Түркі өркениетіндегі Оғыз мемлекетінің орны мен ролі. 4 страница

25.Қазақ мемлекетінің алғашқы билеушілер тұсында нығаюы. Мұрындық (Бұрындық) (1480-1511) және Қасым хан (1511-1523).

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы.

Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.

Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды. Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді

Бұрындық хан (1480-1511)
Бұрындық хан – Керей ханның үш ұлының бірі. Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады. Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады.
1. Оның Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1472 жылдарда болған,
2. 1472-1473 жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі,
3. XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағы қайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.

Бұрындықтың хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына қатысты мынандай оқиғалар болған еді: 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды. Орнына екінші ұлы Шайх-Хайдар отырады. Оның билігі туралы деректердің бәрі оң баға бермейді. «Тарихи Кипчакидің» авторы Ходжамқұлы-бек Балхи оның жеке басына мынадай сипаттама береді: «Ол жұмсақ мінезді және жігерсіз адам болатын, басқару ісіне өз бетінше қадамдар жасауға қабілетсіз еді» (XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары.- Алматы, 1969.- Б.393). Осыны пайдаланып Әбілқайырдың кешегі жаулары әр тараптан жорықтар жасай бастайды. Қазақ хандығынан да бірнеше жорықтар жасалады. «Тауарихи гузидан нұсрат-намадан» басқа «Шайбани нама», «Фатх нама», «Бахр ал-асрарфи манакиб ал ахиар» шығармаларының дерегі бойынша «көшпелі өзбектер» мемлекетін талқандауда қазақ хандығы жағынан тек Жәнібек хан ғана аталады.

26.Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. «Қазақ» этнонимі. Жүздер және олардың жер аумағы.Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты.

Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана - бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде қазақтарда халықтық этникалық сананың орнына ру-тайпалық сана басым болды. Мысалы: «Сен қай рудансың?» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп, елден тыс шыққанда ғана айтады.

«Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі.

X-XI ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Касаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар бірігіп, XI ғасырда Дон мен Днепр жағалауына орныққан. X ғасырда билік құрған Византия императоры Константин Багрянородныйдың айтуы бойынша, Кавказдың солтүстік–батысында «қазақтар елі» болды. Әзірбайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ ауданы бар.

Ең алғаш “Қазақ” сөзі мұсылман жазба деректеріндегі авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы қолжазба түрінде жеткен және 1894 жылы Германияның Лейден деген қаласында басылып шығарылған. Бұл сөздікте қазақ терминінің «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары берілген. Сонымен бұл сөздікте қазақ термині әлеуметтік мағынаға ие болып отыр. Осылай руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары бойынша өмір сүрген адамдар тобын атаған.

«Қазақ» сөзінің осы мағынасынан шыға отырып, жоғарыда көрсетілген деректерде еркін, үйсіз-кезбелердің көрсетілген аудандарда қоныстануы туралы айтылған деген қорытынды жасауға болады.

Жүз – тарихи шаруашылық және географиялық аймақ, белгілі рулық топтың территориясы. Жүз – бөлік, тарап мағынасын білдірді. Үш жүз географиятық орны мен климатының айырмашылығымен ерекшеленеді. Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді: 1. Ұлы жүз. Территориясы: Жетісу мен Оңт. Қазақстан. Рулары: үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, шапырашты, қаңлы, сіргелі, ысты, ошақты, т.б. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.

2. Орта жүз. Террит-сы: Орталық және Солт.-Шығыс Қазақстан. Рулары: қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңырат, уақ, т.б. Орта жүзді Бекарыс деп те атайды.

3. Кіші жүз. Террит: Батыс Қаз. Рулары: адай, алшын, төртқара, жағалбайдлы, табын, тама, байбақты, қаракесек, т.б. Кіші жүзді үш негізгі рулық одақтар құрайды: Жетіру, Әлімұлы, Байұлы. Кіші жүзді Ақарыс деп те атайды..

Қазақ халқының қалып­та­су про­цесі XIV-XV ғғ. аяқтал­ды.

Са­яси жағынан ша­шыраңқы эт­ни­калық ту­ыс­тас топ­тардың ба­сы қосы­лып, қазақ ру­лары мен тай­па­лары­ның бірігуіне Қазақ хан­дығының құры­луы әсер етті.

XV ғасыр­дың екінші жар­ты­сы – XVI ғасыр­да негізгі эт­ни­калық топ­тардың қазақ халқына және олар ор­на­ласқан аумақтың Қазақ хан­дығына бірігуі, тұтас ха­лық бо­лып қалып­та­судың аяқта­лу­ын тез­детті.

XV-XVII ғасыр­лар – Қазақстан­ның аумағын­дағы тұрғын­дарға іс жүзінде ор­тақ негізгі белгілер мен қазақ эт­но­сының өзіне тән ма­тери­ал­дық және ру­хани мәде­ни­еті бекіп жетілді.

27.Хақназар хан (1538-1580) және Тәуекел хан (1586-1598) билік еткен кезеңдегі Қазақ хандығы.

Хакназардың тегі ол Қасым ханның ұлы, Жанібектін немересі, Барак ханның шөбересi, Құйыршықтың шөпшегi. Қасым ханнан кейiнгi хан болган Мамаш, Такыр, Бұйдаш тусында Казак хандығының саяси жагдайы нашарлайды. Хакназар хан болrанша хандык iшiнде билiк үшiн талас-тартыс ұзақ, жылдарға созылады. Жағдай хандык билiк Хакназардың колына тиген кезден бастап кайта жандана бастаган. Тарихи зерттеулерге караганда, Хакназар әкесі Қасым ханның жаксы касиеттерін алған. Ел баскаруда сабырлы, акылды болған. Хакнаэар хан өзінің осындай саясаткерлігінің аркасында Ноғайлармен карым-қатынаста дұрыс шешiмiн тауып отырган. Miнe Хакназардың хандык құрған кезінде оның хандык өкіметін дурыс басқара бiлуiнiң арқасында казак хандыгынын куаты өсiп, саяси өрлеуi арта түсті. Хақназар хан елінің саяси бытыранкылығын жойып, бiр орталыктан баскаруды колына алған соң, хандыктың халықаралык жағдайын нығайтуға әрекет жасаған. Сондықтан да қазақ хандығының сырткы жаrдайында аса ipi окиғалар болды. Хан өзiнiң сыртқы саясатында Моғол хандығымен, Ноғай ордасымен, өзбектермен, орыстармен карым-катынас жасауды өзiнiң басты мiндетi деп ұстады. Моғол ханы Абд ар-Рашид Жетiсу мен Ыстықкөл аумағындағы жерлердi басып алу ниетiмен XVI ғасырдың 50-60 жылдары Қазақ хандыrына карсы үлкен соғыс бастады. Бұrан карсы күреске Хақназар хан қазақ-кыргыз одағынын әскерлерін пайдаланды. Бұл шайқастаң бірінде Абд ар-Рашидтің баласы каза тапты. Жетiсуда ойраттардың тонаушылык жорықтарының жиiлеуi Жетiсу казақтарының жағдайын ауырлата түсті. Моғол ханына қарсы соғыстар салдарынан Хақназар хан Жетісудың бiршама жерiн уысынан шығарып алды. Дегенмен 1570 жылдардың аяғында Жетісудың батыс бөлiгi Шу, Талас өңipi оның билiгiнде болды.Ноғай ордасы ыдырауына байланысты халқының біраз бөлігі Қазақ хандығына қосылады. Хақназар ертеден жауласып келе жаткан Шайбани хан әулетiмен жақсы катынас орнатуга ұмтылды. Ташкент каласын басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын токтаты. Сөйтiп Бұхар ханы Абдаллах пен казак ханы Хақназар хан "Дос болып, өзара кемектесу" жөнiнде "ант берiскен шарт" жасасты. Нәтижесiнде соғыс кимылдары токтап, бейбiтшiлiк орнады. Бұл шарт қазақ хандығы үшін оте тиімді болды. Алайда өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент билеушi Баба султан арасында билiк үшiн талас басталады. Хақназар бұл таласты пайдаланып, оларды әлсiрету үшiн жасырын турде екеуін де колдайды. Өзiн қолдағаны үшiн Абдаллах хан оған Түркістан аймаrындағы бiрнеше қаланы сыйға берген. Ал Баба сұлтан да өзiн қолдағаны үшiн Түркістан, Сауран калаларын қазақ ханына сыйға бередi. Алайда, 1579 жылы қазақ сұлтандарынығ Абдаллах ханды жактамак болған арекеттерiн Баба султан сезiп калып, жансыздарын жiберiп, Хакназарды және жанындағылары 1580 жыл өлтіртеді. Хақназар хан тұсында қазақ хандығынын тарихында өзгерістер болды. Мәселен, 1569-1573 жылдары орыс елшiлерi Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Казак хандыrында болып кайткан. Сондыкган да Хакназар хан тұсында қазақ хандығы Москва мен сауда байланыстарын орнатып, саяси карым-катынас жасады. Қорытындылай келгенде, қазақ хандарының iшiнде Хакназар өзiнiң хандык билiгi кезiнде, төңiрегiндегi елдермен дипломатиялык қатынас жасаудың көрнекті үлгiсiн жасаған қайраткер болды. Өз елінің әлеуметтiк-экономикасын кетерген, жерінің аумағын кеңейткен, сол үшiн жан аямай қызмет еткен атакты хандардын бiрi болды. Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы. Тәуекел билік басына 1582 жылы келіп, Қазақ хандығын 16 жыл биледі. Тәуекелдің тегі: Ол Шығай ханның баласы, ал Шығай Жанібек ханның Жәдік деген баласынан туған. Тауекел хандық билiкке талай ауыр тарихи азапты жолдарды басынан өткiзiп келген адам. Ол алғашкы кезде XVI гасырдын 80- жылдарынын басында өзінің жасауылдарымен Бұхар ханы Абдаллах пен бірге Баба султанға карсы күрескен. Оның себебі Хақназар ханның кегін қайтару еді.. Ол бұл максатына жеттi де. Бiр шайкаста Баба султанды олтіріп, басын Абдаллах ханга апарып бергенде ол оған Самарканд аймагындағы табиғаты тамаша Африкент уәлаятын сыйға тартады.

Алайда Тауекел Абдаллах ханды тастап, озинін Дештi Қыпшагына оралған. Тауекелдің Абдаллах ханнан кетуінің бiрнеше себептерi болған Онын бiрiншiсi өзіне жасалуы мүмкін кауiптен сескенген. Екiншiден, Абдаллах хан уәде еткен Туркістан аймагынан бермек болған төрт каланы бермеген. Тәуекел хандык билiктi алган кезiнде Казак хандыгынын сырткы жагдайы өте ауыр жағдайда болған. Бiрiншiден, Тауекел хан жане қазақ Сұлтандары өздерінін одактасы болып журген Абдаллах ханды тастап кетiп, ендi өздерiне жау тауып алған едi. Екiншiден, хандыктын шығыс жағында моғoлдар мен жонғарпар қазақ жерiне кауіп туғызып отырған. Алайда Тэуекел бұл жағдайға онша мән бермедi. Тәуекелдің алдына қойған басты мақсаты өзбек хандығына кеткен қалаларды қайтару болды. Тәуекел билiк құрған кезден бастап оңтустік өңірлердің есебiнен Қазақ хандыгынын ipreciн кеңейтуді ойластырды. Абдаллах хан өзiнiң бакталас бәсекелесі, Баба сұлтанды өлтірган соң, бiр кезде Баба султанга кол ұшы берген, қазақ сұлтандарын жазалау шараларын бастады. Абдаллах ханның бұл әрекеті казак сұлтандарының наразылыгын тудырды. 1583 жылы Тауекел хан өзбек ханымен жасаскан "ант берiскен шартты" бұзды, Сөйтiп, Тәуекел хан көп әскермен Абдаллах ханға шабуыл жасап, Сауран, Түркісган, Отырар, Сайрам калаларын басып алады. Тәуекел хан 1598 жылдың жазында көп жасак жиып, Мауереннахрга баса көктеп кiредi. Ташкент, Самаркан калаларын басып алады. Eciм султанды 20 мың әскермен Самарканда калдырды да, өзi 70-80 мын колмен өзбек хандығының астанасы Бұхараны коршауға алды. Шайқаста Тәуекел хан қатты жараланып шегінуге мәжбүр болады. Көп кешiкпей ауыр жарақаттанған Тәуекел хан қайтыс болады. Осы кезден бастап Сыр бойындағы қамал-қалалар және ipi кала - Ташкент Қазақ хандығының құрамында болады. Тәуекел Орта Азиядағы ұзақ жылдарға созылған талас-тартыстан кейiн Мәскеумен карым-катынас жасауды қолға алады. 1594 жылы орыс патшасы Федорга елшiсi Құл-Мұхаммедтi аттандырады. Ал Құл-Мухаммед елшiлiгiне жауап ретінде 1595 жылы Мәскеуден тiлмаш Вельямин Степанов Қазақ хандығына келеді. Осыған қарап қазақ орыс қатынасы жақсы болды деуге болады. Сонымен Тәуекел хан Қазақ хандығын одан әрі дамытып үлкен абройға ие болды.

28.Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығын нығайту үшін жүзеге асырылған шаралар (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би). Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегі пікірлер де әр түрлі. Жәңгір ханның ұлы және мұрагері Тәуке 1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырды. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады. Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді.

Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтырып, дамыту негізінде «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын құрастырды. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған. Оларда орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық құқығының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Қазақша «жарғы» әділдік деген ұғымды білдіреді. Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дәуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншығы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г.Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820-шы жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы ( 34 үзінді) А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан, бұл заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.

«Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда және «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану.