Гүлдер»ІІ-ші сәбилер тобына арналған ұйымдастырылған

Тақырыптық жылдық жоспары

Айы Білім беру саласы Оқу іс- әрекетінің тақырыбы Апта тақырыптары Сағат саны Күні
Қыркүйек Шығармашылық «Көңілді ойыншықтар» «Кір қуыршақ» »Шар» «Сылдырмақ» «Доп»    
Қазан Шығармашылық «Кел жемісті алтын күз» «Бұл қай кезде болады» «Жау жаңбыр» «Күн мен жаңбыр» «Жемістер бағында»  
Қараша Шығармашылық «Біздің бала бақша» «Күзгі қойма» «Бақшаға барамын» «Кәне қызық ойын бар» «Мерекелік ән мен би»  
Желтоқсан Шығармашылық «Ақша қар» «Қысқы әуен» «Аяз Ата Қарша қыз» «Аққала» «Шыршамызға арнаймыз»  
Қаңтар Шығармашылық «Қысқы орманға саяхат» «Орманға саяхат» «Ақ тиін» «Көңілді достар» «Ертегілер елінде»  
Ақпан Шығармашылық «Біздің отбасымыз» «Менің отбасым» «Анашым» «Ақ әжем» «Әй –әй ата»  
Наурыз Шығармашылық «Көрікті көктем» «Шуақты көктем» «Әдемі көбелек» «Торғайлар» «Жау жаңбыр»  
Сәуір Шығармашылық «Үй жануарлары» «Төлдер» «Мысық қашады күшік қуады» «Мысық» «Тауық пен балапандар»      
Мамыр Шығармашылық «Көңілді саз» «Не қалай дыбыстайды» «Көңілді би» «Қайсы екен қолымыз» «Ғажайып сылдырмақтар»  

 

Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің

Тақырыптық жылдық жоспары

Айы Білім беру саласы Оқу іс-әрекетінің тақырыбы Апта тақырыбы Сағат саны Күні
Қыркүйек Шығармашылық «Біздің балабақша» «Тату доспыз бәріміз» «Балдырғандар әні» «Кел билейік» «Ұлы достық жасасын»  
Қазан Шығармашылық «Алтын күз» «Күз жомарт» «Күзгі орман» «Күз байлығы» «Күздің күні қандайды?»  
Қараша Шығармашылық «Туған жер» «Атамның киіз үйі» «Біздің Алматы» «Тәуелсіз Қазақстан» «Менің Отаным»  
Желтоқсан Шығармашылық «Айнала ақша қар» «Қазақстан кең байтақ елім» «Қыс өрнегі» «Жасыл шырша жанында» «Қысқы әуен»  
Қаңтар Шығармашылық «Көңілді театр» «Қыс қызығы» «Ақтөс пен Марғау» «Әуенді сиқырлы ормандағы құртақандар» «Ойыншықтар»    
Ақпан Шығармашылық «Отбасы» «Біздің атай» «Бесік жыры» «Ағайынбыз бәріміз» «Отан отбасынан басталады»  
Наурыз Шығармашылық «Наурыз- көктем» «Көктем» «Наурыз» «Наурызым армысың» «Наурыз біздің жаңа жыл»  
Сәуір Шығармашылық «Үй жануарлары» «Орманға саяхат» «Жайлаудағы төлдер» «Құстар дауысы» «Үй жануарлары»  
Мамыр Шығармашылық «Саз әлемінде» «Әуенді сандықша» «Нағыз қазақ домбыра» «Біздің оркестр» «Музыкада қонақта»  

Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің

Тақырыптық жылдық жоспары

Айы Білім беру саласы Оқу іс – әрекетінің тақырыптары Апта тақырыптары Сағаты Күні
Қыркүйек Шығармашылық «Армысың әуен» «Білімің бұлағым» «Нота үйренейік» «Көңілді ырғақтар» «Біздің аспаптар»  
Қазан Шығармашылық «Алтын күз» «Күзгі серуен» «Жомарт күз» «Күзгі жаңбыр» «Сабан тойды тойлаймыз»  
Қараша Шығармашылық «Тәуелсіз Қазақстаным» «Сүйікті қалам Алматы» «Гүлдене бер Астана» «Жомарт өлкем» «Біздің рәміздер»  
Желтоқсан Шығармашылық «Қыс қызықтары» «Қысқы орманда» «Егеменді елім» «Орманда серуендейміз» «Қысқы әуен»  
Қаңтар Шығармашылық «Ертегілер елінде» «Қыс қызығы» «Аңдардың айтысы» «Бауырсақ ертегісі» «Айнала ақшақар»  
Ақпан Шығармашылық «Отбасым бақытым» «Бесік жыры» «Менің туыстарым» «Ақ әжем» «Ана- өмір шырағы»  
Наурыз Шығармашылық «Салт- дәстүрлер» «Домбыра сазы» «Көктем әндері» «Наурыз –жыл басы» «Қайырлы таң»  
Сәуір Шығармашылық «Біздің ән» «Ғарыш әлеміне саяхат» «Құстар- біздің досымыз» «Бақшадағы ән сауық» «Ән салып,би билейміз»  
Мамыр Шығармашылық «Біз өнерлі баламыз» «Музыка әлеміне саяхат» «Ел қорғауға әзірміз» «Бағдаршам» «Біз мектепке барамыз»  

Технологиялық карта

Қыркүйек. Тобы: сәбилер

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Кір қуыршақ»

Мақсаты: қуыршақ арқылы балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, музыкалық қабітін дамыту.

Қолданылатын көрнекіліктер :қуышақ, ойыншық, бесік.

Сөздік жұмыс: бесік жыры,қуыршақ.

 

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері   Музыка жетекшінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті  
Мотивцияық- қозғаушылық Балалар музыка залына көңілді әуенмен кіреді. Үстел үстінде қуыршақ отырады.   Қуыршақтың үсті-басы лас. Жуын,жуын,жуынсақ Қандай жақсы,қуыршақ Әйтпегенде,бөпешім, Кірлеп кеткен екенсің. Қазір аппақ боласың, Қуанады анашың. (М.Жаманбалинов) Балалармен тазалык туралы әңгіме өткізу. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.Қуыршақты қызықтайды.   Балалар өлеңді тыңдап,не туралы екенін айтуға тырысады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік • Балалар,қараңдаршы,қуыршақ қандай күйде?Кәне,киімін ауыстырайық.Шашын түзейік.Қуыршақ шаршады,енді ұйықтайық.Бесікке салып тербейді. Музыка тыңдау: «Бесік жыры» (Ж.Тұрсынбаев.Е.Өтетілеуұлы. «Бесік жыры» қай кезде айтылады?Оны орындағанда қалай отыру керек?Балалар жауап бере алмаса,музыка жетекшісі өзі көмектеседі. Баланы ұйықтар алдында баяу дауыспен ән салып,бесікке жай тербетеді. -Бала ұйықтайды,енді біз ән айтайық. «Кір қуыршақ» әні И.Нүсіпбаев. Ән айтар алдында дауысты қалыпқа кетіріп алу. Әнді айта отырып,балаларға адамгершілік тәрбиесін беру. Тазалыққа,әдептілікке шақыру. Әрқашан жуынып,таза жүруі керек,айтқанды тыңдап,үлкендердің мазасын алмау керек. «Бала уату» ойыны. Е.Өміров. Балалар шеңбер жасап,тізені бүгіп отырады.Көздерін жұмады.Ортада 2,3 бала ойыншық ұстап тұрады.Әуен ойналғанда,ортадағы балалар отырған балаларға білдірмей,алдарына ойыншықтар қояды.Алдында ойыншық тұрған бала ойыншықты алып,ортаға шығуы қажет.Ойын қайталанады. Балаларды тазалыққа шақырып,өздерінен көбірек жауап алу. Балалар жауап беруге тырысады. Балалар музыка тыңдай отырып,тыныштықты сақтауға тырысады. Балалар ән айтады.Дауысқа жаттығу жасау,сұрақтарға жауап беру.   Әнді әуенімен дұрыс орындауға тырысады.     Балалар шеңбер бойымен тізелерін бүгіп,көздерін жұмады. Көздерін ашқанда,алдында ойыншық тұрғанбала ортаға шығады.
Рефлексиялық- түзетушілік Музыка жетекшісі іс әрекетке белсене араласқан балаларға мақтау айтады,мадақтайды. Балалар қол бұлғап қоштасады.    

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әнді барынша таза айтуды.

 

Игереді: бала уату,кір қуыршақ,бесік жыры деген түсініктерді.

 

Меңгереді: шеңбер жасап отыруды,көздерін жұмып,музыка әуенін тыңдай білу дағдыларын.

Технологиялық карта

Қыркүйек. Тобы: сәбилер

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы: «Шар»

Мақсаты: әнді айта отырып, түстерді ажырата білуге үйрету.Есту қабілетін дамыту.

Қолданылатын көрнекіліктер: әртүрлі шарлар,шығыршықтар.

Сөздік жұмыс: қызыл,сары,көк.

 

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері   Музыка жетекшінің іс-әрекеті   Балалардың іс-әрекеті  
Мотивациялық - қозғаушылық Көңілді музыка әуенімен балаларды музыка залында қарсы алады Балалар санына сай түсті шарларды дайындау.   Балалар музыка әуенімен залға келеді. Шеңбер бойымен жүреді. Орындарында тұрып айналады. Тізені бүгіп серіппелі қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Балалардан шар туралы сұрау - Түсі қандай Қалай ұшады Ал енді осы шарлар туралы ән тыңдаймыз. Ән айту Енді өткен сабақта үйренген «Кір қуыршақ» әнін еске түсіреміз.Әнді алдымен іуенін еске түсіріп,содан кейін сөзін қайталату. Ән айту кезінде дауысты дұрыс шығаруы.бірін-бірі тыңдап айтуы қажет. Ән тыңдау: «Шар» (Б.Дәлденбай,Ж.Әбдірашев) Қызыл ,сары,көк шар Қолымызда көпшар. Балалар қолындағы шарларын кезек-кезек көтереді.»Әуеде қалқиды»деген жерде шарларын қалықтата бұлғауы керек.Әннің сөзін қайталатып,әуенге қосылып, Айтулары қажет.Алдымен әуенді бірнеше рет қайталайды.Одан кейін түгел шумақты айтуы тиіс.Екінші шумағы да осы әдіспен үйретіледі. «Өз түсіңді тап» ойыны(музыкасын жазғанГ.Омаров. Балалар төрт топқа бөлініп,төрт түрлі шарлар ұстайды.Ортаға төрт түске боялған төрт шығыршық қойылады.Музыка аяқталғанда әрқайсысы өздерінің түстерін сәйкес шығыршыққа жинауы қажет. Қай топ тезірек жиналса,сол топ жеңіске жетеді. Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады.Әнді тыңдай отырып,қолдарын көтереді.Шарларын қалықтады.Әннің әуенін дұрыс тыңдап,таза айтуға тырысады.Сөздің екі жолын үйренеді.Әуен есте қалғанда,екі жолын үйренеді.Артынан шумақты түгел айтады.Әнді айғайламай айтуға тырысады.Әнді бірге айтуға тырысады. Балалар залда еркін қимылдар жасап,өз түстеріне лайық шығыршықты табуа тырысады. Музыканы тыңдай жүріп,музыка аяөталған кезде,тез жиналуға әрекетереді.
Рефлексиялық- түзетушілік Балаларды мақтау,мадақтау,қорытындылау. Балалар қоштасып шығады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әннің сөзін анық,әуенін нақышына келтіріп айтуды.

 

Игереді: түстерді ажырата білуді.

 

Меңгереді: музыка әуенімен еркін жүгіріп,музыка тоқтағанда өз түстерін таба білу дағдыларын дамытуды.

 

 

Технологиялық карта

 

Қыркүйек Тобы: сәбилер.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Сылдырмақ»

Мақсаты: сылдырмақты ырғаққа сай сылдырлатып үйрену,музыка әуеніне сай қимыл жасауға дағдылану.

Қолданылатын өрнекіліктер: сылдырмақтар.

Сөздік жұмыс: сылдырмақ,жомарт.

 

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшінің іс әрекеті Балалардың әс әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық   Балаларды көңілді музыка әуенімен залда қарсы алады.Шеңбер бойымен жүру,жүгіру,жеңіл секіру,т.б. Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді Жемістерін жинауға Шақырады біздерді. (Н.Әлімқұлов) Балалар музыка әуенімен залға келіп,жүгіреді.Серіппелі тізе бүгеді,айналады. Өлеңді тыңдайды.  
Ұйымдастырушылық- ізденістік -Балалар;қазір жылдығ кай мезгілі? Балалар жауап бере алмаса,көмектеседі.Күзде жемістер піседі,қысқы дайындық жасаймыз. -Қандай жемістерді білесіңдер? Музыка тыңдау: «Күз жомарт» (Д.Ботпаев,Е.Өтетілеуұлы. -Балалар,жомарт деген сөздің мағынасы мырза,берекелі деген сөз. Күзде жемістер піседі,егін жинайды,қысқа дайындық жасалады.Күн біртіндеп суыта бастайды.Ән шумағы жай орындалады,ал қайырмасы өте көңілді,жылдамырақ орындалады. Ән айту: Өткен сабақтарда айтылған індерді қайталау. Әнді балалардың есіне түсіре отырып,орындау.Ән орындау ережелерін естен шығармау.Бірін бірі ести отырып,үндесіп айтуға үйрету. «Шар»әнін ортаға шеңберде тұрып,қимыл жасап айту. Ән үйрену: «Сылдырмақ» (Е.Хасанғалиев,А.Асылбеков) Жаңа әнді музыка жетекшісі орындап береді.Не туралы айтылғанын сұрайды.Әннің сөзін үйретіп,екі жолын әнге қосады.Түгел шумақты үйреткен соң, «Шақ шақ» деген жерде қолмен ұрады.Әнді түгел үйреніп болған соң,сылдырмақты тартады.Сылдырмақты ырғаққа үйлестіре отырып қимыл жасау.Бәсең жерінде жай ұрып,ширақ жерінде қатты қағу. «Сылдармақпен ойнау» (Б.Дәлденбай. Шеңбер жасап,қолдарына сылдырмақ алады.Музыка ырғағына сай сылдырмақты сылдырлатып,арттарына жасырып,шеңбер бойымен жүгіреді.Музыка аяқталғанда аяқтарын бүгіп отыра қалады.   Сұрақтарға жауап береді.     Балалар өздеріне таныс жемістерін атайды.   Балалар музыканы тыңдайды.Шумағымен қайырмасы арасындағы айырмашылықты ажырата тыңдауға тырысады.     Өткен сабақтағы әнді еске түсіріп,орындайды.Шеңбер бойында тұрып,қолдарын кезек кезек көтеріп,аспанда қалықтаған қимылдар жасайды.   Балалар әннің мәтінін қайталайды.Әуеніне қосылып,бірінші шумақтан соң сылдырмақты жай соғып,екінші шумақтан соң қатты соғады.   Балалар музыка ырғағына сай қимылдар жасайды.Шеңбер бойымен жүгіреді,сылдырмақтыжасырып,аяқтарын топылдатады.  
Рефлексиялық -түзетушілік -Сонымен,қазір жылдың қай мезгілі? -Қандай жемістерді білесіңдер ? -Қандай ән айттық ? Қорытындылау,бағалау,мадақтау. Балалар қоштасып,топқа оралады.  

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдауды,әнді есте сақтауды.

 

Игереді: музыкамен сылдырмақты жоғары көтеруді,артына жасыруды,отыра

 

қалуды.

 

Меңгерді: әуенмен ілесе ырғақты қимылдар жасауды.

 

Технологиялық карта

Қыркүйек. Тобы: сәбилер.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Доп»

Мақсаты: музыкалық есту қабілеттерін арттыру,ойыншықты ұқыпты ұстауға,оларды әнге қосып айтуға үйрету.

Қолданылатын көрнекіліктер: доп

Сөздік жұмыс: доп,секеңдеу.

 

Оқу іс әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық   Балаларды музыка залында көңілді әуенмен қарсы алады.Амандасады.Шеңбер бойымен жүріп,музыка әуеніне ілесе қимылдар жасайды. Доп Шаршамайсың,шалдықпайсын,доп қалай? Секіресің,секеңдейсің тоқтамай. Асыққанда арықтанда аттайсын, Бірақ суға түссең дағы батпайсың. ( Р.Тышқанбаев) Балалар бірінің соңынан бірі тізіліп,музыка залына келеді.Әуенге сай қимылдар жасайды.   Доп туралы өлеңді тыңдайды.
Ұйымдастырушылық -ізденістік   -Балалар,сендер доппен ойнап көрдіңдер ме? Допты жерге ұрсаң,өзіңе қайтып келеді.Допты теуіп ойнауға,бір біріңе лақтырып :ойнауға болады. Музыка тыңдау: «Доп» Т.Ломова. -Музыка қалай ойналады? Тез,көңілді,жеңіл. Балаларға доптың секіргенін музыка тілінде түсіндіру,ұғындыру. Ән айту: Өткен сабақтарда айтқан әндерді қайталату. «Кір қуыршақ» әнінде не туралы айтылды? «Шар», «Сылдырмақ» әндерін еске түсіріп айту.Ән айтар алдындағы ережелерді естен шығармау.Денені тік ұстап,әнді еркін айту. Жаңа ән: «Доп» Б.Қыдырбек,А.Асылбек. Әннің мәтінін үйретіп,әуенге қосады.Жай,қатты деген жерлерінде,дауысты бәсеңдетіп,қатты айтуға дағдыландыру.Әнді үйретіп болған соң,доппен ойнау,доппен ойнап,қимылдар жалғастыру. «Допқа кім тез жетеді?» ойыны. Музыка ойналғанда музыка жетекшісі допты лақтырады,балалар доптың соңынан қуады.Кім допқа тез жетсе,сол бала жеңімпаз атанады. Ойын бірнеше қайталанады. Қимылды-ырғақты қозғалыс: «Кішкентай би» Н.Александрова. Ығақты сезіне аяқтарын топылдатуға,алға,артқа жүруге,қол ұстасып айналуға үйрету. Балалар жауап береді.     Балалар музыка жетекшісінің айтқанын қайталайды.
Рефлексиялық -түзетушілік Қорытындылау,мадақтау,марапаттау.  

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуенге қосылып қимыл жасауды.

Игереді: доп туралы түсініктерді.

Меңгереді: би элементтерін жасауды.

 

Гүлдер»ІІ-ші сәбилер тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: ШығармашылықБөлімі: Музыка Тақырыбы: «Бұл қай кезде болады?» Мақсаты: Әуенді сергек айту,тыңдау,ойын қимыл арқылы ырғақты сезіндіру. Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Күз туралы балаларға түсінік беру,таныстыру.Әдіс-тәсілдер:Таңғажайып әңгімелесу,ән,би,ойын.Қажетті көрнекі құралдар:Күздің суреті,жапырақтар,жеміс-жидектер.Қос тілдік компонент:Күз-осень,жаңбыр-дожд

Іс- әрекет кезеңдері   Музыка жетекшісінің іс-әрекеті   Балалардың іс-әрекеті  
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі «Алтын күз» әуенінің ырғағымен балалар залға кіреді.Айналып келіп орындарына отырады. Амандасу:До-Ре-Ми-Фа-Соль-Соль-Соль. -Сәламатпа,балалар? -Кәне балалар бәріміз шаттық шеңберін құрайық. «Шаттық шеңбері» Аспанда күн ыстық, Ал жерде кім ыстық. Анамызбен әкеміз, Бәрінен тым ыстық. Жасасын туыстық, Достықпен тыныштық.   Балалар көңілдене кіреді.шеңбер бойымен жүріп келіп,орындарына отырады. Соль-Фа-Ми-Ре-До. -Сәламатсызба! Балалар шаттық шеңберін құрып,музыка жетекшісімен қосыла қимыл жасайды.    
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі Музыка тыңдау: «Жаңбыр» Балаларға жаңбырдың суретін корсетіп,түсінік беру. Дауыс жаттықтыру: «Жоғары барамыз, Төмен түсеміз». Өткен ән:Балалар өткен сабақта айтқан әнімізді қайталап,есімізге түсірейікші.«Доп»әнін бірге орындайық. Жаңа ән:«Күз келді» -Қазыр жылдын қай мезгілі балалар? -Күзде күн қандай болады? -Жапырақтың түсі сарғаяды,ия балалар? -Бүгін күге байланысты ән үйренеміз.Балаларға сөзін айтып үйретеді. Ойын:«Күн мен жаңбыр» Ойынға төрт,төрт баладан қатысады.Қолдарына барабан береді. Көңілді музыка жүрген кезде барабанды жай соғады,жаңбыр туралы музыка жүрсе қатты соғады. Би:«Жапырақтар биі» Балаларға би қимылдарын жасап көрсетеді,үйретеді.   Балалар музыканы тыныш отырып тыңдайды.     Таза айтуға тырысады.   Өткен әндерін еске түсіріп,айтады.     -Күз   -Салқын -Ия     Балалар барабанды көрсетілгендей соғуға,жақсы орындауға талпынады,тырысады.     Балалар музыка жетекшісіне қарап билейді.
Іс-әрекетті бағалау кезеңдері -Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнадыма? -Жаңбыр қай мезгілде жауады? -Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. До-Ре-Ми-Фа-Соль-Соль-Соль. -Сау болыңдар балалар! -Ия   -Күзде жауады.   Соль-Фа-Ми-Ре-До.   -Сау болыңыз!

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: әуенді тыңдауды,айтуды.

Қандай түсініктерді игерді: таяқшаларды ұстауды,барабанды ырғақпен соғуды.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: жүгіруді,ырғақпен шапалақтауды,қолдарымен саусақтарын қимылдатуды.