Елім-ай» бағдарламасы

«Елім – ай» ән – күй сабағының бағдарламасына түсініктеме. Авторы Балтабаев М.Х.

«Елім – ай» бағдарламасының мақсаты – оқушылардың бойына ұлттық музыка мұраларының түрлері – айтыс, жыр, мақал – мәтелдер, ою - өрнектер,

халық билері туралы түсініктерін тереңдетіп, рухани мәдениетіміздің маңызды ажырамас бөлігі – музыкалық мәдениетті қалыптастыру.

Бағдарлама өзінің алдына төмендегідей міндеттерді қояды:

1) Оқушылардың музыка сабақтарына құштар қатынасын, өнермен қарым қатнаста саналы, терең ойланатын, сипаты жағынан музыка өнеріне ашық, жарқын көңіл күйінің сезімін, қызығуын тәрбиелеу.Бұл міндет, ең алдымен бағдарламадағы халықтық шығармашылыққа негізделген, көркемдік жағынан жоғары, балаларға қызықты репертуарды енгізу арқылы шешілді.

2) Оқушылардың жоғары көркемді талғамын, өнер шығармаларын тек көңіл күйі сезімімен қабылдауға ғана емес, бағалауға мүмкіндік беретін, оларда бейнеленген түрлі құбылыстарды салыстыруға, музыкалық шығармаларды сипатына, стилі, жанры және дәуіріне қарай түсінуін тәрбиелеу. Бұл міндет ең алдымен өзегі қазақ музыкасының ерекше табиғатын бейнелейтін білім болып табылатын бағдарламалардың белгілі бір логикалық құрылымы арқылы жүзеге асыру керек. Бұл жерде оқушылар музыка оның өмірімен және басқа да өнер салаларымен байланысы жөнінде шешуші білім алады.

Әлбетте, халық музыкасын тану арқылы оқушылар өзге халықтың музыкасына тән жалпы сипаттағы мәліметтерден де хабардар болады.

3) Оқушылардың музыкалық өнермен қарым – қатынасындағы түрлі тәжірибелік тәсілдерін игеру іскерлігін қалыптастыру. Бұл жерде тағы да әр түрлі ұлт мектебіне тән жалпы іскерлікпен және дағдылармен қатар қазақтың музыка мәдениетіне тән дағды мен іскерліктерді қалыптастыру керек болып отыр. Мысалы, бұған қазақтың халық музыкасын орындағанда вокалдық дауыс ырғағын игеру, ұлттық этникалық қабылдау және бейімділікке тән нәрсені еске түсіретін арнайы қабылдау енеді. Сондай – ақ оқушылар қабілетін дамытудағы түрлі өнер саласының қызметі де ескеріледі. Көркем бейнелерді қабылдау негізі музыка болып табылатын өнердің әр түрлері интеграциялау нәтижесінде жүзеге асады. Бұл оқушылардың түрлі әрекет барысындағы белсенді шығармашылық даму мүмкіндігінің болуын талап етеді.

4) Музыка сабағында оқушылардың музыкалық – шығармашылық дағдыларын дамыту. Бұл жерде жоғарыда көрсетілген музыкалық тәрбие білім беру және дамытудың негізгі міндеттеріндегі сияқты жалпы ерекшенің диалектикалық өзара байланысы көрінеді. Жалпылық ретінде музыканы құрудағы оны орындау және тыңдаудағы музыкалық –шығармашылық даму түрлерін құрылымдылық жағынан қарау болып табылады. Негізгі маңызды міндет қазақ музыкасының классикалық мұрасында жүзеге асқан балалардың нәзік кең өрісті сезім мен тебіреністі қабылдау қабілетін дамыту болып табылады.

«Елім-ай» бағдарламасының тоқсандық таққырыптары былайша бөлінді:

- 1 –тоқсан – «Сарыарқа»,

- 2- тоқсан – «Тұлпар»,

- 3 – тоқсан – «Аққу»,

- 4 – тоқсан - «Елім – ай».

«Елім – ай» бағдарламасында тарихи тақырыпқа арналған халқымыздың музыкалық фольклоры кең пайдаланылған. Бұған жататындар көбінесе – аспаптық шығамалар. Бәрімізге белгілі қазақтар аспаптық шығармаларда халық тағдырының келелі кезеңдерін үлкен көркемдік шеберлікпен бейнелеген. Бағдарламаға енген « Ақсақ құлан», «Ел айрылған», «Он алтыншы жыл», т.б. күйлерде өткен дәуірдегі халқымыздың ой санасын, көркемдік- образдың шеберліктерін көреміз, моральдық- этникалық кескін келбетін аңғарамыз.

Ал, екінші тоқсандағы «Тұлпар» тақырыбында оқушылар «Сырым сазы», «Кішкентай», «Саранжап» т.б. күйлерден халқымыздың күресін, батырлығын көреді.

Басқа халықтар сияқты қазақ халқының кең тараған жанры - ән. «Бозторғай», «Маңмаңгер», «Япырай», «Өсиет» т.б. әндерінде кең даланы, табиғат әсемдігін, махаббатты бейнелеген.

Бірінші, үшінші тоқсан тақырыбына лирикалық сюжеттегі күйлер еніп, ондахалықтың өмірі, өнерге, музыкаға деген көзқарасы, адам сезімі терең бейнеленген («Аққу», «Бұлбұл»).

Халық өнерінің тәрбиелік әсері фольклордың «қолданбалы» саласында да (киіз басу, кілем тоқу, т.б.) орын алып, балалардың көркемдік қажеттілігін күшейтіп отырды. Бұл сала еңбек әндерінің тууына себеп болды.

Бұл бағдарламаны фольклордың басқа да маетриалдарымен тереңдетуге болады (ертегі, жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ойын т.б.).

Ең бастысы, мәселе халық фольклорының синкреттік табиғатын жоғалтпай, әр тақырыпқа өткен сайын, халық дәстүрлердің, фольклордық материалдардың жалпы эстетикалық мәнін ашып, оқушыларға жеткізіп отыру.