Тақырып. Кәсіпорын қаржысы.

Қаржы – ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне кіретіндер:

А) мемлекеттік қаржылар ( республикалық бюджет, халықты әлеуметтік сақтандыру қоры және бюджеттен тыс қорлар: зейнеттақы қоры, халықты жұмыспен қамту қоры және т.б.).

Б) жергілікті қаржылар ( жергілікті бюджетке түсетін қаржылар

В) кәсіпорын қаржылар

Мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің бірыңғай қаржылық саясатын жетілдіру жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне байланысты.

Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде қалыптасады. Республикалық бюджеттік кіріс бөлігінің 70-80 проценті салық түсімдері есебінен құралады.

Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері:

А) бөліп - тарату

Б) бақылау

Қаржының бөліп-тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады. Қаржылардың бөліп-тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етілуі.

Қаржы ресурстары.

Бұл кәсіпорынның өз қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ағымдағы шығындары мен өндірісті кеңейтуге жұмсалған шығындарды өтеу, қаржыға қатысты міндеттерді және еңбеккерлерді экономикалық жағынан ынталандыру ісін жүзеге асыру мақсатында құрылады.

Сонымен қатар қаржы ресурстары:

- өндірістен тыс саланың объектілерін дамытуға;

- тұтыну;

- жинақтау;

- арнайы резерв қорларын толықтыруға жұмсалады.

Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы кәсіпорынның мекеме болып құрылған, яғни жарғылық капитал ( акционерлік және жиналмалы капитал ) жинаған кезіне сай келеді.

Жарғылық капитал – бұл құрылтайшылар үлесінің негізінде құрылған кәсіпорынның мүлкі.

Қаржы ресурстары негізінен пайданың есебінен қатысады. Сонымен қатар-тозығы жеткен ( істен шығарылған ) мүліктерді сатудан түскен түсімдер; тұрақты пассивтер; әр түрлі мақсатты түсімдер; ұжым мүшелерінің әр түрлі жарналары мен үлестерінен ( пайда ) құралады.

1.Кәсіпорын қаржысының функциясы мен түсінігі.

Кәсіпорынның қаржылық ресурсы – бұл ақша ресурстары. Олар жеке және заемдық болып бөлінеді. Жеке қаржылық ресурстар жарғылық капиталдың, амортизациялық шегерістің, пайданың, кәсіпорынның қосымша акциясының есебінен, міндеттемелер есебінен қалыптасады. Олар ғылыми-техникалық прогресті дамытуға және өндірісті дамытуға кәсіпорынның активтерін қалыптастырады. Заемдық құралдар – физикалық тұлғалардың және басқа ұйымдардың қаржы ресурстары.

Кәсіпорын пайдасы оның қызметінің тиімділігін сипаттайды. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі қайнар көздері оны дамытуға әсер етеді. Пайда жүйелі көрсеткіштерді сипаттайды: баланстық пайда, салықтық және салықтық емес пайда, таза пайда, пайда, жұмысты және қызметті, өнімді өткізуден түскен пайда, мүлікті сатудан түскен пайда.

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде шығын мен табысты кәсіпорынның жоспарлауын қажет. Жергілікті бюджеттерді: салық органдарын, әртүрлі мемлекеттік қорлардың өз ауқытындағы төлемдері, барлық шаруашылық қызметтің ырғақтылығы, әрі қаржылық тұрақтылығына байланысты болады.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі формасына табыс пен шығынның балансының бөлімдерінен тұрады: құралдардың келіп түсуі және табысы, құралдарды шегеру және шығындар, бюджетпен қарым-қатынас. кәсіпорынның тұрақтылығы лизингтік мүліктерді пайдалану және акцияларды сатумен жүзеге асады.

2.Қаржылық механизм: ақпараттық қамтамасыз етілуі және құқықтық, нормативтердің элементтерінің құрамы.

Өндірісті басқарудың экономикалық әдісінде негізгі орынды құндылық категория алады, соның ішінде қаржы және несие.

Қаржы - өнідіріс процессінде ақша құралдарын пайдаланатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі.

Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесіне жататындар:

– республиканың бюджетіндегі мемлекеттік қаржысы;

– жергілікті бюджеттің мемлекеттік қаржысы;

– кәсіпорын қаржысы.

Республикалық қаржы деңгейі кәсіпорынның және республикалық экономикалық саясаттың тиімділігіне байланысты қаржы қозғалысын өңдеуді жүзеге асыру қажет.

Табыстың бөлігі: салықтық түсімдерден, салықтық емес түсімдерден; капиталдан түскен табыс; арнайы трансферттерден алынған табыс; бюджеттен алынған несие бойынша негізгі қарыздарды өтеу; несие беру шығындары.

Шығынның бөлігі: жалпы сипаттағы республикалық мемлекеттік қызмет; қорғаныс шығындары, қауіпсіздікпен қоғамдық тәртіпті сақтау; денсаулық сақтауға, білім беруге кеткен шығындар; әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік көмек; қоршаған ортаны қорғауға және орман, су, балық, аылшаруашылығына кеткен шығындар, автокөлік және байланыс, жерді пайдалану және құрылыс, энергетика, өнеркәсіп және т.б.

Кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін сәйкес қаржылық қамтамасыз етілуі қажет. Қаржы ресурстарының негізгі қайнар көзіне ең алғашқы капитал жатады.

Ең алғашқы капиталға өткізілген өнімнің бағасына сипатталатын құнмен құралады. Пайдалану процессінде түсім екі бөлімге бөлінеді.

Оның бірі амортизациялық қорды қалыптастыруға бағытталған. Материалды емес активтер мен негізгі өндірістік қорлардың тозуы ретінде ұсынылғаннан кейін амортизациялық шегеріс түрінде қалыптасады.

Тауарды қалыптастыра отырып кәсіпорын шикізаттар мен материалдарды шығындайды. Олардың құнын басқа да материалды шығндармен, негізгі өндірістік қорлардың тозуы, жұмысшылардың еңбек ақысы, түсімнің бір бөлігін жауып және кәсіпорынның шығындарын құрайды. Түсім түскенге дейін бұл шығындар кәсіпорынның айналым құралдары есебінен қаржыландырылып отырады. Тауарды өткізгеннен кейінгі түскен түсімнен айналым құралдары қайта қалпына келеді.

Кәсіпорынның алған пайдасы кәсіпорынға толығымен қалмайды: оның бірбөлігі салық түрінде бюджетке түсіп отырады.

Жинақтауға арналған құралдар (амортизациялық шығын және таза пайда) кәсіпорынның ақша ресурстарын құрайды, әрі оны ғылыммен техниканы дамытуға және өндіріске пайдаланады. Осы негізде қаржы активтері қалыптасады – бағалы қағаздарды тұтыну, басқа кәсіпорындармен үлесі және т.б. Пайданың басқа бір бөлігі кәсіпорынның әлеуметтік дамытуына бағытталады.

 

«Экономика және бағалау » кафедрасының мәжілісінде қаралды

Хаттама №_____ «_______» __________ 2011 ж.

 

Құрастырушы э.ғ.к.,доцент Аширбаева Г.Т.

 

Кафедра меңгерушісі Ертаев К.Е.