Азіргі қазақ тілі» пәні бойынша тест тапсырмалары

1. Бірге жазылатын сөз қайсы?

А) Қара қыпшақ, қалам ақы

В) Қол таңба, оқу орны

С) Бес жылдық, жылдан жылға

D) Тыйым салу, кәсіп одақ

Е) Сыр дария, Жиренше шешен

 

2. Бірге жазылатын сөзді табыңыз

А) Күн бағыс, түйе тауық

В) Өнер кәсіп, арам адам

С) Ұлы тау, тіл білімі

D) Бас қосу, қол басшы

Е) Баян ауыл, жәрдем беру

 

3. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.

А) Шаң сорғыш, кәсіп одақ

В) Құс жолы, Баян сұлу

С) Жегжат адам, соқыр ішек

D) Ат қою, Ақ сүйек

Е) Сөз жұмбақ, алты асу

 

4. Бөлек жазылатын сөз қайсы?

А) Шала сауатты, мақтау қағаз

В) Ат қора, бір қазан

С) Жел диірмен, түйе жапырақ

D) Ащы шек, Жез қазған

Е) Мойын жіп, мұз жарғыш

 

5. Бөлек жазылатын сөзді көрсетіңіз.

А) Азу тіс, күре тамыр

В) Өгіз аяң, ақ сақал

С) Ақ қағаз, келіс сөз

D) Бес есе, шаш тараз

Е) Егін ору, қол өнер

 

6. Бөлек жазылатын сөз қайсы?

А) Сан ет, ортан қол

В) Қақ шеке, тоғыз құмалақ (ойын)

С) Қызмет ету, қырық аяқ

D) Он тоғыз, егеу құйрық

Е) Қара күрең, алып сатар

 

7. Кейінді ықпалды көрсетіңіз.

А) Сөзшең

В) Орын

С) Орман

D) Өнерпаз

Е) Күндік

 

8. Кейінді ықпал қай сөзде орын алған?

А) Жұмысшы

В) Ағашпен

С) Өлең

D) Өміршең

Е) Әншілер

 

9. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

А) Ұшқышсың

В) Жазушылар

С) Жұмыскер

D) Күрек

Е) Құлын

 

10. Ілгерінді ықпал қай сөзде?

А) Ақбала

В) Арбакеш

С) Күдік

D) Халықтікі

Е) Жастармен

 

11. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

А) Жай қалмау

В) Құндыз

С) Өлке

D) Бүгін

Е) Күлдіргі

 

12. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.

A) Ерінбеген етікші болады

B) Алматыдағы қыздар институты

С) Жаңажол ауылының малы

D) Құлпырған жасыл жер жүзі

E) Көйлегінің жағасы жабық

 

13. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.

A) Сенбі күні

B) Жасыл желек

С) Ыстық көл

D) Жібек торғын

E) Салқын самал

 

14. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.

A) Жанға рақат

B) Қарт ата

С) Кеше ғана

D) Жақсы жар

E) Табиғат ана

 

15. Үндестік заңына бағына жалғанатын қосымшаны көрсетіңіз.

A) -ды

B) -кер

С) -хана

D) -мен

E) -паз

 

16. Бірыңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.

A) Болжаусыз

B) Болбырату

С) Борансыз

D) Борышын

E) Босаңсыт

 

17. Жуан дауысты дыбыстар қалай жасалады?

A) Тілдің қатысына қарай

B) Жақтың қатысына қарай

С) Еріннің қатысына қарай

D) Өкпеден шыққан ауаның қатысына қарай

E) Үн мен салдырдың қатысына қарай

 

18. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

A) Көршілес дауыссыз дыбыстардың біріне ұқсата әсер етуі

B) Сөз, сөз аралығындағы соңғы дыбыстың алғашқыға әсері

С) Сөз, сөз аралығындағы алғашқы дыбыстың соңғыға әсері

D) Сөз, сөз қосымшаларындағы дауыстылардың бірыңғай келуі

E) Сөздегі бір буынның көтеріңкі айтылуы

 

19. Дауысты дыбысты білдіретін термин.

A) Вокализм

B) Консонантизм

С) Коннотация

D) Вариация

E) Вербализация

20. Шұғыл дауыссыздар қайсы?

A) М, Н, Ң

B) Б, Ф, В

С) Ғ, Һ, Қ

D) Л, М, Н

E) Р, Ш, Ч

 

21. Элипсис дегеніміз –

A) тілдік единицаның түсіп қалуы

B) шұғыл дауыссыздың ызың дауыссызбен алмасуы

С) сөз алдына басы артық дыбыстың қосылуы

D) сөз ішіндегі дыбыстардың өзара орын ауыстыруы

E) сөз ішіндегі дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы

 

22. Дауыссыздар айтылу жолына қарай қалай жіктеледі?

A) шұғыл, ызың, діріл

B) қатаң, ұяң, үнді

С) шұғыл, ызың, үнді

D) ерін, тіл

E) тіл алды, тіл ортасы, тіл арты

 

23. Протеза құбылысының анықтамасы

A) сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы

B) сөз ішінде дауыссыздың арасына дауыстының қосылуы

С) тілдік бірліктің түсіп қалуы

D) бір буын ішіндегі дыбыстардың орын алмастыруы

E) бір фонеманың түрліше дыбысталуы

 

24. Протезаға мысал болатын сөзді табыңыз.

A) Лай

B) Май

С) Қой

D) Көрші

E) Бейшара

 

25. Графиканың зерттеу нысаны

A) жазу құралдарының жиынтығы, тыныс белгілері, әріптер

B) тіл дыбыстары

С) фонетикалық құбылыстар

D) фонема мен дыбыс

E) сөз құрамы

 

26. Орфографияның зерттеу нысаны

A) жазу ережелерінің жүйесі

B) сөздердің айтылу ережесі

С) тілдің дыбыстық құрамы

D) тыныс белгілер

E) буын және екпін

 

27. Түбірдің соңғы дыбысы үнді болса қосымша қалай жалғанады?

A) қосымша үнді не ұяңнан басталады

B) тек дауыстыдан басталады

С) қосымша қатаңнан басталады

D) алдындағы дыбыс түсіріліп барып жалғанады

E) үнді дыбыс ұяңға айналады

 

28. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса қосымша қалай жалғанады?

A) қосымша ұяңнан басталады

B) тек дауыстыдан басталады

С) қосымша қатаңнан басталады

D) алдындағы дыбыс түсіріліп барып жалғанады

E) ұяң дыбыс үндіге айналады

 

29. Ұлан-байтақ сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.

А) Жақын, қашық

В) Ұқыпты, тиянақты

С) Кең, шалқар, ұшы-қиырсыз.

D) Ұзақ, алыс, шалғай

Е) әдемі, көрікті

 

30. Есімдіктен болып тұрған бастауышты табыңыз.

А) Ол-әкем

В) Менің әжем – дана адам

С) Алты- жұп сан

D) Ештен кеш жақсы

Е) Емтиханды беске тапсыру – басты мақсат

 

31. Жақындау, жазу етістіктерінің бұйрық рай түріндегі баламасын көрсетіңіз.

А) Жақындайды, жазады

В) Жақындау, жазу

С) Жақындады, жазды

D) Жақындат, жазамын

Е) Жақында, жаз

 

32. Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіз.

А) Үлкен осынау шараға сәттілік тілейміз біз.

В) Біз осынау үлкен шараға сәттілік тілейміз

С) Сәттілік тілейміз үлкен осынау шараға біз.

D) Біз осынау үлкен шараға тілейміз сәттілік.

Е) Осынау үлкен шараға сәттілік біз тілейміз.

 

33. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз.

А) Қаладағы тіршілік қызық екен. Қызық кітап оқыдым.

В) Ол жұмыс істейді. Мен жұмысымды бітірдім.

С) Жазда Ыстықкөлге барамын. Маған жаз айы ұнайды.

D) Диктантты сауатты жаз. Жаз ерте шықты.

Е) Мен жиналыста сөйледім. Киімдеріңді жинап қой.

 

34. Сөздердің қай нұсқасының емлесі дұрыс екенін көрсетіңіз.

А) жұмысқа, баспаға, министрлікке

В) жұмысыға, баспаққа, министрлігқа

С) жұмысға, баспақа, министрлыкқа

D) жұмыске, баспеге, министрлікге

Е) жүмысқа, басспаға, министрлыққа

 

35. Болжалдық сан есімді анықтаңыз.

А) отыз шақты

В) бір жарым

С) он-оннан

D) қырық

Е) сегізінші

 

36. Анықтауышты табыңыз.

Мен бұл әңгімені инжеренге айттым.

А) мен

В) бұл

С) әңгімені

D) инженерге

Е) айттым

 

37. «Қырықтарда» - сан есімнің қай мағыналық түрі екенін белгілеңіз.

А) жинақтық

В) есептік

С) бөлшектік

D) болжалдық

Е) реттік

 

38. Есімдікті табыңыз.

А) Біреу, үшеу

В) Жер, ауа

С) Ол, біз

D) Қара, кетті

Е) Қызыл, көк

 

39. Жай шырайды көрсетіңіз.

А) Қызыл алма

В) Қызғылт алма

С) Өте қызыл алма

D) Қызылдау алма

Е) Қып-қызыл алма

 

40. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз.

А) Жиырма бес жас маған тағы қайтып келді.

В) Еңбек түбі - береке

С)Ырыс алды - ынтымақ

D) Төрт жерде төрт – он алты

Е) Ана – ардақты есім.

 

41. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Марат жүгіріп кетті.

В) Марат жүгіріп кетті.

С) Аяғын аспаннан келтіру.

D) Оларға келуге болмайды.

Е) Жаз.

 

42. Дұрыс жазылмаған сөзді табыңыз.

А) ведомосқа

В) съезден

С) поездға

D) разъезд

Е) ведомосы

 

43. Дерексіз зат есімді табыңыз.

А) талап

В) құс

С) тамақ

D) өсімдік

Е) жылқы

 

44. Есептік сан есімнің сұрағын табыңыз.

А) Нешеден?

В) Қаншадан?

С) Нешеу?

D) Нешінші?

Е) Неше?

 

46. Антоним болатын сөздерді көрсетіңіз.

А) тау – бел

В) үлкен - зор

С) үздік - үлгілі

D) ренжу - қапалану

Е) қуану - ренжу

 

47. Сын есімнің асырмалы шырай түрін көрсетіңіз.

А) Аса үлкен

В) Сап-сары

С) Кішкентай

D) Жұп-жұмсақ

Е) Кішілеу

 

48. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ақылды адам айтқызбай біледі.

В) Тіл – сарқылмас ғылым.

С) Көп алғысы көгертер.

D) Дұшпанға тастай қатты бол.

Е) Япырым-ау, қайда сол күндер.

 

49. Топтау сан есімді көрсетіңіз.

А) туып-өскен

В) үш-үштен

С) үшінші

D) жүзге тарта

Е) әйгілі

 

50. Көптік жалғаулы сөздерді көрсетіңіздер.

А) кітаптар, тастар

В) кітабым, қызым

С) оған, сен, мен

D) келемін, оқисың

Е) сөйлем, көшірме

 

51. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сабаққа кешігуге болмайды.

В) Біз елімізде молшылық орнатамыз.

С) Өлеңімді өрлеттім

D) Сен мұнда не істеп жүрсің?

Е) Ол жақтан апамыз келді.

 

52. Антонимді табыңыз.

А) Гүлді алқап – сулы жер

В) Ақау – кінәрат

С) Кез - кезең

D) Үлкен - ірі

Е) Тұңғыш бала – кенже бала

 

53. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) орман, аспан, тоғай

В) шағала, көкек

С) ата, әже

D) әндету, өлеңдету

Е) мектеп, оқушы

 

54. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Жақсы жатырқамайды.

В) Самсаған электр шамдары.

С) Ит семірсе, иесін қабар.

D) Тойға барсаң, тойып бар.

Е) Берген алар, еккен орар.

 

55. Жақты сөйлемді табыңыз.

А) Емтиханды тапсырып шықтық

В) Емтихан ерте басталды

С) Емтихандардың тізімі ілулі тұр

D) Емтиханды тапсыруға тура келді

Е) Емтихан аяқталды

 

56. Түбір сөзді табыңыз.

А) басшы

В) мал

С) түнгі

D) жұбаныш

Е) хабарла

 

57. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.

А) інісімен

В) барса

С) атаның

D) нағашысы

Е) қарындасыма

 

58. Туынды түбір сөз қайсы?

А) даналық

В) дана

С) балықтар

D) тоғызы

Е) өзенді

 

59. Көнерген сөздерді табыңыз.

А) ғарыш, тікұшақ

В) қамшы, доға

С) зындан, торқа

D) саяжай, әуежай

Е) жүрек, тіл

 

60. Көнерген сөздерді табыңыз.

А) кебеже, болыс

В) әуежай, бағдаршам

С) курс, лекция

D) сым, тегеш

Е) сынып, емтихан

 

61. Зат есімді белгілеңіз.

А) сәнқой

В) ән шығар

С) мейірімді

D) балалық

Е) биыл

 

62. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақ қайсы?

А) -мақ,-мек

В) -шақ, -шек

С) -шаң, -шең.

D) -ғалы, -гелі

Е) -ған, -ген

 

63. Мақсатты келер шақты тап.

А) Мен ауылға бармақпын.

В) Біз ауылға барармыз.

С) Ол ерте тұрады.

D) Сен ауылға бар.

Е) Ауылға барасыңдар ма?

 

64. Араб-парсы тілдерінен енген сөзді табыңыз.

А) өрмекші, түйтебан

В) барымта, қалың мал

С) алтыбақан, бәйге

D) ораза, мереке, білім

Е)орамал, сәукеле

 

65. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) дереу

В) ойлаған

С) үзіліп

D) жеткенше

Е) мүмкін

 

66. Жалғауды табыңыз.

А) дан

В) там

С) деп

D) әлем

Е) бір

 

67. Кеш бойы" пысықтауыштың қай түріне жатады:

Кеш бойы Абай Пушкинді қайта оқумен болды.

А) қимыл-сын

В) мекен

С) мезгіл

D) себеп

Е) мақсат

 

68. Етістік қандай сөйлем мүшесі болып тұр?

Тербеледі тың дала.

А) пысықтауыш

В) баяндауыш

С) бастауыш

D) анықтауыш

Е) толықтауыш

 

69. Синоним бола алмайтын сөздер қайсы?

А) Әдемі, көрікті, сұлу

В) Бет, жүз, дидар, келбет, ажар

С) Асқар, биік, зәулім, заңғар

D) Күшті, қуатты, қайратты, мықты

Е) арай, үшін, кейін, дейін

 

70. Жинақтау сан есімді белгілеңіз.

А) бірдеме

В) бірлік

С) біреу

D) бірлесті

Е) шежіре

 

71. Жалғау жалғанған сөзді табыңыз.

А) талаптыға

В) талапкер

С) нұрлы

D) сыр

Е) жазушы

 

72. Жалғау жалғанған сөзді табыңыз.

А) досым

В) дос

С) ақылды

D) ақылгөй

Е) ажар

 

73. Жалғау жалғанған сөзді табыңыз.

А) талап

В) талапты

С) талапсыз

D) талаптың

Е) талапкер

 

74. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

А) талап

В) талапкер

С) талабына сай

D) талабы жоқ

Е) талант

 

75. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

А) қаламгер

В) қалам

С) қаламым

D) қаламдар

Е) қаланың

 

76. Басқа сөз таптарының орнына қолданылатын сөздерді не дейміз?

А) зат есім

В) сан есім

С) етістік

D) есімше

Е) есімдік

 

77. Сөйлемнің баяндауышы қай сөз табынан жасалған? Сырмақтың оюлары өте көрікті.

А) сын есім

В) сан есім

С) етістік

D) зат есім

Е) үстеу

 

78. Жай сөйлемді табыңыз.

А) Аспанды бұлт қаптады да, жаңбыр жауды.

В) Үлкен келсе, барыңды бер.

С) Ыбырай оқулық жазды, өйткені халыққа білім беруді арман етті.

D) Халық Татьянаны Тәтіш атады.

Е) Ел сүйсе, ер де сүйеді.

 

79. Сұрау есімдігін табыңыз:

А) қашан

В) ешқашан

С) бәрі

D) бұл

Е) мен

 

80. Сөйлемнің бастауышы қай сөз табынан болып тұр:

Бүгін бұлар Қарашоқыдағы Күнкенің ауылына жетпек.

А) есімдік

В) зат есім

С) есімше

D) сан есім

Е) етістік

 

81. Сөйлемнің баяндауышы қай сөз табынан жасалған?

Желсіз, жұлдызсыз аспан да қазір қап-қара.

А) зат есім

В) сан есім

С) сын есім

D) етістік

Е) есімдік

 

82. "Қодарды" сөзі сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?

Абай Қодарды танымайтын екен.

А) толықтауыш

В) анықтауыш

С) пысықтауыш

D) бастауыш

Е) баяндауыш

 

83. Мына сөйлемдегі пысықтауыштың түрін ажыратыңыз.

Абайлар Қызылшоқыға қарай жосытып барады.

А) себеп пысықтауыш

В) мезгіл пысықтауыш

С) амал пысықтауыш

D) мекен пысықтауыш

Е) бірыңғай пысықтауыш

 

84. Мына сөйлемдегі пысықтауыштың түрін ажыратыңыз.

Үлкендер әдейі Әбіштің көңілін сұрағалы келіпті.

А) амал пысықтауыш

В) мезгіл пысықтауыш

С) бірыңғай пысықтауыш

D) мекен пысықтауыш

Е) мақсат пысықтауыш

 

85. Сөйлемнің бастауышы қай сөз тобынан болып тұр:

Енді екеуі қайтадан Қарашоқыға бет қойды.

А) зат есім

В) сын есім

С) есімдік

D) сан есім

Е) үстеу

 

86. Жақты сөйлемді табыңыз.

А) Ертең Түркістанға барғалы отырмын.

В) Жиналыста сөйлеуге тура келді.

С) Түн. Ашық аспан.

D) Мәнсіз өмір қуаныш әкелмейді.

Е) Түнірген кеш. Баяу ескен қоңыр жел.

 

87. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Шәкірттер өсіп қанат қақты.

В) Жиналыс тез аяқталды.

С) Бүгін сабақта Әмір жоқ.

D) Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.

Е) Інің жас екен.

 

88. Есім баяндауышты сөйлемді табыңыз.

А) Адал дос жаныңды сақтайды.

В) Абырой-ар еңбегі.

С) Өзен тасып жатыр.

D) Ол Түркістанға барғалы отыр.

Е) Босағаны керме.

 

89. Бастауыш қай сөз табынан келген:

Кейбіреулер тоқтап, Абайдың аузына қадалды.

А) есімше

В) етістік

С) есімдік

D) зат есім

Е) одағай

 

90. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Түн. Ышқынған долы дауыл.

В) Боран түні бойы ұлыды.

С) Мал тегіс қорада тұр.

D) Көрсеткен ілтипатыңызға өте ризамын.

Е) Аяз түнге қарай қатайып кетті.

 

91. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Олар емтиханнан кеш шықты.

В) Ермек өте жақсы оқиды.

С) Жауабыңды жалғастыра бер.

D) Асан ұйықтап қалды.

Е) Оның қалаға баруына тура келді.

 

92. Лепті сөйлемді табыңыз.

А) Күн қандай тамаша.

В) Қайда асығып барасың.

С) Жаңбыр жауа ма.

D) Дастарханды аттамаңдар деп едім.

Е) Жұмысқа жұмыла кірісті.

 

93. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

А) Дәптеріңді бере тұршы

В) Сабағыңды оқы

С) Әркімнің бір арманы бар

D) Барушы ма едің

Е) Табалдырықты баспа

 

94. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

А) Кеш көңілді өтті.

В) Дала жайқалып тұр.

С) Көптен бері сырласамыз.

D) Ол қалада оқиды.

Е) Көшелері таза екен.

 

95. Мақал-мәтелдерден антонимді табыңыз.

А) Досы көппен сыйлас.

В) Білімдінің күні жарық.

С) Көп сөз-көмір, аз сөз алтын.

D) Еңбек түбі-береке

Е) Елінен айырылған өлгенше жылайды.

 

96. Тура мағынада қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) қалың кітап

В) қалың жылқы

С) қалың жаңбыр

D) қалың тоғай

Е) қалың тұман

 

97. Тура мағынада қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) биік сезім

В) биік мұнара

С) биік ат

D) биік тұлға

Е) биыл келді

 

98. "Ашық" деген сөздің ауыспалы мағынада тұрған жерін көрсетіңіз?

А) есікті ашпа

В) ашық есік

С) ашық терезе

D) қазанның беті ашық

Е) ашық мінез

 

99. Тәуелдік жалғаулы сөзді тап.

А) қаламы

В) қалалар

С) қаламды

D) қаламен

Е) қалашық

 

100. Есім баяндауышты сөйлемді көрсет

А) Абай-қазақтың ұлы ақыны.

В) Ою хан сырмақты хан сарайына алып келді.

С) Сәуле оянып кетті

D) Биыл қыс ерте түсті.

Е) Сабақ басталып кетіпті.