Сыра өндіру жағдайларына қойылатын талаптар

137. Өндірістік үй-жайларының құрамында:
1) элеватор және өнген дән жармасы бөлімшесі;
2) өнген дән жармасын кептіретін және ұнтақтайтын бөлімше;
3) ашытқы қайнататын бөлімше, ашытқыны салқындататын бөлімше;
4) ашыту бөлімшесі;
5) ашытқылардың таза өсірінділері бөлімшесі;
6) лагерь цехы;
7) сүзу бөлімшесі;
8) құю бөлімшесі;
9) шикізаты және қосымша материалдарды, дайын өнімді сақтауға арналған бөлімше бөлінеді.
138. Астықты өңдеу және енген дән жармасын дайындау желдету жүйесіне герметикалық қосылған астықты тазарту жабдығын пайдалана отырып, тарату-сору желдеткішімен немесе аспирациялық қондырғылармен жабдықталған элеватор және өнген дән жармасы орнының үй-жайында жүргізіледі.
139. Бұқтыру күбілері, өнген дән жармасын өсіруге арналған жәшіктер, барабандар, жәшіктің електері, елек астындағы орындар, астыққа арналған аударғыштар әрбір жұмыс циклінен кейін тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады.
140. «Жылжымалы жүйекшелерді» пайдаланған кезде алдыңғы топтаманың астығын өнген дән жармасың араластырылатын шөміштерде және тізбекті беріліс жүйелерінде қалдыруға жол берілмейді. Шикі өнген дән жармасына арналған иірліктер, тасымалдауыштар, элеваторлар, бункерлер күнделікті тазартылады.
141. Өнген дән жармасын әрбір түсіргеннен кейін торлар тазартылады, ал қабырғалар, терезелер және есіктер сүртіледі. Кептіретін үй-жай және оның жанында орналасқан құрғақ үй-жай аптасына бір реттен жиі емес сүртіледі және тоқсанына бір реттен жиі емес әктеледі. Терезелер мен есіктер ылғал шүберекпен сүртіледі. Келденең және тігінен орналасқан кептіргіштер, үздіксіз кептіретін кептіргіштер тәрізді аптасына бір реттен жиі емес механикалық жолмен (електерді тазарту) өңделеді.
142. Кептіргіштің шатыры мен сорғыш құбырын айына бір реттен жиі емес тазартады және дезинфекциялайды, калорифер бөлімшесі тәулігіне бір реттен жиі емес өскіндерден тазартылады.
143. Ұсату бөлімшесіндегі диірмен үй-жайының төбесі мен қабырғалары тоқсанына кемінде бір рет әктеле отырып, аптасына бір реттен жиі емес тазартылады.
144. Қайнату цехы жабдықтарының ішкі беті әрбір қайнатудан кейін мұқият жуылады және тазартылады.
145. Сыра ашытқыларының барлық құбырларын әрбір сыра айдағаннан кейін салқын сумен жуылады, 15-20 мин бойы буландырады және қайта жуады. Жылу сақтайтын шыныдан жасалған құбырларды қолдану кезінде коммуникациялар мен арматура тығыздалады, оларды булаған кезде бу сыртқа шығаруға жол берілмейді.
146. Ұсатуға арналған иірліктер мен жәшіктерді босатылғаннан кейін жуады, буландырады, аптасына бір рет дезинфекциялайды.
147. Шикізаттарды (өнген дән жармасын және құлмақты, қантты және басқа да материалдарды) қайнату үй-жайында сақтауға жол берілмейді.
148. Ашыту цехында сыра ашытқыларының таза өсірінділерін пайдалана отырып, сыра ашытқысын ашыту жүргізіледі. Сыра ашытқысын ашыту ашық немесе жабық күбі-аппараттарында (тарелкелерде) немесе цилиндрлі конус тәрізді танктерде жүргізіледі. Цехтағы ауа температурасы плюс (бұдан әрі - +) 5 градус оС +8оС шегінде тұрақты ұсталады.
149. Жабық тоңазытқыш аппараттар (түтікті және жалпақ түрдегі) күнделікті сумен жуылады және кейіннен жылы және салқын сумен жуыла отырып, бір пайыздық сілтінің ыстық (+60оС) ерітіндісімен 15 мин бойы өңделеді.
150. Өнген дән жармасы мен құлмақтың ұнтақтары жуылғаннан кейін цехтардан арнайы бөлінген жинағыштарға шығарылады.
151. Ашытқы бөлімшесінің үй-жайы (жабық сыйымдылықтарда ашытқылар сақталатын бөлімшелерден басқа) көршілес үй-жайлардан оқшауланады, оның сыртына күнделікті ауыстырылатын дезинфекциялау кілемше орнатылады.
152. Ашытқы бөлімшесі үй-жайының температурасы +2о - +4оС шегінде тұрақты ұсталады.
153. Ашытқы бөлімшесі температурасы +2оС аспайтын салқындатылған су құбыры суының келуімен қамтамасыз етіледі.
154. Стерилизатор мен ашытуға арналған цилиндрлерге жіберілетін ауа оның стерильдігін қамтамасыз ете отырып, ауа сүзгілері арқылы етеді.
155. Металлдан жасалған ашыту күбілерін, лагерь танктерін сыра шайырымен немесе канифолды лакпен бояу және ағаш сыйымдылықтарды парафиндеу жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі. Жабыны ішінара зақымдалған жағдайда, оны қалпына келтіру жүргізіледі.
156. Шайырлаудың орнына металлдан жасалған беттеріне лак, эмаль және қолдануға рұқсат етілген басқа да материалдар жағуға бояуға жол беріледі.
157. Алюминийден және эмальдан жасалған ашыту күбілерінің ішкі беттері қорғаныш жабыны жағылмайды. Темір және алюминийден жасалған ашыту күбілерінің сырты суға төзімді бояулармен боялады.
158. Ашыту күбілері босатылғаннан кейін олардың ішкі беттері механикалық жолмен щеткамен тазартылады, сумен жуылады және кейіннен сумен мұқият шайыла отырып 30 мин бойы дезинфекцияланады. Алюминийден жасалған бос сыйымдылықтарда ылғалды қалдықтардың қалуына жол берілмейді. Оның түбінде қалған суларды шүберекпен құрғатуға жол берілмейді.
159. Жуылатын бастиектер болған кезде, ашыту сыйымдылықтарын ашытқылардан және деки қалдықтарынан алдын ала тазарту 6-8 атм. қысымдағы сумен 30 мин бойы жүргізіледі. Содан кейін бетіне қысыммен 20 минутқа дезинфекциялау ерітіндісі шашылады. Ерітінді қысым күші бар сумен 3 мин бойы шайылады. Лагерь цехының сыйымдылықтары осыған ұқсас тәртіппен өңделеді.
160. Алюминийден жасалған ашыту күбілерінің беттеріндегі сыра тастары азот қышқылының 17-19% ертіндісімен немесе сульфамин қышқылымен (10 л. суға 0,5-1,5 килограмм) немесе қолдануға рұқсат етілген басқа да препараттарды пайдалана отырып шығарылады.
161. Ашытқыға арналған ағаш ванналарға тағамдық парафин, лак немесе шайыр жағылады. Ванналарды толтыру алдында олар дезинфекциялау құралдарымен зарарсыздандырылады.
162. Ұсақ мүкаммал (сыраға арналған сынамалар, ашытқыға арналған сынама стакандары, өлшеуіш цилиндрлер, термометрлер, қант елшеуіштер) қолданылғанға дейін және одан кейін жуылады және шкафта сақталады.
163. Салқындату аппараты мен ашыту күбісінің арасындағы ашытқы құбыры салқын сумен жуылады және буландырылады.
164. Ашыту күбілерін лагерь бөлімшесімен байланыстыратын сыра құбыры әрбір ашыған сыраны құйып болғаннан кейін салқын сумен жуылады және кейіннен салқын сумен жуыла отырып, буландырылады.
165. Ашыту және лагерь бөлімшелеріндегі барлық резеңке шлангілер жұмыс басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін сумен жуылады және кейіннен сумен жуыла отырып, аптасына бір реттен жиі емес зарарсыздандырылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін шлангілер тіреуіштерде сақталады, жұмыс арасындағы үзілістерде шлангілердің ұштары тұғырықтарға немесе ұстағыштарға ілінеді.
166. Ашыту және лагерь бөлімшелерінің коммуникацияларын дезинфекциялау тұйық жүйеде мәжбүрлеу тәсілімен жүргізіледі.
167. Едендер мен баспалдақтарды санитариялық өңдеу күнделікті жүргізіледі.
168. Цехтарда аппаратураны және жабдықтары булау және дезинфекциялау уақытын тіркеу бойынша есепке алу құжаттамасы жүргізіледі.
169. Таза өсірінділер бөлімшесіндегі барлық жұмыстар асептикалық жағдайларда жүргізіледі. Стерилизаторға және ашытуға арналған цилиндрлерге келіп түсетін ауа арнайы ауа сүзгішлері арқылы өтеді.
170. Ашытқы есіретін аппараттар жұмыс басталар алдында 0,5-1,0 атм. қысыммен 45 мин. бойы бумен стерильденеді.
171. Ашытқы өсіретін аппараттардың барлық сыйымдылықтары айына бір реттен жиі емес қысымдағы су ағысы арқылы (немесе таза есірінділерді алмастыру кезінде) тұнбадан босатылады, қабырғалары механикалық жолмен тазартылады және жуу құралдары пайдаланыла отырып сумен шайылады.
172. Ашытқылардың таза есірінділері бөлімшесінің үй-жайы әрбір ауысымның соңында мұқият жиналады, су ағысымен еденнен сыра ашытқысының қалдықтары тазартылады. Қабырғалар, едені мен есіктер дезинфекциялайтын ерітіндісімен күнделікті өңделеді.
173. Лагерь цехы құрғақ ұсталады, тарату-сору желдеткішімен жабдықталады. Сырттан салқындату қолданылатын лагерь үй-жайларында +3оС-тан аспайтын температура сақталады. Іштен салқындатылатын жабдықтардың жұмысы кезінде үй-жайдағы ауа температурасы нормаланбайды. Танктер мен бөшкелердің сыртқы беттерін санитариялық өңдеу ыдыстарды жууға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
174. Лагерь танктері босатылуына байланысты щеткамен таза сумен жуылады, дезинфекцияланады және судың ағынымен шайылады.
175. Лагерь бөшкелері мен танктерді механикалық жолмен жуу кезінде 6-8 атм. қысым күші бар су ағысымен 3 мин бойы ашытқылардың қалдықтары жуылады, содан кейін оның бетін дезинфекциялау ерітіндісімен өңдейді және 30 мин ұстағаннан кейін 3 мин бойы қайта сумен шаяды.
176. Лагерь цехы мен құю цехының арасындағы құбырлары сыраны құяр алдында және құйғаннан кейін 10 мин бойы сумен шайылады.
177. Сыраны сүзу бөлімшесіне жіберуге арналған құбырлар аптасына бір рет сумен жуылады және 10 мин бойы буландырылады.
178. Сүзуден өткен сыраны жинағыштар жеке дара оқшаулағышпен және салқындатқышпен жабдықталады немесе салқындатылатын үй-жайға орнатылады.
179. Сүзу аппараттарының металлдан, эбониттен жасалған жақтаулары аппаратты іске қосар алдында сумен щеткаланып жуылады, аптасына бір реттен жиі емес дезинфекцияланады.
180. Сыраны мөлдірлейтін сеператорды жұмыс аяқталғаннан кейін сілті және су қосылған айналдырып жуу жүйесіне қосады, оларды аптасына бір реттен жиі емес бөлшектейді және кейіннен ыстық және салқын сумен жуыла отырып, жуу құралдарын пайдалану арқылы жұмсақ щеткамен жуады.
181. Диатомитті немесе кизельгурлы сүзгілерді пайдаланған кезде күнделікті, сүзу және сүзгі элементтерінен тұнбаны алып тастау аяқталғаннан кейін, сүзгі салқын сумен, содан кейін температурасы +85оС-ден +90оС-қа дейін болатын ыстық сумен 15-20 мин бойы жуылады. Ыстық суды салқын сумен алмастырады, жұмыстың келесі цикліне дейін қалдырады.
182. Сүзгі жүйесі аптасына бір реттен жиі емес +60оС температурадағы жуу ерітіндісімен толтырылады, ол тұйық циклде 15 мин. бойы айналысқа түседі. Одан соң сүзгі ыстық және салқын сумен жуылады және кейіннен салқын сумен жуыла отырып, дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді.
183. Торкөзді сүзгілер айына бір реттен жиі емес азот қышқылының 1% ертіндісімен жуылады. Стерильді сүзу кезінде сүзгінің пластиналары қысым күштерінің айырмашылықтары 0,5 атм болатын бумен өңделеді.