Сталып кедергімен кешігіп жарған тісті жұлу едәуір қиын болады.

Дұрыс қалыптасқан тістердің тіс қатарынан шет шығып қалуы және дұрыс қалыптасқан тістердің қалыпты жағдайда шықпай қалуы болған кезде себепші тістерді жұлу көрсеткіштері:

1) тістерді жұлады, адам организміндегі жалпы қалыпсыз жағдайларға (бас ауруы және т.б.);

2) тістерді жұлады, дұрыс қалыптасқан тістердің тіс қатарынан шет шығып қалуы және дұрыс қалыптасқан тістердің қалыпты жағдайда шықпай қалуы болған кезде себепші тістер ісік және ісік тәрізді құрылымның құрамында болған жағдайда;

3) тістерді жұлады, сүйектерді кесу кезінде, себебі тіс сүйектерді кесу сызығында жатуы мүмкін;

Сондықтан бұл отаны жасаудан бұрын екі проекцияда рентген суретін түсіру керек. Рентген арқылы ол тістің қалай жарып келе жатқанын, қатардағы тіске қатынасын, төменгі жақтың өзегімен байланысын анықтайды. Жоғарғы жақта тістің мұрынның ішіне немесе Гаймор қуысына қарай шыққанын және ол сүйектің ішіне не сыртына жақын жатқандығын анықтау керек; себебі отаның ыңғайы соған байланысты болады. Тістің жақын жатқан тұсынан шырышты қабағын сопақша немесе үш бұрыш және трапеция тәрізді қиықша кесіп сүйектен сыдырады, содан соң сауытына сәйкес мөлшерде бормен немесе қашаумен ұяшық өсіндінің қыртысынан тесік жасайды. Кедергімен шыға алмай қалған тісті мүмкіндік болса қысқышпен немесе элеватормен суырып алады. Айтылған әдіспен суырылмаса, онда оны бормен әлде қашаумен бөліп барып элеватормен суырып алады, содан соң тіс үгінділерін және оның майының фолликулдық дәнекерін, өлеттенген грануляцияларды хирургиялық қасықпен тазартып, қуысты зарарсыздандыратын ертіндімен жуады. Жұлынған тістің орнандағы қуысты ұйыған қанмен толтырып, үстінен пенициллин немесе сульфадимезин ұнтағын сеуіп, қиық кесіндіні орнына келтіреді де шеттерін кетгут жібімен қапсыра тігеді. Отадан кейін қабынуға қарсы ем тағайындалады. Бұндай отаны жергілікті жансыздандыру әдісімен жасайды.

Аурудың келіп шығуы.Тістің кедергімен қиналып шығуымен қоса пайда болатын ауруларды талдап-талқылаудан бұрын ең алдымен ондай ауруларды қандайда бір топқа бөліп, оларға қандай термин қолдану керектігін анықтап алған жөн. Себебі, әртүрлі ғалымдар тістің кедергімен қиналып жарғанын және содан болған асқынуды өз ойынша талқылайды. Бірақ, клиниканың пайдасына «тістің кедергіден қиналып жаруы» деген термин мен оның «асқынып қабынуы» деген түсінікті бөліп айтқаны жөн. «Кедергімен қиналып шығу» деген термин тіс жару кезеңіне қарайды. Бұл термин тістің ерекше кедергіленіп қисық жаруын анықтайды, ал соның салдарынан болған қабыну зардабын — периостит, перикоронарит деп атайды. Сондықтан аурудың нақтамасын былай жазады: Төменгі ақыл тістің кедергімен қиналып жаруы мен оның маңындағы сүйек қабығының жедел қабынуы (периостит) немесе жақ сүйегінің іріңдеп шіруі (остеомиелит) мен асқынуы.

Төменгі ақыл тістің кедергімен қиналып шығуының себебі көп. Әртүрлі ғалымдар өз пікірін алға шығарады. Сондықтан бұл себептерді мынандай топқа бөлген жөн деп есептедік.

1. Тістің дұрыс шығуына кедергі болатын себептің бірі ол жақ сүйектің анатомо-топографиялық ерекшелігі.

2. Шығатын тістің маңындағы қызылиек етінің ерекшелігі.

3. Шығып келе жатқан ақыл тістің өзіне байланысты себептері.