Тақырып. Жер қойнауының құқықтық режимі.

Жоспар:

1. Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының түсінігі және оларды қорғаудың жалпы сипаттамасы.

2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР заңы және жер қойнауын қтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар.

3. ҚР жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарының мақсаттары мен қағидалары.

4. Жер қойнауын пайдалану құқығы және оның түрлері.

Негізгі ұғымдар:жер қойнауы, құқықтық режим, жер қойнауын пайдалану.

Жер қойнауы ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы – жер қойнауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекеттің әлеуметтік экономикалық жағдайында өнеркәсіп өндірісін ұлғайтуда көрнекті орын алады. Республиканың кен байлықтарын неғұрлым халқымыздың игілігі үшін толығырақ пайдалану барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделі ісі. Ол үшін қолда бар мүмкіндіктерді, соның ішінде шет елдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен жер қойнауының байлығын пайдалану керек. Бұл салада туындайтын барлық қатынастарды «Жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен реттеледі.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жағдайындағы заңның міндеттері:

1. Қазақстан Республикасының мүдделерін және оның табиғи ресурстарын қорғау;

2. Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау;

3. Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау;

4. Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының бірдей дамуына жағдай жасау;

5. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында жүргізуді реттеу болып табылады.

Жер қойнауының ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы-жер қойнауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайында, өнеркәсіп өндірісін үлғайтуда қөрнекті орын алады.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлығының қызметі осы заңның арқауы ретінде орын алады немесе тікелей қөрсетіледі. Жер қойнауын қорғау мен пайдалану мемлекеттік бақылау жөніндегі арнаұлы бәлімде қаралған.

Сонымен жер қойнауын құқықтық қорғау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

1. Жер қойнауын иеленуді, пайдалануды және қорғауды құқықтық реттеу;

2. Жер қойнауын иеленуді, пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

3. Жер қойнауын пайдалану және қорғау туралы зандарды бұзаны үшін занды жауаптылықты белгілеу.

Жер қойнауын құқықтық қорғаудың жалпы негізгі мақсаты - жер қойнауын және минералдық шикізатты барынша үтымды, кешенді пайдалануды жүзеге асыру болып табылады.

Жер қойнауы-табиғи ортаның бір бөлігі, табиғи байлық топырақ қабатынан, ол жоқ болса-жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су қоймаларының түбінен томен орналаскан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын терендікке соғылған жер қыртысының бөлігі (Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлықтың (ЖҚ 1 бабы), олар жалпы тараған және жалпы тарамағандарға бәлінеді.

Жер қойнауында пайдалы қазбалар бар. Олар қатты, сұйық немесе ғаз күйінде кездесетін материалдық өндірісте қолдануға жарамды табиғи минералдық зат (соның ішінде жер асты сулары мен шипалы балшық та бар). Олардың кең тараған түрлеріне табиғи немесе сол онделіп, тазартылғаннан кейін негізінен жергілікті шаруашылық мүқтаждарын қамтамасыз етуге жүмсалатын пайдалы қазбалар-қүм, саз, шағыл тастар және басқалар жатады.

Минералдық шикізат-жер үстіне шығарылған, қүрамында пайдалы Қазба бар жер қойнауының бөлігі (тау жынысы, кен шикізаты мұнай, ғаз және баскалар).

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізгенде пайдаланатын және пайда болатын катынастар ҚР Конституциясымен Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлық пен (ЖҚ), Мунай туралы Жарлық пен және басқа нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.

Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты азаматтық құқықтық катынастар (мысалы минералдық шикі заттарға меншік құқығы) ЖҚ нормаларымен реттелмеген болса, ҚР азаматтық зандары нормаларымен реттеледі. Жер, су (жер асты және шипалы балшықтардан басқа) орман, өсімдік және жануарлар әлемі жөніндегі қатынастар баска зандармен реттеледі.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) жер қойнауын үтымды, кешенді және кауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;

2) жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

3) республикалық және аймақтық мүдделердің ұйлесуін қамтамасыз ету;

4) минералдық шикізат базасын толықғыруды қамтамасыз ету;

5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жариялы түрде жүргізу;

6)жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;

7)жер қойнауын пайдалану жөніндегі опсрацияларды жұргізуге инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар тұғызу.

Жер қойнауы құкықтық қатынастары мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығы саласындағы қатынастар;

2. Жер қойнауын мемлекеттік баскару саласындағы катынастар;

3. Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастар;

4. Жер қойнауын қорғау саласындағы кұқықтық катынастар.

Осы аталған топтардағы құқықтық қатынастар түрлеріне қарай өз алдына жіктеледі.

Мысалы жерге мемлекеттік меншік құқығы жер құқығының мазмұнына карай жер қойнауын мемлекеттік иелену, пайдалану, билік ету катынастарына бөлінеді.

Жер қойнауын мемлекеттік баскару саласындағы құқықтық катынастар оның баскару механизмдерін белгілеуге байланысты туындайды. Бұл механизмдср экономикалқ, экологиялық, құқықтық реттеулерге бәлінуі мүмкін.

Жер қойнауын пайдалану құқығының мынадай түрлері де бар.

- жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу;

- барлау;

- өндіру;

- барлау және жер асты кұрылыстарын салу және пайдалану.

Жер қойнауьш пайдалану операцияларына:

1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеп, барлау және өндіру;

2. Жер қойнауын операцияларға байланысты емес жер асты құрырыстарын салуға және пайдалану үшін пайдалану;

3. Кеп тараған пайдалы қазбаларды пайдалану;

4. Жер асты қойнауынан қалдық суларды ағызу үшін барлауға байланысты жұмыстар;

5. Шымтезекті (торф) пайдалану;

6. Емшілік қасиеті бар балшықғы барлау, суды барлау және өндіру жатады.

Жер қойнауын пайдалану куқығы мерзіміне қарай түрақты немесе уақытша, құқықтық режиміне қарай:иеленіп алынатын немесе алынбайтын, өтемді болуы мүмкін.