САЛАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ. ТАРИХИ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Хирургиялық стоматология – стоматология саласының дербес клиникалық пәні ретінде тіс аурулары мен жарақаттарын, ауыз қуысының, беттің және мойын, сүйек қаңқасының бет бөлігін зерттеп үйренетін ғылым болып табылады. Әдістерінің ішінде ең басты да маңызды бағыты болып, ол науқасты ота (хирургиялық) жолмен емдеу негізінде жүзеге асырылады.

Хирургиялық стоматология жалпы стоматология саласының тіс хирургиясы мен ауыз қуысы хирургиясының бірігу негізінен дамыса, ал жақ-бет хирургиясы жалпы хирургиядан бөлініп қосылды.

Бұл медицина салаларының қосылуына бір жағынан жақ-бет аймағында орналасқан мүшелер мен тіндердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің біртұтас болуы үлкен себебін тигізсе, екінші жағынан бұл маңда кездесетін дерттердің клиника-диагностикалық әдістерінің бірлестігімен қатар емдеу тәсілдерінің ерекшеліктері дәнекер болды.

Сонымен, қазіргі кезде хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы — жалпы хирургия мен стоматологиядан тұратын медицина ғылымының дербес саласы болып есептелініп, жақ-бет аймағында орналасқан хирургиялық дерттермен қатар, бейбіт және соғыс уақыттарындағы жарақаттарын, ақаулар мен деформацияларын зерттеп, олардың алдын алу, асқынуларын, диагностикалық әдістерін, хирургиялық емдеу жолдарын одан әрі жақсарту мәселелерін қарастырады.

Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы басқа стоматология салаларымен тығыз байланысты. Мысалы, көптеген стоматологиялық дерттерді терапевтік, ортопедиялық, ортодонтиялық және хирургия әдістерін қолдану арқылы нақтама қойып кешенді емдеу жүргізіледі.

Сонымен қатар хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы жалпы медицинаның емдеу, хирургия, оториноларингология, офтальмология, неврология, рентгенология және радиология салаларымен тығыз байланысты. Бұл жағдайда қазіргі кездегі биология, физика, химия ғылымдарының және қалыпты, топографиялық, патологиялық анатомиялар, микробиология, фармакология т.б. медицинаның негізгі салаларының жетістіктерін өзінің дамуына тірек етеді.

Бұл аймақта кездесетін аурулардың келіп шығу тарихын, патогенезі, патоморфологиясы, клиникалық көрінісі және емдеу әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді:

I. Тіс, жақ сүйектері, бет-мойын тіндері және ауыз қуысы мүшелерінің қабыну аурулары. Оларға одонтогенді қабыну кезеңдері (жедел және созылмалы периодонтиттер, жақтың жедел периоститі, жақтардың жедел және созылмалы остеомиелиттері, абсцесстер, флегмоналар, лимфадениттер), тістің жарып шығу аурулары, одонтогенді гайморит, инфекциялық аурулар — арнайы (актиномикоз, туберкулез, мерез, АҚТҚ), арнайы емес (сыздауық, шиқан, тілме, сібір жарасы, жегі) сілекей бездерінің қабынулары.

Бұл аталған аурулар жақ-бет аймағында өте жиі кездеседі.

2. Бейбітшілікте кездесетін ауыз қуысы мүшелерінің, беттің, мойынның, бет қаңқасы сүйектерінің жарақаттары, сәулемен зақымдану, қызу және химиялық заттармен күйюлер, үсулер.

3. Бет-жақ аймағының, ауыз қуысының, бет қаңқасы сүйектерінің оқпен және оқсыз жарақаттануы, қосарланған және аралас жарақаттары. Оларға көрсетілетін алғашқы және арнайы хирургиялық көмекті ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері.

4. Бет-жақ аймағы жүйке жүйесінің жарақаттар мен самай-төменгі жақ буынының аурулары.

5. Жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер мен ісік тәріздес аурулар. Олардың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық, жіктелуіне сай зерттеу және анықтау мен емдеу әдістерінің ерекшеліктері.

6. Жақ-бет аймағында іштен туа пайда болған және жүре пайда болған ақаулары мен бет әлпетінің өзгерістері.

6. Пластикалық (қалпына келтіру) және эстетикалық хирургияның негіздері.

Хирургиялық стоматологияның даму жолы барлық медицина саласының өсу жолдарымен байланыса отырып әрбір кезеңнің әлеуметтік құрылысы, экономикалық деңгейі, ғылым мен мәдениеттің өркендеуімен сәйкес жүрді.

Тіс емдеу саласы ерте ғасырлардан басталып, жалпы медицина саласынан тыс дамыды. Онымен өз бетімен үйренгендер, шаштаразышылар, тіпті жендеттер де айналысқан. Өзгерісті жағдай тек, XVIII ғасырдың бас кезінде Францияда тіс ауруларын емдейтін дәрігерлерге арнаулы сараптамадан өткеннен соң жаңа атақ — дантист-хирург дәрежесі беріле бастады. Бұл атақ кейін Еуропа және Америка мемлекеттеріне де кеңінен тарала бастады. Осының нәтижесінде жалпы медицина мен стоматологияның қосылуына жол ашылып, стоматологияның теориясы мен тәжірибесі дами бастады. XVI ғасырда атақты француз хирургі Амбруаз Пареалғаш рет тіс жұлу аспаптарын ойлап тауып, тіс жұлу операциясының көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтады, кейбір операциялардың, соның ішінде реплантацияның жасалу жолын көрсетті.

Атақты француз хирургі және стоматолог Пьер Фаухард дүние жүзінде алғашқы болып «Хирург-дантист немесе тіс емдеу» деген еңбегін жазды. 1892 ж. Партч цистотомия және цистэктомия, ал 1896 жылы тіс түбірінің кесу оталарын ұсынды. Бұл оталар ауыз қуысы хирургиясы мен жақ-бет аймағы хирургиясының қосылуына дәнекер бола тұра, тіс хирургиясының соңғы сатысы болып есептелді.

Бірақ, Ресейде тіс емдеу саласы өте баяу дамыды, Ресейде ең бірінші тіс дәрігері 1730 жылы пайда болды. Олардың барлығы шет ел азаматтары болатын. І-ші Петр Петербург қаласында тіс дәрігерлік саласын өркендетуге жол ашып берген. Оның өзі тіс жұлу әдістерін өте жақсы меңгерген және әрдайым өзімен бірге құрал-саймандарын алып жүрген. Тіс дәрігерлері XIX ғасырда қолмен жұмыс істеу әдістерін жақсы меңгеріп, металдардан, каучуктен және фарфордан колданып тіс емдеуді және тіс салуды игерген. Бірақ ғылыми мәселерді шешуде тіс дәрігерлері каухарсыз күйінде қалады да жоғарғы медициналық мектеп тәжірибесіне жүгінеді.

XIX ғасырдың екінші жартысында сол кездегі белгілі (Н. В. Склифасовский, А. А. Лимберг, Н. Н. Знаменский) медицина қайраткерлерінің күшімен Ресейде тіс емдеу мектебі ашылды, 1883 жылы алғашқы дантистер қоғамы ұйымдастырылды.

Бет хирургиясы медицина саласының ертеден дамыған тарауы. Бірнеше мың жылдар бұрын Индияның киелі кітабында бет аймағының қабыну кезеңдері баяндалған. Гиппократқа жақ сүйектерінің абсцестері және сілекей тастары мәлім болған. Ол сүйек сынықтарын екі белдік арқылы бекіту тәсілін ұсынған. 1807 жылы профессор Буш өзінің хирургиялық нұсқауында тістердің қиын жарып шығуының асқынуы, паротиттер мен эпулис ауруларының клиникалық көрінісін мен емдеу әдістерінің ерекшеліктері туралы жазған және оның адам организмінде болған күрделі бұзылыстар мен байланыста екендігін дәлелдеген.

1829 ж. Заболоцкий-Десятковский жақ сүйектерінің остеомиелиттері мен ісіктердің, жоғарғы еріннің екі жақты жырықтарының емдеу тәсілдерінің негізін жасады.

1820 жылы Москвалық профессор А. И. Поль жақ с8йегіне резекция жасады. Осы жылдары И. В. Буяльский жоғарғы жақ сүйегіне резекция жасады. Н. И. Пирогов уранопластика жөнінде лекциялар оқумен қатар, бас-бет топографиясы туралы еңбектер жазды. Ол оқтан пайда болған жараларды алғаш хирургиялық емдеу кезінде пластикалық операцияларды қолдануды ұсынды.

1865 жылы О.К.Шимановский (Киев) «Адам денесінің сыртқы беткейлерінде жасалатын пластикалық операциялар» деген еңбегі осы уақытқа дейін жалпы хирургтарға негізгі нұсқау болып келе жатыр. Жоғарғы айтылғандарға қарағанда бет хирургиясының зерттелуі және операция тәсілдерімен тек жалпы хирургтар айналысып келген.

Кеңес дәуіріндегі және кеңес дәуіріндегі кезеңнен кейінгі хирургиялық стоматологияның даму жолдарын Ю. И. Бернадский келесі кезеңдерге бөледі:

I—1918—1920 жылдар аралығы — азамат соғысы кезеңі — тіс емдеу саласын ұйымдастыру. В. И. Ленин денсаулық сақтау комиссариатын құру туралы қаулыға қол қойып, оның басшысы етіп М.А.Семашконы, ал коллегияның мүшесі етіп тіс дәрігері П. Г. Даугені сайлады. Осы кісінің есімі Кеңес стоматологиясы тарихымен тығыз байланысты.

II—1921 —1930 жж. Бұл кезеңде стоматология ғылыми қалыптасып, халыққа стоматологиялық көмек мемлекет тұрғысынан көрсетілді.

Медицина институттарында стоматологиялық факультеттер ашылды. Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Нижний Новгородте (Горький), Пермде, Одесса стоматология институттарымен қатар ғылыми зерттеу институттары ашылды. Кеңестер Одағы кезінде енді ғана одонтология және стоматология саласының ірге тасы қаланған кезде салыстырмалы түрде терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық және балалар жасындағы стоматология мен ортодонтия мамандықтары бойынша қызмет-көмек көрсетуге кең жол ашылды.

1923 жылдан бастап «Одонтология және Стоматология», ал 1937 жылдан бастап «Стоматология» журналы шыға бастады.

III—1931 —1940 жылдар. Стоматологияның ұйымдастыру және ғылыми жолдарының нығаю кезеңі болып есептеледі. Бұл жылдары хирургиялық стоматологияның өсу қарқыны жеделдеп, зерттеу саласының шеңбері кеңейіп жаңа тәжірибелік еңбектерге талдау жасалынып, осы тарау бойынша көптеген күрделі де маңызды еңбектер жазылды және өсу жолдары белгіленді.

Бұл кезеңде А. И. Евдокимов, А. Э, Рауэр, А. А. Лимберг, Н. М. Михельсон, Г. А. Васильев т. б. ғалымдардың еңбектері жоғары баға алды.

IV — 1941-1945 жылдар.Ұлы Отан соғысы кезеңі ауыр жағдайда болғанымен стомотология саласы табыспен аяқтады. Егер, Орыс-түрік соғысында жарақаттардың тек 9,7% қатарға қосылса, бірінші дүниежүзілік соғыста 21%, Ұлы Отан соғысында Д. А Энтин, А. Э. Рауэр, Г. А. Васильев, Ф. М. Хитров т. б. үлкен ғалымдар өз үлестерін қосты. Әсіресе Д. А. Энтиннің «Военно-полевая челюстно-лицевая хирургиясы» және А. Э. Рауэр. Н. М. Михельсонның «Пластическая операция лица» атты еңбектері осы күнге дейін хирургтердің негізгі нұсқауы ретінде пайдаланылып келеді.

V — 1946-1958 жылдар. Хирургиялық стоматологияның ғылыми даму кезеңі. Қазақстанда медицинаның стоматология саласы жас, кейінгі жылдары ойдағыдай өркендеп келеді. 1913 жылы бүкіл елде 48 тіс дәрігері болса, 1940 жылы 248, оның 5 ғана стоматолог 1941 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында доценттік курс ашылып оны П. Т. Суслова, одан кейін проф. Чернов Е. Ф. басқарды. Осы кезде үкімет басшыларының алдына мамандар дайындау мәселесі қойылды. Ресей үкіметімен келісім бойынша 1958—1959 жылдары Пермь, Омбы, Калинин, Казан медицина институттерінің стоматологиялық факультеттеріне Қазақстаннан 80 студент жіберілді. Олардың ішінде профессорлар Ж. Б. Оразалин, К. Т. Төлеуов, доценттер М. Б. Суманов, Е Т. Еслямғалиев, Р. Ш. Шаймерденова, Г.Т.,Телебаева, С. Ж. Байгурина т.б. ғалымдар болды. Олар Қазақстан стоматологиясының ғылыми өсуіне, мамандар дайындау саласында елеулі жұмыстар атқарды.

VI-1959-1962 жылдар. Осы жылдарда хирургиялық стоматологияның даму сатысы жоғарылап, көптеген Ғылыми-Зерттеу институттары пайда болды. 1959 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында стомато-логия факультеті ашылды. Осы факультет Республикада мамандар дайындау, халыққа стоматологиялық көмек көрсету, ғылыми жұмыстар орталығы болып есептеледі.

Хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі проф. Чернов Е. Ф., одан кейін профессорлар Ж.Б. Оразалин, К.Т. Төлеуов болды.

VII-1963-1990 жылдар. Соғыс салдарынан жоқ болған емханалар мен оқу орындары қайта қалпына келтірілді және стоматология саласы жаңа бағытта дами бастады. Кафедраның негізгі ғылыми бағыты — пластикалық хирургияны дамыту, жарақаттарды, одонтогенді қабыну кезеңдерін және бет-жақ аймағындағы ісіктерді емдеу жолдарының негізін салу.

VIII-1991-1998 жылдар. Кеңестер Одағының ыдырауы және Егеменді Тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болу және стоматология саласының жекешеленуі. 1978 жылы Қарағанды, 1991 жылы Семей, 2003 жылы Шымкентте мемлекеттік медицина институттарында стоматоло-гиялық факультеттер ашылды. Мамандар дайындауда дәрігерлер білімін жетілдіру институтының (Алматы) стоматологилық кафедралары үлкен үлес қосты. Қазақстан Республикасындағы барлық медицина инсти-туттарында доценттік курстар ашылды.

Республиканың барлық облыстық емханаларында жақ-бет хирургиялық бөлімшелер жұмыс істейді. Қазақстанда хирургиялық стоматология мен бет-жақ хирургиясының ғылыми сала болып өсуіне Ресей ғалымдары Н. М. Михельсон, А.М, Евдокимов, А.И. Рыбаков, В.С. Дмитриева, В,В.Паникоровский, А. С. Григорян, В. В. Безруков үлкен үлес-терін қосты.

Республикада стоматология саласынан бірінші съезд 1969 жылы, екінші-1979 ж, үшінші-1980 жылдары өтті. Съездер жұмысына біздің елдің ғалымдарынан басқа бүкіл одақ ғалымдары да белсене қатысты. Ал 1996 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезектегі

№ 240-241-ші қаулысы шықты. Осы қаулы негізінде барлық облыстық стоматологиялық емханалар мен қатар бірнеше балалар жасындағы емханалар жекеменшікке өтті. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің стоматологиясы саласы жаңа-нарықтық заманға көшті. Қазіргі кезде Республикада осы саланың 95-98%-ы жекеменшік тұлғалар еншісінде. Ата заңымыздың талаптарына сай әрбір Қазақстан Республикасының азаматы ұлтына, жынысына, дініне, тегіне және т.б. жағдайларына байланысты медициналық көмек соның ішінде әсіресе стоматологиялық көмекке жалпы халықтың қолы жетімді болуға тиіс. Сол үшін барлық жекеменшікке өткен емханаларды халық игілігіне қайтару керек екендігі-бұл заман талабына айналып отыр. Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый-деген халық мақалына сүйенсек, деннің саулығы үшін ауыздың соның ішінде тістің алатын орны бір бөлек. Сонымен қатар Егемендік алғаннан кейін әр жыл сайын мамыр айының екінші жартысында Алматы мен Астана қалаларында және облыс орталықтарында Халықаралық конференциялар (мәжілістер), съездер, көрмелер өткізіліп тұрады.

Қазақстан Республикасында Хирургиялық стоматология саласын дамытуда қажырлы еңбек еткен көрнекті және танымал ғалымдар:

Қазақстан Республикасында хирургиялық стоматология және бет-жақ аймағы хирургиясы саласының дамуы мен өркендеуі XX ғасырдың 60-шы жылдарының басынан басталады,-деп санауға болады. Себебі осы аталған жылдары кең байтақ қазақ даласында бірінші болып медицина мамандарын дайындайтын жоғары оқу орны астанамыз Алматы қаласында ашылды және оның құрамына жоғары дәрежелі дәрігер-стоматолог мамандарын дайындайтын -стоматология факультеті інеді.

Хирургиялық стоматология кафедрасы 1962 жылы құрылады, оның бірінші меңгерушісі болып медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Чернов Евгений Феофанович тағайындалады.

 

Е.Ф.Чернов Қазақ медицина институтының емдеу факультетін 1941 жылы бітірген. Ұлы Отан соғысының ардагері. Е.Ф.Чернов бет-жақ аймағының

ақауларын зерттеуге өте көп көңіл бөлген. Көп зерттеулерінің нәтижесінде 1955 жылы «Эпулидтер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қор-ғайды. Сонымен қатар1961-1963 жылдары арасында стоматология факуль-тетінің деканы қызметін атқарады. Ал 1967 жыл Чернов Е.Ф. «Филатов сабақ-шасымен қосарланған ақауларды жою» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады, ал 1968 жылы Чернов Е.Ф.-қа профессор атағы беріледі. 1958 жылдан бастап Чернов Е.Ф. қалалық, кейіннен Республика-лық стоматологтар ұйымының ұйымдастырушысы және төрағасы, сонымен қатар Қазақ ССР Денсаулық Сақтау Министрлігінің бас стоматологы болып қызмет атқарды.