Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.

1-тақырып. «Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні» семинар сабағында экологиялық құқықтың қағидалары, экологиялық құқық жүйесі оқу пәні ретінде, экологиялық құқықтың даму кезеңдері оқып, есте сақтау үшін конспект жазыңыз. Қазақстан Республикасы экологиялық құқығының ғылымын анықтап, өзіңізге ыңғайлы болса, таблица түрінде жасап алыңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж. 31 тамызда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005. -364 б.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009. -422 б.

 

2-тақырып. «Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері»туралы тақырыпта экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы, табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымдыпайдалану туралы республикалық заңдылықтардың негізгі даму кезеңдерін сипаттап, конспектілеңіз. Экологиялық құқық қайнар көздерінің ұғымы және жіктелуі жайлы анықтаңыз.

Әдебиеттер:

1. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

2. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

3. Правовое обеспечение рационального использования и охраны земельных, водных и других природных ресурсов при проведении операций по недропользованию в РК: монография. / Монография под. ред. д.ю.н. Л.К. Еркинбаевой. – Талдыкорган:ЖГУ им. И. Жансугурова. 2014. -198 с.

 

3-тақырып. «Табиғат обьектілеріне меншік құқығы» атты семинар тақырыбында табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны, табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының объектілері мен субъектілеріне анықтама беріп, табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздеріне түсінік беріңіз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007ж. 09 қаңтарда

қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

4. Правовое обеспечение рационального использования и охраны земельных, водных и других природных ресурсов при проведении операций по недропользованию в РК: монография. / Монография под. ред. д.ю.н. Л.К. Еркинбаевой. – Талдыкорган:ЖГУ им. И. Жансугурова. 2014. -198 с.

 

4-тақырып. «Табиғатты пайдалану құқығы» тақырыбына табиғатты пайдалану құқығының мазмұны, табиғатты пайдаланушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері жайлы таблица құрастырып, табиғи ресурстарды табиғатты пайдалануға беру негіздерін жазбаша мүмкіндігіңізше саралаңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007ж. 09 қаңтарда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

4. Правовое обеспечение рационального использования и охраны земельных, водных и других природных ресурсов при проведении операций по недропользованию в РК: монография. / Монография под. ред. д.ю.н. Л.К. Еркинбаевой. – Талдыкорган:ЖГУ им. И. Жансугурова. 2014. -198 с.

 

5-тақырып. «Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық нысандары»тақырыбындаэкологиялық мониторингті жүзеге асырудың тәртібі, экологиялық сараптама: мақсаттары, міндеттері, түрлері, шаруашылық және өзге қызметке қойылатын экологиялық талаптардв анықтап, табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастларының жүргізілу тәртібін конспект немесе слайд түрінде көрсетіп, экологиялық бақылаудың міндеттері мен түрлерін сипаттаңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007ж. 09 қаңтарда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

4. Правовое обеспечение рационального использования и охраны земельных, водных и других природных ресурсов при проведении операций по недропользованию в РК: монография. / Монография под. ред. д.ю.н. Л.К. Еркинбаевой. – Талдыкорган:ЖГУ им. И. Жансугурова. 2014. -198 с.

 

6-тақырып. «Экологиялық шарттарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік» тақырыбына экологиялық заңдарды бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері, экологиялық зиянның түсінігі мен түрлері, табиғи ресурстарға келтірілген зиянды өтеудің тәртібі, экологиялық заңдарды бұзғаны үшін басқа да экологиялық жауапкершіліктің түрлеріне тоқталып, баяндама жасаңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007ж. 09 қаңтарда

қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

4. Правовое обеспечение рационального использования и охраны земельных, водных и других природных ресурсов при проведении операций по недропользованию в РК: монография. / Монография под. ред. д.ю.н. Л.К. Еркинбаевой. – Талдыкорган:ЖГУ им. И. Жансугурова. 2014. -198 с.

 

7-тақырып. «Экологиялық шарттарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік»тақырыбын меңгеру үшін экологиялық заңдарды бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері, экологиялық зиянның түсінігі мен түрлері, табиғи ресурстарға келтірілген зиянды өтеудің тәртібін анықтап оған қысқаша баяндама жасаңыз және экологиялық заңдарды бұзғаны үшін басқа да экологиялық жауапкершіліктің түрлерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінен қараңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007ж. 09 қаңтарда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

 

8-тақырып. «Жердің құқықтық режимі»тақырыпта жер учаскесіне меншік құқығының және жер пайдалану құқығының туындау, өзгеру және тоқтату негіздері, жерді құқықтық қорғаудың мақсаттары мен міндеттері және жерді пайдалану мен қорғаудың мемлекеттік бақылауға сипаттама беріп, оның құқықтық реттелу жолдарын анықтаңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007ж. 09 қаңтарда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

4. Еркінбаева Л.Қ. Қазақстан Республикасының жер құқығы. –Алматы: Жеті жарғы, 2010ж.

5. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. 2003ж. 20 маусымда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

6. Правовое обеспечение рационального использования и охраны земельных, водных и других природных ресурсов при проведении операций по недропользованию в РК: монография. / Монография под. ред. д.ю.н. Л.К. Еркинбаевой. – Талдыкорган:ЖГУ им. И. Жансугурова. 2014. -198 с.

 

9-тақырып. «Жер қойнауының құқықтық режимі»атты семинар тақырыбында жер қойнауына меншік құқығы және оны іске асыру нысандары, жер қойнауын пайдалану құқығы және оның түрлері, пайдалы қазбаларды есепке алу, оларды жіктеу туралы статистикалық мәліметтерге (БАҚ) беттерінен талдау жасап, баяндаңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007ж. 09 қаңтарда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

4. Еркінбаева Л.Қ. Қазақстан Республикасының жер құқығы. –Алматы: Жеті жарғы, 2010ж.

5. Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану туралы Заңы. 2010ж. 24 маусымда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

6. Қазақстан Республикасының жер кодексі. 2003 ж. 20 маусымда қабылданған.

7. Правовое обеспечение рационального использования и охраны земельных, водных и других природных ресурсов при проведении операций по недропользованию в РК: монография. / Монография под. ред. д.ю.н. Л.К. Еркинбаевой. – Талдыкорган:ЖГУ им. И. Жансугурова. 2014. -198 с.

10-тақырып. «Судың құқықтық режимі»семинар тақырыбындасу қорына меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары, жер қойнауын пайдалану құқығы және оның түсінігі, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және сараптама туралы конспект жазып баяндаңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007ж. 09 қаңтарда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

4. Қазақстан Республикасының Су кодексі. 2003ж. 09 шілдеде қабылданған// «Параграф» ақпараттық жүйесі.

5. Правовое обеспечение рационального использования и охраны земельных, водных и других природных ресурсов при проведении операций по недропользованию в РК: монография. / Монография под. ред. д.ю.н. Л.К. Еркинбаевой. – Талдыкорган:ЖГУ им. И. Жансугурова. 2014. -198 с.

 

11-тақырып. «Ормандардың құқықтық режимі» тақырыбында орман иелену және орман пайдалану құқығы, орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі тараптары, орман пайдалану түрлері және орман пайдалануды жүеге асыруы туралы баяндаңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007ж. 09 қаңтарда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

4. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. 2003ж. 08 шілдеде қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

12-тақырып. «Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі» тақырыбында жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау, кадастр және мемлекеттік есебі, жануарлар дүниесіне келтірілген зиянды өтеу тәртібі, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықты анықтап конспектілеңіз және тізімдегі әдебиеттерді қараңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007ж. 09 қаңтарда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

4. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдаланутуралы 2004 жылғы 9 шілдедегі ҚазақстанРеспубликасының Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

5. Правовое обеспечение рационального использования и охраны земельных, водных и других природных ресурсов при проведении операций по недропользованию в РК: монография. / Монография под. ред. д.ю.н. Л.К. Еркинбаевой. – Талдыкорган:ЖГУ им. И. Жансугурова. 2014. -198 с.

6. Правовое регулирование использование животного мира в Республике Казахстан: монография./ А.Е. Бектурганов А.Е., И.М. Сматов. –Талдықорған: ЖГУ им. И. Жансугурова. 2011. 184 с.

13-тақырып. «Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау» тақырыбындаатмосфералық ауаны қорғау туралы дауларды шешу тәртібі, Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік және атмосфералық ауаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қарастыру үшін тізімде көрсетілгенәдебиеттерді пайдалана отырып, қысқаша конспект жасаңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007ж. 09 қаңтарда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

 

14-тақырып. «Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі»тақырыбында мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатынтабиғи аумақтар саласындағы құзыреті, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері мен санаттары туралы түсінік беріңіз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007ж. 09 қаңтарда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

4. Ерешк қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2006ж. 07 шілдеде қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

 

15-тақырып. «Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғау» тақырыбында табиғатты халықаралық-құқықтық қорғаудың объектілері мен субъектілері, қоршаған ортаны қорғау салсындағы халықаралық ынтымақтастық, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімдер, конвенциялар, шарттардан түсінік алыңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007ж. 09 қаңтарда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: «Интерлигал», 2005.

3. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

4. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Оқулық. –Астана, 2009. -367 б.

5. Правовое обеспечение рационального использования и охраны земельных, водных и других природных ресурсов при проведении операций по недропользованию в РК: монография. / Монография под. ред. д.ю.н. Л.К. Еркинбаевой. – Талдыкорган: ЖГУ им. И. Жансугурова. 2014. -198 с.

 

 

СӨЖ.

Жалпы мақсаты – зерттелетін тақырыпты ашық талқылауды, қиындық туған мәселелер бойынша дауласуды және дискуссияға түсуді, текст бойынша жұмыс істеуге үйрену қажет.

Әдістемелік ұсыныс.

«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша СӨЖ мына жағдайларды қарастырады:

-Білімгерлердің белсенділігі мен жан-жақты ізденуінде қазіргі замандағы теория мен практиканы ұштастырудың жаңа нысандары мен әдістерін ойластыру (әртүрлі ойындар, мәселені талқылау, ситуациялық жағдайлар ойластыру, т.б.);

-Тақырыпты өз бетінше теориялық жағынан талдау, жоспарын құру, аннотация жасау, іздену (өз таңдауы бойынша);

- Пән тақырыптары бойынша кішігірім сөздік құрастыру;

- Шағын топ болып зерттеудің жобасын жасау, презентациялау;

Курсты оқу барысында білімгерлер тақырыптарға қатысты деректер көзімен жұмыс жасауға:

- Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы пәні бойынша әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілермен танысу (ғылыми, оқу, заң терминдері, заңдар, анықтамалар), яғни кітапханада әртүрлі дерек көзімен жұмыс жасауға, ізденуге тырысады;

- Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты сол дерекпен жұмыс жасауға дағдыланады;

- Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізуге, жоспар жасауға, тезистер, конспект жасауға, тақырыпқа қатысты хабарламалар алуға, реферат жазуға;

- Дерек көздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын ұстауға, нақты дәлелдер келтіруге, ойын жинақтауға;

- Әдебиеттермен жұмыс жасай отырып, мәселені талқылауға белсене қатысады

Білімгерлердің ізденіс қабілеттерін дамытуға және белсенділіктерін арттыруға көп көңіл бөлінеді:

- Ситуациялық жағдайларды ойластыру, талдау жасау;

- пікірталастар тудыру, өз құқықтарына нұқсан келген жағдайларды анықтау, тығырықтан шығу жолдарын іздестіру, тез ойын жинақтау;

- күнделікті өмірде құқығына жиі нұқсан келетін кездерді анықтау, мәселені қоя білу, нақты сүйенетін фактілерді көрсету;

- Тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтарды қоя білу.

 

СӨЖ тапсырмаларын орындауда мыналарды басшылыққа алу қажет:

1. Мемлекеттің экологиялық функциясы, қоршаған табиғи орта құқық объектісі ретінде, табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы республикалық заңдылықтардың негізгі даму кезеңдері, экологиялық қатынастарды реттеудегі соттық тәжірибенің маңызы, табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы, табиғатты жалпы және арнайы пайдалану, мемлекет – табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектісі, экологиялық құқықтың жалпы және арнайы қағидалары, «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінің» жалпы сипаттамасы және экологиялық қатынастарды құқықтық реттеудегі маңызын ашу үшін Д.Л. Байділдиновтың «Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» оқулығына сүйену қажет. Осы оқулықтың 25,27-28,29-31,46-48 беттерінен жауап аласыз.

2. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоспарлау, бағдарламалау және стандарттау мәселелері, табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау туралы дауларды қарау және шешу тәртібі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы прокуратура мен ішкі істер органдарының қызметі, экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі мен құрылымы, экологиялық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық жауапкершілік, экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептеу тәртібі туралы С.Т. Күлтелеевтің «Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» және Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінен таныса аласыз.

3. Жер қорының түсінігі және оның жекелеген санаттарының құқықтық режимі, меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеудің негіздері мен тәртібі, жер қойнауы мен басқа да пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалану және қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизмі, пайдалы қазбалардың кен орындарының мемлекеттік кадастры, су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу, трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау, ормандарға келтірілген зиянды өтеу және орман заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық, жер қойнауын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, жер ресурстарының құқықтық режимін оқып білу үшін, тізімде көрсетілген ідебиеттерден танысып, кестеде көрсетілген тапсырмаларды орындауға мүмкіндік аласыз.

4. Аң аулау және аң аулау шаруашылығын жүргізуді құқықтық реттеу, балық аулау мен балық аулау шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізуді құқықтық реттеу, атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етуді экологиялық нормалау, атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылаудың міндеттері мен түрлері, мемлекеттік табиғи қорықтарды қорғау режимінің ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының табиғатын қорғауға халықаралық экологиялық ұйымдардың қатысу нысандары, қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғауға Қазақстан Республикасының қатысу нысандарымен танысу үшін халықаралық шарттармен жұмыс жасау керек.