бап. Республика министрлiгi

1. Министрлік Республиканың тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) – басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлік өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
2. Министрлiктi Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
2-1. Министрлiк Республика Yкiметiнiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi.
2-2. Министрліктің құрылымын министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ведомстволар, департаменттер мен басқармалар болып табылады.
Министрлік департаменттері мен басқармаларының жиынтығы министрлік аппараты болып табылады.
3. Министрлiктiң алқасы министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын министрлiктiң, мемлекеттiк комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.
4. Министрлiк, қабылдаған шешiмдер министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06
N 379 Заңымен; 2007.06.19 N 267; 29.09.2014 N 238-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

23-бап. Үкiметтің құрамына кірмейтiн орталық атқарушы
орган

1. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органды Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
2. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) – басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
3. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның құрылымын жауапты хатшы бекітеді және ол, әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады.
Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның департаменттері мен басқармаларының жиынтығы Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның аппараты болып табылады.
4. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның басшысы бекітеді.
5. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысының бұйрықтары Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның актілері болып табылады.
Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 238-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы

1. Республиканың орталық атқарушы органының комитеті ведомство болып табылады.
Ведомствоның аумақтық бөлімшелері болуы мүмкін.
2. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
3. Ведомство басшысын тиісті орталық атқарушы органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4. Ведомство Республиканың орталық атқарушы органының құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыра алады, сондай-ақ орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға ведомствоның құзыреті шегінде қатыса алады.
5. Ведомство шығаратын актінің нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады.
Ведомствоның актілерін толығымен не бір бөлігінде күшін жоюды не тоқтата тұруды құрылымына ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы жүзеге асырады.
6. Ведомствоның құрылымын тиісті орталық атқарушы органның жауапты хатшысы бекітеді. Ведомствоның құзыретін және оның өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін осы ведомство құрылымына кіретін орталық атқарушы органның басшысы айқындайды.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19 N 267 Конституциялық Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 238-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

25-бап. Республика Премьер-Министрi мен Үкiметiнiң
қызметiн ақпараттық-талдау және
ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету

1. Республика Премьер-Министрi мен Yкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етудi Республика Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.
2. Премьер-Министрдің Кеңсесін құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының және оның өзге де мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдайы, оларды қызметке тағайындау мен қызметтен босатудың тәртібі Республика заңдарымен белгіленеді.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен.

26-бап. Республика Үкiметi жанындағы
консультативтiк-кеңесшi органдар

1. Республика Үкiметi жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтiк-кеңесшi органдар үкiмет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшiн құрылады.
2. Консультативтiк-кеңесшi органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет мүшелерi басқарады.
3. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.

27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енгiзiлу
тәртiбi

Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.