Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, танысты сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:кесте, жұмыс дәптер. суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

 

Психожаттығу жасату.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

– Үй тапсырмасын тексеру.

–Хабарлы сөйлемге байланысты түсініктерін сұрақ–жауап арқылы бекіту.

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

 

1.Сабақ тақырыбын таныстыру.

2.Кесте бойынша сөйлемдерді оқып, талдау.

  • Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!.
  • Қап, бақшаның есігін жауып қоймаған екенмін!.
  • Кәне, күнделігіңді берші!.
  • Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!

Оқушылардың жауабын тыңдай отырып кесте құрастыру.

 

Лепті сөйлем:

           
     
 

 

 


Ұран өкініш бұйыру арман

 

3.Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Сурет бойынша жұмыс.

– «Футбол ойыны» тақырыбына әңгіме құрастыру.

– Құрастырған мәтіннен лепті сөйлемді тапқызу.

– Лепті сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгісі туралы еске түсіру.

Алақай, біз жеңдік! Жарайсың, Марат 4.Лепті сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгісі туралы түсінік беру.

 

  • Лепті сөйлем адамның көңіл күйін,сезімін,(қуану,ренжу,өкіну,ұран т.б) білдіреді.

· Лепті сөйлем үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады.

  • Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады.

2-жаттығу.

– Өлең авторы жайлы таныстыру.(Е.Шайхыұлы)

– Өлеңдітүсініп оқу.

– Сұраулы сөйлемді тауып оқу.

– Өлеңнен лепті сөйлемді тауып, тиісті дауыс ырғағымен оқыту.

– Өлеңді ақын қандай сезіммен жазғанын анықтау.

 

4-жаттығу.

– Өлеңді мәнерлеп оқу.

– Лепті сөйлемдер қандай көңіл күймен айтылып тұрғанын табу.

– Өлеңге ат қою.

– Қандай ережеге сәйкес келіп тұрғанын еске түсіру.

IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.

 

– Бүгін біз сөйлемнің қай түрімен таныстық?–Лепті сөйлем қалай оқылады? – Лепті сөйлем қандай мақсатта айтылады екен?– Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? –Ережені хормен оқыта отырып, сабақты қорыту..

 

V.Үйге тапсырма беру: 3-жаттығу. 85бет.

VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай алып, бағалау

 

Тексерілді:

Күні:2.12.14 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем .(2) Сабақтың мақсаты: БілімділікОқушыларға лепті сөйлем жайлы түсінік беру.

Адамдар көңіл –күйі, қуанышы, өкініші, реніші т.б сезімдерді лепті сөйлемдер арқылы білдіретінін меңгерту. Дамытушылығы: Зейіндері мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.Өз беттерінше жұмыс істей білу дағдыларын арттыру. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу, бір-бірімен қатынас жасауда түсінікті сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, танысты сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:кесте, жұмыс дәптер. суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

 

Психожаттығу жасату.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.