Бөлім жұмысының сапасын тексеру.

3. Ауруханалар мен емханалардағы науқастарды қарау және кейбір науқастарды диспансерлік бақылауға қою.

4. Хирургиялық науқастарды емдеу нәтижесін көрсету және дұрыс нақтама қою үшін консилиум ұйымдастыру немесе оған қатысу.

5. Стоматологтардың, орта медицина қызметкерлерінің білімдерін жетілдіру қызметін ұйымдастыру (курстар, тематикалық семинарлар жұмыс орнында т. б.).

6. Дәрігер-хирургтердің, травматологтердің, учаскеде істейтін дәрігерлердің, орта білімді медицина қызметкерлерінің стоматологиялық науқастарға жедел көмек көрсету және жақ-бет аймағында орналасқан ісіктерге нақтама қоюында білімдерін көтеру жұмысына белсенді қатысу.

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс. Жергілікті жердегі стомато-логиялық науқастарға нақтама қою және емдеу нәтижелеріне күнделікті сараптау, бөлімге жіберілген науқастардың нақтамасын клиникада қойылған нақтамасымен үйлесуі және үйлеспеуін тексеру.

 

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1. Хирургиялық стоматологиялық бөлменің көлемі:

/ бір орындыққа 14 м2 және 7 м2 әрбір қосымша орындыққа

/ бір орындыққа 7 м2 және 5 м2 әрбір қосымша орындыққа

/ бір орындыққа 17 м2 және 7 м2 әрбір қосымша орындыққа

/ бір орындыққа 10 м2 және 7 м2 әрбір қосымша орындыққа

/ бір орындыққа 25 м2 және 10 м2 әрбір қосымша орындыққа

2. Хирургиялық операциялық бөлмесінің қабырғасы немен қапталады:

/ сулы эмульсиялы бояумен

/ қағазбен

/ ағашпен

/ торкөз қышпен

/ майлы бояумен

3. Хирургиялық бөлмеде ылғалды жинау неше рет жүргізіледі:

/ 2 рет

/ 5 рет

/ 6 рет

/ 10 рет

/ Жүргізілмейді

4. Хирургиялық науқастарды тексеру қай жерде жүргізіледі:

/стоматологиялық орындықта

/ егу бөлмесінде

/ дәлізде

/ ота бөлмесінде

/ тексеру қажет емес, бірден емдейді

5. Хирургиялық стоматология бөлімшесінің (бөлмесінің) жабдықталуы

Денсаулық сақтау Министрлігінің ----- санды бұйрығы негізінде іске

асырылады?

/ 12.06.1984 жылғы № 670-ші бұйрығы

/ 25.12.1987 жылғы № 432-шы бұйрығы

/ 25.11.1997 жылғы №735-ші бұйрығы

/15.01.1983 жылғы №513-ші бұйрығы

/05.03.1988 жылғы №153-ші бұйрығы

6. Ота жасайтын бөлменің көлемі:

/ Ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 14 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 7 м2 болуы қажет.

/ Ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 17 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 11 м2 болуы қажет.

/ Ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 18 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 3 м2 болуы қажет.

/ Ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 11 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 8 м2 болуы қажет.

/ Ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 15 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 2 м2 болуы қажет.

7. Дәрігер қабылдауын күтетін бөлменің көлемі:

/ бір ауруға 1,2 м2 орта есеппен 4 ауруға арналуы керек.

/ бір ауруға 1,5 м2 орта есеппен 3 ауруға арналуы керек.

/ бір ауруға 0,2 м2 орта есеппен 7 ауруға арналуы керек.

/ бір ауруға 0,7 м2 орта есеппен 5 ауруға арналуы керек.

/ бір ауруға 0,9 м2 орта есеппен 8 ауруға арналуы керек.

8. Хирургия бөлімшесін ашу үшін кемінде .... бөлме керек. Олар:

/ Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме, Ота алдындағы бөлме, Ота бөлмесі, Залалсыздандыру жасайтын бөлме, Отадан кейін аурулар уақытша жататын бөлмесі.

/ Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме, Залалсыздандыру жасайтын бөлме, Отадан кейін аурулар уақытша жататын бөлмесі.

/ Ота алдындағы бөлме, Ота бөлмесі, Залалсыздандыру жасайтын бөлме,

/ Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме, Залалсыздандыру жасайтын бөлме,

/ Ота алдындағы бөлме, Залалсыздандыру жасайтын бөлме,

9. Хирургиялық бөлмелердің қолайлы температурасы ...... болып табылады.

/18—25°

/12-17°

/15-17°

/15-17°

/27-33°

10. Бөлімшені (бөлмені) жетісіне неше рет жалпы тазартудан өткізеді?

/ бір рет жалпы тазартудан

/ екі рет жалпы тазартудан

/ үш рет жалпы тазартудан

/ бес рет жалпы тазартудан

/ жеті рет жалпы тазартудан

11. Науқасты дәрігер зерттеп көргенде және дәрігерлік әрекет жасағанда міндетті түрде ..... пайдалануы тиіс.

/ бет перде, көзді қорғайтын көзілдірік, резеңке қолғап

/ көзді қорғайтын көзілдірік, резеңке қолғап, халат

/ бет перде, көзді қорғайтын көзілдірік, бахила

/ көзді қорғайтын көзілдірік, резеңке қолғап, бахила

/ бет перде, көзді қорғайтын көзілдірік, халат

12.Дәрігер ота кезінде ....... киюі шарт.

/ залалсыздандырылған халат, аяғына бахила

/ аяғына бахила, көзді қорғайтын көзілдірік, резеңке қолғап,

/ залалсыздандырылған халат, бет перде, көзді қорғайтын көзілдірік

/ аяғына бахила, бет перде, көзді қорғайтын көзілдірік

/ залалсыздандырылған халат, көзді қорғайтын көзілдірік, резеңке қолғап

13. Қазақ Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің бұйрығы бойынша ........ бөлінген.

/10000 тұрғынға 4 дәрігер — стоматолог

/15000 тұрғынға 8 дәрігер — стоматолог

/20000 тұрғынға 7 дәрігер — стоматолог

/25000 тұрғынға 5 дәрігер — стоматолог

/30000 тұрғынға 9 дәрігер — стоматолог

14. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша қанша дәрігерге

1 дәрігер-анестезиолог тағайындалған

/ 20

/ 10

/ 15

/ 12

/ 14

15. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша қанша дәрігерге

1 дәрігер-рентгенолог тағайындалған

/25

/12

/15

/18

/20

16. Емханаларда жасалатындарға оталар ........ болып бөлінеді:

/ жоспарлы, жоспарсыз

/ жоспарсыз, арнайы

/ жоспарлы, арнайы емес

/ жоспарсыз, арнайы емес

/ жоспарлы, арнайы

17. Залалсыздандырған заттарды ....... бөлінеді.

/ екі үстелге

/ үш үстелге

/ бес үстелге

/ төрт үстелге

/ жеті үстелге

18. Залалсыздандырған заттар ......... болып үстелдерге бөлінеді.

/ таңу жабдықтары, құралдар үшін.

/ таңу жабдықтары, кеңсе заттары

/ құралдар, зертхана заттары

/ таңу жабдықтары, зертхана заттары

/ құралдар, кеңсе заттары

19. Жақ-бет бөлімінде науқастарды таңатын ..... болуы қажет.

/ екі бөлме

/ төрт бөлме

/ бір бөлме

/ бес бөлме

/ үш бөлме

20. Жақ-бет бөлімінде науқастарды таңатын ..... бөлмелер қажет.

/ таза, іріңді

/ іріңді, жоспарлы

/ таза, жоспарсыз

/ іріңді, жоспарсыз

/ таза, жоспарлы

21. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша қанша тұрғынға қанша төсек-орын болуы керек?

/10000 тұрғынға 1,7 төсек керек.

/15000 тұрғынға 1,5 төсек керек.

/20000 тұрғынға 2,1 төсек керек.

/25000 тұрғынға 2,2 төсек керек.

/30000 тұрғынға 2,3 төсек керек.

22. Отаның нобайын жазу жорналының үлгісін көрсетіңіз.

/ Ф.№ 069/у

/ Ф.№ 094-1/у

/ Ф.№ 095-1/у

/ Ф.№ 043/у.

/ Ф.№ 030/у.

23. Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтаманың үлгісін көрсетіңіз.

/ Ф.№ 094-1/у, 095-1/у

/ Ф.№ 030/у, 069/у

/ Ф.№ 043/у, 069/у

/ Ф.№ 069/у, 028/у

/ Ф.№ 030/у, 027/у

24. Науқастарды диспансерлік есепке алу және бақылау жорналының үлгісін көрсетіңіз.

/ Ф.№ 030/у.

/ Ф.№ 069/у

/ Ф.№ 095-1/у

/ Ф.№ 028/у

/ Ф.№ 027/у

25. Стоматологиялық науқастар үшін емханалық сырқатнама үлгісін көрсетіңіз.

/ Ф.№ 043/у.

/ Ф.№ 027/у

/ Ф.№ 028/у

/ Ф.№ 030/у.

/ Ф.№ 069/у

 

IІІ ТАРАУ

БЕТ-ЖАҚ АЙМАҒЫНЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ

РЫЛЫМЫ.

 

Бет-жақ аймағы бала іште пайда болған 12-ші күнінен басталады, алдыңғы ми күлдіреуік (пузырь) пен жүректің дөңесінің арасында эктодерманың түсуімен бірінші ауыз қуысы пайда болады.

Бет сүйек қаңқасы әр адамның бет бейнесіне бірегей де өзіндік, қайталанбайтындай сипат беретін және бастың көптеген сүйектерімен бірігіп, ауыз қуысының (тіл асты сүйегі), мұрын қуысы қабырғаларының (тор және таңдай сүйектері, кеңсірек желбезегі), ми сүйек қаңқасының (қанат тәрізді немесе негізгі, шеке, шүйде сүйектері) негізін құрайтын тіректік құрылым болып саналады.

Пайда болған баланың бет құрылымы 5 өсіндіден өседі, пайда болады. Олар жоғарғы және төменгі (жұп) және маңдай. Осы аталғандардың барлығы ауыз шұңқыры мен шектеліп, біріншілік желбезек доғадан тарайды.

Бассүйек қаңқасы.Ол екі бөлімнен тұрады: бас миы (церебралды) және ішкі (висцералды).Басқа тіршіліктер мен салыстырғанда, адамның бас сүйек қаңқасында (жануарларда да) пайда болған жаңа құрылым-таңдай болып табылады. Ол ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп, ауыз қуысы ішінде вакумды-сорғыштықты қалыптастырады, сөйтіп сорғанда және тағам шайнағанда тыныс алуға кедергі тудырмайтындай жағдай жаратады.

Беттің сүйектік негізін қалайтын біріншілік, яғни дәнекер тінді жарғақтың орнында қалыптасатын құрылымдар: маңдай және таңдай сүйектері, кеңсірік және төменгі жақсүйегі.Тор сүйегі мен мұрынның төмен-гі қалқаны біріншілік мұрын қапшығының шеміршегінен, ал маңдай және жоғарғы жақ сүйектері ұрықтық дәнекер тінінен, тіласты сүйегі әр келкі ұрықтық табақшалардан дамиды.

Алғашқыда адам ұрығының (эмбрион) бас жағы яғни нейрокраниалдық бөлімі қалыптасады, содан кейін болашақта беттің негізін қалайтын висцералды доғалар дами бастайды. Мерзімі үш апталық ұрықтың бас жақ бөлімінде қалыңдау болып көрінетін жүйке табақшасы-алдыңғы ми пайда болады. Жүйке табақшасының астыңғы жағында біріншілік ауыз қуысы-stomadeum, немесе ауыз үңгірі қалыптасады.

Барлық сүйектер, соның ішінде бет және бассүйектері жұмсақ тіндерге тіректік және қорғаныс қызметін атқарады. Сүйектің жасушалық элемент-тері коллагенді және минералды заттардың қоры болуы, оның бейімділік қасиетін арттырады да көптеген сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап қайыра алатындай мүмкіншілік туғызады.

Бас сүйегі қанқасы бас ми және бет жақ болып бөлімдерге бөлінеді. Олардың шекарасы көзұясының жоғарғы қыры мен, маңдай-бетсүйек жігі мен, бет-сүйек доғасы бойы мен сыртқа есту өтісі мен сорушы-еміздік өсін-дінің үстінгі деңгейі мен өтеді. Бас мидың сүйек құрылымы оның күнбезіне (төбесіне) fronix crani, және оның негізіне (түбіне) basis crani-ға бөлінеді.

 

Сурет-2. Бас қаңқасы.

 

 

Бассүйек қаңқасы, cranium, 2-бөлімнен: ми сауытының қақпағы-calvaria, және оның түбі-basis-тен тұрады. Ол бас миы мен сезім мүшелері орналасқан және де ас қорыту мен тыныс алу жолдарының бастапқы бөлімдерін қоршап, қорғайтын тіректік құрылым болып саналады.

Бассүйегін құрайтын сүйектер: даралары-қарақұс, сына тәрізді, маңдай және тор сүйектері, жұптары-жоғарғы жақсүйек,төменгі мұрын қалқаны, бет, мұрын, көзжас сүйектері мен төменгі жақ және тіласты сүйегі.

Сурет-3

Жоғарғы жақсүйек

Жоғарғы жақсүйегі, maxilla– жұп сүйек; қасындағы сүйектер мен қозғалыссыз бекіген. Бұл сүйектің құрылысы-өте күрделі болғандықтан және де ол қуысты сүйектер қатарына жатқандықтан сырттан келетін әртүрлі қысым күштеріне беріктілігі де -өте жоғары.

Жоғарғы жақсүйегі - оның денесі-corpus maxilla және төрт жаққа қараған өсінділері бар. Олар: маңдай-processus frontalis, бетсүйектік-processus zygomaticus, тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық- processus alveolaris және таңдай- processus palatinus.

Сурет-4. Жоғарғы жақ сүйегінің беттері.

Маңдай өсіндісі-processus frontalis, жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетінің ішкі қыры бойы мен жоғары көтеріліп, маңдай сүйегімен (sutura frontomaxillaris), мұрын сүйегімен (sutura nasomaxillaris) жік құра бітіседі. Маңдай өсіндісінің сыртқы (латералды) және ішкі (медиалды) беттерін ажыратуға болады. Сыртқы бетінен өтетін көзжас қыраты оны алдыңғы және артқы бөлімдеріне бөледі.

Сурет-5. Жоғарғы жақ сүйегі.

Артқы бөлімі көзжас жүлгесіне жалғасады. Жоғарғы жақсүйегінің маңдай өсіндісінің ішкі бетінен екі қырат өтеді. Олар: тор сүйектік-crista ethmoidalis және мұрынның төменгі қалқан қыраттары-crista conchalis.

Жоғарғы жақсүйектің қалған өсінділері денесінің төменгі бөлімінен шығып, тіс ұяшықтық (альвеолярлық) өсіндіге- processus alveolaris және ішіне қарай, жазықтық бағытта жатқан таңдай өсіндіге- processus palatinus-қа жалғасады.

Сурет-6. Жоғарғы жақ сүйегі.

Көздік, алдыңғы және самайасты беттері қиылысатын тұстан бетсүйек өсіндісі- processus zygomaticus басталады.

Жоғарғы жақсүйектіңденесін- көзұялық беті-facies orbitalis, яғни көзұясының төменгі, мұрын беті- facies nasalis мұрынның бүйір, сондай-ақ самайасты беті- facies infratemporalis және ауыз қуысының қабырғаларын құрайды. Жоғарғы жақсүйектіңденесінде жоғарғы жақсүйек қойнау-sinus maxillaris s. antrum Highmori болғандықтан, оның салмағы өте жеңіл. Жоғарғы жақсүйек қуысы-Гаймор қуысының анатомиялық құрамы тұрғысынан алғанда 3 топқа бөлінеді.Олар: пневматикалық, беріштену және аралас. Гаймор қуысы деп аталу себебі ең алғаш рет 1651 жылы ағылшын дәрігері Гаймор жоғарғы жақсүйегіндегі осы қуыс туралы толық мәліметтер таратты.

Корнинг және тағы да басқа ғалымдар Гаймор қуысын төртқырлы пирамидаға ұқсатады. Гаймор қуысының бет-әлпеті құрылысы мен салыстырғанда 6 қабырғаға бөлінеді: жоғарғы, төменгі, алдыңғы, бүйір, артқы және ішкі (медиалды).

 

Сурет-7.Жоғарғы жақ контрфорстары.

 

Жоғарғы жақсүйектің төрт қабырғасы бар: алдыңғы, артқы, жоғарғы және ішкі. Алдыңғы қабырғасының беті тері сыртынан жақсы сипап анықтауға болады. оны жоғарғы жағынан-көзұясының төменгі қыры, төменгі жағынан-тіс ұяшықтық (альвеолярлық) өсінді, ішкі жағынан-алмұрт тесігінің жиектері, сыртқы жағынан-бетсүйек-тіс ұяшықтық (альвеолярлық) қыраты- crista zygomaticoalveolaris өтеді. алдыңғы қабырғасын құрайтын сүйектік табақша жұқа. Сол себептен, жоғарғы жақсүйегінде кездесетін іріңді қабыну аурулары, әдетте оның осы сүйектік қабырғасын тез бұзып, даму барысында айтарлықтай ауыр дәрежелі сүйектік құрамның өзгеруіне өз әсерін тигізбейді, сонымен қатар қиыншылықтарды тудырмайды.

Жоғарғы жақсүйектің жоғарғы қабырғасының-ішкі қыры маңдай өсіндісіне, оның сыртқы қыры-бетсүйегіне, ал оның төменгі қабырғасы-тіс ұяшықтық-альвеолярлық өсіндіге ауысады. Жоғарғы жақсүйектің артқы қабырғасы самайасты беті деп аталып, самайастын және қанат-таңдай шұңқырларын шектеп тұрады және жоғары қарай бетсүйек өсіндісіне, ал төменге қарай тіс ұяшықтық-альвеолярлық өсіндінің ішкі бетіне ауысады. Оған латералды қанат тәрізді бұлшықетінің талшықтары бекиді. Жоғарғы жақсүйектің денесі күрделі призмалық құрылым, түбі артқа, сәл сыртқа және самайастының бетіне- facies infratemporalis-ке қарайды. Аталған бет яғни самайастының беті- facies infratemporalis біршама дөңестеу, шығыңқы құрам болып жоғарғы жақсүйектің төмпешігін-tuber maxillarae-ны құрайды.

Төмпешіктің жоғарғы және ішкі тұсынан самайасты бетінің мұрын және көзұялық беттеріне ауысатын жерде таңдай ұшбұрышын-trigonum palatinum-ды көруге болады. Осы арада жоғарғы жақсүйек таңдай сүйектің көзұялық өсіндісі мен қосылады. Жоғарғы жақсүйектің төмпешігі жергілікті-өткізгіштік жансыздандыру үшін ең басты нысана болып саналады және инені төмпешіктің сыртқы беті бойы мен жылжыту әдістің дұрыс орындалуының басты талабы. Сондықтан осындай өткізгіштік жансыздандыру әдісін қолдану кезінде төмпешіктің маңындағы қан тамырлар өрімі кейде иненің ұшымен жарақаттанады, сонда жарақат орнынан лезде қан кетуінен, зақымданған жерде қан ұйып, жұмсақ тіндері ісініп ұлғаяды. Осындай кездейсоқ асқынулардың алдын алу үшін ине шаншылған жерді біршама уақыт жұдырықты бет-әлпеті сүйегінің төменгі беттінен төменге қарай аздаған қысым мен басып жоғары қарай біршама көтерген күйде басып тұру қажет.

Жоғарғы жақсүйектің бетсүйектік өсіндісіне- processus zygomaticus, оның көлемі әр адамда әртүрлі болып негізінен беттің енін көрсетеді.

Жоғарғы жақсүйектің таңдай өсіндісіне - processus palatinus,жазықтық бағыттағы, жоғарғы жақсүйектің мұрын жақ бетін қамтитын, екі жағы ойыстанған сүйектік табақша.

Таңдай өсіндінің ауыз қуысына қарасты беті сәл ойыстау және біркелкі емес, бұдырлы болып, осы беттен ашылатын көптеген ұсақ тесіктерден қан тамырлар мен жүйке жүйесінің тармақтары өтеді. Оң және сол жағынан келіп қосылатын саңылаулар таңдай өсіндісінің алдыңғы бөлімінде күрек тістік тесігіне-foramen incisiva-ға ашылады.

Тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсінді- processus alveolaris, доға пішінді, алдыңғы жағынан едәуір иіліп, жартылай эллипс құрайды. Сол және оң жағының тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсіндісі- processus alveolaris өзара жоғарғы жақсүйек аралығының жігі - sutura intermaxillaris арқылы бірігіп, толық эллипсті альвеолярлық доға-arcus alveolaris superiorer -ді құрайды. Тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсіндінің екі беті бар: сыртқы және ішкі. Ауыз қуысының кіреберісіне қарасты сыртқы беті- facies vestibularis-дөңестеу (тістер мен қызыл иек және ерін мен ұрт аралықтары), ал тілге қарасты ішкі беті - facies lingualis-ойыс.

Тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсіндінің екі сүйектік табақшалары аралығында тіс ұяшықтары-alveoli dentalis орналасады. Оның ауыз қуысы кіреберісіне қарасты қабырғасын-pars vestibularis, ал тіл жағындағы қабырғасын-pars lingualis деп атайды. Тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсіндінің тіс ұяшықтары аралығы сүйектік кемікті зат пен толған.

Таңдай сүйегі - os palatinum жұқа сүйек болып қатты таңдайдың артқы бөлімін және мұрын қуысының қабырғасын құрайды да, мұрын қуысының қабырғасын қанат-таңдай шұңқырынан бөліп тұрады.

Сурет-8. Таңдай сүйегі.

 

Олар бір-бірімен тік бұрыш құрап өтетін екі табақшадан тұрады: перпендикулярлы-Iamina perpendicularis және горизонталды-Iamina horizontalis. Сүйектің ауыз қуысына қарасты бетінің артқы шетінен сүйектік қырат-crista palatina-ны көруге болады.

Бетсүйек-os zigomaticus- геометриялық төрт бұрышты, қисық пішінді, жұп сүйектік табақша болып саналады. Ол жоғарғы жақсүйек, маңдай, сына және самай сүйектерінің аралығында орналасып, шайнау қысымының күшін жан-жаққа таратып, теңестіріп теппе-теңдікті сақтап тұрады. Бұл сүйектің үш бетін атап көрсетуге болады: ең үлкені-ұрт жақ беті-facies molaris бұдырлы. Көзұясына қарасты беті- facies orbitalis тегіс және сәл ішке қарай кіріңкі, ал самай ойығына қарасты беті- facies temporalis дөңестеу болып келеді. Бетсүйектің екі өсіндісі бар: Оның бірі маңдай өсіндісі-processus frontalis,s. frontj-sphtnoidalis-ең ірісі болып саналады. Яғни, маңдай өсіндісі бетсүйегін маңдай сүйегінің бетсүйектік өсіндісімен және сына сүйектің үлкен қанатымен біріктіреді. Бетсүйектің екіншісі-самай өсіндісі-processus temporalis артқа қарай самай сүйектің бет өсіндісіне қарай өтеді. Өсінді өте қысқа және шеттері өткір.

Мұрын сүйегі-os nasale-пішіні төрт бұрышты, жұп сүйек. Екі мұрын сүйегі беттің ортаңғы деңгейінде өзара бірігіп, мұрынның қыры мен қабырғаларын құрайды да жоғарғы жақсүйектің маңдай өсінділері аралығында орналасады. Сүйектің маңдай өсіндіге қараған бөлігі-қалың да қатты, үлкендеу, дөңестеу және бетінде кішігірім тесіктеді-foramen nasale-ні көру болады, ал оның мұрын тесігіне қараған бөлігі-жіңішке және жұқа.

 

Сурет-9. Мұрын сүйегі.

 

Тор сүйегі-os ethoidale дара сүйек. Оның басым бөлігі бет сүйек қаңқасының құрамына кірсе де, негізінен ми сүйек сауытын құрайды. Ол бет сүйектерінің ортасында орналасып, кеңсірік пен көзұясының құрамына кіреді және бассүйектің көптеген сүйектерін бір-бірі мен байланыстырып тұрады. Тор сүйектің перпендикулярлы- Lamina perpendiculares және горизонталді- Lamina cribrosa табақшалары өзара бір-бірімен қарап Y-әріпі тәрізде орналасады.

Сурет- Тор сүйегі.

Тор сүйектің төрт жақ беті бар:

1.Торлы табақша- Lamina cribrosa маңдай сүйектің-incisula ethoidalis-ке бекиді. Табақшаның ұсақ тесіктерінен иіс сезу жүйкенің тармақтары (орташа шамамен 30-ы) өтеді. Осы табақшаның ортасында әтеш айдаршығын-crista gali-дікөруге болады.

2. Lamina perpendicularis-кеңсірік бөлімі.

3.Labyrinthi ethoidalis-көзұясының ішкі қабырғасын құрайды.

4. Lamina orbitalis- Көзұялық табақша.

Көзұялық табақша жоғарғы жиегі мен маңдай сүйектің көзұялық бөлімі мен, алдыңғы жағынан-көзжас сүйегімен, артқы жағынан-сына тәрізді сүйекпен және маңдай сүйектің көзұялық өсіндісі мен, ал төменгі жағынан –жоғарғы жақсүйекпен бірігеді.

Көзжас сүйегі - os lacrimale -жұп, төрт бұрыш пішінді геометриялы құрылым, жұқа сүйектік табақша тәріздес. Көзұясының ішкі қабырғасының құрамына кіреді, жоғарғы жақсүйекке таяу, оның маңдай өсіндісінің артқы тұсында орналасады. Көзжас сүйектің жоғарғы шеті маңдай сүйекпен, артқы шеті-торлы сүйектің көзұялық табақшасы мен-lamina orbitalis s.papyracea- ға қосылады.

Төменгі мұрын қалқаны-сoncha nasalis inferiorалдыңғы шеті жоғарғы жақсүйектің мұрын жақ бетімен, артқы шетітаңдай сүйегімен бітіседі, ортаңғы бөлігі гаймор қойнауының кіреберісін шектеп тұрады.

Төменгі жақсүйек

Төменгі жақсүйек-mandibulaсәбидің 1-2 жас аралығында екі симметриялы сүйектің ортаңғы деңгейде қосылып бітісуінен қалыптасатын дара, бет сүйектері ішіндегі ең ірі де берік сүйек.

 

Сурет-10. Төменгі жақ сүйегі.

 

Төменгі жақсүйек доға тәріздес екі жаққа қарай иіліп өтетін денесінен- corpus mandibulae-дан және жоғарыға тік көтерілген екі бұтақтан- rami mandibulae тұрады. Денесінің астыңғы қыры қайырыла иілген түбінен-basis mandibula, жоғары қараған-альвеолярлық өсіндіден-processus alveolaris-тен құралған.

Төменгі жақсүйектің денесі мен бұтақтарының бір-бірімен қиылысатын жерін төменгі жақсүйегінің бұрышы- angulis mandibulae деп атайды.

 

Сурет-11.Төменгі жақ сүйегі.

 

Бұрышының өлшеміне қарай төменгі жақсүйегі кең немесе тар болып қалыптасады. Төменгі жақсүйектің бұтағы үстіңгі жағында жарты ай тәрізді ойықпен-(айшық) біріккен екі өсіндімен аяқталады. Алдыңғысы тәж тәрізді өсінді - processus coronoideus, ал артқысы буын өсінді- processus articularis,- деп аталады. Төменгі жақсүйектің иіліп қосылған жерінің және оның түбінің (денелерінің ортаңғы тұсынан қиылысқан жері) жоғары қараған бетінде екі үшбұрышты төмпешікті-protuberantia mentalis, ал олардың төменгі тұсында бұдырларды-tubercula mentalia-ны және сыртқы жағынан екі кіші азу тістері ұяшықтарының аралығынан иек тесігі-foramen mentalis-ті көруге болады. Иек тесігі-foramen mentalis дөңгелек пішінді, оған енгізілген сүңгі төмен және артқа, иек төмпешігіне қарай өтеді. Иек тесігінен сәл төмендеу тұста қиғаш сызық-Linea obligua басталады. Сызық білік тәрізді артқа және жоғары қарай тарыла иіліп өтіп, жақсүйек бұтағының алдыңғы қырына барады. Төменгі жақсүйектің бұрышындағы сүйектік бұдырға меншікті шайнау бұлшықеті-m.masseter бекиді. Бұтақтың екіге ажырайтын ішкі беткейінде сүйектік көтеріңкі жерде- torus mandibula-ны және torus mandibulae-ның сәл төменгі тұсында төменгі жақсүйектің үлкен тесігі-foramen mandibula-ны анық көруге болады. Сүйектік төмпешіктің алдыңғы жиегі тәж тәрізді өсіндінің ішкі бетімен жоғары көтеріліп, самай қыраты-crista temporalis-ке ауысады және ол самай бұлшықетінің терең талшықтары бекитін жер болып саналады. Тесік төменгі жақсүйек өзегіне-canalis mandibulae-мен жалғасып, оның кіреберісін төменнен жоғары және артқа қарай қараған сүйектің тілшігі- linguala mandibulae жабады. Төменгі жақсүйек өзегі- canalis mandibulaeris, тіс ұяшықтарымен қатынас құрып, иек тесігі-foramen mentale арқылы сыртқа ашылады. Оның сыртқы беті ұрттық қыратына-crista buccinatria-ға жалғасады да оған ұрт бұлшықеттің талшықтары бекиді. Самай қыратының медиалды және латералды (ішкі және сыртқы) аяқшалары аралығында үшінші үлкен азу тістің артында үшбұрышы-trigonum retromolari жайласады.

Төменгі жақсүйек бұтағының тәж тәрізді өсіндісі үшбұрышты пішін тәріздес, оның алдыңғы қыры өткір, дөңестеу, артқы жағы сәл ойыстау. Сыртқы беті тегіс, ішкі бетінен самай қыраты өтеді.

Төменгі жақсүйек бұтағының буын өсіндісі де үшбұрышты пішін тәріздес, алдыңғы қыры дөңестеу және жіңішке, артқы қыры-тік, алдыңғысынан жалпақтау. Өсіндінің үстіңгі жағы буын басына жалғасады.

Төменгі жақсүйектің ұяшық (альвеолярлық) өсіндісі- processus alveolaris параболалы доға тәрізді, өсіндінің жоғарғы қырынан 16 тіс ұяшы-ғын-alveoli dentales-ті көруге болады, ал төменгі қыры жоғарғы қырына қарағанда сәл жалпақ.

Жоғарғы жақсүйегімен салыстырғанда, төменгі жақсүйектің алдыңғы тіс ұяшықтарының сыртқы және ішкі сүйек қабырғалары өте жұқа, бүйір жақтарынан қысыңқы болып келеді.

Төменгі жақсүйек күрделі қызмет атқаратын, анатомиялық құрылысы ерекше, қозғалмалы сүйек болғандықтан, оның ұйысқан (компактілі) және кемікті заттарының қалыңдыңы әр жерлерінде әркелкі.

Төменгі жақсүйек артериялық қанмен төменгі ұяшық артериясы арқылы қамтамасыз етіледі. Сондықтан төменгі жақсүйек өзегінен өтетін төменгі ұяшық артериясы төменгі жақсүйектің ұяшықты (альвеолярлы) өсіндісі мен тістерді қанмен қамтамасыз ететін негізгі және бірегей сүйекішілік (интраоссалды) қан тамыры болып табылады. Сонымен қатар төменгі жақсүйегін басқада көптеген артериялық қан тамырларынан қоректенуі, оның эмбриогенездік бітімі мен құрылымына байланысты.

Төменгі жақсүйекті қанмен сүйектің сыртынан қамтамасыз ететін (экстраоссалді) қан тамырлары қатарына мына артериялар: меншікті шайнау бұлшықетіне баратын артерия төменгі жақсүйектің тәж тәрізді өсіндісін қамтамасыз етеді, төменгі жақсүйек астыңғы бөлімін қанмен қорек-тендіретін бет артериясының бұтағы, төменгі жақсүйектің буын өсіндісі мен буын басын қанмен қоректендіретін жақсүйек және қанат тәрізді артериядан бөлінетін бұтақ, иектің ішкі бетін қанмен қоректендіретін тіл артерияның бұтағы, төменгі жақсүйектің бұтағын жәнебұрышын қанмен қоректендіретін беттің көлденең бұтағы, құлақтың тереңдегі артериясының бұтағы жатады.

Төменгі жақсүйектің бірнеше қан тамырларынан қоректенуі оған ұтымды жағдай тудырады; біріншіден, сүйек миының қабыну кезеңдерінде (остеомиелиттік кезеңдерде-секвестрленген кезде) сүйектің белгілі бір бөлімі ғана өлеттенеді; екіншіден, төменгі жақсүйектің қайта қалпына келуіне қолайлы жағдай жасайды. Төменгі жақсүйектің қызыл иегі төменгі ерін және тіласты артерияларынан қоректенеді.

Төменгі жақсүйектің ішкі құрылысының күрделі және ерекше қалыптасуына, оның атқаратын қызметі және маңындағы анатомиялық құрылымдар үлкен ықпалын тигізеді. Сыртқы және ішкі кортикалды сүйек табақшаларының - substantia corticalis аралығы кемікті заттан- substantia spongiosa-дан тұрады. Төменгі жақсүйегі құрылысының күрделілігіне байланысты, оның биомеханикалық қасиеттері де ерекше. Олай болуының бірден-бір себебі, оның анатомиялық пішініне, атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне (сөйлеу, тағам ұсақтау, жұту, тыныс алу, мимикалық және т.б.)-ға байланысты.

Төменгі жақсүйек бет сүйек қаңқасы ішіндегі жалғыз козғалмалы сүйек. Сондықтан ол тыс жақтан келіп түсетін салмақты және соққыларды түтікше сүйектердей ұзына бойымен емес, қырынан қабылдауы биомеханикалық тұрғыдан оған көптеген қолайсыз жағдай жаратады. Төменгі жақсүйекке түсетін күштің қабылдануы және оның жан-жаққа таралуы (механизмі) бірінші реттілік шиыршық (рычаг) заңына сәйкес жүзеге асады.