Хирургиялық стоматология бөлімшесінің (бөлмесінің) жабдықталуы.

Хирургиялық стоматология бөлімшесі (бөлмесі)Кеңес Одағы Денсаулық сақтау Министрінің 12.06.1984 жылғы № 670-ші бұйрығын негізге ала отырып жабдықталады.

 


Сурет-1. Ота бөлмесінің жалпы көрінісі.

Хирургиялық стоматология бөлімшесінде (бөлмесі)төмендегі құрал-саймандар болуы шарт:стоматологиялық орындық, қабырғасыз шырақ, құрал-саймандар үшін үстелдер, дөңгелек айналмалы орындық, ұштығы бар электрлі бормашина, бактерицидті және ультракөгілдір шырақтар; стоматологиялық құрал-саймандар:бір рет қолданылатын дәрі жіберетін инелер, шымшуыр-стоматологиялық, хирургиялық, анатомиялық, көздік; стоматологиялық айна, қалақша, қысқыштар мен элеваторлар жиынтығы, қандауыр және оның тұтқасы, өткір және өтпес ілгек, қырып тазалауға арналған қасық, сүйек тістеуігі, қайшы, қан тоқтататын қысқыш және т.б.

Барлық бөлмелер жарық болу керек. Қолдан жасалатын жарықтың екі түрі пайдаланылады: жалпы жарық жүйесі, көлеңке түсірмейтін электр жарығы. Бөлмелердегі жиһаздар нитроэмальды ашық бояулармен боялынып, жұмыс столдары шынымен жабылу керек.

Бөлімшелерді (бөлімдерді) тәулігіне екі рет ылғалды тазалап турады: аусым аралығында, жұмыс күнінен кейін. Жиһаздардың қабырғасының төменгі жағын, терезе алдын, еденді ыстық сумен жауады. Барлық бөлмелерді, тәулігіне 1 рет бактериоцитті шаммен өңдейді. Бөлімшені (бөлмеде) жетісіне бір рет жалпы тазартудан өткізеді. Бактериялық бақылау, бөлімшелердің (бөлмелер) санитарлық жағдайының сыншысы (Кеңес Одағы Денсаулық сақтау Министрінің 31.06.1978 жылғы №720-ші бұйрығы) болып есептеледі.

Стоматологиялық емхана ғимаратында аурулардың (жұқпалы) алдын алу мақсатында залалсыздандыру шаралары мынандай топтарға бөлінеді.

1.бөлмелерді, бөлме қабырғаларын, санитарлық –техникалық құрал-жабдықтарды

залалсыздандыру үшін қолданылатын тазалағыш заттар.

2. медициналық бұйымдарды залалсыздандыру үшін қолданылатын тазалағыш заттар.

3. медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыруға дейінгі қолданылатын тазала-ғыш заттар.

4. қолдағы микробтарды жою үшін қолданылатын заттар.

5. шығындыларды залалсыздандыру үшін қолданылатын тазалағыш заттар.

6. кіші-гірім медициналық бұйымдарды залалсыздандыру үшін қолданылатын тазала-ғыш заттар.

Стоматологиялық емханада аталған тазалағыш заттардан басқада әмбебап көптеген тазалағыш заттар шығарылуда. Олар қолдануға қолайлы және санитарлық ережелер мен талаптарға толық жауап береді. Стоматологиялық емханада әр түрлі залалсыздан-дыру үшін қолданылатын тазалағыш заттардан қолдануға болмайды.

Стоматологиялық науқастарды қабылдаған кезде және медициналық көмек көрсетуде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында дәрігер стоматологтың жеке гигиенасы (қолы) басты да маңызды қызмет атқарады. Ғылыми тұрғыда дәлелденгендей, дәрігер стоматологтың қолынан бірнеше микроорганизмдердің іздер табылған. Осыған байланысты стоматологиялық емханада жұмыс атқаратын медицина қызметкерлерінің 2/3-сінде кәіптік аурулар бар екендігі анықталған. Медицина саласында қызмет атқаратын қызметкерлердің қолын өңдеу жүйесі 3 сатыдан тұрады: қолды жай жуу,қолды гигиеналық өңдеу, қолды хирургиялық жолмен өңдеу.

Науқасты дәрігер зерттеп көргенде және дәрігерлік әрекет жасағанда бет перде, көзді қорғайтын көзілдірік, резеңке қолғап, ал ота кезінде залалсыздандырылған халат және аяғына бахила киюі шарт.