.ХVІ ғ. 50-70 ж.. Хақ Назар тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатындағы негізгі бағыттар:

 

1. Ноғай Ордасы

 

2. Әбілқайыр хандығы

 

 

3. Сібір хандығы

 

4. Мәскеу мемлекті

 

Қазақ Ордасының сыртқы саясаттағы қарым-қатынастарын анықтаңыз. ХVІ ғ. ІІ жартысын қандай кезең деп айтуға болады?

 

42-тапсырма.Үш жүздің шығуы тарихынан.

Тарихи мәліметтер бойынша Үш жүздің ішінен саны жағынан салмағы артық Орта жүздің қалыптасуы Қасым хан заманында жүзеге асады. Қазақ хандығы Қасым тұсында ата қоныс мекені Ұлытау жерін мекендеді. Халық саны 1 миллионға жетті. Ал, Хақ Назар хан билік еткен Қазақ Ордасының территориясында Кіші жүз одағы қалыптасады.

Үш жүздің басына берілген сипаттама:

 

«Ұлы жүзді қауға бер де, малға қой,

Орта жүзді, қамшы бер де, дауға қой

Кіші жүзді найза берде, жауға қой».

(мақал)

«Жүз» ұғымының мағынасын және этникалық құрамын ажыратыңыз. Үш жүздің қалыптасуы қай уақытты шамалайды?

Үш жүздік құрылымның қалыптасуы генеологиялық туысу, этникалық бірлестікке қосылу жүйесі екенін түсіндіріңіз.

 

43-тапсырма.Қазақ хандары және Орта Азия.

 

Қазақ хандары   Байланыс түрлері Қай елмен
Шығай хан      
Тәуекел хан      

Кесте арқылы Қазақ Ордасының көрші елдермен байланысы жөнінде мәліметтер келтіре отырып айтыңыз.

 

44-тапсырма.Қос билік.

Тарихи мәліметтер бойынша Есім мен Тұрсын ханның бір мезгілде Қазақ Ордасында билік құрғаны анық. Ресей деректерінде Тұрсын хан тұсында қазақ билігі Ташкент, Түркістан, Бұхар хандығымен арадағы соғыстар кезінде Сауран, Әндіжан қалаларына жүргенін жазады. Сонымен қатар өзін Ташкентте хан етіп жариялап, соның белгісі ретінде өзінің теңгесін соқтырып, елден баж, хараж салықтарын жинаған.

Зерттеушілер Ташкенттегі жұртымен Түркістандағы Қазақ хандығында бір кезде қос биліктің болуын тарихи факт деп жазды. 1624 ж. Тұрсын Мұхамед пен Есім хан бірігіп, Әндіжандағы қайтару мақсатымен соғыс бастағандары жөнінде мәліметтер кездестіреміз. ХVІІ ғ. қазақ елінің саяси тіршілігіндегі қарым – қатынастар ант беру, серттесу арқылы шешіліп отырған. Осындай анттың бірі Есім хан мен Тұрсын сұлтанның арасында болған келісімі. Мәшһүр Жүсіп шежіресінде «Еңсегей бойлы Ер Есім Түркістанда қазақ ханы болып тұрған күнде, Ташкентте Тұрсын қатаң деген жұртты билеп тұрды. Тұрсын хан ант етісіп, Есіммен бата қылысты, бір- бірімен жау болмасқа Күнбатыс Бұхар, Қоқан, Самарқанмен жауласуға мен қарсы тұрайын. Сен күншығысқа қосын қылып аттан. Ұзын аққан Ертіс суының басынан кір, аяғынан шық» деген соң, мың кісі қосын алып Күншығысқа бет қой деп анттасып, келіскендері жөнінде жазады.

М.Ж.Көпеев. //Таңдамалы. Екі томдық.

А., 1992, Т. 2. 147 б.

Есім мен Тұрсын арасындағы анттасу немен аяқталды? «Қатағанның хан Тұрсын, кім арамды ант ұрсын» - деген мақалдың мағынасы.

 

45-тапсырма. «Ант беру» дәстүрі.

Қазақ халқының саяси және қоғамдық тарихында кездесетін дәстүрлердің бірі - «ант беру». XV-XIX ғасырлар аралығында пайда болған көптеген құжаттар мен қазақ шежіресі мазмұнында «ант беру» дәстүрі жан- жақты баяндалды. Қазақ көшпенділерінің ішкі қоғамдық өмірінде бұл дәстүр негізгі реттегіш қызметін атқарады. Мысалы, XIX ғ. соңында қазақ халқының әдет-ғұрпы заңдары жөнінде жазған В.К.Фон-Герн өзінің зерттеулеріне және өзіне дейінгі ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып: «Самая светлая сторона казахского народного суда - это постоянное обращение его и совести тежущихся лиц и двух примерения ... сам процесс принятия присяги называется «ант беру», т.е.дать клятву, или более употребительно «жан беру», что означает «отдавать душу». Такое значения присяги наводит на мысль: принявший присягу считается как бы покончивчим со своей жизнью»,- дейді.

В.К.Фон-Герн. // Характер и нравы казахов. 10 б.

 

«Ант беру» арқылы шешілген XVII ғ. Қазақ елінің саяси тіршілігі жөнінде айтыңыз. Осы мәселе бойынша қазақ ішінде сақталған қандай мақалаларды білесің?

 

46-тапсырма.«Жеті жарғыдан» үзінді.

«Бірінші орынды кек заңы алады: қанға қан, зақымға зақым, ұрлық, тонау, зорлық өлім жазасына кесіледі. Осы ережелерге сәйкес, өлген адамдардың туыстары қылмыскерді өлтіруге қақылы, ал қолын, аяғын, құлағын, т.б. мүшелерін зақымдаса (шапса) сол мүшесінен айрылуы керек. Дегенмен, билердің шешімі немесе даугер жақтың келісімі бойынша қылмыс үшін кесілетін келісімді ақыны төлеп, жазаны жеңілдетуге болады.

Қылмыскер құн төлеп өзінің жанын сақтап қала алады, яғни әр өлген еркек үшін 1000, ал әр әйел үшін 500 қой төлесе зақым келтірген немесе біреудің бір мүшесін шауып тастаған адам тиісті жазасына сәйкес белгілі мал санын төлейді. Мысалы, үлкен басбармақ үшін – 100 қой, шынашақ үшін - 20 қой және тағы сондай.

.... Ата-анасына тіл тигізген немесе қол көтерген ұлды қара сиырға теріс мінгізіп, мойнына ескі қара кигізді байлап, жаңағы сиырды ауылдарды аралатып жүргізіп, оның үстіне отырғанды қамшымен ұрады: ал қыздың аяқ қолын байлап, не істесең оны істе деп анасына береді.

А.И.Левшин.//Описание киргиз-

казачьих или киргиз- кайсацких

орд и степей. Ч.Ш.СПб.1832.

170-178 б.

 

“Жеті- жарғы” заңы қайда және қашан қабылданды? Заңның XVIII ғ. Қазақ хандығының қоғамдық-саяси өмірінде атқарған қызметі.

Үш жүздің билерін атаңыз. Жалпы “Жарғы” сөзінің мағынасы қандай?

 

47-тапсырма.Мұхаммед Хайдар Дулати.

Мұхаммед Хайдар ұлы жүз дулаттарынан тарайды. Ш.Уәлихановтың жазуынша, Мұхаммед Хайдар Дулат руының Болашы бидің ұрпағы. Дулат руы ол кезде атақты рулардан болып, Қашқар хандары әйелді осы рудан алатын болған. Мұхаммед Хайдар халық ортасында көбінесе Мырза Хайдар деген атпен даңқты болған. Оған қосымша лақабы Көреген, Мырза, Хайдар. “Көреген”-ескі монғол-түрік тілдерінде күйеу деген сөз. Орта ғасырларда хан қызын алып, ел басқарған би-батырларға “көреген” деген лақап беретін болған. Мағынасы ел басқаратын ханның күйеуі. Бұл лақапты Хайдардың әкесі Хұсайн да, Әмір-Темір де, тағы басқалары да тағынған. Лақап атынан басқа, жазған кітаптарында Хайдар өзінің қай рудан екенін білдіру үшін ресми атын Мұхаммед Хайдар Дулати деп жазған. Мұхаммед Хайдар Қашқар уәлияты (Моғолстан) мен Қазақстан туралы жазған тарихи кітабын Шағатай ұрпағы, Есенбұқа мен Тұғлық-Темір тұқымы, Жүніс хан, Сұлтан Ахмет және Сейітхан баласы Рашит сұлтанға арнап, кітабының атын «Тарихи-Рашиди» деп атайды.

«Тарихи-Рашиди» (1543-1546 жж.) кітабында қандай құнды деректер бар?

Тапсырма.

Ұлықбек обсерваториясының ең басты еңбегі «Зидж- Гурганидің» («Ұлықбек зиджі») жасалуы болып табылады. Бұл Ұлықбектің басшылығымен жүргізілген көп оқымыстылардың коллективті еңбегі. «Зиджі» деген парсы сөзі, ол астрономдар мен географтар үшін жасалған таблицалар жинағы дегенді білдіреді... «Зидж Гургани» төрт бөлімнен тұрады:

1. Календар туралы

2. Уақыт өлшеу жөнінде

3. Планеталардың қозғалысын анықтау жайында

4. Астрономиялық басқа мағлұматтар туралы

Мұнда астрономияның теориялық негіздерімен қатар 1019 жұлдыздың орнын көрсететін каталог жасалған ... Ол Лондонда 1650-65 жылдардың өзінде қатарынан үш рет басылып шықты. XIXғ. орта кезінде Ұлықбек таблицаларын Лондондағы астрономиялық қоғам қайта бастырды. Ұлықбектің өлшеуі бойынша бір жылда 365 күн 6 сағат 15 секунд бар.

Математиканы дамытуда, әсіресе, Ұлықбек обсерваториясының бірінші меңгерушісі Жәмшит Әл-Кәши еңбектерінің мәні зор болды. Ол математика тарихында бірінші болып ондық бөлшектерді ашты. Еуропада ондық бөлшек содан 150 жылдан кейін ғана мәлім болды.

 

Ұлы ғалымдар өмірінен. Құраст.Б.Ысқақов.(XV-ХX ғғ.). А.1994. 20-21б.

Берілген мағлұмат бойынша орта ғасырдағы ғылымның дамуы туралы айтыңыз.

49-тапсырма.Қазақ қоғамының потестарлы-саяси құрылымы (XVIII ғ. материалдары бойынша)

 

 


(жоғарғы саяси билік)


(мемлекеттің заң шығарушы

жоғары кеңесі)

 

 

 

 

(ірі ру одақтары

ның, көсемдері

нің жиыны) (жауынгер азаматтарының

жиыны)

 

Схеманы толық байланыстырыңыз. Қазақ хандығының тағы қандай потестарлы-саяси құрылымдары болды?

 

50-тапсырма. «Күймемен көшкен қазақтар».

«Сөзі сенімді, өзі білгір адамдардан естігенім: Олардың үй-жайы аспанның жиегіндей үлкен доңғалақты арбаларға орныққан бір жұрттан екінші жұртқа түйелермен сүйреп жеткізеді, кәдімгі керуен сияқты. Бір бірінен қалыспай, іркес-тіркес жүрсе жүздеген монғол фарсаңына созылып кетеді. Осындай әр үй бір адамның үй-жайы, себебі ең кедей деген қазақтың жылқысы, түйесі мен қойы мыңдап саналады. Осы сансыз үйдің иелері, осыншама көрнекті адамдардың бәрі шетінен батыр, әрқайсысы қалың жаумен шайқасқанда он жауынгерді орап-матап алады, он жауынгерге ат жалын құштырып немесе о- дүниеге аттандырып жібереді.

Сонымен, олардың көші-қоны туралы айтылғанда олардың (қыпшақ) даласының төрінен, Еділ өзенінің жағасына күн сайын жылжи отырып өзінің сән-салтанатымен, байлығымен, әсем әшекейлер тағылған ақ тыйын, манат ішіктерге қымтанып, шымқай жібекке малынып екі ай бойы көшіп, кейде қарды кешіп қыс қыстайтын қонысына жетеді. Олардың қыстаулары Сейхундарияның жағасына орналасқан, өздері оны - “Сырдария” деп атайды. Жоғарыда айтқанымыздай, Сейхунның жағасы - “най” (түркі тілінде), қамысқа толы, малға отын мол, қонысқа жайлы.

Қой саны, шамасы өскен ағаштан аз болмаса керек, осы қоныстардың шөбі майдай, өмірдің тамыздығы, ал бұл тамыздық қайтадан малға айналып шыға келеді. Осы солтүстік өлкенің бір ерекшелігі де осында болса керек, бір жағдайдан екінші жағдайға өту жылдам, себебі шөптен алынған азық малға айналады, мал адамға өтеді, ал енді жер мен судың өзі тез арада азыққа айналатындай әсер қалдырады».

Фазлалах ибн Рузбехан.// Михман-и Бухара,

(Бұқаралық қонақтың жазбалары). М., 1976. 94 б.

Келтірілген деректе қазақ қоғамындағы әлеуметтік- экономикалық қарым- қатынастар қалай берілген?

 

51-тапсырма.«Жүз» ұғымы және олардың орналасуы.

 

Ұлы жүз
Территория-сы:
Шаруашылы-ғы
Құрамы:


1.___________

Орта жүз 2. ___________

3. ___________

1.___________

Кіші жүз 2. ___________

3. ___________