Пәнді меңгеруге қажетті деректемелер мен жалғастырушы пәндер

Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

B020500 «Филология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

Филология және әлем тілдері факультетінің

Ылыми кеңесінде бекітілді

№ хаттама « » 06 2016 ж

Факультет деканы _________ Ө.Абдиманұлы

 

С И Л Л А Б У С

«Репрессиялан5ан 0аза0 лингвистикасы»

B020500 «Филология», күндізгі, 4 курс қ/б, күзгі семестр, 3 кредит, таңдаулы пән.

Дәріскер: Иманалиева Ғазиза Қынуарбекқызыф. ғ. к., доцент

Жұмыс орны: Қазақ тіл білімі кафедрасы, 315-кабинет

Телефоны: жұм.: 3773336 (1327)

e-mail: Imanalieva.gaziza@mail.ru

 

 

МОДУЛЬ МАЗМҰНЫ

Мақсаты:

Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикалық даму деңгейі, басқа елдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықта ықпалының артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, өз елінің тарихи құндылықтары тілі мен тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, ғаламдану үдерісінде мемлекетіміздің жедел дамуына үлес қосатын мамандарды даярлаудың қажеттілігі аса өзекті болып отыр. Сондықтан білім алушылар үшін тіл ғылымының дамуында этномәдени лексиканы құрайтын кез келген сөздің, сөз тіркесінің, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің, прецедентті мәтіндердің, ертегілер мен өлең-жырлардың, тыйымдар мен ырым-жоралғылардың, салт-дәстүрлердің мазмұнында ұлттық мәдени ақпараттар тасқыны мол болғандықтан, тек жалаң тілдік мәліметтер негізінде ғана қарастыру жеткіліксіз болып саналады. ­Өйткені бұл ұжымдық құндылықтардың астарында сол ұлттың қалыптастырған ұлттық тарихи мәдениеті мен дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік шаруашылығы, өмір тәжірибесі, моралі, этикасы мен эстетикасы сияқты рухани-мәдени құндылықтары жан-жақты көрініс беретіндігі туралы білім алушыларға ақпарат беру кезек күттірмейтін маңызды қажеттіліктердің бірі.

 

Міндеттері:

- қазақ тілінің жеке тіл ретінде қалыптасуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихына шолу жасау;

- тыңдаушыларға қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы бойынша жүйелі ғылыми-теориялық білім беру;

- қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасына лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық, когнитивті-концептуальдық, лексикалық, семантикалық, фразеологиялық, этимологиялық талдаулар жасай алуға дағдыландыру;

- қазақ тілінің рухани және материалдық лексиканы құрайтын туыстық атаулардың салт-дәстүр мен ырым-жоралғыға байланысты лексиканың, дерексіз сөздер мен діни лексиканың, аспан денелері мен амал атауларының, түр-түс атаулары мен ономастикалық жүйенің, өлшем атаулары мен киелі сандар жүйесінің, ұлттық музыка аспап атаулары мен зергерлік өнер лексикасының, киім-кешек атаулары мен қару-жарақ атауларының ұлттық мәдени ерекшеліктеріне лингвистикалық кешенді талдау жүргізу.

-

ЖАЛПЫ ҚҰЗЫРЕТ

құралдық:

- қазақ халқының ана тілі - қазақ тілін қастерлей, бағалай отырып, күнделікті өмірде қоғамның барлық саласында шынайы қарым-қатынас құралына айналдыру;

- қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасын меңгертуге арналған тарихи жәдігерліктер мен заманауи электронды оқу материалдарын, ғылыми зерттеулер мен лингвистикалық монографияларды, оқулықтар мен оқу құралдарын, сөздіктерді, инновациялық технологиялар мен слайд-шоу материалдарын ұтымды қолдана білуге дағдыландыру;

- БАҚ, сайттардан алынған этномәдени материалдарды сұрыптап, өңдей алу, практикалық қажеттілікке сай қолдана алу дағдысын қалыптастыру.

тұлғааралық:

– қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасын мәдениаралық коммуникация аясында саралай отырып, толеранттық негізінде тұлғааралық және мәдениаралық қатысымға бейімділігін қалыптастыру, ұлтаралық, мәдениетаралық қарым-қатынас ережелерін сақтай отырып, ана тіліміз бен ұлттық құндылықтарымызды дамытатын игі іс шараларға қатысуға, қолдануға, іске асыруға қабілеттілігін арттыру.

жүйелілік:

– қазіргі қазақ тілін әлемдік лингвистика үдерістерімен сабақтастыра отырып, өзіне тән фонологиялық заңдылықтарын, лексика-грамматикалық құрылысын, дереккөздерін, жаңа бағыттардағы заманауи даму тенденциясының жүйелілік сипатын айқындау;

пәндік құзірет:

- қазіргі қазақ тілінің түркітану жүйесіндегі роліне, әлемдік лингвистиканың құрамдас бір бөлігін құрайтын жеке дербес тіл екеніне, өзіне тән лингвомәдениеттанымдық және этнолингвистикалық құндылықтарға ие, қазақ халқының ұлт тілі, ҚР-ның мемлекеттік тілі екенін дәйектеу;

- лингомәдениеттану мен этнолингвистиканың ғылыми-теориялық базасы мен терминологиялық аппаратын, іргелі ұғымдары мен категориялар жүйесінен мол ақпарат беру;

- қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасын құрайтын этномәдени құндылықтарға лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық, этимологиялық талдаулар жасай алуға дағдыландыру;

- компьютермен өңделген мәліметтерді; түрлі типтегі мәтіндерді редакциялау, тілдік әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану, филологиялық және этномәдени ақпараттарды жинауға, сақтауға және өңдеуге арналған инновациялық технологияларды жүзеге асыруға қабілеттілігін арттыру.

Пререквизит:- қазіргі қазақ тілі, лингвомәдениеттану негіздері

Постреквизит:- қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен тарихи грамматикасы

 

Пәнді меңгеруге қажетті деректемелер мен жалғастырушы пәндер

Бұл пән таңдау түрінде элективті пәндердің аумағында өтіледі. Бакалавриатта өтілетін «Қазақ тіл біліміндегі антропоөзектік жаңа бағыттар», «Әлемнің тілдік бейнесі» сияқты кешенді пәндермен сабақтастырыла оқытылып, олардың ғылыми-теориялық базасы мен терминологиялық аппараты, іргелі ұғымдар жүйесі мен негізгі категориялары туралы мәліметтер мен деректер талдауға түседі.