ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖҮЙКЕ АУРУЛАРЫ

Бет-жақ аймағында кездесетін жүйке жүйесі ауруларын нейро-стоматологиялық аурулар деп, ал оны зерттейтін медицина ғылымының саласын нейростоматология деп атайды.

Нейростоматологиялық аурулар мен белгілері-синдромдары өте көп болғанымен олардың белгілері: ауыру, вегетативті, жоғары жүйке жүйелері жұмыстарының бұзылуы, тіндер қимылдарының бұзылуы. Бұлардың ішінде ауыру белгісі-симптомы көп кездесетін және ең басты белгі-симптом болып есептеледі.

Жүйке жүйелері ауруларынан пайда болатын беттің ауыруын- прозо-палгия деп атайды. Егер ол сезімтал жүйкелердің жұмысының бұзыл-уынан болса, оны соматоалгия, ал вегетативтік жүйкелердікі болса симпато-алгия деп аталады.

Барлық нейростоматологиялық аурулармен белгілерді-синдромдарды, физиологиялық принципті негіз ете отырып В.Е.Гречко (1990)

Топқа бөледі.

I топ-бас жүйкелері жұмыстарының бұзылуынан пайда болатын симптомкомплекстер:үшкүл, бет, тіл-жұтқыншақ, кезеген, тіласты жүйке-лері жұмыстарының бұзылуынан пайда болатын сезгіш, қозғалғыш, вегетативті т. б. жұмыстарының өзгеру белгілері.

II топ - вегетативтік нервтер жұмыстарының бұзылуы әсерінен пайда болатын симптомкомплекстер. Бұлар ауыру, трофикалық, вегетатитвті көріністерімен білінгенімен, оның ішіндегі басты симптомы вегетативті жүйке жүйелерінің бұзылуынан пайда болады. Оларға тез және созылмалы бет домбығуы (ангионевротикалық Квинке домбығуы, Россалимо-Мелькерсон, Розенталь синдромдары), глоссалгия, глоссадения, вегетативтік ганглиялардың бұзылуы кіреді.

III топ- Бет-жақ аймағының қозғалтқыш жүйке жүйесінің бұзылуы-нан пайда болатын көріністер. Олар тек бет аймағында немесе барлық организмде болатын қозғалу жүйесінің бұзылуының бет аймағындағы көрінісі ретінде сипатталады. Бұл топқа тырысқақ және гиперкинезия, еттің үдемелі дистрофиясы т. б. дерітер жатады.

IV топ- тіс-жақ-шықшыт буындар жүйесінің неврологиялық синдром-дары. Яғни одонтогенді, артрогенді, вертеброгенді, стоматогенді, оторино-афтольмогенді синдромдар.

V топ- организмнің ішкі ағзалары мен жүйелерінде болатын аурулардың бет-жақ аймағындағы көріністері.

VI топ- жоғары жүйке жүйесінің бұзылуынан пайда болатын синдромдар. Яғни невроздан пайда болатын нейростоматологиялық синдромдар: невростения, истерия, көңіл-күй өзгерістері.

Міне осындай алуан түрлі нейростоматологиялық науқастар хирург-стоматологтерге жүйке жүйесінің ауруларымен келеді. Әсіресе үшкүл жүйке жүйесінің ядросында, ми деңгейінде, ми қабығында, миасты құрамында және шетінде пайда болатын аурулар көп кездеседі.

 

 

Біз ойласа келе мына суреттегі әйел туралы анықтама беруді жөн,- деп санадық. Науқас М. 54 жаста, бұл аурумен ауырғанына 4-5 жыл. Науқас бірнеше рет ауруханада ем алған, бірақ ем өз нәтижесін бермеген. 2010 жылы Темур-Ф медицина орталығына дәрігер-стоматологқа келіп көрінді. Сонда науқастың шағымы мынандай: тілінің шектен тыс көлемінің үлкеюіне, сөзінің анық еместігіне, тілінің шектен тыс көлемінің үлкеюінен сөйлей алмайды.

Сыртқы көрінісі: бет-әлпеті өзгеріске ұшырамаған, аузы жабылмайды, себебі, тілінің көлемі шектен тыс үлкейген, тілінде қабыну кезеңдері жоқ, сипап көргенде ауру сезімі білінбейді, бірақ ұйығандай сезім пайда болады. Дәмді сезеді, жоғарғы және төменгі жақтарында алмалы-салмалы протездер, протездерді 1,5 жылдан бері пайдаланады, қажамайды, үйренген. Науқасты толық медициналық, зертханалық тексеруден өткізгеннен кейін невропатолог-дәрігердің кеңесін алуға жолдама берілді. Науқасқа ми қыртысындағы жүйке-лердің тіл қызметін қамтамасыз ететін тармақтарындағы бұзылыстың әсерінен екендігі анықталып, нақтама қойылды. Науқас қазіргі кезде невропатолог-дәрігердің бақылауында, емін бір қалыпты алып тұрады. Жағдайы бір қалыпқа түсті.