БЕТ-ЖАҚ АЙМАҒЫНА ЖАСАЛАТЫН ОТАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Бет-жақ аймағына жасалатын оталар науқастардың орналасуына байланысты болып, көпшілік жағдайларда,оларды стоматологиялық немесе оталар жасайтын орындықта жатқызып, оталар жасалады. Тек тіс жұлу отасында, ғана науқас орындыққа отырған немесе жатқан күйінде және де кездейсоқ клиникалық жағдайлардан тыс кездерде тіс жұлынады. Ота өткізуден бұрын науқас тыңғылықты мұқият медициналық тексеруден өтуі шарт. Ескеретін жағдайлар: патологиялық жағдайларға байланысты, отаның күрделілігі, науқастың жасы және жалпы жағдайы, сонымен қатар науқас бұрын ауырған болса, аурудың түрі мен дәрежесі, осылардың барлығын оташы-дәрігер білуі керек. Барлық жағдайда тек қана жеделден басқа кездерде науқастың ауыз қуысын тазартуды қажет етеді. Ота емханада немесе ауруханада жасалатын болсын, ол жергілік немесе жалпы жансыздандыруды қолдану арқылы жүргізіледі. Ота жасау кезінде барлық жауапкершілікті сезінуді, сонымен қатар бет-жақ аймағының анатомиялық және физиологиялық құрылымының күрделі және оған қойылатын талап-тардың жоғары, отаның нәтижелі болуы осылардың айғағы екендігін естен шығармау керек. Отаның мақсаты-патологиялық ошақты алып тастау, зақымданған дене мүшелерінің функционалдық және эстетикалық қызметін қалпына-орнын келтіру болып саналады. Атақты нейрохирург Н.Н.Бурденко ота жасаудың негізгі ережелері,- деп мыналарды санайды: 1.нақты жолы, патологиялық ошаққа тіндерді ашу арқылы өмірлік маңызды мүшелерді жарақаттамай алып тастау. 2.физиологиялық еріктілік, маңызды хирургиялық өңдеуден кейін оргаандарды және органдардың қызметін барынша сақтап қалу. 3.Отаның мүмкіншілігі, ота жасау кезінде механикалық және тағы басқада қосымша жаңалықтарды енгізу болып табылады. Академик Ю.М.Лопухин (2001) ота жасауды 3 кезеңге бөледі: 1. Ота мүмкіншілігі, мейлінше жеңіл жарақат нәтижелі әдістеме және мейлінше жақсы жағдай жарату болып саналады, оны жақсы қолжетімділік пен мейлінше жарақат әдістемесін қолдану деп атайды.. 2.Ота жасауда барынша нәтижелі әдістемені қолдану. 3.Ота бітісімен тіндермен орган мүшелерінің бүтіндігінің бірден қалпы келуі. Ота жасау кезінде көптеген қимыл іс-әрекеттер жасалады. Олар: тілу (incisio)-көлбеу, бойымен, көлденең, қисық, бұрышты, аралас; жару, қақ айыру (tomia)- тінднерді немесе орган мүшелерін; тесік жасау-тесік (stomia); қима (sectio); тесіп,шаншу (punctio); алып тастау (ectomia); кесіп тастау (resectio); қырқу-қырқып алу (amputatio); бөліктерге бөлу (exarticulatio); тігіс салу (rhaphia). Ю.М.Лопухин ота жасалу кезінде қан ағуына байланысты-қанда және қансыз деп бөледі. Бет-жақ аймақта жасалатын оталардың көбі-қансыз болып саналады. Оталар жасалу мақсатына және өткізілу жағдайына байланысты бөлінеді; Түбегейлі-патологиялық ошақтың барлығы алынып тасталады. Уақытша жеңілдік беретін шара-патологиялық белгілерді жоғалту немесе патологиялық ошақты жартылай алып тастау. Сонымен қатар оталар бірмезеттік, екімезеттік және көпмезеттік болып бөлінеді. Оталардың жасалу мерзіміне байланысты-жедел, қауырт және жоспарлы деп бөлінеді. Жедел ота-трахеотомия, қан тоқтату, ауыз қуысынан немесе жұтқын-шақтан бөгде денелерді, заттарды алу. Қауырт ота- нақтама қойылған мезетте жасалады. Бұл жағдайда- іріңдік ошақтарына және оның асқынуларына (абсцесс,флегмона, лимфаденит, периостит, остеомиелит және т.б.) тілік салынады. Жоспарлы ота-науқасты толық клиникалық және зертханалық зерттеулерден, ота жасауға дайындық шараларынан кейін жасалады. Оталар өзінің мақсатына сай емдік (патологиялық ошақтарды алып тастау , органдардың қызметін және сыртқы көрінісін қалпына келтіру) және нақтама қою үшін (тесіп,шаншу және патоло-гиялық өзгерістерге ұшыраған тіндер кесіп алынады). Бет-жақ аймағына жасалатын әрбір ота өзінің ерекшеліктеріне сай арнайы құрал-саймандары болады. Олар мыналар: 1. кесуші-ұандауыр, қайшы; 2.бұрғылаушы-аралаушы- сүйекті кесетін ара, борлар, фрездер мен дрелдер; 3.қырушы-қырушы қасықтар, қашау, дөңес егеу; 4. шанышпалы-шаншатын және тігетін инелер, троакарлар; 5.өзінен алыстатын-жара орнын кеңейтетін, айналар, қалақша, ілмектер, элеваторлар, күрекшелер, диссекторлар; 6.қысқыштар-қан тоқтатын ( Кохер, Пеан, Бильрот), тіндермен орган мүшелеріне арналған ұстайтын қысқыштар, ине ні ұстуға арналған қысқыштар, киімдерге арналған қысқыштар, қанды тоқтатуға арналған қысқыштар, тігіс салуға арналған қысқыштар, жақ сүйектеріне арналған тістеуік, шымшуыр,іскек-(анатомиялық, хирургиялық, стоматологиялық, кіші мөлшердегі-көздік анатомиялық, хирургиялық); 7.сүңгі мен қақтап-кептіру құралдары- сілекей бездеріне арналған сүңгі құралдары, қан тамырларға жіптерді енгізуге арналған Кохер сүңгі құралы; 8. тістерді жұлуға арналған стоматологиялық құрал-саймандар-қысқыштар мен элеваторлар; 9. бет-жақ аймағына арналған механикаландырылған құрал-саймандар-дерматомдар әртүрлі пішіндегі, сүйекке ота жасау үшін қолда-нылатын құрал-саймандр-сүйек қысқыштары,клеммалар; (Рудько, Збаржа, Пенн-Брауна, Бернадский, Любарский, Уваров, Панчохи аспаптары, Ермолаев, Кулагин, Маслов Осипов- тіс өзегіне енгізетін таяқша аспаптары, Жадовский,Карапетян-сүйек тіндеріне тігіс салатын аспаптар, Коганович, Соловьев, Магарилла, Бадзошвили, Чудаков-езілу-сығу аспап-тары, Скагер,Швырков, Шамсутдинов, Рогинский, Мелкий, Куцевляк-езілу-сығу және қарама-қарсы тарту арқылы созу аспаптары. Бет-жақ аймағына ота жасау кезінде әр түрлі заттар қолданылады: дәке тазалағыш майлықтар, мақта тығындар, әртүрлі пішінді жолақтар, йодоформды сұйықтыққа малынған дәкелер, тігіс салуға қолданылатын жіптер.

 

 

 

Сурет -13. Бет-жақ аймағына жасалатын тіліктердің ережесі.

а)-беттегі тіліктер сызығы. б)- қандауырдың түрлері.

в)- тіндерге дұрыс және дұрыс емес жасалған тіліктер.

 

Тігіс жіптерінің-заттарының 2 түрі бар. Сорылатын және сорыл-майтын. Ота жасау 3 кезеңнен тұрады. Өткір және өтпейтін жолдармен тіндерді қабат-қабатымен ашу,патологиялық ошаққа хирургиялық әдістер қолдану және тіндер мен органдардың анатомиялық, қызметтік жағдайларын қалпына келтіру. Ескерте кететін жағдай: бет-жақ аймағында көптеген қан тамырлар мен жүйке жүйесі шоғырланған-жайласқан аймақ. Сондықтан тілік жасағанда бет жүйкесінің және үлкен-үлкен қан тамыр-лардың жайласқан орындарын білу қажет.Бет-жақ аймағы және ауыз қуысында тігіс салу кезінде, тігіс салу ережелеріне қатаң түрде бағынған жөн.

Тігіс салудың түрлері:

Сурет-14. Тігу кезінде иненің жобасы.

Сурет-15. б-батырып тігу, в-түйін тәрізді тігіс.

 

 

Сурет-16. г-үзіліссіз тігіс, д-терең (матрас) тігіс.

 

 

Сурет-17. Ауыз қуысының шырышты қабатына тігіс салу түрлері: Шырышты-сүйек үсті қиындысын қалыптастыру-а-бұрышты, б-трапеция түрі.

 

Бет-жақ аймағын таңу түрлері:

 

 

 

 

Суреттер-18. Байламдардың түрлері.

 

а —қоршамалы-циркулярная; б — айналдыра-круговая;

в — айқыш-ұйқыш-крестообразная; г — Гиппократ телпегі-«шапка Гиппократа»;

д —телпек тәрізді- «чепец»; е, ж — сақпанша-пращевидная;

з—м —толық,жаппай, қызметтік-тотальные, функциональные.

 

Жедел ота есептелінетін трахеотомияны дәрігер-стоматолог жасай білуі қажет.Трахеотомия жедел және жоспарлы болып бөлінеді.

 

 

Сурет- 19. Трахеотомия отасын жасауда науқастың орналасуы. Иығының астына білікше қойылған.

Сурет-20. трахеаны ашу мүмкіншілігінің түрлері.

I — тіндерді көдлденең тілу. 2 — тіндерді бойлай тілу.

3 — мойынтырық ойығы-яремная вырезка.

Сурет-21. тіндерді тілу бағдары-тұспалы.

I — қосқарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасы; 2 — тік тілу;

3 — қосқарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасына саусақтарды бекіту.

 


 

Сурет- 22.Трахеотомия отасын жасауға арналған құрал-саймандар жиынтығы.

а — қандауыр; б — бір тісті ілмек;

в —Труссоның трахеаны кеңететін аспабы ;

г — Пеана қысқышы; л — трахеостомиялық түтік;

е — Цвейфелдің ине ұстағышы және кескіш инесі.

Трахетомия жасалғаннан кейін болатын асқынулар: қан кету, өкпенің қабынуы, тіндер өлеттенеді, тері астын ауаның кеулеуі, трахеаның шырышты қабат асты тініне түтікшенің түсіп кетуі, өңеш пен трахеаның артқы қабырғасын жарақаттау, тыныс алмауы.

Тұжырым:Хирургиялық ота жасаудан бұрын біріншіден науқасты толық медициналық тексеруден өткізіп, дәрігер анестезиологтің көрсетпелерін мұқият орындап, ота жасалатын бөлмені залалсыздан-дырып, отаға керекті құрал-саймандарды дайындап, ота ережелеріне бағына отыра жасаған жөн.

V ТАРАУ