Тақырып. Жердің құқықтық режимі.

Жоспар:

1.Жер ресурстарының жалпы сипаттамасы.

2. Жер қорының түсінігі және оның жекелеген санаттарының құқықтық режимі.

3. ҚР Жер кодексі және жер туралы басқа да заңдылықтар.

4. Жер заңдарының міндеттері мен қағидалары.

5.Жерге жеке меншік құқығының түсінігі.

6. Жер пайдалану құқығының түсінігі, түрлері және субъектілері.

Негізгі ұғымдар:жер, жер қорғау қағидалары, қоршаған орта объектісі.

Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1 тарауының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:

1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер.

2. Елді-мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері.

3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер.

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы және тарихи мәдени мақсаттағы жер.

5. Орман қорының жері.

6. Су қорының жері.

7. Босалқы жер

Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді.

Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған сәйкес қабылданған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері реттеп отырады.

Жерді қорғау мен пайдалануға қатысты ережелер ең алдымен 2003 жылдың 20 маусымында қабылданған ҚР Жер кодексі мен 2007 жылдың 9 қаңтарында қабылданған ҚР Экологиялық кодексі және басқа да арнайы жерге байланысты, экологиялық заңнамалар шеңберінде реттеледі.

Жерді қорғау мен тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Жер қоры ҚР Жер кодексіне сәйкес, нысаналы мақсатына сай жеті санатқа бөлінеді: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл ша­ру ашы л ығы мақсатына арналмаған жер; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері; сауыктыру мақ-сатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; орман қорының жері; су қорының жері; босалқы жер.

Жердің құқықтық режимі оның қай санатқа тиесілілігіне және жерді (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негізделіп айқындалады (ҚР ЖК 1-бабы).

Жерді санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы орган-дары Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін беру және алып кою жөніндегі өз құзыреті шегінде жүргізеді (ҚР ЖК 2-бабы).

Жер учаскесіне күқық белгілейтін қүжаттар - жер учаскесінің жекелеген сипаттарын айқындайтын және жер қатынастары жөніндегі органдардың жер учаскелері меншік иелері мен жерді пайдаланушыларға қүқық беру туралы құжаттар негізінде бері-леді. Құқық белгілейтін қүжаттарға жер учаскесіне меншік ету қүқығының актісі, тұрақты жерпайдалану құқығының актісі және жерді уақытша пайдалану (жалға алушы немесе өтеусіз пайдаланушы) құқығының актісі жатады. (ҚР ЖК 12-бабы).

Жерді санаттарға бөлудің экологиялық маңызы да зор. Өйткені жердің әрбір санаты қорғау мен пайдаланудың өзіндік қүқықтық режиміне ие. Экологиялық маңызды және аса бағалы жер жекелеген санаттарға бөлінген. Жер заңнамасында олардың құқықтык режимі анықталады. Бұл қоғамға біріншіден, жерді пай­далану мақсатын анықтаудың бастауында тұрып, негіздер жеткіліксіз болған жағдайда оларды бір санаттан екіншісіне ауыс-тыруға жол бермейді, екіншіден, пайдалану мақсатына қарай жердің нысаналы қолдануын бақылауға көмектеседі.

Жер учаскелері иелерінің, жер иелерінің, жер пайдаланушылар мен жалдаушылардың іс-әрекетінің экологиялық негізделген ережелері олардың жерді қорғау мен дұрыс пайдалануға байла­нысты құқықтары мен міндеттерінде айқындалады.

Жерді пайдаланушы адамдардың іс-әрекетінің экологиялық негізделген ережелерінің мазмүны олар пайдаланып отырған жер учаскелерінің негізгі пайдалану мақсатына байланысты. Заңнамада бүл түлғалардың жалпы мақсатқа арналған және пайдаланылатын жердің санаттарына сәйкес дифференцияланған жерді қорғау мен пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері бекітіледі.