Музыка сабағының негізгі бөлімі- хор мен ән айту.

Бұл көпшілікке қолайлы іс- әрекет болып табылады. Ол балаларға әнді ұжым болып орындау барысында шығармаға өз қатынасын білдіруге мүмкіндік береді.Әр сыныптан келесі сыныпқа көшіуге жүйеле және бірізді жұмыс жасай отырып, шығарманы тыңдап,оны түсініп, әнді таза, ашық, мәнерлі орындағанда, сонда ғана ән айту әдісі тәрбиелік міндеттерге сай келеді.Ән айту біртұтас жинақталған процесс болып табылады.Ән айтуға баланың барлық организмі: тыныс алуы, нерв жүйесі, бұлшық еттері,артикуляциялық және дыбыс шығарушы аппараттары қатысады.Дұрыс орындалмаған жұмыс ән айту процесіне кері әсерін тигізеді.Сондықтан ән айту жұмысы бірінші сыныптан бастап жүргізіп,барлық сыныптар бойына жалғастырылып отырады.

Бағдарламадағы негізгі талаптар үнемі толықтырылып,кеңейтіліп отырылуы ескерілген.Ән айтудың қалыптасуына таңдап алған материалдар да әсер етеді.Онда көркемдік жағынан құнды, ашық, мазмұны түсінікті, орындауға жеңіл, ыңғайлы және дамытушылығы жағы басым болуы көзделеді.

4 жыл бойына оқушылардың қазақтың халық әндері мен басқа халықтардың әндерін, Қазақстан композиторларының әндерін түсінуге, оған сүйіспеншілікпен қарауға, көркемдік талғамы мен музыкалық қабілетін дамытуға (музыканы есту қабілеті, ырғақты сезінуі, есте сақтай білу, орындаушылық қабілеті т.б.) қол жеткізіледі.

Әрбір сыныптың репертуарына әртүрлі көңіл-күйлі әндер: жеңіл және сергек, ширақ орындауды талап ететін әндер мен әуендер,бірқалыпты, кантиленді әуендетілген т.б.

Бірінші жартыжылдықтың тақырыбы «Сырлы да сазды әуен».Балалар алтын қорға» енген қазақтың халық әндерімен, қазақтың әдет-ғұрпымен, салт- дәстүрлерімен толық таныса алады. Оларға бесік жырлары; тұсау кесу, төрт түлік малға арналған әндер, табиғат туралы және Қазақстан композиторларының әндері жатады.

Екінші жартыжылдықта «Күмбірлеген күміс күй» атты тақырып бойынша балалар қазақ елінің шығармашылығымен танысуды одан әрі жалғастырады.

Екінші сыныпта оқушылар халық әндері мен Қазақстан композиторларының әндерін, оған қоса « Жыл басы кім болады?» атты операмен танысып, ертегідегі кейіпкерлердің әнін орындайды.

Үшінші сыныпта халық әндері және қазіргі заманғы әндердің репертуары біртіндеп күрделене түседі, яғни екі дауысты элементтермен орындайды.

Төртінші сыныптың репертуарында тек екі дауысты немесе канонмен айтылатын әндер ғана емес, сонымен қатар орындауы қиындау мазмұны жағынан және ырғақтарында ерекшеліктері бар, дыбыс биіктігі,гармониялық есту қабілетін дамытатын диапозонды кеңейтуге көмектесетін әндер берілген.

Барлық сыныптарда әнді дұрыс айту қалпына талап қойылады:

Әуенді таза айту, дыбыстың әсем, нәзік, әуелі дыбысталуына, бірқалыпты дем алуына, сөз текстісін анық айту, дауысты, дауыссыз дыбыстарды дөңгелендіріп дұрыс орындау т.б.

Музыкалық тәрбие берудегі музыка тыңдау – музыка пәнінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Ол музыкалық жан – жақтылықты кеңейтеді, музыкалық білімін толықтыра отырып, қабылдауын дамытады, сүйішпеншілігі мен көркемдік талғамын қалыптастырады.

Музыка тыңдау барысында шартты түрде бастауыш сынып оқушыларының қабылдауын былайша топтастыруға болады: шығарманың мазмұнын елестету, оның жанры, құрылысы және басқа көркемдік құралдарын ажырату.

Оқушылар бірінші сыныпта ән немесе күй жанры жөнінде толығымен мағлұмат алады: Ал, екінші сыныпта олар күрделі фактурасы бар « Жыл басы кім болады?» атты балалар операсы мен аңыз – күй «Жетім бала» эпикалық бірнеше көріністен тұратын көлемді күймен танысады.

Үшінші сыныпта ән мен сөздің өзара тығыз байланысымен қазақтың ұлттық шығармашылығы түрлерімен: терме, жыр, айтыс, күй тартыс, атқты жыршы – термеші, күйшілерімен танысады.

Төртінші сыныпта бағдарламаның музыка тыңдау бөлімі жүйелі бірізділікпен жалғасып отырады. Оқушылар ән мен күйдің күрделі музыкада «жаңа өмірге» ие болғанын көре отырып, композиторларының шеберлігінің арқасында халық музыкасының түрленіп, жаңа бояулармен нәрленгенін байқайды. Қазақстанның және шетел шығармаларымен танысу музыканың күрделі жанрлары мен формаларын білуге көмектеседі.

Музыкалық сауаттылық. Оқушылармузыканы қабылдай білу үшін, оның «тірі» өнер екенін өмірімен тығыз байланыста болатынын түйсінуі қажет. Музыканы ести білу тәжірибиесі балаларға 1-4 сыныптар бойында халық музыкасын орындау мен тыңдатуда, қазіргі мектеп оқушыларына арналған композиторлық әндерді айтуда, халық күйлерін,классикалық музыка тыңдатуда т.б. бір – бірінен өзара айырмашылықтарын ажыратуда ықпал етеді. Ән айту кезінде және музыка тыңдағанда балалар біртіндеп музыкалық сауаттылықты да игереді. Шығарманың мазмұны мен көңіл – күйі жөнінде мәліметтер алады, музыканың көркемдік құралдарымен – темп, дыбыс күші, әуенділік, ырғақ, дыбыс биіктігі танысады. Шығарманың жанры және құрылысы, музыкалық аспаптар мен халық аспаптар оркестрі симфониялық оркестр, хор және хордың құрамы жөнінде мағлұмат алады. Оқушылардың алған білімдері сыныптан сыныпқа көшкен сайын толықтырылып, ұлғайтыла түседі. Оқыту процесінде оқушылардың музыканы танып білуі іс жүзінде асырылады. Нота сауаты оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес 3 сыныптан бастап ендіріледі.

Шығармашылық тапсырмалар.Ырғақты би қимылдары, сабақтың тақырыбына байланысты сүреттер салу көбінесе 1-2 сыныптарда қолданылады. 2- сыныптан бастап берілген тақырыпқа суырып – салмалық ойнайды. 1 – сыныпта жұмбақтар шешсе, келесі сыныптарда ребустар шешеді, берілген тақырыпқа шығармалар жазады. «Ізденгіш тапсырмалар», «проблемалық ситуациялар» тудыратын сабақтар оқушыларға алған біліміне тиянақтылықпен қарауға үйретеді.

Жергілікті жердің жағдайына және өмір сүріп жатқан жердің еркшеліктеріне байланысты, ұлттық дәстүрлеріне сәйкес мұғалім білім беру ережелерін ескере отырып, сабақтың мазмұнына түрлі өзгерістер енгізуіне болады.

Осы бағдарламаның тиімділігін авторлар (Құлманова Ш. Б.,Оразалиева М.А, Сулейменова Б.Р.) сегіз жыл бойы эксперименттік байқаудан өткізген.